- •Isbn 9965-526-55-9
- •Isbn 9965-526-55-9
- •1.Мифологиялық саяси идеялардан саяси ғылымға дейін
- •2.Қазақ даласындағы саяси пікірлердің қалыптасуы.
- •3. Саяси ғылымның объектісі және оның зерттеу тәсілдері.
- •4. Болашақ мамандардың азаматтық ұстанымдарын
- •1. Демократиялық мемлекеттің мәні және негізгі белгілері
- •2. Демократиялық үрдістердің даму тарихы
- •3. Қазақстан Республикасындағы демократиялық үрдістердің
- •4. Демократияның дамуындағы қазіргі кезеңдегі негізгі проблемалар
- •1. Билік және саяси билік ұғымдары
- •2. Билік туралы теорияның тарихи дамуы және қазіргі кезеңдегі
- •3. Саяси және мемлекеттік билік
- •1) Аристократия – қайырымдылық
- •2) Олигархия - байлық
- •3) Демократия – еркіндік
- •4. Саяси тәртіп (саяси режимдер)
- •1948 Жылы бұұ қабылдаған “Адам құқықтарының жалпыға бірдей
- •2003 Жылдың қазан айында еліміздің алғашқы Азаматтық форумы өтті, 2005
- •XIX ғасырдың 80-шы жылдары дүние жүзінің 100-дей елдерінде 500-ден
- •1. Әртүрлі саяси мәселелер қоғамда жан-жақты қаралады (талқыланады).
- •1917 Жылы желтоқсанның 5-13-күндері өткен Екінші бүкілқазақтық съезі
- •1921 Жылы в.Ленин Кеңестер елінің әлеуметтік- саяси жағдайын«күйзеліс,
- •1925 Жылғы желтоқсанда Бүкілодақтық Коммунистік большевиктер
- •1917 Жылғы Қазан революциясының халыққа берген уәдесі орындалмай,
- •1932 Жылы қазақтың бір топ саяси қайраткерлерінің ф.Голощёкинге жазған
- •1930 Жылы Қазақстан халқының саны 5 миллион 800 мың адам болса, ал
- •1933 Жылы 2 миллион 500 мың ғана халық қалды. 2 миллионға жуық қазақ
- •1936 Жылы ксро-да сталиндік деп аталған жаңа Конституция
- •1952 ЖылыКсро-дағы Коммунистік партиясының аталуы өзгертілді.
- •1991Жылғы тамыз айының 23-де Қазақстан Президенті н.Ә.Назарбаев кокп
- •1991 Жылы «Қазақ кср-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы» Заң
- •1990-1992 Жылдары Қазақстан қоғамында демократиялық процестердің
- •1993 Жылы «Қазақстанның халық бірлігі одағы» құрылды. Оның жетекшісі
- •1997 Жылы кейбір қозғалыстар мен партиялар ұсынған пікірлерді қолдай
- •2006 Жылы 22 желтоқсанда «Отан» партиясының кезектен тыс съезінде
- •2007 Жылғы 18 тамыздағы Мәжіліс сайлауында «Нұр Отан» жетекші саяси
- •4.Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың
- •1987-1991 Жылдар аралығында ғана Қазақстанда 140 астам өзін-өзі
- •1991Жылдың қараша айында “Әділет” қоғамы “1917жылдан кейінгі
- •1989Жылы “Адам құқығын қорғау” Қазақстандық қоғамдық ұйымы пайда
- •1Наурызда құрылып бүгінгі күнде тек елімізге ғана емес, бүкіл дүние жүзіне
- •1917 Жылғы Қазан революциясынан кейінгі Қазақстанда казактардың
- •1991Жылғы қыркүйектің 15-де өздерінің «Патша мен Отанға қызмет етуінің 400
- •2. Саяси мәдениет - әлемдік саяси тәжірибе жиынтығы ретінде
- •3. Демократиялық саяси мәдениеттің қалыптасу мәселелері
- •2. Қазіргі шетелдік саясаттанудағы саяси жүйе
- •1958 Жылы парламенттік республиканың орнына президенттік республика
- •2) Саяси биліктің тұрақсыз болып, мемлекет, мекемелер, құқық қорғау
- •2. Саяси идеологиялар тарихы пен теориялары
- •1861), Австриялық саясатшы және қоғам қайраткері Клеменс Меттерних (1773-
- •1859) Және т.Б. Болды.
- •1898 Жылы ұйымдастырылған Ресей социал-демократиялық жұмысшылар
- •3. Идеологиясыздандыру (деидеологизация) теориясы
- •2. Саяси субъект - әлеуметтік топтар
- •1) Экономикалық страттар: экономикалық теңсіздік, адамдардың ауқатты және
- •2) Саяси страттар: адамдардың басқарушылар және бағыныштыларға бөліну
- •3) Кәсіби страттар: қызметтердің мәртебелі және мәртебелі емес түрлеріне
- •10 Проценттен аспайды, сол себептен олар сайлау, референдум арқылы
- •3. Халық - қоғамның негізгі саяси субъектісі
- •1991Жылдан бастап Қазақстанда қоғамдық өмірдің жаңаруы нәтижесінде
- •1) Саяси процестің легитимдігі. Қоғамның саяси жүйесі жаңарған кезде
- •2) Саяси процестің жаңаруы. Жеңіске жеткен саяси жүйе, біріншіден,
- •3) Саяси басқару шешімдерін қабылдау және оны жүзеге асыру.
- •4) Саяси жүйенің қызметін бақылау. Саяси жүйенің іс-әрекетін бақылау
- •2. Саяси қызмет – саналы іс-әрекеттің нәтижесі.
