Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sayasattanu_kitap.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
461 Кб
Скачать
☆

5. Консенсус – шиеленістерден өтудің әмбебап әдісі

«Консенсус» сөзін латыншадан аударғанда «келісім», «бірауыздылық»,

«бірігіп қатысу» деген ұғымды білдіреді.Консенсустың негізгі шарты болып

өзінің жеке мүддесіне жетудің алғышарты ретінде өзге мүдделерді мойындау

саналады, яғни консенсус көп жағдайларда адамгершілік принциптеріне

негізделеді. Келісушілік – екі немесе одан да көп көзқарастың және кез-келген

қатынастағы мүдделер бағдарының бірлігі. Саяси консенсус – шиеленісті

мәселелердің неғұрлым маңызды салалары бойынша белгілі бір

қауымдастықта жасалатын өзара келісім. Саясаттану ғылымында консенсус

мәселесі жеткілікті түрде, терең зерттелген. Тарихтың әртүрлі кезеңдерінде оны

зерттеуге әлемдік философияның Конт, Локк, Дюркгейм, Вебер, Тард, Кули,

Шилз, Хабермас, Шюц тәрізді аса көрнекті өкілдері өз үлестерін қосты.

Консенсус -Аристотельдің «орташылдық» тұжырымдамасындағы қарама-қарсы

пікірлердің арасындағы ортақ пікір ретінде қалыптасты, яғни шеткі, алшақ

позициялардан шығуды нұсқап, орталыққа ортақ келісімге ұмтылуды

сипаттайды. Аристотель бұл қағидасын екі жақтың қарым-қатынасы негізінде

қалыптасатын үшінші ортақ күштің пайда болу табиғи заңдарымен, орталыққа

тарту күштері негізінде тепе-теңдікті сақтайтын аспан күштерінің

қозғалысымен түсіндіреді. Ол кейін осы табиғат заңдары ретінде орташылдық

идеясын әлеуметтік салаға, қоғамға таратты. Оның «үздік қоғам дамыған

орташа таптан тұрады, ал кедейшілік көп болған жағдайда мемлекеттің

жаулары да көп болады» деген қағидасы әлеуметтік қатынастар теориясына

қосылған көрнекті ғылыми үлес болып табылады. Орташылдыққа ұмтылу қазір

де әлемдік көлемде белгілі саяси бағыт болып табылады. Бұл бағыт ХХ

ғасырдың екінші жартысында дүние жүзінде көптеген халықаралық ұйымдар

құруға, әртүрлі құрлықтардағы мемлекеттер консолидациясы мен

интеграциясын қалыптастыруға негіз болып, КСРО мен Шығыс Еуропа елдері

идеологиялық ынтымақтастық одағының қайта құрылуына себеп болды.

Консенсустік немесе центристік саясат қоғамдағы дамушы күштердің

өзара қарым-қатынасын анықтайды. Консенсус әдісін қолдану мемлекеттік

билікті ұйымдастыруда да қолайлы. Құқтық тұрғыдан алғанда консенсус жалпы

ерік ретінде неғұрлым тиімді заңдарды қабылдау үшін қажетті алғышарт.

Консенсустың келесі маңыздылығы ол демократияның болашақтағы

қалыптасу деңгейін анықтауы. Демократияның осы замандық тәртібі –

141

көпшіліктің қалауы негізінде шешім қабылдау принципіне негізделген. Алайда,

дауыстарды “иә” және “жоқ” сипатындағы механикалық санақ, қарапайым

есептеу принципіне ғана негізделген дауыс беру жүйесінде көпшілік үстемдігі

әміршілдігі сақталады. Сол себепті адамзат бүгін де демократияның

келешектегі әдістері мен деңгейі әлі де пісіп-жетілген жоқ, сондықтан

демократияның болашақ үлгісін ойлап табу керек деп есептейді. Көпшілік

қалауы принципі қазірдің өзінде өзара саяси қарсылықты күшейтіп, мемлекетті

күйзеліске жеткізу жағдайы көп кездеседі. Көпшілік принципінің ең басты

кемшілігі - азшылық пікірін түгелдей жоққа шығару болып саналады.

Көпшілік үстемдігі – демократияның негізгі шарты екені анық, бірақ бұл

әділдік принципінің бұрмалануы. Сол себептен, консенсустің міндеті –

азаматтардың ортақ мақсат үшін өз ойын ашық білдіретін әртүрлі пікірлерді,

ұсыныстарды, идеяларды жинақтау.

