- •Isbn 9965-526-55-9
- •Isbn 9965-526-55-9
- •1.Мифологиялық саяси идеялардан саяси ғылымға дейін
- •2.Қазақ даласындағы саяси пікірлердің қалыптасуы.
- •3. Саяси ғылымның объектісі және оның зерттеу тәсілдері.
- •4. Болашақ мамандардың азаматтық ұстанымдарын
- •1. Демократиялық мемлекеттің мәні және негізгі белгілері
- •2. Демократиялық үрдістердің даму тарихы
- •3. Қазақстан Республикасындағы демократиялық үрдістердің
- •4. Демократияның дамуындағы қазіргі кезеңдегі негізгі проблемалар
- •1. Билік және саяси билік ұғымдары
- •2. Билік туралы теорияның тарихи дамуы және қазіргі кезеңдегі
- •3. Саяси және мемлекеттік билік
- •1) Аристократия – қайырымдылық
- •2) Олигархия - байлық
- •3) Демократия – еркіндік
- •4. Саяси тәртіп (саяси режимдер)
- •1948 Жылы бұұ қабылдаған “Адам құқықтарының жалпыға бірдей
- •2003 Жылдың қазан айында еліміздің алғашқы Азаматтық форумы өтті, 2005
- •XIX ғасырдың 80-шы жылдары дүние жүзінің 100-дей елдерінде 500-ден
- •1. Әртүрлі саяси мәселелер қоғамда жан-жақты қаралады (талқыланады).
- •1917 Жылы желтоқсанның 5-13-күндері өткен Екінші бүкілқазақтық съезі
- •1921 Жылы в.Ленин Кеңестер елінің әлеуметтік- саяси жағдайын«күйзеліс,
- •1925 Жылғы желтоқсанда Бүкілодақтық Коммунистік большевиктер
- •1917 Жылғы Қазан революциясының халыққа берген уәдесі орындалмай,
- •1932 Жылы қазақтың бір топ саяси қайраткерлерінің ф.Голощёкинге жазған
- •1930 Жылы Қазақстан халқының саны 5 миллион 800 мың адам болса, ал
- •1933 Жылы 2 миллион 500 мың ғана халық қалды. 2 миллионға жуық қазақ
- •1936 Жылы ксро-да сталиндік деп аталған жаңа Конституция
- •1952 ЖылыКсро-дағы Коммунистік партиясының аталуы өзгертілді.
- •1991Жылғы тамыз айының 23-де Қазақстан Президенті н.Ә.Назарбаев кокп
- •1991 Жылы «Қазақ кср-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы» Заң
- •1990-1992 Жылдары Қазақстан қоғамында демократиялық процестердің
- •1993 Жылы «Қазақстанның халық бірлігі одағы» құрылды. Оның жетекшісі
- •1997 Жылы кейбір қозғалыстар мен партиялар ұсынған пікірлерді қолдай
- •2006 Жылы 22 желтоқсанда «Отан» партиясының кезектен тыс съезінде
- •2007 Жылғы 18 тамыздағы Мәжіліс сайлауында «Нұр Отан» жетекші саяси
- •4.Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың
- •1987-1991 Жылдар аралығында ғана Қазақстанда 140 астам өзін-өзі
- •1991Жылдың қараша айында “Әділет” қоғамы “1917жылдан кейінгі
- •1989Жылы “Адам құқығын қорғау” Қазақстандық қоғамдық ұйымы пайда
- •1Наурызда құрылып бүгінгі күнде тек елімізге ғана емес, бүкіл дүние жүзіне
- •1917 Жылғы Қазан революциясынан кейінгі Қазақстанда казактардың
- •1991Жылғы қыркүйектің 15-де өздерінің «Патша мен Отанға қызмет етуінің 400
- •2. Саяси мәдениет - әлемдік саяси тәжірибе жиынтығы ретінде
- •3. Демократиялық саяси мәдениеттің қалыптасу мәселелері
- •2. Қазіргі шетелдік саясаттанудағы саяси жүйе
- •1958 Жылы парламенттік республиканың орнына президенттік республика
- •2) Саяси биліктің тұрақсыз болып, мемлекет, мекемелер, құқық қорғау
- •2. Саяси идеологиялар тарихы пен теориялары
- •1861), Австриялық саясатшы және қоғам қайраткері Клеменс Меттерних (1773-
- •1859) Және т.Б. Болды.