- •3. Саяси шешімдер және олардың жүзеге асу жолдары
- •2. Әлеуметтік шиеленістердің негізгі себептері мен түрлері
- •3. Ұлтаралық шиеленістер және оны шешу жолдары
- •1) Ұлттық сана-сезімнің өсуін есепке алу. Ұлттық өзіндік танымның дамуы
- •2) Демографиялық процестер мөлшері. Оған өндіргіш күштерді ұтымды
- •3) Федерация шеңберінде автономиялар құқығының әртүрлілігі. Мысалы,
- •4) Халықтың ұлттық мәдениеті мен ұлттық психологиясын мемлекет
- •5) Экономикалық факторлар, бастапқыда біз айтып өткеніміздей,
- •4. Саяси шиеленістер және оппозиция
- •5. Консенсус – шиеленістерден өтудің әмбебап әдісі
- •1980 Жылдардың басынан бастап еуропалық теориялық саяси ойлау
- •1. Дәстүрлі қатысушыларға ең алдымен халықаралық құқық пен
- •1) Жоғарғы державалар (супердержавалар) – халықаралық жүйеге және оның
- •2) Ұлы державалар - әлемдік дамуға елеулі ықпал ететін, алайда халықаралық
- •1) Бас Ассамблея (ба) – халықаралық бейбітшілікті нығайту, қарулануды
- •2) Қауіпсіздік Кеңесі (қк) – тұрақты 5 мүшеден (Ресей, ақш, Ұлыбритания,
- •2. Әлемдік саясат және халықаралық саяси жүйе
- •1) Жеке мемлекеттер арасындағы қатынастардың күрделенуі (саяси,
- •2) Ортақ мүдделері негізінде құрылған және Еуропадағы саяси күштердің
- •3) Мемлекеттердің сыртқы саяси концепцияларына сәйкес олардың
- •1) Халықаралық жүйе әлеуметтік (қоғамдық), ашық және бәсең ұйымдасқан
- •2) Халықаралық жүйенің негізі болып саяси қатынастар саналады; халықаралық
- •3) Халықаралық жүйе – күрделі қалыптасқан жүйе; ол өзін құрайтын іс-
- •1) 1648-1815 Ж ж. Негізгі принциптер: ұлттық (мемлекеттік) егемендік және
- •2) 1815-1860 Жылдары “Вена жүйесі” қалыптасты негізгі принциптері
- •3) 1860–1914Жж. “реалистік саясат” бойынша мемлекеттер арасындағы
- •4) 1914-1918-1939 Жж. “Версаль жүйесінде” идеологиялық фактор іс-қимылға
- •5) 1945Ж. – хх ғасырдың 80-жылдарының соңы “қырғи-қабақ соғыс” дәуірі, іі
- •6) Хх ғ. 90-жылдарының басынан жаңа халықаралық тәртіпті қалыптастыру
- •3. Жаңа Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде
- •1993Жылғы Конституциясында көрініс тапты. Елде билікті бөлу принципі
- •1995-2000 Жылдар қоғамның саяси жүйесінің, мемлекеттік мекемелерінің
- •1995Жылғы 1-ші наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы, бұл
- •1517 Жылы папаның осы индульгенция саудасына бірінші қарсы шыққан
- •1520 Жылы Рим папасы Лютерді шіркеуден қууды талап етті, бірақ ол
- •1974-1985 Жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің жауапты
1517 Жылы папаның осы индульгенция саудасына бірінші қарсы шыққан
профессор, монах Мартин Лютер болатын. Шіркеудің қазынасын толықтыра
түсу мақсатындағы халықтың қараңғылығын пайдаланып отырған ұятсыз
әрекетін сынап, Лютер шіркеу құдай мен адам арасындағы делдал бола
алмайды деді. Ол өзінің дәріс беретін университет шіркеуінің есіктеріне «95
тезис» деп аталатын үндеуін іліп қойды. Бұл тезистерде Лютер
индульгенциямен сауда жасауды айыптап, өзімен келіспейтіндерді ашық
айтысқа шақырды.Өз үндеулерінде құдай мен адамның арасында шіркеу
қызметкерлерінің күнәдан тазартуға көмектесеміз дегені жалған деп
жариялады. «Адам сенімі» арқылы ғана күнәдан арылуы керек деген ілім
жасады. Ол өз тезистерінде : «Әрбір христиан құдайға шынайы жалбарынса,
оның индульгенциясыз- ақ күнәсі толық кешіріледі». «Ол тақуа сеніммен өмір
сүреді» деген сөздер бар. 1519 жылы Лейпциг қаласында құдай алдында әрбір
христиан өзі ғана есепті деген пікір таратты.
1520 Жылы Рим папасы Лютерді шіркеуден қууды талап етті, бірақ ол
өзінің Папаға қарсы памфлетінде: «Папаның өзі анархист» деп кінәлады.
Шаруалар мен қала кедейлері бұны көтеріліске шақыру деп түсінді. Германияда
толқыулар басталып оған кедейлермен қатар ауқатты топтардың да көп бөлігі
және діни қызметкерлердің төменгі топтары қосылды.
Лютердің ілімі Реформацияның, яғңи шіркеуді қайта құру күресінің
бастамасы болды. Католик дінінен жаңа, ғылымның құндылықтарына
негізделген, «құдайсыз дін» деп аталған (протестантизм) діні бөлініп
шықты.Шіркеудің билікке таласуы бәсеңдеп, дін бірте-бірте мемлекеттен
172
ажыратылды. Бүкіл римдік - католик аумағы бойынша білім мен ғылымның
дамуына еркін жол ашылды. Бүкіл әлем бойынша саяси өмірдің зайырлы
бағытта дамуы М.Лютер ілімінің ықпалында болды.
МИЛЛЬ ДЖОН (1806-1873 жж.) – ағылшын философы, экономист,
қоғам қайраткері. Милльдің философиялық көзқарастары Карлейльдің,
Бентамның, Конттың ықпал етуімен қалыптасты. Ол ХІХ ғасырдағы
утилитаризм доктринасын насихаттап және одан әрі дамытқан аса ірі ағылшын
философы болып саналады.
Милль “Утилитаризм” еңбегінде моральдық теорияның пайдалы
принциптерін көрсетті. Пайдалылық принципі бақытқа бейімделгенде дұрыс,
ол бақыттан қашқанда дұрыс еместігін дәлелдеуге тырысты. Адамдардың
қандай тілекті ойлауына байланысты туындайтын адамның әрбір мейірімді ісі
жеке адам және жалпы қоғам үшін бақыт.
