- •Isbn 9965-526-55-9
- •Isbn 9965-526-55-9
- •1.Мифологиялық саяси идеялардан саяси ғылымға дейін
- •2.Қазақ даласындағы саяси пікірлердің қалыптасуы.
- •3. Саяси ғылымның объектісі және оның зерттеу тәсілдері.
- •4. Болашақ мамандардың азаматтық ұстанымдарын
- •1. Демократиялық мемлекеттің мәні және негізгі белгілері
- •2. Демократиялық үрдістердің даму тарихы
- •3. Қазақстан Республикасындағы демократиялық үрдістердің
- •4. Демократияның дамуындағы қазіргі кезеңдегі негізгі проблемалар
- •1. Билік және саяси билік ұғымдары
- •2. Билік туралы теорияның тарихи дамуы және қазіргі кезеңдегі
- •3. Саяси және мемлекеттік билік
- •1) Аристократия – қайырымдылық
- •2) Олигархия - байлық
- •3) Демократия – еркіндік
- •4. Саяси тәртіп (саяси режимдер)
- •1948 Жылы бұұ қабылдаған “Адам құқықтарының жалпыға бірдей
- •2003 Жылдың қазан айында еліміздің алғашқы Азаматтық форумы өтті, 2005
- •XIX ғасырдың 80-шы жылдары дүние жүзінің 100-дей елдерінде 500-ден
- •1. Әртүрлі саяси мәселелер қоғамда жан-жақты қаралады (талқыланады).
- •1917 Жылы желтоқсанның 5-13-күндері өткен Екінші бүкілқазақтық съезі
- •1921 Жылы в.Ленин Кеңестер елінің әлеуметтік- саяси жағдайын«күйзеліс,
- •1925 Жылғы желтоқсанда Бүкілодақтық Коммунистік большевиктер
- •1917 Жылғы Қазан революциясының халыққа берген уәдесі орындалмай,
- •1932 Жылы қазақтың бір топ саяси қайраткерлерінің ф.Голощёкинге жазған
- •1930 Жылы Қазақстан халқының саны 5 миллион 800 мың адам болса, ал
- •1933 Жылы 2 миллион 500 мың ғана халық қалды. 2 миллионға жуық қазақ
- •1936 Жылы ксро-да сталиндік деп аталған жаңа Конституция
- •1952 ЖылыКсро-дағы Коммунистік партиясының аталуы өзгертілді.
- •1991Жылғы тамыз айының 23-де Қазақстан Президенті н.Ә.Назарбаев кокп
- •1991 Жылы «Қазақ кср-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы» Заң
- •1990-1992 Жылдары Қазақстан қоғамында демократиялық процестердің
- •1993 Жылы «Қазақстанның халық бірлігі одағы» құрылды. Оның жетекшісі
- •1997 Жылы кейбір қозғалыстар мен партиялар ұсынған пікірлерді қолдай
- •2006 Жылы 22 желтоқсанда «Отан» партиясының кезектен тыс съезінде
- •2007 Жылғы 18 тамыздағы Мәжіліс сайлауында «Нұр Отан» жетекші саяси
- •4.Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың
- •1987-1991 Жылдар аралығында ғана Қазақстанда 140 астам өзін-өзі
- •1991Жылдың қараша айында “Әділет” қоғамы “1917жылдан кейінгі
- •1989Жылы “Адам құқығын қорғау” Қазақстандық қоғамдық ұйымы пайда
- •1Наурызда құрылып бүгінгі күнде тек елімізге ғана емес, бүкіл дүние жүзіне
- •1917 Жылғы Қазан революциясынан кейінгі Қазақстанда казактардың
- •1991Жылғы қыркүйектің 15-де өздерінің «Патша мен Отанға қызмет етуінің 400
- •2. Саяси мәдениет - әлемдік саяси тәжірибе жиынтығы ретінде
- •3. Демократиялық саяси мәдениеттің қалыптасу мәселелері
- •2. Қазіргі шетелдік саясаттанудағы саяси жүйе
- •1958 Жылы парламенттік республиканың орнына президенттік республика
- •2) Саяси биліктің тұрақсыз болып, мемлекет, мекемелер, құқық қорғау
- •2. Саяси идеологиялар тарихы пен теориялары
- •1861), Австриялық саясатшы және қоғам қайраткері Клеменс Меттерних (1773-
- •1859) Және т.Б. Болды.