Консенсустың нәтижелі болуы азшылықықа ешқандай қысым

жасалмауына, озбырлық күш қолданбауға тікелей байланысты.Себебі

көпшіліктің өзінің де қателесуі мүмкін, ал азшылықтың айқын саяси шешім

ұсынуы мүмкін. Мысалы, Кеңес өкіметі тұсындағы «халық жаулары» атанған

қазақ зиялыларының жалпы халық саны бойынша алғанда азшылықты

білдіргені тарихтан белгілі. Бірақ азшылық болғанның өзінде КСРО бойынша

олардың саны 10 миллионнан асқан еді.

Тағы бір мысал: БҰҰ-ның бүкіл қызметіне (осы ұйым құрылғаннан бастап)

талдау жасалғанда, Бас Ассамблеяның көптеген резолюцияларының

тиімсіздігіне себеп болған олардың жалпы көпшіліктің шешімімен

қабылдануынан екені анықталды.Себебі көпшілік принциппен қабылданған

шешімнің барлық кезде нәтижелі бола бермейтіндігін өмірдің өзі дәлелдеп

отыр. Мысалы, Біріккен Ұлттар Ұйымында тіпті бір ғана мемлекет мүддесіне

қарсы қабылданған шешім ақыр соңында ұтымды болып шықпайтыны белгілі.

Қазіргі таңда БҰҰ-ның көптеген мүшелері осы замандық жағдайларда

саяси тиімді шешімдерді қабылдауға апаратын бірегей жол—ол консенсус әдісі

деген тоқтамға келді, статистикалық деректер де осыны көрсетеді. Мысалы, Бас

Ассамблеяның 13-ші сессиясында консенсус әдісімен барлық 112

резолюцияның 39-ы (35%) қабылданса, ал 40-шы сессияда 259 резолюцияның

184-і (70%) осы жолмен қабылданды.

Консенсустік пікір тепе-тең мүмкіндіктер әдісі болып табылады.

Сонымен ортақ қоғамдық пікір консенсус арқылы қоғамның барлық

мүшелерінің пікірлерінен қалыптасады. Кез-келген мәселені шешу барысында

көзқарастардың барлығы да ескерілуі, талқылануы қажет.

Консенсус барлық басқа тәсілдер алдында әлеуметтік-саяси қарама-

қайшылықтар мен дауларды тиімді шешуге мүмкіндік беретін практикалық

қолданыстағы талассыз амал болып саналады. Ол осы заман үшін бір жағынан,

мүдделердің жіктелуіне, екінші жағынан, әртүрлі әлеуметтік топтар

мүдделерінің үйлесуімен сипатталады. Консенсус қоғамдық пікірдің саяси

процестерге тікелей ықпал етуін бейімдеп қана қоймайды, қоғамдық пікірдің

өзін қалыптастырады.

142

Консенсус тарихи эволюцияға ие. Егер орта ғасырларда феодалдық

мемлекетті ішкі тартыстар әлсіретіп, оларды тоқтататын тек ғана абсолюттік

жоғарғы өкімет болса, ХХ ғасырда қоғамдық өзара қақтығысты реттейтін

көпшілік мүддесі, көпшілік принципі арқылы қалыптасатын халық билігі

орнады. Қазіргі саяси шешімдердің негізі болатын жеке адамның құқық теңдігі.

Тіпті олардың тасасында белгілі бір бөліктің, мейлі аз болсын, немесе толық

құқықты меңгерген нақты азаматтардың шоғыры тұрсын, бірде-бір шынайы

адамгершілік көзделген мүдде жалғандықпен жойылып жіберілмейтін жүйені

құру.

Қорыта келгенде, саяси шиеленістер – адамзат қоғамында заңды, міндетті

түрде орын алатын саяси құбылыс, әлеуметтік өзара әрекет үлгісі ретінде

сипатталады, сондықтан шиеленістер кездейсоқ оқиға болып саналмайды.

Саяси шиеленістер - әлеуметтендіру жолдарының бірі, қоғамның

бақылауындағы болуы қажет саяси құбылыс. Әлеуметтік шиеленіс әлеуметтік

прогресстің басты қозғаушы күштерінің бірі ретінде анықталып, барлық

уақытта жұп түрінде өмір сүреді: шиеленіс – келісім, шиеленіс – тұрақтылық,

шиеленіс – тәртіп, шиеленіс – тыныштық, шиеленіс – консенсус.