Милль этикалық утилитаризм үшін Бентамды әшкерелеген сыннан тыс
болғысы келді. Ал Бентам әркім өзінің меншікті қанағат сезімін іздейді, ол
қанағат сезімі ұлы мейірім деп көрсеткен еді. Осының негізінде ол адамдарды
эгоизм үшін кінәлады. Милль көптеген адам эгоистік жолға түспей әрекет
жасайтындықтан адамның қанағат алу талпынысын эгоистік деп есептеген жоқ.
Ол сонымен бірге Бентамның көзқарасы бойынша қанағаттың жоғары
және төмен болатынын көрсетті. “Утилитаризмнің” ең соңғы бөлімінде ол:
“бақыт – ең жоғары рухани құндылық” деген тұжырымды теріске шығаруды
қайта қарастырды. Қарсылық мына бағытта өрбіді: бақыт ең жоғары құндылық
бола алмайды, себебі көптеген жағдайларда біз әділдікті бақыттан жоғары
қоямыз. Милль әділдік адам құндылықтары иерархиясында шын мәнінде
жоғары құндылыққа ие, ал бақыт пен талпыныс оған адам тәртібінде үстемдік
ететін принциптер екеніне өз дәлелдерін ұсынды.
Милль өзінің философиялық көзқарастарында феноменалистік
позитивизм позициясында тұрды. Ол біздің барлық біліміміздің өзегі біздің
сенімдеріміз болып табылатын тәжірибеден туындайтынына иланды. Конттың
көзқарастарының кейбіреулерімен келіссе де, Милль оның әлеуметтік-саяси
көзқарасын қабылдай алмады, яғни, ол рухани және саяси деспотизмді қорғады
және жеке тұлғаның бостандығын жоққа шығарды деген ойда болды. Осыған
орай "Бостандық туралы" очерк жазып, біз адамдардың іс-әрекетіне олар
өзгелерге зиян келтіретін жағдайда ғана араласа аламыз деп көрсетті. Осы
очеркінде Милль ашық пікір таласы мен демократиялық дербестік туралы ой
қозғады. Ол әрбір адамның дәстүрлер нормаларын да да бостандығы болуы
тиіс деп есептеді.
МОНТЕСКЬЕ ШАРЛЬ ЛУИ (1689-1755 жж.) – француз саясаткері,
философ. Оның саяси мұраларында сол кезеңдегі саяси ойдың неғұрлым
маңызды жетістіктері қамтылған. Монтескье өзінің “Заңдардың рухы”
еңбегінде (1748) басқару типтерін екі критерий негізінде талдады: басқару
сипаты (жоғары өкіметтің институттық бөлінісі) мен басқару принципі
(мемлекеттің “пейілі”, “серіппесі”). Ол басқарудың үш типін сараптады:
республика, монархия және деспотия. Монтескье ұғымында демократиялық
республика – демократияның классикалық үлгісі: тікелей демократия,
173
азшылықтың көпшілікке бағынуы. Бұндай басқару, деп атап көрсетті ол,
талаптары мен қажеттіліктері бірдей адамдар өмір сүретін қоғамда ғана
табысты жүзеге асуы мүмкін. Ал бұл азаматтық рахымшылдық нәтижесінде
жүзеге асатын адамдардың моральдық келісімінде мүмкін, тек ғана азаматтық
рахымшылдық жағдайындағы демократиялық басқару принципі болып
саналады.
Монтескьенің “заңдар рухын” немесе “басқару бейнесін” айқындаған
деректердің өзара жиынтығы мәселелерін талдауы оның саяси ойға қосқан
үлесі болып табылады. “Көптеген нәрселер, - деп көрсетті ол, - адамдарды
басқарады: климат, дін, басқару принциптері, өткеннің мысалдары, өнегелер,
дәстүрлер. Осылардың барлығының нәтижесі ретінде халықтың жалпы рухы
пайда болады” (Ш.Л.Монтескье. Таңдамалы шығармалар, М. 1955. 412 бет).
Билікті бөлу теориясы – Монтескьенің ғылымдағы ең маңызды табысы.
Алғаш рет бұл ілім Англияны Кромвельдің басқаруы тұсындағы заң актілерінде
қолдау тапты. Даму нәтижесінде билік бөлінісінің әдісі қалыптасқан британдық
саяси жүйеге талдау жасай отырып, Монтескье оны теориялық жағынан
байытты. Саяси билік әрқашанда зорлық-зомбылық жасамай тұрмайды. Бұл
адам табиғатынан туындайды. Сол себептен әртүрлі биліктер өзара бірімен бірі
ынтымақтасуға мүмкіндік бермеу үшін жоғарыда көрсетілгендей, билікті заң
шығарушы, атқарушы және сот билігі етіп бөлгенде ғана заң үстемдігі
қамтамасыз етіледі.
Монтескьенің осы идеялары негізінде мемлекет билігінің үш буыны
(тармағы) – заң шығару, істі атқару (атқарушы билік) және сот билігін ажырату
қалыптасты. Монтескье Локктың биліктердің бөлінуі туралы идеясына нақты
түр беріп биліктің тармақтарының бір-бірімен теңестірілуі (яғни, бір-біріне
үстемдік етпеуі) қажет деп санады.
Ш.Монтескьенің идеялары ХУІІ ғасырдың аяғында Францияның
Конституциялық Заңдарында көрніс тауып, 1787 жылғы АҚШ-тың
Конституциясынан орын алды. Міне осыдан бастап саяси билікті бөлу
теориясы бүкіл әлемге тарады.
НАВОИ ӘЛИШЕР (1441-1501 жж.), өзбек ақыны, ойшылы. Орта
Азияда билеушілердің зорлығы мен өктемдігін әшкереледі, халықтың қамын
ойлайтын, мәдениеттің дамуына демеу болатын сауатты ел билеушілердің
бейнесін жасады. Патша «Құдайдың жердегі көлеңкесі, ол құдай сияқты
мейірімді болуы парыз» деп жазды.Навои сән-салтанатпен, халыққа
қайырымсыз өмір сүруші билеушілерді әшкереледі
НИЗАМИ ГАНДЖЕВИ (1141-1209 жж.), әзірбайжан ойшылы, ақыны.
