Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sayasattanu_kitap.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
461 Кб
Скачать
☆

1980 Жылдардың басынан бастап еуропалық теориялық саяси ойлау

жүйесіне мемлекетаралық әлеуметтік жақындасу факторлары күшті әсер етті.

Ол бәрінен бұрын халықаралық қатынастар әлеуметтануының, француз

145

мектебінің қызметінің ерекшелігі болып (Ш.Заргбиб, Д.Дрейфюс, Ф.Моро

Дефарж, П.-Ф.Гонидек, Ш.Шомон, Р.Арон, Г.Бутуль, Ж-П.Деррьеник, Р.Боск,

Ж.Унцингер, М.Мерль) халықаралық қатынастар “саяси реализм” сипатында

зерттелді.

Халықаралық қатынастардың француздық мектебіндегі ерекше

бағыттардың бірі – нақты және жаратылыстану ғылымдарының әдістерін

пайдалана отырып, “ұжымдық арандатушылық” ұстанымын (соғыстарды,

шиеленістерді) зерттейтін полемология (Г.Бутуль, Л.Пуарье, Ж-Л.Аннэкэн).

Полемологтар көзқарасына үңілсек, соғыс – қоғамның динамикалық барысын

білдіретін күрделі әлеуметтік феномен ұжымдық имитацияның (диалог пен

мәдениетті пайдалану) басты факторы, өркениет жалғасуының тиімді үлгісі,

соғыс-техникалық прогрестің қозғаушы күші, қоғамдық өмірде өз нәтижесін

беретін маңызды, өтпелі үлгісі ретіндегі тең қалыптылықты бұзу мен қалпына

келтірудің қайнар көзі.

Марксистік парадигма экономикалық детерминизм мен таптық

көзқарас халықаралық қарым-қатынастардың, үстемдік пен бағынушылықтың,

таптық күрес пен революциялардың теориялық алғы шарты ретінде түсіндірді.

Халықаралық қатынастар теориясының қазіргі кезеңі – ғылыми

зерттеулердегі жаңа әдістемелердің пайда болуымен, бұрынғы концепциялық

құрылымдарға тән кейбір ережелерді ревизиялау проблематикасының

күрделенуімен сипатталады. Мысалы, “неомарксизмнің” өкілдері (П.Баран,

П.Суизи, С.Амин, И.Валлерстайн және басқалары) осы замандық әлем

тұтастығын халықаралық қатынастарда пайдалану мен бағыну элементтерін

сақтауды, оның өзара байланыстарының симметриялық еместігін мойындайды.

“Неореализм” (“құрылымдық реализм”, “структурализм” (К.Уолц,

Р.Гилпин, Б.Базан, Д.Грейко) бір жағынан ұлы державалардың өзара іс-

қимылының нәтижесінде біріккен халықаралық жүйе құрылымын талдау

барысында пайдаланылатын “саяси реализмнің” басты ұғымының маңызын

жоғары бағалайды. Ал, екінші жағынан, “неореализм” белгілі бір дәрежеде

“модернизммен” (халықаралық процестерді зерттеу әдістемесі) және

“трансұлтшылдықпен” (жекелеген мемлекеттерді жаһандану жүйесінің

элементтері ретінде тану) жақындасады.

Халықаралық қатынастарды ғылыми зерттеудегі жаңалық болып нақты

деректер негізінде модельдер құру, халықаралық саясаттың нақты мәселелерін

зерттеуден тұтас ішкі өзара байланыстағы әлемдік қауымдастық, халықаралық

тәртіп проблемаларын талдауға, халықаралық қатынастарды әлемдік даму

процестерінің құрамдас бөлігі ретінде түсінуге өту саналады. Бұны

“тәртіптелген өзгерістер”, “әлемдік дамуға бағытталған”, “орнықты даму”

концепцияларының пайда болуы айғақтайды.

Халықаралық қатынастар проблемасында жоғарыда аталған бағыттармен

қатар әлемдік, халықаралық және ішкі саясат болып жіктелуі саяси ғылымда

маңызды орын алады.

Ең алдымен, халықаралық қатынастар проблемасын талдаудан

бастайтын болсақ - ол мемлекеттің территориялық шекара аумағынан шығатын

билік қатынастары (билікті, байлықты, ықпалды бөлу және бекіту) бойынша

146

өзара іс-қимыл жиынтығы. Бұл ретте бұл қатынастар мемлекетпен бір мезгілде

туындайды. Мемлекетке дейінгі орын алған тайпааралық қатынастар (жерді

ортақ мекендеу, біріккен аңшылық кәсіп, материалдық құндылықтардың өзара

алмасуы) тұрғысында өзінің және өзге аумақтың егемендігін сақтауды және

қандай да бір саяси ұйымның билік үстемдігін көздеген жоқ. Сондықтан

мемлекеттер арасындағы байланыстар ағылшын философы және заңгері

Д.Бентам (1748-1832) енгізген “халықаралық қатынастар” ұғымымен

сипатталатын болды. Алайда, уақыт өте келе бұл ұғымының мазмұны ұлғайды;

қазіргі кезде мемлекеттік іс-қимылдар, аумақтық құрылымдар шеңберінен

шығатын, мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, дипломатиялық,

әскери, мәдени және де өзге байланыстар жиынтығын, халықаралық көлемде

(әлем халықтары арасында) негізгі әлеуметтік, экономикалық және мемлекеттік

қызметті бейнелейтін қоғамдық қатынастардың айрықша түрі деп анықталды.

