Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
социология экзамен жауаптар.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
932 Кб
Скачать
☆

8Конфуцийдің этико-саясаттық ілімінің әлеуметтік маңызын түсіндіріңіз.

Қытайдағы саяси және философиялық ілім тарихында конфуцизм ілімі маңызды роль атқарады. Оның негізін қалаған б.э.д. 551—479 жылдары өмір сүрген ұлы Қытай ойшылы Конфуцийболды. Дәстүрлі көзқарастарға суйенген Конфуций меншікті патриархшы — патерналистік концепциясын дамытты. Оның айтуы бойынша, мемлекет — үлкен жанұя. Әлеуметтік теңсіздікті қалыпты жағдай ретінде қарастырған Конфуций аристократиялық билік концепциясын, яғни ақ-сүйектер тобының билігін жақтады. Биліктің зорлықсыз тиесілі жақтағанКонфуций билеушілерді өз бағыныштыларына кайырымды болуға шакырды. Билеуші қайырымды болса, төменгі адам да қайырымды болады. Биліктің осы ережесін жақтаған Конфуцийден "Шөп жел сокқан жаққа кисаяды деген нақыл сөз қалған. Ішкі және сыртқы соғыстарға карсы болған Конфуций Кьггай жсрінен алыс түратын басқа халықтарды білімділікпен және ақылмен жаулап алуды ұсынды. Конфуцийдің этикалық-құқықтық және мінез-құлық нормалары мен принциптері адам өмірі мен тұрмысының барлық жағын қамтыған. Бұған дәстүр ережелері (ли), ата-аналар мен үлкендерге құрмет (сяо). адамдық касиет (жэнь). адамдар қамқорлығы (шу), билеушіге адалдык (чжун), парыз (и) және т.б. жатады. Конфуций ілімін одан әрі жалғастырған Сянь-цзы "өлсм өзінің табиғи заңдылықтарымен өмір сүреді, сондықтан да оның тіршілік қажетіне жарату үшін оны зерттеу, құпия сырларын білу қажет» дсп ой түйеді. Яши адамдардың табиғаттан өз үлесін алуы немесе бай және кедей болып өмір сүруі олардың өздеріне байланысты. Сянь-цзының пікірінше адам тумысынан қызғаншақ, дүниеқұмар, алакөз болып келсді. Сондықтан да адамдардың мінезіне жақсы тәрбие беріп қана табиғи қалыптан өзгертуге болады. Ол үшін адамдардың өзі де өзін-өзі тәрбиелеуге және бір-бірінің қателігін бетке байып айтуы тиіс. Бұл туралы ол былай дейді: "Менің қателігімді дұрыс көрсеткен адам — менің ұстазым, менің игі  ісімді дұрыс байқаған кісі — менің досым, ал маған жағынъш, жарам ақтанушылар — менің жауым". Конфуцизм ілімі, сонымен бірге, ел билеушілері мен өкімдерге де қол астындағыларға тап баласындай қарауға кеңес береді. Конфуций бойынша "ақылды билеуші ауыр жазамен адамдардың жанын қинамайды, оларды табаңдылықпен, сң алдымен өзі үлгі-өнеге көрсетіп жақсылыққа тәрбиелейді".  Конфуцизм ілімі мемлекеттік дін рөлін атқара бастады.

10.Парсонстың әлеуметтік жүйесіне сипаттама.

Парсонс адамдық шындықтың барлық жағын қамтитын теориялық жүйені қалыптастыруға тырысты. Қоғамды сақтау мен тұрақтылық жағдайларын талдады. Кез келген жүйенің сақталуын қамтамасыз ететін негізгі төрт қызметті анықтады: бейімделу, мақсатқа жету, ықпалдасу мен модельді қолдау. "Әлеуметтік стратификация теориясына талдамалы көзқарас" атты еңбегінде қоғам туралы функционалдық ұғымды теориялық тұрғыдан негіздей бастайдыӘлеуметтік жүйе деңгейінде бейімделу функциясын - экономикалық бөлік, мақсатқа жету функциясын - саяси, ықпалдасу функциясын - құқықтық институттар мен дәстүр, модельді қолдау функциясын - наным жүйесі, мораль және әлеуметтендіру ұйымдары (отбасы, білім беру институттары, т.б.) қамтамасыз етеді. Парсонс пікірінше, әлеуметтік жүйені талдауда үш деңгей бар: құндылықтар, қалыптасқан заңдар мен ұжымдық ұйымдар.[1][2]