- •1898 Жылы ұйымдастырылған Ресей социал-демократиялық жұмысшылар
- •3. Идеологиясыздандыру (деидеологизация) теориясы
- •2. Саяси субъект - әлеуметтік топтар
- •1) Экономикалық страттар: экономикалық теңсіздік, адамдардың ауқатты және
- •2) Саяси страттар: адамдардың басқарушылар және бағыныштыларға бөліну
- •3) Кәсіби страттар: қызметтердің мәртебелі және мәртебелі емес түрлеріне
- •10 Проценттен аспайды, сол себептен олар сайлау, референдум арқылы
- •3. Халық - қоғамның негізгі саяси субъектісі
- •1991Жылдан бастап Қазақстанда қоғамдық өмірдің жаңаруы нәтижесінде
- •1) Саяси процестің легитимдігі. Қоғамның саяси жүйесі жаңарған кезде
- •2) Саяси процестің жаңаруы. Жеңіске жеткен саяси жүйе, біріншіден,
- •3) Саяси басқару шешімдерін қабылдау және оны жүзеге асыру.
- •4) Саяси жүйенің қызметін бақылау. Саяси жүйенің іс-әрекетін бақылау
- •2. Саяси қызмет – саналы іс-әрекеттің нәтижесі.
- •3. Саяси шешімдер және олардың жүзеге асу жолдары
- •2. Әлеуметтік шиеленістердің негізгі себептері мен түрлері
- •3. Ұлтаралық шиеленістер және оны шешу жолдары
- •1) Ұлттық сана-сезімнің өсуін есепке алу. Ұлттық өзіндік танымның дамуы
- •2) Демографиялық процестер мөлшері. Оған өндіргіш күштерді ұтымды
- •3) Федерация шеңберінде автономиялар құқығының әртүрлілігі. Мысалы,
- •4) Халықтың ұлттық мәдениеті мен ұлттық психологиясын мемлекет
- •5) Экономикалық факторлар, бастапқыда біз айтып өткеніміздей,
- •4. Саяси шиеленістер және оппозиция
- •5. Консенсус – шиеленістерден өтудің әмбебап әдісі
- •1980 Жылдардың басынан бастап еуропалық теориялық саяси ойлау
- •1. Дәстүрлі қатысушыларға ең алдымен халықаралық құқық пен
- •1) Жоғарғы державалар (супердержавалар) – халықаралық жүйеге және оның
- •2) Ұлы державалар - әлемдік дамуға елеулі ықпал ететін, алайда халықаралық
- •1) Бас Ассамблея (ба) – халықаралық бейбітшілікті нығайту, қарулануды
- •2) Қауіпсіздік Кеңесі (қк) – тұрақты 5 мүшеден (Ресей, ақш, Ұлыбритания,
- •2. Әлемдік саясат және халықаралық саяси жүйе
- •1) Жеке мемлекеттер арасындағы қатынастардың күрделенуі (саяси,
- •2) Ортақ мүдделері негізінде құрылған және Еуропадағы саяси күштердің
- •3) Мемлекеттердің сыртқы саяси концепцияларына сәйкес олардың
- •1) Халықаралық жүйе әлеуметтік (қоғамдық), ашық және бәсең ұйымдасқан
- •2) Халықаралық жүйенің негізі болып саяси қатынастар саналады; халықаралық
- •3) Халықаралық жүйе – күрделі қалыптасқан жүйе; ол өзін құрайтын іс-
- •1) 1648-1815 Ж ж. Негізгі принциптер: ұлттық (мемлекеттік) егемендік және
- •2) 1815-1860 Жылдары “Вена жүйесі” қалыптасты негізгі принциптері
- •3) 1860–1914Жж. “реалистік саясат” бойынша мемлекеттер арасындағы
- •4) 1914-1918-1939 Жж. “Версаль жүйесінде” идеологиялық фактор іс-қимылға
- •5) 1945Ж. – хх ғасырдың 80-жылдарының соңы “қырғи-қабақ соғыс” дәуірі, іі
- •6) Хх ғ. 90-жылдарының басынан жаңа халықаралық тәртіпті қалыптастыру
- •3. Жаңа Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде
- •1993Жылғы Конституциясында көрініс тапты. Елде билікті бөлу принципі
- •1995-2000 Жылдар қоғамның саяси жүйесінің, мемлекеттік мекемелерінің
- •1995Жылғы 1-ші наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы, бұл
- •1517 Жылы папаның осы индульгенция саудасына бірінші қарсы шыққан
- •1520 Жылы Рим папасы Лютерді шіркеуден қууды талап етті, бірақ ол
- •1974-1985 Жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің жауапты
2. Саяси мәдениет - әлемдік саяси тәжірибе жиынтығы ретінде
Саяси мәдениет туралы ой ерте замандарда пайда болды. Мысалы,
антикалық ойшылдар Платон, Аристотель, кейінірек Никколо Макиавелли,
Шарль Монтескье және басқалары бұл мәселеге көп көңіл аударған. Олар қатар
жатқан табиғи жағдайы бірдей, жер-су, байлығы ұқсас елдердің тұрмыс-
жағдайының, өмір-салтының әртүрлі болатынын, әр елдің адамының бір саяси
оқиғаға әртүрлі көзқарас білдіретінін байқаған.Осы саяси құбылыстың себебіне
жауап іздеген.