Шахтар мен шонжарлардың зорлығын әшкереледі. «Мәңгілік бақыт тек ғана
қанаудың болмауында, билеуші әділетсіздік пен зорлықты болдырмауға тиіс»
деп тұжырымдады. Оның «Ескендір-намэ» поэмасында тек ғана әділеттік емес,
сонымен қатар мүліктік теңдік орнаған идеалды қоғамды суреттейді. Ол
сондай-ақ нәсіл теңдігін «ақ та, қара да – бәрі Жердің балалары, эфиоп- қара
темірдей, оның терісі қара, бірақ жаны ақ» деген принциппен түсіндірді.
РУССО ЖАН ЖАК (1712-1778 жж.), Францияның ойшыл-ағартушысы.
Оның еңбектерінде мемлекеттің пайда болуы тұжырымы басты орын алады.
174
Руссоның пікірі бойынша, мемлекеттің пайда болуы байлардың өздеріне
тәуелді кедей еңбекші топтарды қенау үшін жасалатын астыртын әрекеттерінің
нәтижесі. Осы қаталдықтан қалай құтылу керек? Өзінің «Қоғамдық келісім»
деген еңбегінде ол демократиялық билік идеясын ұсынды, оның мәні халықтың
заң шығар ісіне қатысуы. Халықтың бостандығын қолдап, Руссо шеттетілмеген
адамның «табиғи құқығын» айқындайды және халықтың бостандық үшін
көтеріліске шығу құқығы бар екенін табиғи келісім-шарттары негізінде
зертейді.
Руссо ілімі бойынша, үкімет билігі халықтың декретімен және
қаулысымен орнайды. Қандай да халық жиналысы екі мәселені қоюға тиіс: 1.
Халыққа орын алып отырған билікті сақтау қажет пе? 2. Үкімет билігі кімнің
қолында қалады? Руссоның идеалы: «Бірде бір азаматтың басқаны сатып
алардай бай болмауы, бірде-бір адам басқаға өзін сататындай кедей болмауы
керек». Руссо мемлекет билігі толығымен халықтың қолына көшуін жақтайды.
Бұдан оның ағартушылық дәуірі ойшылдарының, жоғары өркениеттің өкілі
екендігі көрінеді.
ПЛАТОНның (б.з. дейінгі 427-347 жж.), атақты ежелгі грек философы,
Аристотельдің ұстазы. Ойшылдың әлеуметтік қағидаларындағы басты орын
алған мәселе саяси өмірдегі мемлекеттің орны. Платон халықтың тіршілігі үшін
мемлекеттің ролін бағалай келе, оның тұрақты болу шарттарына көп көңіл
аударады. Платонның пікірі бойынша, мемлекеттің сапасындағы шешуші роль
адамдардың білігі, патшалардың білімі ,ел басқару қаблеті, ал ең маңыздысы -
ел билеушілердің заңға бағынуы. «Менің білуімше, - деп жазады Платон – заң
күшінен айырылған және біреудің билігінде болған мемлекеттің құлдырауы
күмәнсіз».
Платонның саяси ойлары негізінен “Мемлекет”, “Саясаткер”,
“Заңдар”атты еңбектерінде баяндалған. Адамдардың бақытты қоғам орнату
проблемаларын мемлекеттің абстрактылы моделін жасау арқылы шешуге
ұмтылды.
Мемлекет билігінің негізгі идеясы – мейірімділік, шынайы білім,
парасатты басқару. Философ және моралист ретінде Платон азап шегуші
қарапайым халықтың аянышты өміріне қарсы тұрады. “Мемлекет” трактатында
алғашқылардың бірі болып саяси билік үлгілеріне сипаттама береді.
Мемлекеттің жетілмеген жағымсыз типтері ретінде тимократия, олигархия,
демократия және тирания көрсетіледі. Оларға мемлекеттің ең жақсы түрі –
сайланған философ-даналарының әділ басқаруы қарсы қойылады, өйткені
шынайы білім тек ғана осы “сирек адамдарға” бұйырған. Платон әлеуметтік
топтардың қатаң иерархиясын енгізеді: жоғары таптың өзара жиынтығын
құрайтын философтар(басқарушылар), сарбаздар (жауынгерлер), қолөнер
шеберлері, шаруалар (төменгі тап немесе топ). Білім мен тәрбие жұмысы қатаң
бақылауда болуы тиісті. Платон идеясына сүйенсек, қоғам – бір-біріне сәйкес
келетін,бірін-бірі толықтыратын адамдар қауымының қажеттілігін бірлесіп
қанағаттандыру үшін қажет. Басқарушылар мен сарбаздарда отбасы да, меншік
те жоқ, олар үшін барлығы ортақ. Жоғарғы таптағылардың басқару билігі өз
қолдарында болса да, қолөнер шеберлері мен шаруалардың еңбегі есебінен
175
өмір сүрсе де, олар“мемлекет тарапынан ештеңені пайдаланбайды”. Біз
мемлекетті «тек ғана бір адам бақытты болу үшін емес, тұтас алғанда бәрі
бақытты болуы үшін құрамыз»- дейді Платон.
“Саясаткер” және “Заңдар” еңбектерінде Платон шынайы білімге
негізделген мемлекетті ғана өз міндетін орындайды деп есептейді.
Ел басқарушылары арасында шынайы саяси қайраткерлер жетіспегендіктен
оның есесін мемлекеттік заңдармен толықтыру керек дейді. Платон
“Заңдарында” мемлекеттік құрылыстың екінші үлгісін көрсетіп, мемлекет
басқарушыларын бақылау жүйесін енгізуді ұсынады.
ПАРСОНС ТАЛКОТТ (1902-1979 жж.) – көрнекті американдық
әлеуметтанушы. 1949 ж. Америкалық әлеуметтік ассоциациясының президенті
болып сайланды. Парсонс - әлеуметтануда жүйелік-функциялық мектептің
және іс-әрекет теориясын жасаушы. Американдық әлеуметтану - эмпирикалық
зерттеулеріне талдау жасағанда, Парсонс, керісінше оның саналуандылығына,
адам шындығын қамтитын жалпы аналитикалық, логикалық-дедуктивтік,
теориялық жүйе жасауға ұмтылды.