- •1898 Жылы ұйымдастырылған Ресей социал-демократиялық жұмысшылар
- •3. Идеологиясыздандыру (деидеологизация) теориясы
- •2. Саяси субъект - әлеуметтік топтар
- •1) Экономикалық страттар: экономикалық теңсіздік, адамдардың ауқатты және
- •2) Саяси страттар: адамдардың басқарушылар және бағыныштыларға бөліну
- •3) Кәсіби страттар: қызметтердің мәртебелі және мәртебелі емес түрлеріне
- •10 Проценттен аспайды, сол себептен олар сайлау, референдум арқылы
- •3. Халық - қоғамның негізгі саяси субъектісі
- •1991Жылдан бастап Қазақстанда қоғамдық өмірдің жаңаруы нәтижесінде
- •1) Саяси процестің легитимдігі. Қоғамның саяси жүйесі жаңарған кезде
- •2) Саяси процестің жаңаруы. Жеңіске жеткен саяси жүйе, біріншіден,
- •3) Саяси басқару шешімдерін қабылдау және оны жүзеге асыру.
- •4) Саяси жүйенің қызметін бақылау. Саяси жүйенің іс-әрекетін бақылау
- •2. Саяси қызмет – саналы іс-әрекеттің нәтижесі.
- •3. Саяси шешімдер және олардың жүзеге асу жолдары
- •2. Әлеуметтік шиеленістердің негізгі себептері мен түрлері
- •3. Ұлтаралық шиеленістер және оны шешу жолдары
- •1) Ұлттық сана-сезімнің өсуін есепке алу. Ұлттық өзіндік танымның дамуы
- •2) Демографиялық процестер мөлшері. Оған өндіргіш күштерді ұтымды
- •3) Федерация шеңберінде автономиялар құқығының әртүрлілігі. Мысалы,
- •4) Халықтың ұлттық мәдениеті мен ұлттық психологиясын мемлекет
- •5) Экономикалық факторлар, бастапқыда біз айтып өткеніміздей,
- •4. Саяси шиеленістер және оппозиция
- •5. Консенсус – шиеленістерден өтудің әмбебап әдісі
- •1980 Жылдардың басынан бастап еуропалық теориялық саяси ойлау
- •1. Дәстүрлі қатысушыларға ең алдымен халықаралық құқық пен
- •1) Жоғарғы державалар (супердержавалар) – халықаралық жүйеге және оның
- •2) Ұлы державалар - әлемдік дамуға елеулі ықпал ететін, алайда халықаралық
- •1) Бас Ассамблея (ба) – халықаралық бейбітшілікті нығайту, қарулануды
- •2) Қауіпсіздік Кеңесі (қк) – тұрақты 5 мүшеден (Ресей, ақш, Ұлыбритания,
- •2. Әлемдік саясат және халықаралық саяси жүйе
- •1) Жеке мемлекеттер арасындағы қатынастардың күрделенуі (саяси,
- •2) Ортақ мүдделері негізінде құрылған және Еуропадағы саяси күштердің
- •3) Мемлекеттердің сыртқы саяси концепцияларына сәйкес олардың
- •1) Халықаралық жүйе әлеуметтік (қоғамдық), ашық және бәсең ұйымдасқан
- •2) Халықаралық жүйенің негізі болып саяси қатынастар саналады; халықаралық
- •3) Халықаралық жүйе – күрделі қалыптасқан жүйе; ол өзін құрайтын іс-
- •1) 1648-1815 Ж ж. Негізгі принциптер: ұлттық (мемлекеттік) егемендік және
- •2) 1815-1860 Жылдары “Вена жүйесі” қалыптасты негізгі принциптері
- •3) 1860–1914Жж. “реалистік саясат” бойынша мемлекеттер арасындағы
- •4) 1914-1918-1939 Жж. “Версаль жүйесінде” идеологиялық фактор іс-қимылға
- •5) 1945Ж. – хх ғасырдың 80-жылдарының соңы “қырғи-қабақ соғыс” дәуірі, іі
- •6) Хх ғ. 90-жылдарының басынан жаңа халықаралық тәртіпті қалыптастыру
- •3. Жаңа Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде
- •1993Жылғы Конституциясында көрініс тапты. Елде билікті бөлу принципі
- •1995-2000 Жылдар қоғамның саяси жүйесінің, мемлекеттік мекемелерінің
- •1995Жылғы 1-ші наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы, бұл
- •1517 Жылы папаның осы индульгенция саудасына бірінші қарсы шыққан
- •1520 Жылы Рим папасы Лютерді шіркеуден қууды талап етті, бірақ ол
- •1974-1985 Жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің жауапты
1861), Австриялық саясатшы және қоғам қайраткері Клеменс Меттерних (1773-
1859) Және т.Б. Болды.