Бірақ олардың бәрі де “саяси мәдениетті” саяси өмірдің белгілі бір
деңгейін білдіретін ұғым ретінде қолданған жоқ. Ал бұны жүзеге асырған ХХ
ғасыр ғалымдары болды. Солардың бірі - американдық ғалым Габриель Алмонд
. Ол Стэнфорд университетінің профессоры, саяси ғылымдардың Американдық
ассоциациясының бұрынғы президенті. 1955 жылы Г.Алмонд өзінің
“Салыстырмалы саяси жүйе” мақаласын жарыққа шығарды. Бұнда ол саяси
мәдениетті қоғамның рухани өмірінің жеке бір саласы ретінде талдау жасады.
Г.Алмонд 1968 жылы өзінің “Даму жолындағы аймақтардың саясаты” деген
шығармасында “саяси мәдениет” ұғымын ғылымға енгізіп, оған анықтама
берді.
Ал кейін саяси мәдениет туралы көптеген еңбектер шыға бастады. Олар:
Г.Алмонд пен С.Вербаның бірігіп жазған еңбегі; Л.Пай, Р.Фейген, Р.Такер,
С.Липсет, Е.Шейх тағы басқа да зерттеушілердің шығармалары.
Қазіргі таңда АҚШ және Еуропа елдерінің саяси әдебиетінде «саяси
мәдениет» ұғымына байланысты көптеген анықтамалар берілген.. Осы ғылыми
анықтамалар саяси мәдениет мәселесін зерттеудің төрт бағытын көрсетеді:
1. “Психологиялық”: саяси мәдениет саяси өмірдің бағыттаушы жүйесі
ретінде қарастырылады.
2. “Қамтушы”: саяси мәдениет әрбір жеке тұлғаның саяси тәртібін бүркеулі
түрде мемлекеттік саясатқа бейімдеу қызметін жүргізуші ретінде.
3. “Объективті”: саяси мәдениет тұлғаның тәртібін қадағалау, азаматтардың
саяси іс-қимылдарын қоғамның саяси жүйесінің талаптарымен
сәйкестендіру үшін бақылау тұрғысынан
91
4. “Эвристикалық”: саяси мәдениет қоғам өмірін талдау үшін қолданылатын
жүйе мағынасында.
Аталған бағыттардың авторлары саяси мәдениетті ақыл-ес, ой саласымен
тығыз байланыстырады да оған тұлғаның, қоғамдық топтың іс-әрекетін
қоспайды. Ал америкалық саясаттанушылар Р.Карр, М.Бернстайын саяси
мәдениетті тек ғана таным саласымен шектеп қарауға болмайды деп есептейді
және оған саяси тәжірибені де қосады.
Ағылшын саясаттанушысы С.Уайттың пайымдауынша, саяси мәдениет –
қоғамның саяси режимінен туындайтын басқару және тәртіп нұсқаушысы.
Поляк саясаттанушысы Е.Вятрдың ойынша: “Саяси мәдениет билік пен азамат
арасындағы өзара қатынастарға қатысты мақсаттардың, құндылықтардың және
тәртіптік актілердің жиынтығы». Оның пікірінше, саяси мәдениетке
жататындар:
а) саяси білім, саяси процестерді тану және қызығушылық деңгейі;
б) саяси жағдайларды бағалау, биліктің жүзеге асырылуына байланысты құнды
ой-түсініктер;
в) саяси талаптардың рухани-сезімдік __________жақтары;
г) қоғамда қабылданған саяси тәртіп үлгілері.
(Е.Вятр. Саяси қатынастар социологиясы. М. 1979).
Бұрынғы КСРО қоғамтанушыларының көзқарастары бойынша саяси
мәдениеттің дамуы мемлекеттік саясат пен жалпы мәдениеттің дамуына тікелей
байланысты деп есептелді. Сондықтан саяси мәдениет – жалпы мәдениеттің бір
бөлігі деп саналды.