Антропологиялық функционализм мен тепе-тең күш теориясының
әсерінде тұрып, Парсонс қоғамның қалыптылығы мен өмір сүру шарттарын
зерттейді,оның құрылымдық-функциялық әдісіне іргетас болып саналатын
жүйеде кез-келген басқа жүйенің сақталуын және өмір сүруін қамтамасыз
ететін негізгі төрт функциялық талаптарды белгілейді: бейімделу, мақсатқа
жету, интеграция және үлгіні қолдау. Әлеуметтік жүйе деңгейінде бейімделу
функциясын экономикалық желі, мақсатқа жету функциясын – саяси,
интеграция функциясын – құқықтық институттар мен дәстүрлер, модельді
қолдау функциясын – сенім жүйесі, мораль мен саяси субъект органдары
(отбасы, білім институттары және басқалары) қамтамасыз етеді.
Парсонстың пікірінше, әлеуметтік жүйені зерттеу үшін осы үлгілер үш
қызмет атқарады,олар: құндылықтар, белгіленген заңдар және ұжымдық
ұйымдар қызымет атқарады. Кез-келген әлеуметтік жүйенің саяси қызметі
жүйеге енгізілген жалпыға бірдей, ұжымдық мақсаттарды жүзеге асыру
процестеріне қатынас тұрғысынан қарағанда, оны ұйымдастыру мен
функциялауға келіп тіреледі. Дифференцияланған қоғамда саяси іс-әрекет
әдетте мемлекеттің ұжымдық ұйымдары кешенінде қалыптасқан. Билік
жүйесінің дамуы, ұжымдық мақсаттар мен шешімдер жасақтау және оны
жүзеге асыру мемлекеттің негізгі саяси функциялары болып табылады.
ЦИЦЕРОН (б.з. дейінгі 106-43 жж.) – римдік шешен, мемлекет
қайраткері, жазушы. Цицерон ғылымда өз көзқарастарын білдіру үшін басқа
ойшылдардың саяси білімдерін кеңінен таратуға күш салды. Сөйтсе де,
Цицеронның еңбектері өзіндік құрметке бөленіп, ғылымда көп таралды. Оның
еңбектеріне христиандық авторлар, Қайта өрлеу дәуірі мен Ағарту кезеңінің
ойшылдары аса қызығушылық білдірді.
Цицеронның саяси ілім тарихындағы шынайы құндылығы - оның грек
стоиктерінің табиғи құқығы туралы іліміне жасаған зерттеу қорытындыларын
Батыс Еуропада ХІХ ғасырға дейін саяси білімдер жүйесінде кеңінен
пайдалануынан көрінеді. Цицерон өзінің “Мемлекет туралы” еңбегінде
176
табиғаттың мәртебелі заңы өмір сүретінін, оның қайнар көзі әртүрлі деңгейдегі
құдіретті бастаулар мен адамдардың әртүрлі ұтымды әлеуметтік жаратылысы
екенін көрсетеді. Цицеронның пікіріне сүйенсек, табиғи құқық (мәртебелі,
шынайы заң) – табиғатқа тиесілі барлық адамдарға қатысты, ал олардың өз
міндетін орындауға шақыратын, бостандығын шектеуді көздемейтін қасиет
әділетті ақыл болып табылады.Шынайы мемлекеттік заң – барлық жерде,
барлық халықтар үшін біреу және әркезде өз күшін сақтайды Цицеронның
табиғи құқық туралы осы аса құнды қағидаларын кейін рим заңгерлері мен
шіркеу әкелері асыл мұра санап одан әрі дамытты.
Цицерон мемлекет басқарудың үш қарапайым үлгісін ұсынады: патшалық
өкімет, оптиматтар өкіметі (ақсүйектік билік) және халық өкіметі (демократия).
“Патшалар бізге өзінің ізгілігімен, оптиматтар даналығымен,ал, халық –
бостандыққа құштарлығымен тартымды». Оның пікірінше, биліктің осы
көрсетілген ерекше сипаттары Аристотель мен Полибийдің үздік деп санаған
мемлекет басқарудың аралас түрінде болуы қажет. Көпшілік пен азшылық
арасындағы тепе-теңдікті сақтау және олардың мүдделерін қорғау мәселесін
шешудегі Цицеронның тұжырымдамаларына Платонның саяси- әлеуметтік
идеяларының тигізген үлкен әсері байқалады.
177
ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРҒА, БАЯНДАМАЛАРҒА
ЖӘНЕ МӘНЖАЗБАЛАРҒА АРНАЛҒАН
ТАҚЫРЫПТАР
1. Саяси білімдердің қалыптасу тарихы
2. Аристотель – саяси ғылымның негізін салушы
3. Қоғам өміріндегі саясаттың орны
4. Әл-Фарабидің саяси идеялары
5. Саяси билік: табиғаты, мәні
6. Н.Макиавелли, оның саяси билік туралы идеялары
7. Саяси режимдер
8. Шарль Монтескье, оның саяси билікті бөлу туралы теориясы
9. Мемлекет, оның пайда болуы мен мәні
10. Мемлекеттің ұлттық-территориялық құрылымының түрлері
11. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет
12. Демократияның даму тарихы
13. Демократияның даму проблемалары
14. Демократиялық қоғамның негізгі белгілері
15. Қазақ даласы тарихындағы демократиялық қатынастардың көрінісі
16. Шоқан Уәлиханов, оның саяси идеялары
17. Макс Вебер, оның саяси идеялары
18. Саяси партиялардың пайда болуы, қызметтері
19. «Алаш» - Қазақстандағы алғашқы либералдық-демократиялық саяси
партия
20. Көппартиялықтың қалыптасуы, оның саяси өмірдегі маңызы
21. Қазақстанда көппартиялықтың қалыптасу тарихы
22. Саяси мәдениет: мәні, қалыптасуы, ролі
23. Саяси идеология: теориясы, қалыптасу тарихы
24. Джон Локк, оның либерализм идеологиясы
25. Республика, оның қалыптасу тарихы
26. Конституциялық монархия, оның қалыптасу тарихы
27. Тоталитарлық және авторитарлық режимдер
28. Парламент: қалыптасу тарихы
29. Қазақстан Халқы Ассамблеясы
30. Қазақстан Республикасы халықаралық қатынастар жүйесінде
178
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДАҒЫ АСА ЕЛЕУЛІ
САЯСИ ОҚИҒАЛАР ТІЗБЕГІ
1 Сақтардың тайпалық одағындағы «әскери
демократиялық» саяси құрылысының пайда
болуы
Б.з.д. І мыңжылдықтың
екінші жартысы
2 Қаңлы мемлекетінің саяси билік жүйесіндегі
ақсақалдар кеңесінің қалыптасуы
Б.з.д. ІІІ-ІІ ғғ.
