- •Isbn 9965-526-55-9
- •Isbn 9965-526-55-9
- •1.Мифологиялық саяси идеялардан саяси ғылымға дейін
- •2.Қазақ даласындағы саяси пікірлердің қалыптасуы.
- •3. Саяси ғылымның объектісі және оның зерттеу тәсілдері.
- •4. Болашақ мамандардың азаматтық ұстанымдарын
- •1. Демократиялық мемлекеттің мәні және негізгі белгілері
- •2. Демократиялық үрдістердің даму тарихы
- •3. Қазақстан Республикасындағы демократиялық үрдістердің
- •4. Демократияның дамуындағы қазіргі кезеңдегі негізгі проблемалар
- •1. Билік және саяси билік ұғымдары
- •2. Билік туралы теорияның тарихи дамуы және қазіргі кезеңдегі
- •3. Саяси және мемлекеттік билік
- •1) Аристократия – қайырымдылық
- •2) Олигархия - байлық
- •3) Демократия – еркіндік
- •4. Саяси тәртіп (саяси режимдер)
- •1948 Жылы бұұ қабылдаған “Адам құқықтарының жалпыға бірдей
- •2003 Жылдың қазан айында еліміздің алғашқы Азаматтық форумы өтті, 2005
- •XIX ғасырдың 80-шы жылдары дүние жүзінің 100-дей елдерінде 500-ден
- •1. Әртүрлі саяси мәселелер қоғамда жан-жақты қаралады (талқыланады).
- •1917 Жылы желтоқсанның 5-13-күндері өткен Екінші бүкілқазақтық съезі
- •1921 Жылы в.Ленин Кеңестер елінің әлеуметтік- саяси жағдайын«күйзеліс,
- •1925 Жылғы желтоқсанда Бүкілодақтық Коммунистік большевиктер
- •1917 Жылғы Қазан революциясының халыққа берген уәдесі орындалмай,
- •1932 Жылы қазақтың бір топ саяси қайраткерлерінің ф.Голощёкинге жазған
- •1930 Жылы Қазақстан халқының саны 5 миллион 800 мың адам болса, ал
- •1933 Жылы 2 миллион 500 мың ғана халық қалды. 2 миллионға жуық қазақ
- •1936 Жылы ксро-да сталиндік деп аталған жаңа Конституция
- •1952 ЖылыКсро-дағы Коммунистік партиясының аталуы өзгертілді.
- •1991Жылғы тамыз айының 23-де Қазақстан Президенті н.Ә.Назарбаев кокп
- •1991 Жылы «Қазақ кср-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы» Заң
- •1990-1992 Жылдары Қазақстан қоғамында демократиялық процестердің
- •1993 Жылы «Қазақстанның халық бірлігі одағы» құрылды. Оның жетекшісі
- •1997 Жылы кейбір қозғалыстар мен партиялар ұсынған пікірлерді қолдай
- •2006 Жылы 22 желтоқсанда «Отан» партиясының кезектен тыс съезінде
- •2007 Жылғы 18 тамыздағы Мәжіліс сайлауында «Нұр Отан» жетекші саяси
- •4.Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың
- •1987-1991 Жылдар аралығында ғана Қазақстанда 140 астам өзін-өзі
- •1991Жылдың қараша айында “Әділет” қоғамы “1917жылдан кейінгі
- •1989Жылы “Адам құқығын қорғау” Қазақстандық қоғамдық ұйымы пайда
- •1Наурызда құрылып бүгінгі күнде тек елімізге ғана емес, бүкіл дүние жүзіне
- •1917 Жылғы Қазан революциясынан кейінгі Қазақстанда казактардың
- •1991Жылғы қыркүйектің 15-де өздерінің «Патша мен Отанға қызмет етуінің 400
- •2. Саяси мәдениет - әлемдік саяси тәжірибе жиынтығы ретінде
- •3. Демократиялық саяси мәдениеттің қалыптасу мәселелері
- •2. Қазіргі шетелдік саясаттанудағы саяси жүйе
- •1958 Жылы парламенттік республиканың орнына президенттік республика
- •2) Саяси биліктің тұрақсыз болып, мемлекет, мекемелер, құқық қорғау
- •2. Саяси идеологиялар тарихы пен теориялары
- •1861), Австриялық саясатшы және қоғам қайраткері Клеменс Меттерних (1773-
- •1859) Және т.Б. Болды.