Әртүрлі саяси пікірлер әлеуметтік жүйенің тоқырауының алдын алып,

жаңалықтарға (реформаларға) жол ашады. Осы себептен консенсус (келісім)

қоғамның қалыпты жағдайы, ал шиеленіс – уақытша жағдайы болып саналады.

Тұтастай алғанда, әлеуметтік шиеленіс концепциясын жақтайтындар

үшін шиеленістерді антагонистік емес қарама-қайшылықтар тұрғысында

қарастырудың, оларды реттеу мүмкіндігі бар екеніне сенімді болудың маңызы

өте жоғары.

Бақылау сұрақтары

1. Саяси шиеленістер дамуы барысындағы негізгі кезеңдер.

2. Ұлтаралық шиеленістердің пайда болуының негізгі себептері.

3. Ұлтаралық шиеленістердің шешу жолдары.

4. Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының

орны

5. Консенсус мәселелерін терең зерттеген ғалымдар

6. Саяси шиеленістер әлеуметтік дамудың басты қозғушы күштері деген

қағиданы қалай түсінесіз?

7. Конфликтология (шиеленістану) қай елдердің оқу орындарында пән ретінде

жүргізіледі?

8. Шиеленістану теориясының негізгі даму кезеңдері

143

ХІІ тарау

ӘЛЕМДІК САЯСАТ ТЕОРИЯСЫ, ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЯСИ ЖҮЙЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

1. Халықаралық қатынастар: белгілері және негізгі бағыттары

Мемлекеттердің өзара қатынастары проблемасының теориялық негіздерін

талдау саяси философия мен тарихта ежелгі дәуір кезеңінің өзінен (Фукидид:

“Пелопеннес соғысының тарихы”, Цицерон: “Мемлекет туралы”) бастау алды.

Бұл кезеңде, бірінші кезекте, мемлекеттердің мүдделеріне байланысты соғыс

және бейбітшілік мәселелеріне неғұрлым көп көңіл бөлінді. Міне, осы

мәселелер кейінгі кезеңдегі классикалық теориялық саясат

тұжырымдамаларынан негізгі көзқарас бағыттарының қайнар көзі болды.

Халықаралық саяси қатынастарды зерттеудегі классикалық (дәстүрлі)

бағыттың өкілдері Н.Макиавелли, Т.Гоббс, Э.де Ваттель, К.фон Клаузевиц

және басқалары осы бағыттың дамуында маңызды роль атқарды. Т.Гоббстың

“барлығы барлығына қарсы” соғыс туралы тезистеріне сәйкес халықаралық

қатынастардың барлық мемлекеттердің теңдігімен, егемендігімен

шарттастырылған табиғи жағдайды сақтаумен, немесе бәсекелестікпен, өзара

сенімсіздікпен, тұрақты қарама-қарсылықтармен сипатталатыны анықталды.

Нәтижесінде құқықтық, моральдық және олардың өзара қатынастары бойынша

олардағы күштеу қимылдарына шектеу болмады. Мұндай жағдайда

мемлекетаралық өзара қимылдар басты және “табиғи” реттеуші күш (бәрінен

бұрын соғыс) болуы мүмкін еді.

Мемлекетаралық қатынастардың еуропалық жүйесін (кешеуілдеген

ортағасырлық және Жаңа дәуір кезеңінде) қалыптастыру және дамыту белгілі

бір трансформацияға танылған осы тезис саяси тең салмақ теориясының

(“күш балансы” идеясы) философиялық-құқықтық және этикалық негізі болды

(Б.Спиноза, Д.Юм, Э.де Ваттель). Жаңа үлгіде еуропалық мемлекеттердің өз

ішінде күш пен ықпалды салыстырмалы теңестіруді қолдаумен қамтамасыз

ететін мүдделерге жол берілді. Көзқарастың осы тұрғысында мемлекеттердің

бірінің қатер төндіруінің алдын алудың басты әдісі превентивті (ескерту) соғыс

және коалиция құру болып табылады. Осындай жолмен тәртіптің бекітілген

ережесін, жасалған тең құқық жағдайын бұзуға дайын қуатты агрессордың

гегемондық құрсауын ұжымдық тәртіппен мәжбүрлеп ұстауға халықаралық

жағдайдың қалыптылығына кепілдік беріледі.