3 Қазақстан территориясындағы көшпелі
тайпалардың үстемдік алуы
Б.з.д. І мыңжылдықтың
екінші жартысы
4 Шаньюй Моде билік еткен кезеңдегі ғұндар
бірлестігінің аса нығайған уақыты
Б.з.д. 188 жыл
5 Ғұндардың қоныс аударуының бірінші
толқынындағы Қазақстан жеріне келуі
55 жыл
6 Түркі тілдес ғұндардың шабуылдарымен
байланысты «Халықаралық ұлы қоныс
аудару» кезеңі
І - ІУ ғғ.
7 Ғұндар бірлестігінің саяси билік жүйесіндегі
ағамандар кеңесі мен халық жиналысының
қалыптасқан кезі
І – ІІІ ғғ.
8 Гуньмо Цылимидің басқаруымен Үйсін
мемлекетінің күшейген кезі
Б.з.д. 45-14 жж.
9 Монголиядан Шығыс Еуропаға дейінгі
бірыңғай түрік тілдес «теле» тайпаларының
қалыптасқан кезеңі
ІІ – Үғғ
10 «Түрік» атауының алғашқы шығуы 542 ж.
11 Бумын басқарған ең алғашқы Түрік
қағанатының (мемлекетінің) пайда болуы
552 ж.
12 Батыс түрік қағанаты империясының
хронологиялық шеңбері
603-704 жж.
13 «Күлтегін» ескерткішінің қойылған уақыты 734 ж.
14 Атлах (Тараз) шайқасында қытайлықтарды
жеңіп арабтардың үстемдік алған жылы
751 ж.
15 Қарлұқтардан бастап «қаған» деген атаудың
«хан» деген атауға айналуы
840 ж.
16 Қазақстанның оңтүстік жерлерінің Араб
Халифатының құрамына кіруі
840-890 жж.
17 Қазақстан жері Тараз қаласындағы алғашқы
мешіттің ашылуы
893 ж.
18 Оғыз мемлекеті кезіндегі саяси биліктің
әскери демократия түрінің өзгертіліп
хандарды сайлау әдісіне көшуі
ІХ – Х ғғ.
19 Әртүрлі тарихи оқиғаларды жырлаған
«Қорқыт Ата кітабының» шыққан кезі
ІХ ғ.
179
20 Оғыздар мемлекетінің Киев Русімен
одақтасқан жылы
965 ж.
21 Ұлы Жібек жолының тарихи хронологиялық
шеңбері
Б.з.д. ІІ ғ. –
б.з. ХІУ ғ.
22 Қарахан мемлекетіндегі әскери басқарудың
әкімшілік басқарудан бөлініп шыққан кезі
Х ғ.
23 Қарахан мемлекетіндегі «иқта», «мұқта» деп
аталған әлеуметтік-саяси тәртіптің енген кезі
Х ғ.
24 Қарахан мемлекетіндегі ислам дінінің
мемлекеттік дін ретінде бекітілуі
960 ж.
25 «Қыпшақ» атауының ең бірінші шығуы 760 ж.
26 «Оғыздар даласының» орнына «Дешті
Қыпшақ» атының пайда болуы
ХІ ғасырдың екінші
ширегі
27 Ел-бөрілі әулеті басқарған шығыс Қыпшақ
қағанатының Қазақстан жерінде қалыптасқан
кезі
ХІ ғ.
28 «Кодекс куманикус» - қыпшақ тілінде
жазылған халық ауыз әдебиеті және құқықтық
ережелер жинағы
ХІІ ғ.
29 Моңғолдардың Жетісуды ешбір қарсылықсыз
басып алған жылдары
1210-1211 жж.
30 Шыңғысхан әскерінің Қазақстан жеріне
жорығының басталуы
1219 жылғы қыркүйек
31 Моңғол басқыншылығы салдарынан
Қазақстанның Шыңғыс хан империясының
құрамына енуі
1224 ж.
32 Қазақстан жерінің Жошы, Шағатай, Үгедей
ұлыстарына енуі
1237 ж.
33 Шыңғысханның «Ұлы ясасы» (ясақ,
моңғолша «дзасақ») деген заңдар мен
ережелер жиынтығының шығуы
ХІІІ ғ.
34 Алтын Орда империясының құрылған уақыты ХІІІ ғасырдың орта
тұсы
35 Өзбекхан исламды Алтын Орданың
мемлекеттік діні деп жариялауы
1312 ж.
36 Едігенің Алтын Орда империясында билік
жүргізуі
1396-1411 жж.
37 Шағатай ұлысынан (мемлекетінен)
Моғолстанның бөлініп шығуы
ХІУ ғ. орта кезі
38 Ақ Орда мемлекетінің дербестік алуы ХІУ ғ. басы
39 Ақ Ордада Орыс ханның билігі 1361-1376 жж.
40 Орыс ханның Алтын Орда астанасы Сарайды
жаулауы
1374-1375 жж.
41 Әмір Темірдің билігі 1370-1405 жж.
180
42 Әмір Темірдің Алтын Орданы талқандауы 1395 ж.
43 Едігенің баласы Нұрадиннің Ноғай
Ордасындағы билігі
1426-1440 жж.
44 Ақ Орданың орнына келген Әбілқайыр
хандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті)
1428-1468 жж.
45 Әбілқайыр хандығы жерінен Жәнібек пен
Керей басқарған қазақтардың Моғолстанның
жеріне жаппай көшуі
1452-1462 жж.
46 Моғолстанның ең соңғы ханы Есенбұғаның
қайтыс болуы
1462 ж.
