Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
социология экзамен жауаптар.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
932 Кб
Скачать
☆

43)Функционалдық парадигмалар

.Макросоциологиялық парадигмалардың бірі – фуңкционалдық парадигма. Құрылымдық - функционалдық парадигманың өкілдері: Огюст Конт, Герберт Спенсер, Эмиль Дюркгейм, Талкотт Парсонс, т.б. Олар қоғамды бір-біріне өзара тәуелді құрылымы бар және қоғамдық бүтінді құрайтын тұтас жүйе ретінде қарастырады. Олардың пікірінше, қоғамдық құрылымдағы мемлекет, жанұя, дін сияқты кейбір институттар дербес құрылым бола алмайды, керісінше әлеуметтік жүйенің белгілі бір құрамдас бөлігі ғана болып есептеліп, олар қоғам қасиетіне белгілі бір үлесін қоса алатын организм. Сондықтан қоғамның тіршілігі үшін және ол жалғасуы үшін негіз болатын белгілі бір шартты жағдай қажет деп көрсетеді. 

48) Әлеуметтік рөл және әлеуметтік бедел

Әлеуметтік рөл - белгілі бір әлеуметтік ұстанымға ие жеке адам үшін нормативті қолданатын мінез-құлық үлгісі болып табылатын, салыстырмалы тұрақты және іштей байланысты әрекеттер жүйесі.

Авторитет - [лат. autoritas - билік, ықпал] - бағындыруды көздеп, нұсқаулар мен қарарларды, ережелерді енгізуін басқалардың өз еріктерімен мойындауына негізделетін субъектілердің ықпалы. Саясаттануда: 1) қандай да бір іс-әрекеттер негізінде ие болған бедел немесе қоғамда ерекше бағаланатын құндылықтарға негізделген билікті жүзеге асыру түрі; 2) күш қолданбай ықпал ету құралы; 3) бағынушылар ерікті түрде заңдылығын мойындаған билікті басқару түрі. Авторитет - қоғамның, әлеуметтік топтың, ұжымның, мемлекеттің, қоғамдық- саяси ұйымның- өз кезегінде жеке тұлғаның немесе топ адамдардың қоғам немесе мемлекет ісіне шынайы, байсалды ықпалын мойындауы. Беделді қолдану - қоғамда саяси билік жүргізудің, әлеуметтік реттеудің аса маңызды түрі. Бедел білімге, жоғары әлеуметтік жағдайға, тұлғаның ар- ұждан қасиеттеріне, харизматикалық мінез-құлқына, жұмыс әдістерін ұтымды ұйымдастыру қабілетіне, жас шамасына, дәстүрге, діни сеніміне сүйенеді. Саяси тұлғалардың беделі бұқаралық ақпарат құралдарында үгіт-насихат жүргізу нәтижесінде қалыптастырылып немесе асыра сілтеніп, авторитаризм мен жеке басқа табынушылыққа жол ашуы мүмкін. Биліктің беделі - әлеуметтік-саяси тәртіптің маңызды факторы, ал биліктің беделінің төмендеуі - әлеуметтік-саяси тұрақсызданудың көзі.

47) Әлеуметтік топ және жалпылық ұғымына сипаттама беріңіз.

Топ - мүшеліктін ресми немесе бейресми критерийлерімен шектелген индивидтердің (адамдар немесе заттардың) ұжымы немесе көпшілігі. Әлеуметтік топ оның мүшелері өзара рөлдер мен әрекеттерді қамтитын әлеуметтік интеракцияға қосылған кезде пайда болады. Мүшелік тұрғысынан әлеуметтік топтар салыстырмалы ашық және қозғалмалы (достар тобы) немесе жабық және қозғалыссыз (масондық ұйымдар)болуы мүмкін Жалпылық дегеніміз - бір нәрседе бірнеше зат бір-бірінде құсастық табады, жалқылық -екі зат бір-біріне мүлдем ұқсас емес. Мысалы, "Зейд және Әмір". Сонымен, предикат"Зейд - адам" сөйлемшесі жалпылық болады, "адам" жалпылық түсінік және ол "Зейдке"предикат, ал Зейд - тұлға. Предикаттар тұлғалар болып келулері де мүмкін, "мынау отырған - Зейд". Жалпылық субъектісі бар пайымдау бүтіндей немесе бір бөлікті басқаруды көрсететін пайымдауға алып келуі мүмкін. Бұл барлық растау және терістеупайымдауларына қатысты.