Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sayasattanu_kitap.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
461 Кб
Скачать
☆

1) Бас Ассамблея (ба) – халықаралық бейбітшілікті нығайту, қарулануды

қысқарту, халықаралық ынтымақтастықты дамыту салаларындағы маңызды

мәселелерді шешетін кеңесші өкілетті орган ( БҰҰ мүшелері енеді);

2) Қауіпсіздік Кеңесі (қк) – тұрақты 5 мүшеден (Ресей, ақш, Ұлыбритания,

Франция, ҚХР) және әділ жағырапиялық өкілеттілік өлшем мен халықаралық

қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысу деңгейі негізінде тұрақты емес 10

мүшеден (3 орын – Африка, 2 – Азия, 2 – Латын Америкасы, 2 – Батыс Еуропа,

1 – Шығыс Еуропа) тұрады. Бұл – тұрақты қызмет ететін, халықаралық

бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғау үшін басты жауапкершілікке ие болатын,

барлық мемлекеттердің – БҰҰ мүшелерінің атынан қызмет атқаратын саяси

және атқарушы орган. Қауіпсіздік Кеңесі бейбітшілікке төнетін кез-келген

қатерді анықтап (ахуалды сарапқа салады), сарапқа салу негізінде құқық

бұзушыларға мәжбүрлеу шаралары туралы ұсыныстар немесе шешімдер

қабылдайды. Олар әскери емес – экономикалық, дипломатиялық шаралар;

3) Экономикалық және әлеуметтік кеңес (БҰҰ-ның БА-сы 3 жылға сайлаған 54

мүшеден тұрады) – БҰҰ-ы жүйесіндегі мекемелердің экономикалық және

әлеуметтік қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

4) Қамқорлық-көмек жөніндегі Кеңес (5 мүшеден тұрады – Ресей, АҚШ,

Ұлыбритания, Франция, ҚХР) осы халықаралық жүйені бақылау мақсатында

құрылған орган;

5) Халықаралық сот (БҰҰ-ның БА-сы мен ҚК 9 жылға сайланатын 15 тәуелсіз

соттан тұрады). БҰҰ-ның бас сот органы, тек ғана жеке мемлекеттер ұсынған

дауларды қарайды және ол бойынша нақты, міндеттеуші шешімдер

қабылдайды, сондай-ақ кез-келген заңгерлік мәселе бойынша кеңесшілік

қорытынды жасайды. Халықаралық сот даулы халықаралық проблемаларды

бейбіт жолмен шешуге ықпал етеді;

6) Секретариат (қызметкерлерінің жалпы саны 50 мыңға жуық) БҰҰ жүйесі

органдарын жабдықтауды, жүйе шеңберінде талданған бағдарламаларды

орындауды, осы ұйым мүшелері шығарған халықаралық шарттарды тіркеуді,

зерттеуді және басқа да іс-шараларды қамтамасыз ететін орган. Оған БҰҰ –ның

ҚК ұсынысы бойынша БА 5 жылға (қайта сайлану құқығымен бекітетін) бас

әкімші лауазымының иесі болып саналатын Бас хатшы жетекшілік етеді.

БҰҰ жүйесіне арнаулы салаларда ынтымақтастықты жүзеге асыратын

әмбебап сипаттағы мамандандырылған 16 мекеме – ҮАСҰ кіреді: олар

әлеуметтік (Халықаралық еңбек ұйымы – ХЕК, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау

ұйымы – БАСҰ); мәдени және гуманитарлық (БҰҰ-ның ғылым мен мәдениет

мәселелері жөніндегі ұйымы – ЮНЕСКО, интеллектуалдық меншіктің

Бүкіләлемдік ұйымы - ВОИС); экономикалық (БҰҰ-ның өнеркәсіптік даму

жөніндегі ұйымы ЮНИДО); қаржы-кредиттік (халықаралық қайта құру және

150

даму банкісі – МБРР, Халықаралық валюта қоры – МВФ, халықаралық даму

ассоциациясы – МАР, Халықаралық қаржы корпорациясы – МФК); ауыл

шаруашылығы саласында (БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы

ұйымы – ФАО, Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қоры - ИФАД);