Консервативтік идея Еуропаның батыс, солтүстік және Азияның біраз
елдерінде мемлекеттік қолдау тауып кейін идеологияға айнала бастады. Осы
консерватизм идеологиясының басты мақсаттары: куатты мемлекет құру, саяси
жүйенің, биліктің жоғарғы әлеуметтік топтың қолында болуы, тұлғаның қоғам
мен мемлекетке бағынуы іс жүзінде жүзеге асып, бұл елдерді әртүрлі
кездейсоқ, ретсіз реформалардан, кенет оқиғалардан, өкіметтік төңкерістерден,
шиеленістерден сақтап қалды, бейбіт жағдайда нәтижелі әлеуметтік-
экономикалық қарқынды дамуға жол ашты.
Консерватизм идеологиясы қоғам өмірінде әдет-ғұрып, дәстүрлер
маңызды рөл атқарады деп түсініп, оларды мызғымастай сақтап қалуды мақсат
етті.
ХХ ғасырдың ортасынан бастап консерватизм идеологиясының негізгі
қағидаларына өзгерістер енгізіліп консервативтік ой-пікірдің басты бағыты
жаңарған консерватизмге (неконсерватизмге) ауысты.
Неоконсерватизм –қоғамдағы саяси плюрализмді (әртүрлілікті) дамыту
және саяси процестерді реттеу үшін мемлекеттің рөлін күшейту мақсатындағы
идеология.
Консерватизм идеологиясы бойынша бұрынғы және қазіргі
құндылықтарды “сақтаудың” орнына “әртүрлілік” принципі ұсынылды. Не
себептен консерватизм идеологиясын жаңартуға тура келді? Дәстүрді сақтау,
дәстүрмен өмір сүрудің қандай кемшіліктері болуы мүмкін?
Жаңа консервативтік бағытты жақтаушылардың жауабы бойынша дәстүр,
тарихи қалыптасқан тәжірибе ол зор рухани құндылық. Дәстүрсіз, тарихи
зердесіз халық - қоғам, мемлекет болып қалыптасуы мүмкін емес. Бірақ
дәстүрдің қандай салада болмасын (рухани, ұлттық, діни, саяси) халыққа,
адамға үстемдік етіп тұратын да қасиеті бар, дәстүр бұғау сияқты бостандықты,
108
ерікті шектеп тұрады. Мысалы, адам барлық жағдайда ұлттық дәстүрлерге
табынушылық етіп жүретін болса, ол ұлтшылдыққа әкеліп соғуы мүмкін.
Немесе ол адам бұлжытпай тек діни дәстүрімен өзінің өмірін шектейтін болса,
ол діни фундаментализмге (діни еріксіздікке) соқтырады.