Халықаралық қатынастардың классикалық ұйғарымдары үш өзекті

ұғымнан – «мемлекет аумағы”, “мемлекет егемендігі”, “мемлекет

қауіпсіздігінен” тұрады. Біріншісі – аумақтық (“кеңістік” тұрғыда алынған)

халықаралық қатынастарды зерттеу геосаясат шеңберінде маңызды орын

алады.

Халықаралық қатынастың жеке зерттеу саласы болып табылатын

геосаясат ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басында пайда болды.

“Геосаясат” ұғымын ғылыми айналымға швед ғалымы және саясаткері

144

Р.Челлен енгізді, ал классикалық геосаясаттың басқа көрнекті өкілдері болып

А.Т.Мэхэн, Г.Маккиндер, Н.Спайкмен, К.Хаусхофер саналады. Геосаясат

тұрғысынан алғанда шынайы ұлы держава (динамикалық, яғни қарқынды

дамушы мемлекет) өзінің көршілерімен еркін саясат әрекетін «өмір

кеңістіктігін ұлғайту» жолымен қамтамасыз етеді: өз аумағын, тіпті бірнеше

аймақты, кейде тұтас әлемді қадағалап отыру позициясын ұстанады.

Геосаясат жер бетін мемлекетке бөлудің өзгермеушілігін, ал, бір елдің

екінші бір елге қарсы тұруын, «идеологиялық күрес» және “қырғи-қабақ соғыс”

негізінде шешуді қарастырады.

Дәстүрлі идеалистік бағыттағылар (Ф.де Витториа (1480-1546), Г.Гроций

(1583-1645), И.Кант (1724-1804) т.б) керісінше жалпы адамзат қоғамының

проблемаларын космополис идеясындағы моральдық және саяси бірлік,

адамның бас бостандығы мен мемлекеттік қатынастар негізінде шешуді

ұсынады.

Бұл теориялық зерттеулерде міндеттіліктер қарастырылып, халықаралық

қатынастарды құқықтық және моральдық реттеу жолымен шешудің адамдар

және мемлекеттер арасындағы мәңгі бейбіт өмір сүрудің қажеттілігі мен

мүмкіндіктері анықталды. Бұл жағдайда құқықтарды күштеп бекітуді және

мүдделерді жүзеге асырудың “биологиялық концепциясымен” алмастыруға тиіс

жалпыадамзаттық құндылықтарды еркін қолдануға баса назар аударылды.

Саяси ғылымда халықаралық қатынастар проблемасы бойынша бірнеше

теориялық парадигмалар (үлгілер) қалыптасқан. Олар: «саяси идеализм»,

«модернизм», «трансұлттық», «халықаралық қатынастар әлеуметтану» мектебі,

«полемология», «марксистік» «неомарксизм», «неореализм».

Осылардың әрқайсысына қысқаша мәлімет берейік.

“Саяси идеализм”: утопия, морализм, легализм. (Д.Перкинс,

Ф.Танненбаум, Дж.Шоттуэл, Т.Кук, М.Мус, В.Дин, Р.Кларк, Л.Б.Сон т.б.)

әлемдік саясатты құқық және мораль тұрғысынан қарастырады. Зерттеулердің

негізгі тақырыбы – халықаралық қарым-қатынастарды халықаралық құқық

нормаларымен, адамгершілік негізде және әділеттілікпен реттеу.

“Модернизм” (К.Райт, М.Каплан, К.Дайч, Д.Сингер, Э.Ханс және

басқалары) – бұл “эмпирикалық талдау” теориясы, саясатты жүйелеп талдау

үлгілері. Олар реттілік “ғылыми” айқындауға, нақты ғылымдардың (физика,

кибернетика, математика, психология) зерттеу әдістерін пайдалануға,

“бейидеологиялық” жиынтық пен фактілерді және нақты халықаралық

процестер индикаторларын сандық зерттеуге, эмпирикалық талдауға

негізделген.

“Трансұлттық”: әлемдік дамудың өзара байланыстылығы, әлеуметтік-

экономикалық артта қалудан және саяси тәуелді болудан сақтандыру теориясы.

Өкілдері: Р.О.Коохейн, Дж.Най, Дж.Розенау, Д.Митрани және т.б.

халықаралық қатынастың басты атқарушысы ретіндегі мемлекеттің ролі

туралы классикалық тезиске күмән келтіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]