Саяси мәдениеттің негізгі элементтерінің бірі – саяси тәжірибеге, идеяға,
концепция мен ұғымға қатысы бар саяси дәстүрлер. Ол белгілі бір қоғам
жүйесінде қалыптасқан адамдардың саяси бағыттары мен мақсаттарын
қамтиды. Бұл элементтер шартты түрде әлеуметтік-экономикалық, ұлттық-
мәдени, қоғамдық-тарихи болып бөлінеді.
Қоғамның саяси мәдениетінің қалыптасуына қоғамдағы барлық салалар
өз әсерін тигізеді,олар: ұлттық ерекшеліктер, рухани құндылықтар, діни,
құқықтық, экономикалық жағдайлар. Сол себептен де әр елдің саяси
мәдениетінің өзгешеліктері болады. Бірақ қандай қоғамда болмасын, осы
аталған ерекшеліктерге қарамастан, саяси мәдениеттің қызметі, өз орны мен
ролі барлық қоғамға ортақ адамдардың саяси іс-қимылдарын көрсетеді. Әр
елдің саяси мәдениетін тек сол іс-қимылдардың деңгейі арқылы анықтауға
болады.Еуропа және Америка елдері саяси ғылымдарындағы саяси мәдениетті
типтерге бөлу Г.Алмонд пен С.Вербаның “Азаматтық мәдениет” (1963 ж.)
деген еңбегінен басталады.
Саяси мәдениет үш “таза” типтерге бөлінеді, олар патриархалдық: бұнда
азаматтардың саяси мәдениетке қатысуы да, қызығушылығы да жоқ;
берілгендік: бұнда саяси институттарға бағыттаушылық басымдық алады;
белсенділік: бұнда азаматтардың саясатқа қызығушылығы мен белсенділігі
жоғары сипат алады. Қоғам өміріндегі бұл үш тип бір-бірімен өте тығыз
байланыста болады. Жоғарыда аталған авторлардың пікірінше, ең кеңінен
92
таралғаны және саяси тәртіпті қамтамасыз ететіні «берілгендік» мәдениет
үлгілерін меңгерген “азаматтық” мәдениет болып табылады.
Адамдардың “белсенділік”, “берілгендік”, “азаматтық” саяси мәдениеті,
зерттеушілердің тұжырымдамасы бойынша, әрбір оқиғаға байланысты іс-
қимылдары емес, олардың дәстүрлі іс- әрекеттері. Азаматтар жағынан дәстүрге
айналған әрекеттер кейін құндылыққа айналады, себебі әлеуметтік топтардың
іс-әрекеттерінің болжамды болуы қоғамның саяси қатынастарына тұрақтылық
орнатады. Мысалы, көптеген Еуропа зерттеушілері бұндай құндылықтарға
британ саяси жүйесіндегі мына дәстүрлерді жатқызады: дәстүрлендіру
(традиционализм) -- лейбористер өз бағдарламасын көптеген ғасырлар бойы
жұмысшылар қозғалысының ашық оппозициялық дәстүріне сүйеніп жасаған;
асыл тектілік (элитаризм)-- білім беру саласында “елге білімді жұмыссыздар
керек емес” деген принцип консервативтік үкіметтің бағдарламасында маңызды
орын алуы; жекешілдік (индивидуализм) - жеке адам өмірінің, жеке
шаруашылықтың мызғымастығын ұстаным ету; викторияндық құндылықтар
- 10 библиялық өсиетті орындауға бойтұмар болу.
Сонымен қатар ағылшын саяси мәдениетінде мемлекеттегі тәртіпті
мүлтіксіз орындауға жол ашатын дәстүрлер қалыптасқан. Бұл тәртіпке бағыну
дәстүрін Ұлыбритания басқарушы топтары қоғам мүддесіне нәтижелі түрде
пайдаланып келеді.
Ал бүгінгі Қазақстанға келер болсақ, біздің елімізде жаңа, өзіндік саяси
мәдениет қалыптасып келе жатыр. Оны алға дамыту барысында дүниежүзілік
саяси ғылымның ұсыныстарына сәйкес туындап отырған мәселелер: еліміздің
Конституциясын, әр азаматтың саяси құқығын, бостандығы мен міндеттерін
тану; қоғам мен мемлекетті басқару түрлері мен тәсілдері жөнінде хабардар
болу; мемлекеттің, халықтың асыл мұратын білу; билік пен саясат жөнінде
жалпы білім беру; әлеуметтік процестерді басқарудың негізінде жатқан
саясаттың, ережелердің, принциптердің, идеялардың мәнін түсіну; құқықтық
мемлекет пен азаматтық қоғам орнатуға ұмтылу.