47 Жәнібек пен Керей сұлтандардың
Моғолстанның батыс жерлеріндегі билікті
қолына ала бастауы
1462-1465 жж.
48 Ең алғашқы Қазақ хандығының
(мемлекетінің) орнатылуы
1465-1466 жж.
49 Қазақ жүздерінің қалыптасып жетілу кезеңі ХУ ғ.
50 «Қасым ханның қасқа жолы» заңдарының
тарауы
1511-1523 жж.
51 «Бабыр-нама», «Аруз туралы трактат» тарих
пен саясат туралы шығармалардың авторы
Захир ад-дин Мұхаммед Бабырдың
шығармашылық уақыты
1483-1530 жж.
52 Қазақ хандығына ең алғашқы рет Ресей елшісі
Третьяк Чебуковтің келуі
1573 ж.
53 Ермактың Сібір хандығына соғыс жорығы 1581-1582 жж.
54 Тәуекел ханның Мәскеуге бірінші қазақ
елшісі Құлмұхаммедті аттандырған жыл
1594 ж.
55 Тәуекел ханның орыс елшісі Вельяминов-
Зерновты қабылдаған уақыты
1595 ж.
56 «Есім ханның ескі жолы» заңдарының тарауы 1598-1628 жж.
57 Жоңғар хандығының құрылуы 1635 ж.
58 Тәуке ханның Тобольскіге Тәшім батыр
бастаған елшілігін жіберуі
1687 ж.
59 Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар
жинағының шығуы
ХУІІІ ғ. аяғы
60 Бөгембай батырды қазақ жасағының басшысы
етіп сайлаған Қарақұмдағы қазақ жүздері
өкілдерінің съезі
1710 ж.
61 Қазақ тарихи әдебиетінің ескерткіші
Қадырғали Жалаиридің «Жәми ат-таварих»
шығармасының шығуы
ХУІІ ғ.
62 Төле би Әлібекұлы 1663-1756 жж.
63 Қазыбек би Келдібекұлы 1665-1765 жж.
64 Әйтеке би Байбекұлы 1682-1766 жж.
181
65 Қазақ халқының қалыптасуының соңы ХУ ғ.
66 Ибн Рузбиханның «Михман-наме-ий Бухара»
деген шығармасында «Екінші тайпа -
қазақтар» деп бірінші рет аталуы
ХУІ ғ.
67 Араб ғалымы Зайнаддин Васифи өзінің
«Бадам ал-вакаи» деген шығармасында ең
алғашқы рет «Қазақстан» деген сөзді атауы
ХУІ ғ.
68 Қайып, Әбілқайыр сұлтандардың Петр1-ге
жоңғар қауіпіне қарсы одақтасу жөнінде сөз
салуы
1717 ж.
69 «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»
жылдары
1723-1725 жж.
70 Әбілқайыр ханның елшісі Көбековтың
Петербургке баруы
1726 ж.
71 Қазақ әскерлерінің жоңғарларды жеңген
«Қалмақ қырылған» шайқасы
1728 ж.
72 Қазақ жасағының жоңғарларды талқандаған
«Аңырақай» шайқасы
1730 ж.
73 Кіші жүз ханы Әбілқайырдың С.Қойдағұл мен
Қ.Қоштайды Ресейге елшілікке жіберуі
1730 ж., қараша
74 Кіші жүзді Ресей қоластына алу туралы
императрица Анна Иоановнаның берген
грамотасы
1731 жыл,
19 ақпан
75 Кіші жүздің Ресей империясы құрамына
қосылу туралы келісімге қол қойылуы
1731 жыл,
10 қазан
76 А.Тевкелев бастаған орыс елшілігінің Кіші
жүздің Ресей қол астына кіруі туралы ант алу
үшін қазақ еліне келуі
1731-1732 жж.
77 Орынбор қаласының ірге тасының қалануы 1735 жыл, 15 тамыз
78 Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай
сұлтанның Ресей қарауына өту туралы ант
беруі
1740 жыл,
5 қараша
79 Ресей үкіметінің Жайық бойына қазақтардың
көшіп-қонуына тиым салған Жарлығы
1742 жыл,
19 қазан
80 Кіші жүз ханы Әбілқайырдың өлтірілуі 1748 жыл, тамыз
81 Ресей сыртқы істер коллегиясының Орта жүз
қазақтарына Ертістің оң жағалауына өтуге
тиым салған Жарлығы
1755 жыл, наурыз
82 Жоңғар хандығының құлауы 1758 ж.
83 Абылай хан таққа отырған жылдары 1771-1781 жж.
84 Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісін Кіші
жүз қазақтарының қолдауы
1773 жыл, қыркүйек
85 Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз
қазақтарының көтерілісі
1783-1797 жж.
182
86 «Игельстром реформасы» Шекаралық соттың
құрылуы
1786 ж.
87 Көтерілісшілердің Есім ханның ауылын
талқандап, оны өлтіруі
1797 жыл,
тамыз
88 Кіші жүзде хан кеңесінің құрылуы 1797 жыл, тамыз
89 Бөкей хандығының құрылуы (Ішкі Орда) 1801 ж.
90 Қазақстанның оңтүстігіндегі қазақтардың
Қоқан езгісіне қарсы көтерілісі
1821 ж.
91 «Сібір қырғыздары» туралы Ресей
Жарғысының енгізілуі және Орта жүздегі
хандық биліктің жойылуы
1822 ж.
92 Қазақстанда округтердің құрылуы 1822-1844 жж.
93 Бөкей хандығында Жәңгір ханның ел билеуі 1823-1845 жж.
94 «Орынбор қырғыздары туралы» Ресей үкіметі
Жарғысының қабылдануы. Кіші жүздегі
хандық биліктің жойылуы
1824 ж.
95 Кіші жүзде дистанциялық басқару жүйесі
болған кезі
1831-1868 жж.
96 Бөкей хандығындағы И.Тайманұлы мен
М.Өтемісұлы басқарған көтерілісі
1836-1838 жж.
97 Сұлтан Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-
азаттық қозғалыс
1837-1847 жж.
98 Кенесары Қасымұлын хан етіп сайлауы 1841 ж.
99 Кіші жүзде Шекаралық басқарудың облыстық
басқарумен алмастырылуы
1844 ж.
