Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
социология экзамен жауаптар.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
932 Кб
Скачать
☆

34.Жастардың әлеуметтік мәселелері.

Жас ұрпақтың дүниетанымындағы өзгерістердің мәнін ой елегінен өткеріп,зерделеу теориялық міндеттер тұрғысынан қалай зәру болса, өмірлік мақсат-мүддеден де солай маңызды. Қоғам дамуының жаңа арнаға түсуі, яки еліміздің егемендік алуы — тәуелсіздігіміз қаншама құндылықтарға жол ашты. Қоғамның күллі бағыт-бағдары, ізгі мұраттары, қажеттіліктері мен себеп-салдарлары түбегейлі өзгерді, мұның өзінің жастардың ой-санасына, өмірлік ұстанымдарына әсер-ықпалы болмай қалған жоқ.

Алдыңғы толқын — ағалардың кейінгі толқын — інілерге, яғни ересек, егде кісілердің өскелең ұрпаққа деген көзкдрасы қалай? "Қорқамын кейінгі жас балалардан" деген Абай атамыз сияқгы олар да күдікпен үрке карап жүрген жоқ па? Бүгіңде шу тарткан сол "ересектеріміздің" өзі күні кеше қандай еді? Ұлы суреткер Мұхтар Әуезов өсиет еткендей, бесігімізді түзедік. Бірақ балаларымыз қандай болмақ? Төрткіл дүниеден хабардар, көргені де, естіп жатқаны да жетерлік. Барлығын алақанға салғандай өз көзімен көріп, соның тірі куәсі — бүгінгі ұрпақ қайда бармақ? Басқаларға қарағанда жастар әлеуметтік топ ретінде өзгеше қасиеттерге ие екені белгілі, Бұл не қасиеттер? Ең әуелі, олардың "рухының беймазалығы", болмысқа сын көзбен қарайтындығы, ешкімге кіріптар болғысы келмейтін "өзімшілдігі", ақиқаттан, тіпті қоғамнан іргесін аулақ салуға ұмтылуы, саяқ жүріп, қара басының қамын бәрінен биік қоюы. Яғни, көңіл деген — көк дөнен, өз ерік-жігерінен қиялы ұшқыр.

Жастар қанша өзгеше қасиеттерге ие болмасын, ол таптан, әлеуметтік топтан тысқары өмір сүре алмайды. Сондыктан да жастар мәселесі күллі қоғамға қозғау салатын кең көлемдегі әлеуметтік проблемалардан да ауқымды һәм күрделі. Жетпісінші жылдары Батыстың көптеген қоғамтанушылары жастар арасында "өмірді түсіну түйсігін жоғалту" деп ата-латын дерттің тез таралуы туралы кәдімгідей алаңдаушылықпен дабыл қаққанды. Сол жылдары американдық журналдың бір санында осы тақырыпқа әр қырынан келген 200 сұхбат негізінде АҚШ жастары мен студенттерінің Декларациясы жарияланды. Содан үзіңді: "Біздің ең бір қиын проблемамыз — қоғамнан өз орнымызды табу, Бәрі сендердің болашақ туралы мазасыздануларыңның жөні жоқ: білімдісіңдер, таланттысыңдар деп иландырады. Бірақ қоғамның бізді шеттеткенінен емес, сол қоғамды біз қабылдай алмаймыз ба деп қорқамыз..." . Бүтінгі таңда балалар кезді ашып-жұмғанша есейеді. Сондықтан да оларға дер шағында нақты өмір шындығы туралы ақиқат сабағын бер, дер шағында өз тәжірибеңмен бөліс және олардың ойымен санасып, түйген пікіріне құрметпен қара. Жас мемлекетімізге білімді ғана емес, білікті де азамат ауадай қажет.,

Өз өмірімнің өткенінен бас тартуға болмайды, онсыз бүтінің, онсыз ертеңің жоқ. Ұрпақтар арасындағы түсінбестіктің көптеген себебі сол жылдардың әлеуметтік жағдайын терең білмеуден туындайды. Өмір таркын және оны осы заман ілімі мен тәжірибесінің деңгейінің баянджанда, біз сол дәуірге оның замандастары қандай көзбен карады деген психологияны жиі назардан тыс қалдырамыз. Өкінішті-ақ!

35.Қазіргі таңдағы оралмандардың әлеуметтік мәселелері.

3 қарашада «ЕркеНұр – Шарапат» қоғамдық қоры және Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!: Қазақстан дамуының жаңа белесі қалай?» Жолдауын талқылау және насихаттау» тақырыбында түрлі қоғамдық қорлар мен әрбір салада көрініп жүрген оралман бауырларымыздың қатысуымен басқосу өтті. Бұл жиын қазіргі таңдағы оралмандардың ушығып тұрған өзекті мәселелері, сырттан келген қазақтың жанын ауыртып жүрген проблемаларды қарастыратын тұрақты жұмыс комиссиясы құрылатындығы және оның тұжырымдамасының дайын екендігі де сөз болды. Қазақстан тәуелсіздікке ұмтылған кезеңде мемлекет саясатындағы басты ұстанымдарының бірі шеттегі қандастарға қатысты болды. Сол кезде ұлт көшбасшысы Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Бауырларымызға құшағымыз ашық» деп әлемге жар салған болатын. Содан бері Елбасының тікелей қамқорлығының арқасында миллионға жуық қандасымыз елге оралу бақытына ие болды. Соның есебінен республика халқы бір жарым миллион адамға көбейді. Бұл, сөз жоқ, ұлтымыздың ұлы жетістігі. Ел үкіметі алдағы күндерде де көші-қон саясатын табанды жүргізе беретініне кәміл сенемін.  Осы жылдың мамыр айында өткен Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайдағы Елбасының: «Шеттегі бауырларымыздың табанына кірген шөңге біздің жан жүрегімізді сыздатуы керек... Туған елге табан тіреймін,  көшіп келем деушілерге қашан да есігіміз ашық екенін мен тағы да қайталап айтамын» деген салиқалы пікірі Қазақстандағы этникалық көші-қон саясатының негізгі ұстанымына айналуы қажет. Шынында бұл салада қол жеткізген жетістіктеріміз ауыз толтырып айтарлықтай. Келген оралмандардың жартысынан астамы, яғни  54 пайызы еңбек жасындағы адамдар болса,  41 пайызы 18 жасқа дейінгі балалардың үлесін құрайды, ал шамамен 5 пайызы зейнеткерлер екен. Білім деңгейі бойынша: 10  пайыздан астамы жоғары білімді,  әрбір бесінші адамның, яғни 234 мың адамның – арнаулы білімі, 65 пайызының жалпы орта білімі бар.