Халықаралық қатынастар түрлері мынадай:

1) қоғамдық өмір салалары мен қатынастардың мазмұны бойынша – саяси,

экономикалық, әскери-стратегиялық, мәдени, идеологиялық, дипломатиялық;

2) өзара іс-қимылға қатысушылар бойынша – мемлекетаралық, әртүрлі

халықаралық ұйымдардың, трансұлттық корпорациялардың (ТНК) және

басқаларының арасындағы қатынас;

3) қатынастар сипаты бойынша-- құқықтық реттеу сипатынан туындайтын

мемлекетаралық қатынастар, іс жүзіндегі мемлекеттің ішкі құзырына кіретін,

алайда халықаралық-құқықтық реттеу (халықаралық жеке құқық) саласына

жататын мемлекеттік емес сипаттағы мемлекетаралық қатынастар.

4) Халықаралық қатынастар ынталылық дәрежесіне қарай --қалыпты – қалыпты

емес, сенімді – алауыздық, ынтымақтастық – шиеленістік болып бөлінеді.

“Әлемдік саясат” және “халықаралық саясат” ұғымдарына

халықаралық аренада болып жатқан оқиғалар жатады. Олардың арасындағы

негізгі айырмашылықтар дәстүрлі емес субъектілердің қатысу деңгейімен

анықталады; халықаралық саясат белсенділігі мемлекеттердің халықаралық

аренадағы өзара іс-қимылын, қызметін бейнелейді және олардың арасында

әртүрлі салада екіжақты және көпжақты байланыс орнатады.

Елдің сыртқы саясаты – мемлекеттің халықаралық саясатындағы

жалпыәлемдік және ұлттық мүдделерін білдіруге қажет негізгі принциптерін

нақты жүзеге асыру, өзге мемлекеттермен және халықтармен қатынастарды

реттеу, тұтастай алғанда халықаралық процестерге тиімді ықпал жасау; бұл

мемлекеттің халықаралық саясаттың жалпы бағыты.

Мақсаттар мен құралдар қатынасының бірлігі негізінде перспективалық

мақсатқа жетудің ұзақ уақыттық жолдарын тиімді таңдау мен пайдалануды,

меңгеруді бейнелейтін саяси-стратегия ұғымы. Стратегия құралдары ретінде

мемлекет бақылауында болатын, мемлекеттік билік органдары қолдануды

жоспарлайтын және мемлекеттік стратегиялық мақсаттарға жету үшін

пайдаланатын мемлекет ресурстары (материалдық және рухани) танылады.

Саяси дипломатия деп халықаралық шиеленістерді тоқтату немесе

реттеу, ынтымақтастықты ұлғайту және тереңдету мақсатында келіссөздер

жүргізу мен өзара тиімді ізденістер өнерін атайды. Дипломатия - «күш

147

факторын» пайдаланудың «мәдениетті техникасы», «мәжбүрлеу техникасы»,

«реттеу процедурасы» және «келісімге жету техникасы» деп те анықтау жиі

кездеседі. Кеңінен алғанда саяси дипломатия өз өкілдіктері бойынша сыртқы

саяси қатынастар жүргізуші мемлекеттік мекемелердің ресми қызметін, әрбір

мемлекеттің шет елдердегі өз мүддесін қорғау мен жүзеге асыру қызметін

атқарады.

Мемлекеттер арасындағы қатынастар халықаралық аренада екі және

көпжақты келісімдер тұрғысында тіркелген халықаралық құқықтар, нормалар

мен принциптер арқылы реттеледі. Олардың аса маңыздылары: БҰҰ Жарғысы,

БҰҰ Бас Ассамблеясының БҰҰ Жарғысына сәйкес мемлекеттер арасындағы

достық қатынастар мен ынтымақтастыққа қатысты халықаралық құқық

принциптері туралы Декларациясы, ЕҚЫҰ-ның Қорытынды актісінде

сипатталған қатысушы мемлекеттердің өзара қатынасындағы басшылыққа

алатын принциптер Декларациясы.

Халықаралық қатынастарға қатысушылар “актор” терминімен аталады.

Бұл сөз қатысушылардың әрқайсысы халықаралық қатынастарға айтарлықтай

ықпал етіп, халықаралық саясатта белгілі роль атқаруын, қандай да бір іс-

қимылды жүзеге асыруын сипаттайды. Айта кету керек, халықаралық

қатынастар акторлары сахна актёрларына өте ұқсас. Ал, актерлардан

өзгешелігі, тәртіп тәсілін жалпыға танылған нормалар шеңберінде ғана таңдай

алады.

“Актор” терминіне мағынасы жағынан “халықаралық қатынастар

субъектісі” ұғымы сәйкес келеді. Халықаралық қатынастар субъектісі тұтастай

алғанда халықаралық ахуалға ықпал етіп, өзге, әлсіз қатысушыларды, басқа да

іс-қимылдарды жүзеге асыруға мәжбүрлеуді немесе өз саясатының шеңберінде

дербес, белсенді сыртқы саясат жүргізеді.

Халықаралық қатынастарға қатысушылар негізінен екі түрге бөлінеді:

дәстүрлі (негізгі, алғашқы бастаушы) және типтік емес.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]