- •1898 Жылы ұйымдастырылған Ресей социал-демократиялық жұмысшылар
- •3. Идеологиясыздандыру (деидеологизация) теориясы
- •2. Саяси субъект - әлеуметтік топтар
- •1) Экономикалық страттар: экономикалық теңсіздік, адамдардың ауқатты және
- •2) Саяси страттар: адамдардың басқарушылар және бағыныштыларға бөліну
- •3) Кәсіби страттар: қызметтердің мәртебелі және мәртебелі емес түрлеріне
- •10 Проценттен аспайды, сол себептен олар сайлау, референдум арқылы
- •3. Халық - қоғамның негізгі саяси субъектісі
- •1991Жылдан бастап Қазақстанда қоғамдық өмірдің жаңаруы нәтижесінде
- •1) Саяси процестің легитимдігі. Қоғамның саяси жүйесі жаңарған кезде
- •2) Саяси процестің жаңаруы. Жеңіске жеткен саяси жүйе, біріншіден,
- •3) Саяси басқару шешімдерін қабылдау және оны жүзеге асыру.
- •4) Саяси жүйенің қызметін бақылау. Саяси жүйенің іс-әрекетін бақылау
- •2. Саяси қызмет – саналы іс-әрекеттің нәтижесі.
- •3. Саяси шешімдер және олардың жүзеге асу жолдары
- •2. Әлеуметтік шиеленістердің негізгі себептері мен түрлері
- •3. Ұлтаралық шиеленістер және оны шешу жолдары
- •1) Ұлттық сана-сезімнің өсуін есепке алу. Ұлттық өзіндік танымның дамуы
- •2) Демографиялық процестер мөлшері. Оған өндіргіш күштерді ұтымды
- •3) Федерация шеңберінде автономиялар құқығының әртүрлілігі. Мысалы,
- •4) Халықтың ұлттық мәдениеті мен ұлттық психологиясын мемлекет
- •5) Экономикалық факторлар, бастапқыда біз айтып өткеніміздей,
- •4. Саяси шиеленістер және оппозиция
- •5. Консенсус – шиеленістерден өтудің әмбебап әдісі
- •1980 Жылдардың басынан бастап еуропалық теориялық саяси ойлау
- •1. Дәстүрлі қатысушыларға ең алдымен халықаралық құқық пен
- •1) Жоғарғы державалар (супердержавалар) – халықаралық жүйеге және оның
- •2) Ұлы державалар - әлемдік дамуға елеулі ықпал ететін, алайда халықаралық
- •1) Бас Ассамблея (ба) – халықаралық бейбітшілікті нығайту, қарулануды
- •2) Қауіпсіздік Кеңесі (қк) – тұрақты 5 мүшеден (Ресей, ақш, Ұлыбритания,
- •2. Әлемдік саясат және халықаралық саяси жүйе
- •1) Жеке мемлекеттер арасындағы қатынастардың күрделенуі (саяси,
- •2) Ортақ мүдделері негізінде құрылған және Еуропадағы саяси күштердің
- •3) Мемлекеттердің сыртқы саяси концепцияларына сәйкес олардың
- •1) Халықаралық жүйе әлеуметтік (қоғамдық), ашық және бәсең ұйымдасқан
- •2) Халықаралық жүйенің негізі болып саяси қатынастар саналады; халықаралық
- •3) Халықаралық жүйе – күрделі қалыптасқан жүйе; ол өзін құрайтын іс-
- •1) 1648-1815 Ж ж. Негізгі принциптер: ұлттық (мемлекеттік) егемендік және
- •2) 1815-1860 Жылдары “Вена жүйесі” қалыптасты негізгі принциптері
- •3) 1860–1914Жж. “реалистік саясат” бойынша мемлекеттер арасындағы
- •4) 1914-1918-1939 Жж. “Версаль жүйесінде” идеологиялық фактор іс-қимылға
- •5) 1945Ж. – хх ғасырдың 80-жылдарының соңы “қырғи-қабақ соғыс” дәуірі, іі
- •6) Хх ғ. 90-жылдарының басынан жаңа халықаралық тәртіпті қалыптастыру
- •3. Жаңа Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде
- •1993Жылғы Конституциясында көрініс тапты. Елде билікті бөлу принципі
- •1995-2000 Жылдар қоғамның саяси жүйесінің, мемлекеттік мекемелерінің
- •1995Жылғы 1-ші наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы, бұл
- •1517 Жылы папаның осы индульгенция саудасына бірінші қарсы шыққан
- •1520 Жылы Рим папасы Лютерді шіркеуден қууды талап етті, бірақ ол
- •1974-1985 Жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің жауапты
2. Әлемдік саясат және халықаралық саяси жүйе
Халықаралық қатынастардың тарихи дамуы барысында оның
қатысушыларының сипаты, қызмет тәсілдері, өзара іс-қимыл көлемі
айтарлықтай өзгерді. Бұл жеке мемлекетаралық іс-қимылдардың белгілі бір
аймақ шеңберімен шектеліп қалуынан әлемдік жаһандануға өту белгісі. Қазіргі
кезде бүкіл әлем іс жүзінде халықаралық саясат кеңістігі болып, бірте-бірте
жаһандануға өту барысы аңғарылады. Ғаламдасу (жаһандану) саяси бағытымен
бірге мемлекеттер арасындағы “ұлттық мүдделер” бәсекелестігі тұрғысындағы
қатынастар қалыптасты олар, бір жағынан, бірнеше ұлы державаның даму
жолындағы бірігуіне айналса, екінші жағынан, саналы түрдегі өзінің
стратегиялық, перспективалық болашақтағы бірігу процесінде жетекшілік етуге
мүдделі. Бұл құбылыстар жаңа халықаралық қатынастар жүйесінің
қалыптасуын бейнелейді.
