Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
социология экзамен жауаптар.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
932 Кб
Скачать
☆

27.Бүгінгі театрдың әлеуметтік бағдарына өз пікіріңізді білдіріңіз.

Қазақстан театр өнері

Қазақстан театр өнері 1926 ж. (Қызылорда қ). М. Әуезовтің пьесасы бойынша  «Еңлік-Кебек» спектаклінен басталған. 1928 ж. театр Алматы қаласына қоныс аударды. 1930-жылдары қазақ театрлары бірқатар облыс орталықтарында пайда болды. 1933 ж. Семей қаласында құрылған орыс драма театры, көп ұзамай Алматыға көшірілді. Сонда 1934 ж. Ұйғыр театры, 1937 ж. – Корей театры (Қызылордада), 1935 ж.  Алматыда – Қуыршақ театры, 1944 ж. сонда – ТЮЗ – жасөспірімдер театры ашылды. 1960-90-жылдар – М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрында ең жарқын спектакльдер дәуірі (бас режиссер – КСРО халық артисі Ә. Мәмбетов): У. Шекспирдің «Асауға тұсауы» Х. Бөкеева және Ш. Айманов (Катарина мен Петруччио), Ш. Айтматовтың «Ана-Жер ана» С. Майқанова (Толғанай), т.б.  Абай атындағы Қазақ академиялық опера және балет театры  Алматы қаласында 1934 ж. ашылды. Қазақстанда бірінші опера 1936 ж. қойылды. Содан бері 50-ге жуық опера мен балет жазылды. Елдегі ең жас музыкалық театр – Астана қаласындағы К.Бәйсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының  өмірбаяны 2000 ж. М. Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсымен  басталды.  Қаіргі кезде Қазақстанда 50 театр жұмыс істейді.

28.Бүгінгі педагогика ғылымының әлеуметтік тиімділігіне баға беріңіз.

Педагогика (гр. 'παῖς', paіda — бала, гр. 'ἄγω', gogos — жетектеуші) — жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны. Педагогикалық институттарда профильді бағдарламалар бойынша оқылатын оқу курсы да педагогика деп аталады. Қазіргі кездегі педагогика оқу-тәрбие жұмысының мәселелерін қамтиды.Ертедегі Грекияеңбекке, қол және соғыс өнеріне үйретуші құлдарды педагог деп атаған. Педагогикалық ғылымдар және олардың мазмұны ХІХ ғасырға дейін ғылыми ізденістердің пәндік саласын анықтауға байланысты ғылымдардың бөлінуі (даралануы) белсенді жүріп жатты. Сонымен бірге білімдер аумағының өсуі жеке пөңдерінің бөлінуіне алып келеді, яғни пәннің өзінің ішінде бөлініп даралануы бастадды. Педагогика да бірте – бірте жалпы пәнмен байланысты бола отыра, мақсаттары, жас ерекшеліктері, оку-тәрбиелеу, оқу орнындарындағы типтері бойынша ерекшелігі бар салалар айқындала түсті. Педагогика ғылымдарының жүйесіне: жалпы педагогика, жас ерекшелік педагогикасы, мектепке дейінгі педагогика, кәсіби педагогика, педагогика мен білім берудің тарихы, салалық педагогика, корекциялық педагогика, салыстырмалы педагогика, жеке пәндер әдістемесі және т.б. жатады. Кейінгі кезде педагогикалық білімнің дербес салалары ретінде әлеукеттік педагогика және т.б. бөліне бастады 29.Бәсекенің әлеуметтік қатынас формасы ретіндегі мазмұнын ашыңыз.

Бәсеке (Состязание; contention) — ортақ ресурсты пайдаланудағы жүйелердің немесе программалардың өзара таласушылығы; қандай жұмыс бекетінің арнаға қатынас құра алатынын анықтауға мүмкіндік беретін үстаным. Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі. Бәсекені экономикалық процесс ретінде шаруашылық жүргізуші субъектердің белгілі әрекеттерінің жиынтығының түрі деп тануға болады. Осы әрекеттер экономикалық цикл ретінде жинақталады. Осыған бірте-бірте жүріп отыратын төменде аталған ұдайы өндірістік процестер жатады: өндіріс және еңбек ұжымдарының материалдық-заттық элементтерін қалыптастыру; өндірісті ұйымдастыру, оны шикізатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен жабдықтау және өндірістік, несие-қаржылық және жобалау мекемелерінің бір-біріне әсер етуі; бәсекеге төзімді өнім өндіру; өнімді сату. Бұл үшін оның саны анықталады, өткізілетін орны мен уақыты белгіленеді; пайда есебінен инвестициялық қор жасау және оны өндірісті кеңейту үшін пайдалану. Өнімнің «өмір сүру циклі» бәсекелік күрес дәрежесіне елеулі әсер етеді. Өнімнің «өмір сүру цикліне» оның шығарыла бастауынан өндірілуі тоқтағанша жүріп отыратын мерзімі, «өмірі» жатады. Бұл цикл төрт фазадан тұрады: жаңа өнімді игеріп, өндіріске енгізіп орналастыру. Бұл арада сату көлемі көп емес, шығарылған өнімнің бағасы жоғары болады; өндірістің өсуі - өндірістің масштабы өседі, сұраныс өседі, жоғары баға сақталады; кемелдену. Өндіріс көлемі ең жоғары дәрежеге жетеді, сұраныс толық қанағаттанады, өндіріс қарқыны бәсеңдейді, бәсеке шиеленіседі, баға төмендей бастайды; ескіру. Бұл фазада сұраныс төменгі шегіне жетеді, өндіру азаяды. Бәсеке сайысы сөне бастайды. Өнімнің басым көбінің өндірілуі тоқталады, жаңа өнім өндіру басталады.