- •Isbn 9965-526-55-9
- •Isbn 9965-526-55-9
- •1.Мифологиялық саяси идеялардан саяси ғылымға дейін
- •2.Қазақ даласындағы саяси пікірлердің қалыптасуы.
- •3. Саяси ғылымның объектісі және оның зерттеу тәсілдері.
- •4. Болашақ мамандардың азаматтық ұстанымдарын
- •1. Демократиялық мемлекеттің мәні және негізгі белгілері
- •2. Демократиялық үрдістердің даму тарихы
- •3. Қазақстан Республикасындағы демократиялық үрдістердің
- •4. Демократияның дамуындағы қазіргі кезеңдегі негізгі проблемалар
- •1. Билік және саяси билік ұғымдары
- •2. Билік туралы теорияның тарихи дамуы және қазіргі кезеңдегі
- •3. Саяси және мемлекеттік билік
- •1) Аристократия – қайырымдылық
- •2) Олигархия - байлық
- •3) Демократия – еркіндік
- •4. Саяси тәртіп (саяси режимдер)
- •1948 Жылы бұұ қабылдаған “Адам құқықтарының жалпыға бірдей
- •2003 Жылдың қазан айында еліміздің алғашқы Азаматтық форумы өтті, 2005
- •XIX ғасырдың 80-шы жылдары дүние жүзінің 100-дей елдерінде 500-ден
- •1. Әртүрлі саяси мәселелер қоғамда жан-жақты қаралады (талқыланады).
- •1917 Жылы желтоқсанның 5-13-күндері өткен Екінші бүкілқазақтық съезі
- •1921 Жылы в.Ленин Кеңестер елінің әлеуметтік- саяси жағдайын«күйзеліс,
- •1925 Жылғы желтоқсанда Бүкілодақтық Коммунистік большевиктер
- •1917 Жылғы Қазан революциясының халыққа берген уәдесі орындалмай,
- •1932 Жылы қазақтың бір топ саяси қайраткерлерінің ф.Голощёкинге жазған
- •1930 Жылы Қазақстан халқының саны 5 миллион 800 мың адам болса, ал
- •1933 Жылы 2 миллион 500 мың ғана халық қалды. 2 миллионға жуық қазақ
- •1936 Жылы ксро-да сталиндік деп аталған жаңа Конституция
- •1952 ЖылыКсро-дағы Коммунистік партиясының аталуы өзгертілді.
- •1991Жылғы тамыз айының 23-де Қазақстан Президенті н.Ә.Назарбаев кокп
- •1991 Жылы «Қазақ кср-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы» Заң
- •1990-1992 Жылдары Қазақстан қоғамында демократиялық процестердің
- •1993 Жылы «Қазақстанның халық бірлігі одағы» құрылды. Оның жетекшісі
- •1997 Жылы кейбір қозғалыстар мен партиялар ұсынған пікірлерді қолдай
- •2006 Жылы 22 желтоқсанда «Отан» партиясының кезектен тыс съезінде
- •2007 Жылғы 18 тамыздағы Мәжіліс сайлауында «Нұр Отан» жетекші саяси
- •4.Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың
- •1987-1991 Жылдар аралығында ғана Қазақстанда 140 астам өзін-өзі
- •1991Жылдың қараша айында “Әділет” қоғамы “1917жылдан кейінгі
- •1989Жылы “Адам құқығын қорғау” Қазақстандық қоғамдық ұйымы пайда
- •1Наурызда құрылып бүгінгі күнде тек елімізге ғана емес, бүкіл дүние жүзіне
- •1917 Жылғы Қазан революциясынан кейінгі Қазақстанда казактардың
- •1991Жылғы қыркүйектің 15-де өздерінің «Патша мен Отанға қызмет етуінің 400
- •2. Саяси мәдениет - әлемдік саяси тәжірибе жиынтығы ретінде
- •3. Демократиялық саяси мәдениеттің қалыптасу мәселелері
- •2. Қазіргі шетелдік саясаттанудағы саяси жүйе
- •1958 Жылы парламенттік республиканың орнына президенттік республика
- •2) Саяси биліктің тұрақсыз болып, мемлекет, мекемелер, құқық қорғау
- •2. Саяси идеологиялар тарихы пен теориялары
- •1861), Австриялық саясатшы және қоғам қайраткері Клеменс Меттерних (1773-
- •1859) Және т.Б. Болды.