Халықаралық қатынастардың еуропалық жүйесінің қалыптасуы
ортағасырлық және Жаңа дәуір (ХYІ ғ.) кезеңінде жүзеге аса бастады. Бұл
процестің маңызды алғышарттары: 1) ХY ғасырдың соңы мен ХYІ ғасырдың
басындағы ұлы жағырапиялық ашулардан туындаған халықаралық саясат
кеңістігінің ұлғаюы; 2) халықаралық экономикалық қатынастардың әлемдік
жүйесінің пайда болуы; 3) халықаралық ынтымақтың әртүрлі үлгілерін ің
жетілуі; 4) аса ірі ұлттық мемлекеттердің құрылуы.
Халықаралық қатынастарды жаһандастыру бағыты өзіне қарсы
(идеологиялық және экономикалық басым болу) саясатымен қатар жүрді. Саяси
саладағы конфессиялық әртүрлі пікірлер мен көзқарастардың оқшаулануы,
өзара бірлігінің болмауы, еуропалық елдердің біркелкі емес экономикалық
дамуы орын алды. Жеке мемлекеттердің бірте-бірте жаңа халықаралық
қатынастарға өтуі олардың саяси-экономикалық оқшаулануын тоқтатты. Бұл
қатынастардың нәтижесінде ХYІІ ғасырдың ортасына қарай халықаралық
қатынастардың жалпыеуропалық үлгісі – еуропалық мемлекеттер іс-
қимылының күрделі жүйесінің қалыптасуына негіз болды. Осы халықаралық
қатынастар жүйесінің негізгі сипаттары:
1) Жеке мемлекеттер арасындағы қатынастардың күрделенуі (саяси,
идеологиялық, экономикалық салаларда);
2) Ортақ мүдделері негізінде құрылған және Еуропадағы саяси күштердің
қызметін атқаратын жүйенің қалыптаса басталуы;
152
3) Мемлекеттердің сыртқы саяси концепцияларына сәйкес олардың
халықаралық алаңдағы іс-қимыл бағдарламаларының болуы.
Осы жүйе шеңберіндегі халықаралық қатынастардың ұзақ уақыт бойы
қалыптасқан негізгі принциптері: ұлттық (мемлекеттік) егемендік принципі
(ұлттық мемлекет құруды қоғамның саяси ұйымының басты үлгісі ретінде
ұстану) және күштердің (баланстың) тепе-теңдік принципі (“ұлы
державалардың” жоғары мақсаттарының шығуымен, тәуелсіздіктен айырылу
шегінде тұрған мемлекеттердің бәсекелестікке түсуімен сәйкес келуі.)
Халықаралық қатынастардың еуропалық жүйесі -- халықаралық
саясаттың көлемін (жер шекарасын) ұлғайтып, бүкіләлемдік халықаралық
жүйеге айналды. Халықаралық жүйе құрылымның айтарлықтай күрделенуі
оның іс-қимылындағы элементтер мен типтер санының көбеюімен
ерекшеленді. Мемлекеттердің мақсатты қондырғылары мен сыртқы-саяси
құндылықтарында үлкен өзгерістер жүзеге асты; өз билігіндегі үлесті кеңейтуге
ұмтылу, жүйедегі орынды ұлғайтуға шақырған стратегиялық шекараларға
(ықпал аймақтарына) айрықша қызығушылық, өзара ұжымдық кепілдіктер
жүйесін орнықтырумен алмасты. Бұл өз кезегінде халықаралық ұйымдардың
белсенділігін, экономикалық жағдайын жақсарта отырып, жағырапиялық
факторлар үстемдігін әлсіретуге әкелді. Сыртқы саяси іс-қимылдардағы
соғыстың пайдасы сияқты көзқарастарға қарсы тұру нақты жүзеге асты.
Өзге құрылымдар тәрізді халықаралық қатынастар жүйесі де бірімен
бірінің іс-қимылында орын алатын элементтер жиынтығын иемденеді. Бұған
халықаралық жүйенің қызметін қолдайтын, оның дамуын қамтамасыз ететін іс-
қимыл бастаулары кіреді. Халықаралық жүйенің қызметі халықаралық
қатынастар ерекшеліктерімен айқындалады, олар:
