Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
социология экзамен жауаптар.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
932 Кб
Скачать
☆

16 Мәдениет әлеуметтануы

Мәдениет социологиясы[1] — қоғам мәдениетінің дамуы мен қызмет ету заңдылықтарын зерттейтін социология ғылымының саласы. Социологияда мәдениет, ең алдымен, әлеуметтік тұрғыдан, яғни әлеуметтік өзара іс-қимылдардың нәтижелері мен процестеріне көзқарас тұрғысынан қарастырылады. Ол мәдениет саласындағы шығармашылық мақсаттарда процеске әсер ететін материалдық, әлеуметтік және саяси факторларды талдайды. Мәдениет социологиясы мәдениетті жасаушы әрі оны тұтынушы ретіндегі халықтың әлеуметтік-демографиялық, тағыда басқа сипаттамаларын, оның қызығушылықтары мен талғамдарын, бейімделу мотивтерін, сондай-ақ мәдени ұйымдарды, мәдени іс-шаралар мен мәдени өмірдегі оқиғаларды зерттейді. Мәдениет социологиясы ғылылми-танымдық, білім беру және тәжірибелік, тағыда басқа қызметтер атқарады. ұыл.-танымдық қызмет арқылы Мәдениет социологиясы мәдени процестердің өзгерісіне, нәтижесіне әсер ететін әлеум. факторлар мен механизмдер, мәдени динамика заңдылықтарының өзіндік ерекшелігі туралы шынайы білімді қалыптастырады. Мәдениет социологиясының білім беру қызметі қоғам мүшелері арасында тиісті білім таратуға бағытталған. Тәжірибелік қызметтің мақсаты мәдени өзгерістер мен мәдени саясат бағыттарының ғылыми негізін әзірлеу болып табылады. Мәдениет социологиясы жұртшылықтың мәдени өмірдегі оқиғаларға қатынасын білдіретін қоғамдық пікір, көркем сын мәселелеріне де назар аударады. Мәдениет социологиясы шеңберінде жүргізілетін зерттеулер мәдени дамудың өзіне тән белгілері мен тенденцияларын, оған әсер ететін әр түрлі әлеуметтіл-экономиқалық факторларды айқындауға мүмкіндік береді. Мәдениет социологиясы зерттеу барысында сұрау, сұхбат, контент-талдау секілді социологиялық әдістерді қолданады. Оның теориясы мен әдістемесінің жетілдірілуі қоғамдық өмірдің барлық салаларында адам факторы рөлін көтеру, мәдени қызметті күшейтіп, байыту үшін маңызды.

17 О.Конт –әлеуметтанудың негізін қалаушы

Конт Огюст (19.1.1798 – 5.9.1857) – француз философы, социологияның негізін қалаушылардың бірі. Конт Огюсттың философиялық көзқарасының дамуы 3 кезеңге бөлінеді: бірінші кезеңде (1820 – 26) Конт Огюст еуропалық қоғам дамуының негізгі кезеңдерін суреттеп, әлеуметік реформалардың мүмкіндігі мен оларды іске асырудың тәсілдерін ой елегінен өткізді. Бұл ойлар Конттың “Әлеуметтік философия топтамасы”, “Өткендегі қазіргі заман элементтеріне жалпы баға” (1820),“Қоғамды қайта ұйымдастыру үшін қажетті жұмыс жоспары” (1822), т.б. еңбектерінде қарастырылды. Екінші кезеңде (1830 – 42) Конт өз идеяларын дамыта отырып, қоғам туралы ғылым ретіндегі социологияның негізгі ережелерін тұжырымдайды (“Позитивті философия курсы”). Үшінші кезеңде (1851 – 54) адамзат тарихының бірлігі туралы идеясын қалыптастырып, негізгі ойларын дәйекті дәлелдермен дамытады (“Позитивті саясат жүйесі”). Әлеуметтік өзгерістерді талдау арқылы Конт қоғам тарихындағы теологиялық, метафизикалық және позитивті кезеңдерді анықтады. Оның пікірінше, қоғамды бөлудің және үш кезеңді белгілеудің өлшемдері үстемдік етуші идеялар сипаты арқылы анықталады. Теологиялық кезең дін үстемдігімен, метафизикалық кезең метафизикалық тұжырымдама үстемдігімен сипатталады. Соңғы кезеңде діни және философиялық сипаттағы спекулятивті жүйелердің соңына нүкте қоятын позитивті ғылымдар дамуы жүреді. Бұл кезеңде жаратылыстану ғылымдары үстемдік алып, социология қарқынды дамиды.