- •1898 Жылы ұйымдастырылған Ресей социал-демократиялық жұмысшылар
- •3. Идеологиясыздандыру (деидеологизация) теориясы
- •2. Саяси субъект - әлеуметтік топтар
- •1) Экономикалық страттар: экономикалық теңсіздік, адамдардың ауқатты және
- •2) Саяси страттар: адамдардың басқарушылар және бағыныштыларға бөліну
- •3) Кәсіби страттар: қызметтердің мәртебелі және мәртебелі емес түрлеріне
- •10 Проценттен аспайды, сол себептен олар сайлау, референдум арқылы
- •3. Халық - қоғамның негізгі саяси субъектісі
- •1991Жылдан бастап Қазақстанда қоғамдық өмірдің жаңаруы нәтижесінде
- •1) Саяси процестің легитимдігі. Қоғамның саяси жүйесі жаңарған кезде
- •2) Саяси процестің жаңаруы. Жеңіске жеткен саяси жүйе, біріншіден,
- •3) Саяси басқару шешімдерін қабылдау және оны жүзеге асыру.
- •4) Саяси жүйенің қызметін бақылау. Саяси жүйенің іс-әрекетін бақылау
- •2. Саяси қызмет – саналы іс-әрекеттің нәтижесі.
- •3. Саяси шешімдер және олардың жүзеге асу жолдары
- •2. Әлеуметтік шиеленістердің негізгі себептері мен түрлері
- •3. Ұлтаралық шиеленістер және оны шешу жолдары
- •1) Ұлттық сана-сезімнің өсуін есепке алу. Ұлттық өзіндік танымның дамуы
- •2) Демографиялық процестер мөлшері. Оған өндіргіш күштерді ұтымды
- •3) Федерация шеңберінде автономиялар құқығының әртүрлілігі. Мысалы,
- •4) Халықтың ұлттық мәдениеті мен ұлттық психологиясын мемлекет
- •5) Экономикалық факторлар, бастапқыда біз айтып өткеніміздей,
- •4. Саяси шиеленістер және оппозиция
- •5. Консенсус – шиеленістерден өтудің әмбебап әдісі
- •1980 Жылдардың басынан бастап еуропалық теориялық саяси ойлау
- •1. Дәстүрлі қатысушыларға ең алдымен халықаралық құқық пен
- •1) Жоғарғы державалар (супердержавалар) – халықаралық жүйеге және оның
- •2) Ұлы державалар - әлемдік дамуға елеулі ықпал ететін, алайда халықаралық
- •1) Бас Ассамблея (ба) – халықаралық бейбітшілікті нығайту, қарулануды
- •2) Қауіпсіздік Кеңесі (қк) – тұрақты 5 мүшеден (Ресей, ақш, Ұлыбритания,
- •2. Әлемдік саясат және халықаралық саяси жүйе
- •1) Жеке мемлекеттер арасындағы қатынастардың күрделенуі (саяси,
- •2) Ортақ мүдделері негізінде құрылған және Еуропадағы саяси күштердің
- •3) Мемлекеттердің сыртқы саяси концепцияларына сәйкес олардың
- •1) Халықаралық жүйе әлеуметтік (қоғамдық), ашық және бәсең ұйымдасқан
- •2) Халықаралық жүйенің негізі болып саяси қатынастар саналады; халықаралық
- •3) Халықаралық жүйе – күрделі қалыптасқан жүйе; ол өзін құрайтын іс-
- •1) 1648-1815 Ж ж. Негізгі принциптер: ұлттық (мемлекеттік) егемендік және
- •2) 1815-1860 Жылдары “Вена жүйесі” қалыптасты негізгі принциптері
- •3) 1860–1914Жж. “реалистік саясат” бойынша мемлекеттер арасындағы
- •4) 1914-1918-1939 Жж. “Версаль жүйесінде” идеологиялық фактор іс-қимылға
- •5) 1945Ж. – хх ғасырдың 80-жылдарының соңы “қырғи-қабақ соғыс” дәуірі, іі
- •6) Хх ғ. 90-жылдарының басынан жаңа халықаралық тәртіпті қалыптастыру
- •3. Жаңа Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде
- •1993Жылғы Конституциясында көрініс тапты. Елде билікті бөлу принципі
- •1995-2000 Жылдар қоғамның саяси жүйесінің, мемлекеттік мекемелерінің
- •1995Жылғы 1-ші наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы, бұл
- •1517 Жылы папаның осы индульгенция саудасына бірінші қарсы шыққан
- •1520 Жылы Рим папасы Лютерді шіркеуден қууды талап етті, бірақ ол
- •1974-1985 Жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің жауапты
1917 Жылғы Қазан революциясынан кейінгі Қазақстанда казактардың
айырылып қалған дәстүрлері мен салт-саналарының қалпына келтірілуіне
ешкім қарсы болған жоқ. Дегенмен де, Орал казактары басшыларының
1991Жылғы қыркүйектің 15-де өздерінің «Патша мен Отанға қызмет етуінің 400
жылдығын» Қазақ елінде мерекелеуге шешім қабылдауы мүлдем түсініксіз
болды. Облыс басшыларының мұндай айқын, сыңаржақты мерекелеуге кедергі
жасап, ақылға шақыруы ешқандай оң нәтиже бермеді. “Азат”, “Желтоқсан”,
“Парасат” қозғалыстарының басшылары бұл іс-әрекетті қазақ халқының
намысын аяққа таптау деп бағалады. «Мерекеге» бірнеше күн қалғанда осы
қоғамдардың мүшелері Орал қаласына жиналды. Олар қаланың орталық
алаңында қарсы ұран көтеріп, пикет және митингілер ұйымдастырды. Осы
уақытта қазақ жастарына қарсы тұруға Краснодардан, Доннан, Шіләбіден,
Самарадан казак әскерлерінің өкілдері келіп жетті. Тартыс қыза түсіп, екі жақ
бір-бірімен жаппай қақтығысуға өте жақын тұрды. Тек құқық қорғау органдары
мен “Азат” қозғалысы басшыларының ізгілікті қызметі арқасында ғана
қақтығысқа жол берілмеді.
Оралдағы осы оқиға кез-келген қоғамдық ұйымдардың, қозғалыстардың
абайсыз іс-әрекеттері үлкен қасіретке айналуы мүмкін екендігіне тағы да бір
көз жеткізді.
Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың билікке, өкіметке қаймықпай
қарсы тұрып, өз жақтастарын батыл шараларға шақыруы жиі кездеседі. Ал
бейресми бірлестіктер оппозициялық күштердің, жастардың, студенттердің
арасында көбірек тараған. Олардың алдына қойған мақсаты, іс-әрекеті, оған
қатысушылардың жасы мен жынысы, қызмет тұрақтылығы саналуан.
Сайып келгенде, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың әрқайсысының
өз ерекшеліктері болуына қарамастан азаматтардың мүдделерін іске асыру
құралы болып табылады, әрбір әлеуметтік топтардың тұрмысын жақсарту,
жоғын жоқтау жолында олардың өкілі, қорғаны міндетін атқарады.
Бақылау сұрақтары
1. Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасуы.
2. Саяси партиялардың қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардан
айырмашылығы.
3. Көппартиялықтың пайда болуы қоғамдағы қандай саяси процеспен
байланысты болды?
4. Әртүрлі саяси партиялардың ортақ белгілері қандай?
5. Партиялық жүйенің түрлері.
86
6. Саяси партия мемлекеттік билік пен азаматтардың арасындағы байланыс
құралы деген тұжырымдаманы қалай түсінесіз?
7. Қазақстан Республикасының “Қоғамдық бірлестіктер туралы” Заңының
негізгі мазмұны.
8. Қазақстан Республикасының “Саяси партиялар туралы” Заңының негізгі
мазмұны.
