Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sayasattanu_kitap.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
461 Кб
Скачать
☆

1917 Жылғы Қазан революциясының халыққа берген уәдесі орындалмай,

саяси билік халыққа емес,жеке диктатурамен, әміршілдік-төрешілік

басшылығымен алмастырылды.Қазақстандағы социализм идеяларының

осылайша бұрмалануы 1925-1933 жылдары Қазақ өлкелік Коммунистік

партиясының (КОКП-ның филиалы) бірінші хатшысы болған Ф.Голощёкин

есімімен тікелей байланысты. Ол Сталиннің қатаң саясатын жақтап,

Қазақстанда көсемшіл, әміршіл тәртіп енгізді. Голощёкин қазақ жерінде «Қазан

лебі» (1917 жылғы революцияның) сезілмеген» деп «Кіші Қазан» төңкерісін

өткізу идеясын ұсынды.

КСРО-дағы Коммунистік партияның келесі саясаты – ауыл шаруашылығын

кеңестік ұжымдастыру шараларын өткізу болды Бұл шешім 1927 жылы

желтоқсанның 2-сі күні Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер)

партиясының ХҮ съезінде жарияланды. Мақсат: ауылдағы жеке меншікті

мемлекттендіру. Себебі –социалистік мемлекетте жеке меншік болмауы тиіс

деген идея болатын. Халықтың қолындағы малды мемлекеттің меншігіне тарту

үшін жедел түрде колхоз,совхоздар ұйымдастырылды. Қазақ елінде халықтың

наразылығын болдырмау мақсатында Ф.Голошёкин өзінің «Кіші Қазан»

идеясын ұстанып бақты. Нәтижесінде тек ғана малмен күн көріп отырған қазақ

халқы жаппай аштыққа ұшырады, билікке қарсы болғандар аяусыз жазаланды,

елде репрессия басталды.

1932 Жылы қазақтың бір топ саяси қайраткерлерінің ф.Голощёкинге жазған

«Бесеудің хаты», Тұрар Рысқұловтың Сталинге жазған хатына немқұрайлы

түрде: «Асыра сілтеу болмасын» деген жауап берілді.

Ауылшаруашылығын кеңестік ұжымдастыру саясатының зияндылығы

сонша, 1930-1932 жылдардағы еліміздегі аштық тарихқа «ұлы жұт», қазақ

халқының аса зор қасіретті жылдары болып енді.

79

1930 Жылы Қазақстан халқының саны 5 миллион 800 мың адам болса, ал

1933 Жылы 2 миллион 500 мың ғана халық қалды. 2 миллионға жуық қазақ

аштықтан қырылды, 1 миллион қазақ басқа елдерге көшіп кетті.

Осы жылдары халық наразылығының күшейуіне жол бермеу мақсатындағы

сталиндік репрессия басталды. Бұл да Бүкілодақтық Коммунистік

большевиктер партиясы саясатының бір түрі болды.Ол екі мақсатты көздеді:

біріншісі,ұлт зиялыларын жою, себебі олар халықтың тарихи зердесі болатын.

Екінші мақсат, Сталиннің жеке басының беделін жоғарлату, оның есімін

дәріптеу, мемлекеттегі ролін мадақтау болатын.

1936 Жылы ксро-да сталиндік деп аталған жаңа Конституция

қабылданып, халық қатаң билеушінің беделін мойындауға мәжбүр болды.

Бұдан кейінгі жылдары кеңес халқы фашизм мен социализм идеологиясы

кезіккен , адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған қатыгез соғысты бастан

кешті.

1952 ЖылыКсро-дағы Коммунистік партиясының аталуы өзгертілді.

Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясы (БК(б)П) енді Кеңес

Одағы Коммунистік партиясы (КОКП) аталатын болды.

КОКП-ның таптық, социалистік саяси ұстанымы бойынша жеке адам

бостандығы мен құқығы ескерілмеді. Өздерін демократиялық ,әділетті

қауымдастық деп санайтын ірі капиталистік мемлекеттер жағынан КОКП-ның

бұл саясаты наразылық тудырды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көп

ұзамай басталған қырғи-қабақ соғыс саясаты одан әрі ушыға түсті.

Экономика саласындағы КОКП-ның ұстанған шаруашылықты басқару

әдістері нәтижелі болмады. Өнеркәсіп те, ауылшаруашылығы да экстенсивті

басқару әдісінен интенсивті әдіске ауыстырылмады.Ақырында КСРО-да ХХ

ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап тоқырау көрністері байқалды.КОКП

мемлекеттің беделін сақтап қалу үшін әртүрлі әрекеттерге барды: 1968 жылы

Чехословакияға өз әскерін кіргізуі, 1969 жылғы КСРО мен Қытай әскерлерінің

арасындағы қақтығыстар,1979 жылы КСРО әскерлерінің Ауғанстан жеріне

кіргізілуі және т.б. оқиғалар.

Нәтижесінде КОКП-ның саясатына деген наразылық халық арасында

күшейе түсті.Кейін КСРО-да мемлекеттің ыдырау процесі басталды,оны сақтап

қалу әрекеттерінің бірі КОКП-ның 1991жылғы тамыздың 19-да Мәскеуде

астыртын түрде ұйымдастырылған Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік

Комитеттің (ТЖМК) мақсатын қолдауы болды. ТЖМК-нің жоспары КСРО-ны

қалайда сақтап қалу болатын. Кейінірек Қазақстан Компартиясы Орталық

Комитетінің мәлімдемесінде аталып өткендей, «бұл әрекеттер қатардағы

коммунистердің күш-жігеріне, партияға орны толмас нұқсан келтірді».

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]