Сондықтан консерватизмнің адамдарды қолайсыз жағдайларға әкеліп
соғуы өз алдына, ол халықты жалпы дүниежүзілік жетістіктерден, өркениеттен
тыс қалдыруы мүмкін. Осындай көріністерге сәйкес ағылшын саясаттанушысы
Джон Стюарт Милльдің: “Бір рет болса да дәстүрден шығу – ол бостандыққа
тағы да бір қадам жасау” – деген қағидасының маңызы өте жоғары.
Яғни, қай салада болмасын, әртүрлілік қажет екені байқалады. ХХ
ғасырдың екінші жартысында еркін нарықтық қатынастар және демократия
принциптері одан әрі дамып, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын
мойындауға тура келді. Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік
қызметтері едәуір шектеліп, меншік жекешелене түсті. Бұның бәрі
неоконсерватизмге күш беріп өркениетті елдердегі орта таптың идеологиясына
айналды.
Неоконсервативтіктер консервативтіктермен салыстырғанда дәстүр
ұстанымынан бостандыққа ұмтылуға шақырып, қоғам өміріндегі әртүрлілік
нәтижелі бағыт деп есептейді.
Неоконсерватизм идеологиясының негізгі мақсаты – саяси,
экономикалық, рухани реформаларға жол ашу, сол арқылы қоғамның дамуына
әсер ету.
Неоконсерватизм идеологиясын дамытуға көптеген ғалымдар мен саяси
қайраткерлер қатысты. ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында
неоконсервативтік идеяларды ұстанған Германия канцлері Отто фон Бисмарк,
Ұлыбритания премьер-министрі Ллойд Джордж болатын. ХХ ғасырдағы бұл
идеологияның жүзеге асырылуына зор үлес қосқандар белгілі саясатшы
Збигнев Бжезински, АҚШ президенті Рональд Рейган, Англияның бұрынғы
премьер-министрі Маргарет Тэтчер, Германияның бұрынғы канцлері Гельмут
Коль және т.б.
Консерватизм мен неоконсерватизмнің идеология ретіндегі маңызды
нәтижесі - Англиядағы, АҚШ-тағы және Германиядағы консервативтік партия
өкілдерінің мемлекеттік билік басына келуі болатын.
Келесі саяси идеология – марксизм идеологиясы. Марксизм дегеніміз
қарулы төңкеріс арқылы қанаушы таптарды, жеке меншікті жойып, социализм
және коммунизм құрып, қоғамдағы әлеуметтік теңдік орнату мақсатындағы
идеология.
Бұл идеологияға негіз болған жоғарыда айтылған неміс ойшылы, ғалымы
К.Маркстың(1818-1883) идеясы. Оның идеясы бойынша, «таптық қоғамда
әділеттік жоқ, байлар, капиталистер, фермерлер - қарапайым жұмысшыларға,
шаруаларға қанаушылық жасайды, олардың еңбегін толық төлемейді, соның
арқасында өздері байиды. Бұл жағдай әлеуметтік экономика саласында орын
алса, ал саяси салада әділеттілік, демократия жоқ. Билік басында
отырғандардың бәрі байлар. Халықтық сайлауға қалай бақылау қойылса да –
109
бәрі бір билікке байлар ғана келеді. Соңында қоғам олигархиядан шыға
алмайды».
«Осындай әділетсіз жағдайдан жұмысшыларды, шаруаларды, жалпы
қарапайым еңбекшілерді құтқару, оларға саяси және әлеуметтік теңдік алып
беру үшін, социалистік революция арқылы биліктің басындағы олигархтарды
жойып, қоғамды буржуазиялық мемлекеттен босатып, жеке меншікті құртып,
меншіктің мемлекеттік ғана түрін қалыптастырып, социализм, содан кейін
коммунизм орнату керек. Осындай қоғамда ғана жан-жақты дамыған, еркін
адам қалыптастыруға мүмкіншілік туады» -деп есептеді К.Маркс.
Маркстік идеяны іске асыру үшін, яғни, бұл идеяны идеологияға
айналдыру үшін орасан зор белсенділікпен күрес жүргізген саяси топ -Ресейдегі