көлік және байланыс (халықаралық азаматтық авиация ұйымы – ИКАО,

халықаралық теңізшілер ұйымы – ИМО, Бүкіләлемдік пошта одағы – ВПС,

халықаралық электрлік байланыс одағы - МСЭ); метереологияда (Бүкіләлемдік

метереологиялық ұйым – ВМО), сондай-ақ арнаулы автономиялық ұйымдар –

халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттік (МАГАТЭ), БҰҰ-ның сауда

және даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД), БҰҰ-ның даму бағдарламасы

(ПРООН), БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП). Кейде

БҰҰ-ның жүйесіне Халықаралық инвестиция жөніндегі агенттікті (МАИГ)

және Бүкіләлемдік сауда ұйымын (ВТО) қосады. НПО деген ұйымның

айырмашылығы-- аумақтық емес құрылым. Олардың мүшелері егемен

мемлекеттер болып танылмайды. НПО (“егемендіктен тыс акторлар” үш

мақсатқа сәйкес келеді: құрамы мен қызметі жағынан халықаралық сипатта,

құрылтайшылығы – жеке сипатта, қызметі – ерікті сипатта). Тар мағынада

алғанда НПО – мемлекеттік емес институттар мен бірнеше елді жекелей

біріктіретін арнаулы саладағы ынтымақтастық құрылымдары – діни ұйымдар

(шіркеулердің Экуменикалық кеңесі), ғалымдар ұйымдары (Пагуош

қозғалысы), құқықтық (Халықаралық рақымшылдық) және басқа ұйымдар. Кең

мағынада алғанда НПО құрамына іс жүзінде халықаралық қатынастардың

барлық мемлекеттік емес қатысушылары кіреді: саяси қозғалыстар

(Социалистік интернационал), гуманитарлық (Халықаралық Қызыл Крест және

Қызыл Жарты Ай Федерациясы). Басқа сипаттағы трансұлттық кәсіпорындар

(ТНП) мүшелері: “өндіруші мемлекеттер ассоциациясы”, «мысты экспортқа

шығарушылар ұйымы»; «темірді экспортқа шығарушылар ұйымы». Бұлардың

көпшілігі БҰҰ жүйесіндегі мамандандырылған мекемелер жанындағы кеңесші

мәртебесіне ие болған ұйымдар мен мекемелер.. Олар саяси, экономикалық,

әлеуметтік, ғылыми-техникалық проблемаларды шешуде БҰҰ-мен

ынтымақтасады. Мысалы, Бүкіләлемдік бейбітшілік одағы – ВСМ,

халықаралық ғылыми одақтар кеңесі – МСНС және басқалары.

Үкіметаралық ұйымдар қатысушылар шеңбері жөнінде ғаламдық

(бүкіләлемдік) және шектеулі құрамдарға бөлінеді. Ғаламдық (“Ислам

конференциясы” ұйымы - ОИК). Аймақтық шектеулі (Тәуелсіз Мемлекеттер

Достастығы – ТМД, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің Ассоциациясы –

АСЕАН, ШЫҰ, араб мемлекеттерінің лигасы – ЛАГ, африкалық бірлік ұйымы

– ОАЕ, Бенилюкс ұйымдары.)

Іс-қимылының мағынасына қарай (сферасына және бағытталған

қызметіне сәйкес) жалпымақсаттық (БҰҰ), экономикалық

(Оңтүстікамерикалық жалпы рынок - МЕРКОСУР), әскери-саяси (солтүстік

атлантикалық келісім-шарт ұйымы - НАТО), қаржылық (МВФ), ғылыми

(“Эврика”) және басқа ұйымдарға бөлінеді.

151

ХХ ғасырдың 90-жылдарында әртүрлі жағырапиялық аймақтардың

халықаралық ұйымдары енген трансдіни бірлестіктер (ЕС – АСЕАН, ЕС –

МЕРКОСУР және басқалары) кеңінен тарады.

Қазіргі кезде халықаралық қатынастарға кейбір ұлт –азаттық,

сепаратистік, лаңкестік ұйымдарды (Бен-Ладеннің Аль Кайдасы, Ирландия

республикалық армиясы – ИРА, Палестинаны азат ету ұйымы – ООП),

аймақтық және жергілікті ұйымдарды, жекелеген ұйымдарды жатқызуға

болады. Олардың қызметі кейбір жағдайда мемлекеттердің «тұрпайы» және

«субұлттық» дипломатия мен транс-шекаралық байланыстарды туындатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]