9. Қоғамдағы көппартиялықтың маңызы
10.Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар.
87
YІ тарау
САЯСИ МӘДЕНИЕТ: МӘНІ, ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ
ДАМУ ПРИНЦИПТЕРІ
1. Ұлттық мәдениет және саяси мәдениет
«Саяси мәдениет» деген түсінікті «рухани мәдениет» және «ұлттық
мәдениет» ұғымдарынан айыра білу қажет. Әрбір қоғамдағы рухани
мәдениеттің даму деңгейі ең алдымен білімнің жетілуімен байланысты. Рухани
мәдениет, әрине, халықтың, ұлттың тарихы, дәстүрлері, әдет-ғұрыптарымен
тікелей байланысты және соларға негізделеді.
Ұлттық мәдениет - саяси проблемалардың немесе саясаттың әсерінсіз
қалыптасатын тарихи процесс саласы.
Ал саяси мәдениетті қалыптастырушы –қоғамдағы саяси процестер.
Әрбір мемлекеттегі саяси мәдениеттің қалыптасуы немесе өзгеруі саяси
режиммен (саяси тәртіппен) байланысты. Қоғамда саяси режим өзгерген
жағдайда, саяси мәдениет те сол режимге бейімделіп, қайта қалыптаса
бастайды. Мысалы, Қазақстан өзінің тарихында әр түрлі саяси режимдерді -
хандық, патшалық, тоталитарлық режимдерді басынан өткерді.. Қазіргі кезеңде
демократиялық режим орнықтыру жолында. Осы саяси режимдердің ауысуы
қазақ халқының ұлттық рухани мәдениетінің негіздерін өзгерте алған жоқ,
капитализм және социализм жағдайында да рухани мәдениет өзіне тән
құндылықтарын сақтап қала береді.
Әрбір елдегі саяси мәдениетті дамытудың негізгі мақсаты – азаматтарды
мемлекеттік саясатты, қоғамдағы ұстаным етілген саяси идеологияны, мемлекет
құрылымын, оны іске асыру тәсілдерін танып білуге мемлекеттік және
қоғамдық істерде өз отанының мүддесі үшін қызмет етуге бағыттау. Қорыта
айтқанда, саяси мәдениеттің маңызы – азаматтардың қоғамның саяси жүйесін
қолдап оны дамытуға белсенді қатысуы.
Бұл тұста саяси мәдениетті қалыптастыратын қоғамдық күштер қандай,
оның мазмұны мен түрін кімдер айқындайды? - деген сұрақ туындайды.
Қоғам мүшелерін мемлекеттік саясатқа бағыттау саясаттануда
әлеуметтендіру (социализация) деп аталады. Саяси әлеуметтендіру қоғамдағы
ұрпақтардың дамуына сәйкес бастапқы және соңғы болып екі кезеңге бөлінеді.
Бастапқы кезең отбасы мен бастауыш сынып балаларын қамтиды. Соңғы
кезеңнің қатарына мемлекет, білім беру жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдары,
саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар, мемлекет жатады.
Саяси әлеуметтендірудің алғашқы кезеңі отбасындағы жас балалардың
саяси мәдениетінің қалыптасуы - ата-анасының саясатқа деген көзқарастарынан
басталады. Билік саласындағы белгілі тұлғалардың, теледидардан күнде
көретін саясаткерлер немесе көшеде кездесетін полиция қызметкерінің
бейнелері арқылы да баланың бойында саясатқа байланысты алғашқы сезім
қалыптасады.Ал діни дәстүрдегі Иран, Пәкістан, Ирак және Ауғанстан
88
мемлекеттерінде саясатпен алғашқы таныстық дін қызметкерлері арқылы
қалыптасуы мүмкін.
Бұрынғы Кеңес Одағында мемлекеттік идеология тарапынан балаларға
арнайы саяси тәрбие беру үшін “Октябршылдар”, “Пионер” атты балалар
ұйымдары қызмет етті. Бұл ұйымдар осы режимнің саяси мәдениетінің
қалыптасуының бастапқы сатысы болатын.
Саяси мәдениет қалыптасуының соңғы кезеңіне жататын негізгі ұйым–
мемлекет. Мемлекет бұл қызметті заң арқылы атқарады. Елдің барлық
азаматтарына ортақ заңдар арқылы саяси мәдениеттің негізгі белгісін, саяси
менталитет (адамдардың бірін-бірі түсінушілігін) қалыптастырады.
Мемлекеттік рәміздер (символдар) қабылданды. Қазақстанның басты
рәмізі – Республика болып танылады. Бұл мемлекет басқару түрі ретіндегі
демократиялық құндылық. Мемлекет басқа да рәміздерін – Туын, Елтаңбасын,
Әнұранын бекітіп, азаматтарының өзін-өзі ұстау үлгілерін қалыптастырады.
Саяси мәдениет негіздерінің бірі ретінде патриоттық тәрбие беру мәселесі
маңызды орын алады.
Саяси мәдениеттің негізгі қызметтеріне жататындар:
1.Тәрбиелік қызметі: саяси білімі жоғары тұлға дамуына, қалыптасуына,
олардың саяси ой-санасын кеңейтіп, саяси ынтасын жоғарылатуға бағытталған
қоғамдық-саяси мақсаттардағы іс-қимылына игі әсер етеді, азаматтардың
әлеуметтік белсенділігін арттырады.
2.Біріктірушілік қызметі: саяси мәдениет қалыптасатын жүйенің тірегі
ретінде қызмет етеді, билік жүйесінің әлеуметтік негізін қалайды.
3.Танымдық қызметі: азаматтарды қоғамдық тәртіпке, мемлекеттің ішкі
және халықаралық саясатын ұғынуына, бұрынғы және қазіргі саяси жүйені,
саяси қайраткерлер мен басқа да лауазымды адамдарды бағалай білуге
үйретеді.
4.Қорғау қызметі: мемлекеттілікке бастаушы, саяси құрылымның
қорғаушысы, қоғамның жедел дамуына сәйкес келетін саяси құндылықтарды,
игіліктерді сақтау қызметтерін атқарады.
5.Сабақтастық қызметі: жаңа ұрпаққа қоғамдық сана мен тәжірибеде
танылған қоғамдық тәртіп үлгілерін жеткізу.
Саяси мәдениет азаматтардың қоғамның саяси өміріне неғұрлым
белсене қатысып, мемлекеттің саяси жүйесін қалыптастыруға маңызды әсерін
тигізеді.
Сонымен, саяси мәдениет дегеніміз - адамдардың саяси білімдерін,
саяси ой-пікірлерін қалыптастыратын және олардың саяси процестерге
қатысудағы мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін бейімдейтін қоғам
мәдениетінің ерекше саласы.
Елдегі саяси мәдениеттің біртұтастығы қоғамның тұрақтылығын,
көптеген саяси құбылыстардың болжамдарын айқындаудың негізін қалайды.
Қоғамдағы саяси мәдениеттің қалыптасуы мен дамуында әртүрлі
проблемалар кездеседі. Біріншісі, қандай да болмасын, қоғам бірнеше
әлеуметтік топтардан тұрады. Олар: кәсіби, ұлттық, діни, жас ерекшеліктеріне
қарай, аймақтық және тағы басқалары болып бөлінеді. Осындай топтардың
89
кейбірі қоғамдағы жалпы бағытталған саяси мәдениеттен дәстүрлеріне,
мүдделеріне, өз көзқарастарына байланысты ерекшеленуі мүмкін. Осындай
ерекшеленуші әлеуметтік топтарды саяси әдебиетте субмәдениет деп атайды.
Субмәдениет деп қоғамда үстемдік ететін саяси мәдени бағыттан
айтарлықтай ерекшеленетін саяси бағдарды айтады. Қоғамда субмәдениеттер
әртүрлі болған жағдайда қоғамдық, саяси өмірдің тұрақтылығын әлсіретудің
негізі қаланады. Яғни, қоғам саяси бағыттары үйлеспейтін топтарға бөлінеді.
Қазақстандағы қазіргі кезеңдегі үлкен субмәдениеттердің бірі- ұлттық
этникалық топтар. Түрлі субмәдениеттердің болуы қоғамның бірлестігін
әлсіретеді. Мысалы, кейбір ұлттық топтардың ауқатты уәкілдері қаржыларын
өзінің “тарихи отанының” экономикасына салуға тырысады немесе Қазақстанда
қазақтардан басқа ұлт өкілдерінің саяси партияларға мүше болуы да белсенді
түрде емес. Бұл факт өз кезегінде саяси партиялар құрамының ұлттық
өкілеттілігін қамтамасыз етпейді.
Қазақстандағы тағы бір үлкен субмәдениет – орыс тілді қазақтар.
Олардың саяси мәдениетінің олқылығы қазақ халқының ұлттық рухани
құндылықтарын игере алмайтындығында. Ал қазақ халқының өз арасында
жерлестік және рулық топтардың да көрінісі бар. Бұл субмәдениеттің ішіндегі
өзара сыбайластық арқылы руластарын, жерлестерін қызмет саласында жоғары
лауазымдарға тарту демократияның принциптеріне және мемлекеттік заңға
қайшы келеді.
Саяси мәдениеттің біртұтастығы қоғамның тұрақтылығын, көптеген
саяси процестер болашағын айқындау негізін қалайды. Бірақ қоғамда әр түрлі
әлеуметтік топтардың болуына байланысты, субмәдениеттер болмай тұрмайды.
Ал олардың арасында үйлеспеушілік орын алса, қоғамдық саяси өмірдің
тұрақтылығы бұзылуы да мүмкін. Осындай жағдайда мемлекеттік саясатты
қолдау бәсеңдейді немесе мүлде тоқтайды.
Қоғамдағы субмәдениеттердің көзқарастар үндестігі мен келісім
проблемасын шешудің айқын жолы – демократиялық саяси мәдениет
қалыптастыру.
Қоғамның саяси мәдениетінің қалыптасу барысындағы екінші проблема –
конформистік проблема. Егер саяси билік, мемлекет тарапынан саяси мәдениет
мәселелеріне үстемдік жасалып, қатал бақылау қойылса, онда азаматтар
әміршілдік нұсқауларға бейімделіп, енжарлық күйге түседі, саяси әртүрлілік,
пікірталастық мүлде жойылады.
Қоғамның саяси мәдениетінің үшінші проблемасы –мәдениеттің
идеологиялық бақылауға түсу мәселесі. Қоғамдағы саяси мәдениеттің
қалыптасуы сол мемлекеттің саяси режиміне және идеологиясына байланысты
болады. Мысалы, қазіргі дінидәстүрдегі мемлекеттерде адам діннің
қағидаларын жақсы білетін болса, сол адамның саяси мәдениеті жоғары деп
есептелінеді. Немесе, бұрынғы Кеңес Одағында, тоталитарлық режим
жағдайында егер қызметкер коммунистік партияның және социализмнің
тарихын терең ұғып алған болса, ол адамның саяси мәдениеті жоғары деп
есептелінді.
90
Оның үстіне Кеңес үкіметі азаматтарды өз мемлекетінің саяси мәдениеті
шеңберінен шығармай қойды. Соның салдарынан кеңестік азаматтар
демократиялық ұстанымдардан, нарықтық экономикалық қарым-қатынастан
бейхабар болды. Нәтижесінде, мемлекеттің өзі дүниежүзілік саяси мәдениет
тәжірибесінен тыс қалып, тоқырауға ұшырап ақыры ыдырап кетті.
Әлемдік саяси мәдениеттің дамуы барысында қазіргі кезеңде екі деңгей
қалыптасқан. Бірінші деңгей - әрбір мемлекеттің өз саяси мәдениеті. Екінші
деңгей – саяси мәдениеттің халықаралық, дүниежүзілік өркениетті
мемлекеттерінде танылған құндылықтар. Олар: демократия, нарықтық
экономикалық қарым-қатынас, көппартиялық, либерализм, реформизм,
әлеуметтік қорғау жүйесі және тағы басқалары.
