Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
социология экзамен жауаптар.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
932 Кб
Скачать
☆

36.Қазақ тілінің әлеуметтік беделін көтеру мәселелері.

Әрбір елдің білім жүйесінің негізгі мәселелерінің бірі – өзіне тән ұлттық мәдени ерекшеліктері мен тұжырымдамасын әзірлеу, ұлттық тілді өркендету және дамыту. Ұлттық тілдің ықпалды дамуы – әрбір елдің келешегі. Себебі ұлттық тілдің дамуы ұлтаралық қарым-қатынасқа және саяси интеграция жолына кедергі болмайды, өйткені барлық елдердің тарихы да, әлеуметтік де жағынан өз тілінің болуы табиғи қажеттілік.

Халық ұрпақтан-ұрпаққа қоғамдық және әлеуметтік тәжірибесін, рухани байлығын аға ұрпақ өзінен кейінгілерге мұра ретінде қалдырып отырады, сонысымен қоғамның материалдық және рухани мәдениетін жасайды. Осылайша сабақтастық жалғасып жаңа буын адамзат баласының басынан өткерген тарихынан ең таңдаулыларды өз бойына сіңіреді және ең озық үлгілерін дамыта беруге, қоғамның рухани құндылығының сан тіршілігін жаңа жағдайда байыта түсуге мүмкіндіктер туады. Халықтың қалып-салтын, мінез байлықтарын, салт-дәстүрлерін, эстетикалық талғамын және психологиясын осы халықтың өткен дәуірлердегі хатқа түскен жазба мұралар тілінен танып білуімізден де болады. Егеменді мемлекет ретінде әлемдік қоғамдастыққа енуі кезеңінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылатын қазақ тілінің әлеуметтік дәрежесінің көтерілуі, жаһандану заманындағы ұлттық және мемлекеттік бірлікті қалыптастырудың негізгі мәселелерінің бірі екендігі мәлім. Мұның күн тәртібіндегі мәселе ретінде, үнемі есте ұсталуы мен маңыздылығының артуы Еліміздің бәсекелестікке сай әлемнің 50 елінің қатарына енуімен де байланысты.

Ел еркіндігін алған соң қазақ тілінің мемлекет ішінде сонымен қатар халықаралық деңгейдегі дәрежесінің көтерілуіне көптеген игі істер жасалынып, қыруар қаржы бөлінуде. Оның үстіне қазақ тіліне қолдау көрсету мақсатында мемлекеттік бағдарлама да қабылданды. Дегенмен бұл бағытта істеліп жатқан шаралардың көптеген кемшіліктері мен шешілмей жатқан проблемалары да жетерлік. Еліміздегі бірнеше ғасыр өмір сүріп жатқан ірі-ірі этностардың әлі күнге дейін қазақ тілін меңгермеуі, қазақтардың арасындағы аттөбеліндей топтың орыс тілін ана тілім деп қабылдауы мемлекеттік тілдің өз деңгейінде қолданылуына кедергісін тигізуде. 37. Қазіргі кездегі демократиялық саясаттың Қазақстандағы көрінісінің ерекшеліктері мен оның әлеуметтік жақтары Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады: Мемлекет түрі. Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі. Қоғамдық құрылымның мұраты.

Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституциябилік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады. Демократия' теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық,әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады. Қазақстан Республикасының стратегиялық мақсаты демократиялық мемлекет құру. Бұл мақсат әлемдік өркениетті адамзатқа тән ортақ мақсат. Сол себепті адамзаттың озық ойы демократиялық мемлекет құрудың тиімді жолдары мен әдістерін үнемі іздестіріп келеді. Бұл ізденіс толастар емес. Демократияның ерекшелігі оның әмбебап сапаларымен қатар барлық елдерде біркелкі жүрмеуі және қайталанбауы. Әрбір мемлекет демократияға өз жолымен барады. Ол жолдар әлемдік ортақ құбылыстар мен қатар өзіндік ерекшеліктерді міндетті түрде әкеледі. Демократиялық мемлекет құрудың қиын да күрделі болуы әлемдік заңдылық. Ешбір мемлекет демократиялық қоғамды оңай орната салмайды. Демократиялық басқарудың дамуы концепцияларының түп тамырын саяси тарих пен саяси ой қойнауынан іздеуге тура келеді. Бүгінгі демократиялық таңдауға қызмет етуші саяси партиялар идеялық тіректі көне заман ойшылдарының еңбектерінен алғандығы даусыз. Себебі демократия әлеуметтік-саяси феномен ретінде ертедегі грек полистерінің саяси мәдениетінің маңызды сегментінің бірі болды. Саяси үрдістерде демократия өте көпжақты және санқырлы сапада көрінеді. Сондықтан бір елдің демократиялық  қоғам құру тәжірибесі сол қалпында екінші елде қайталанған емес. Демократиялық таңдау жолында күресетін саяси партиялардың қызметінің теориялық және тәжірибелік жағынан қиын жағдайда қызмет етуі қоғамда қалыптасқан осындай күрделі құбылысқа байланысты. Демократияны кей жағдайда түрлі мүдделі топтар түрліше түсінеді. Өз мемлекетінің саяси-әлеуметтік шындықтарына қатысты қабылдайды. 38. ЖаҺандпну процесінің ұлттық жанұялық жағдаяттарға тигізетін әсерлері мен оның әлеуметтік мәселелері. Жаһандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. Global — әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық экономист Т.Левита. Әлеуметтік-философиялық тұрғыдан қарағанда т назар аударуға тұратын тарихи факт - техника мен технологияның өрлеуінің қоғам өміріне гендерлік қатынас жағынан үлкен өзгеріс экелуі. ХХ-ХХІ ғасырларда бұрын соңды болмаған ер адам мен әйел арасында теңдік жағдайы орнады. Бұл теңдік кең көлемде құқықтық, әлеуметтік, саяси, мәдени және экономикалық сфераларды қамтиды.

Қай елде болмасынәйелдердің техниканы игеруі романтикалық қозғалыс ретінде жүзеге асырылды. Ал кеңес елінде ол романтика саяси-идеологиялық сипат алды және жүздеген жылдар қалыптасқан әйелдерге деген патриархалдық көзқарастың өзгеруіне әкелді. Осы жағынан және әйелдің жанұядағы орны тұрғысынан «темір тұлпарды» игерген немесе басқа да техникамен байланысты қызметгер атқарған әйелдер арасында жеке адами бақытсыздық, жанұясыздық сияқты жағдайлар да кездесті. Ал өткен ғасырдың аяғы мен жаңа ғасырдың басында техниканы пайдалану әйелдер үшін мүлдем күнделікті жағдайға айналды. Сонымен қатар бұл үрдіс ең консервативті саналатын шығыс елдеріне де тарады. Бірақ осы тұрғыдан назар аударатын бір пәрсе техниканы игеруге және қызметтің жаңа түрлеріне көшуге байланысты үрдістер жанұя, бала тәрбиесі сияқты дәстүрлі әлеуметтік кұндылықтардың әйел өмірінен ыгыстырылуына әкелді. Ал бұл жалпы демографиялық жағдайга ғана емес құндылық ретінде баланың, жанұяның әлеуметтік ролінің томендеуіне әкелді. Белсене қоғамдық өмірге араласу, өмірінің көп уақытын жұмысына, карьераға жұмсау әйелдің үй-ішіне арнайтын уақытын азайтты. Сонымен қатар әлеуметтік статустың жанұялық статустан маңызды және өмірмәнді болып саналуы әйелдердің көбінің жанұялық өмірден, озінің табиғи репродуктивтік функциясынан бас тартуына әкелгені казіргі заманғы кең тараған әлеуметтік мәселенің бірі болып табылады. Осыған байланысты жанүяға қатысты дамыган батыс елдеріне тән бірнеше тенденцияга назар аударуға болады. Олар: толық жанұяның үлесі төмендеуі, баласыз жанұя көбеюі, ажырасу саны өсуі, бір жынысты жанұялардың кең тарай бастауы, бала санының азаюы және тағы басқалар.