100 Бөкей Ордасындағы хан билігінің жойылып
басқару жөніндегі «Уақытша кеңестің»
құрылуы
1845 ж.
101 Жанқожа Нұрмұхамедов, Есет батыр
басқарған Арал өңірі қазақтарының Хиуа
хандығы мен Ресейге қарсы ұлт-азаттық
күресі
1847-1860 жж.
102 Алматы шатқалында Верный бекінісінің
салынуы
1854 ж.
103 Ресей әскерлерінің Шымкентті басып алуы
Ұлы жүздің толығымен Ресей империясының
құрамына өтуі
1864 ж.
104 Қазақстандағы әскери-сот комиссиялары мен
уездік соттардың құрылуы туралы Ресей
үкіметінің реформалары
1867-1868 жж.
105 Орал, Торғай және Маңғыстаудағы қазақтар
көтерілісі
1869-1870 жж.
106 Ресей үкіметінің «Село тұрғындарын қырғыз
(қазақ) даласына қоныстандыру туралы
1880-1888 жж.
183
ережелерді» енгізуі
107 Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс
аударуы
1881-1884 жж.
108 «Түркістан өлкесін басқару жөніндегі ереже» 1886 жыл,
12 маусым
109 «Ақмола, Семей, Орал және Торғай
облыстарын басқару жөніндегі ереже»
1891 жыл,
25 наурыз
110 Қазақстанға арналған Ресейдің «Далалық
облыстарының сот ісі құрылысы жөніндегі
заңы»
1898 жыл,
2 маусым
111 Орал, Петропавл қалаларында социал-
демократиялық партия үйірмелерінің
ұйымдастырылуы
1902 ж.
112 Ресей үкіметінің шешімі бойынша ресей
шаруаларын қоныс аудару үшін Қазақстанда
қоныс аудару басқармаларының құрылуы
1904 ж.
113 Орал, Семей қалаларында Ресейдің
конституциялық-демократиялық (Кадет)
партиясының Қазақ филиалын құру үшін І, ІІ
қазақ делегаттарының съездері
1905 жылғы қазан –
1906 жылғы ақпан
114 Қазақ зиялыларының идеялық-саяси
пікірлерін білдіруші «Айқап» журналының
шығуы
1911-1915 жж.
115 Ұлттық либералдық-демократиялық
бағыттағы идеяларды білдіретін «Қазақ»
газетінің шығарылуы
1913-1918 жж.
116 Бірінші дүниежүзілік соғыстың тылдық
жұмыстарына қазақ жігіттерін аттандыру
жөніндегі Ресей патшасы Жарлығының
шығуы
1916 жыл,
25 маусым
117 Амангелді Иманов басқарған қазақ
шаруалары көтерілісіндегі Торғай қаласын
қоршап алуы
1916 жыл,
22 қазан
118 Ресейдегі Патша өкіметін құлатқан
буржуазиялық-демократиялық революциясы
1917 жыл,
27 ақпан
119 Ресей мен Қазақстанның жерінде Уақытша
үкімет билігінің құрылуы
1917 жыл,
2 наурыз
120 Ресей империясы Қосөкімет (Уақытша Үкімет
– Кеңестер өкіметі) жағдайында
1917 жыл,
(2 наурыз – 7 қараша)
121 Верный, Петропавл, Семей қалалары
Кеңестерінің 8 сағаттық жұмыс күнін енгізуі
1917 жыл,
наурыз - сәуір
122 «Алаш» партиясы құрылған Орынбордағы І
Бүкілқазақтық съезі
1917 жыл,
21-26 шілде
123 «Алаш Орда» автономиясының негізін салған 1917 жыл,
184
ІІ Бүкілқазақтық съезі 5-12 желтоқсан
124 Социализмнің негізін салған Ресейдегі
социалистік революция
1917 жыл,
25 қазан (7 қараша)
125 Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы 1917 жылғы қараша –
1918 жылғы наурыз
126 Түркістан Коммунистік партиясының І съезі 1918 жыл,
17-25 маусым
127 РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің
«Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі
Революциялық комитеті туралы» декреті
1918 жыл,
10 шілде
128 Қазақстандағы Кеңес өкіметін қорғау үшін
азамат соғысының алғашқы ошақтарының
Торғай облысының әкімшілік орталығы
Орынборда қалыптасуы
1917 жыл, қараша
129 Түркістан Кеңестік Федеративтік
Республиканың құрылуы
1918 жыл,
30 сәуір
130 Алаш Орда басшыларының қарулы күштерін
құру жөніндегі ұсыныстары
1918 жыл, шілде
131 Станислав Пестковский төрағалық еткен
Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Ревкомның
(Революциялық Комитеттің) қызметі
1919 жыл, 10 шілде.
1920 жыл, 26 тамыз
132 М.Калинин мен В.Лениннің қол қойған
астанасы Орынбор қаласы болған «Қырғыз
(қазақ) Кеңестік Автономиялық социалистік
республикасын құру туралы» Декреттің
қабылдануы
1920 жыл,
26 тамыз
133 Сейтқали Мендешевтің Қырғыз (қазақ) КАСР
Орталық Атқару Комитетінің басшысы
болуы
1920-1925 жж.
134 Қазақстан «Әскери коммунизм» саясаты
жағдайында
1918-1920 жж.
135 Қазақстанда «Қосшы», «Кедей», «Жарлы»
кеңестік одақтардың құрылуы
1921 ж., сәуір
136 Қазақстан Жаңа Экономикалық Саясат
жағдайында
1921-1925 жж.
137 КСРО-ның құрылуы 1922 жыл,
30 желтоқсан
138 БК(б)П-ның елді социалистік
индустрияландыру жөнінде шешім
қабылдаған съезі
1925 жыл, желтоқсан
139 Қазақ халқының тарихын дұрыс қалпына
келтіру үшін Қырғыз АКСР-ін Қазақ АКСР-і
деп атау туралы қаулы
1925 жыл,
19-25 сәуір
185
140 Қазақстан астанасының Орынбордан
Қызылордаға көшірілуі
1925 ж.
141 Ауыл шаруашылығын кеңестік ұжымдастыру
жөніндегі ВКП (б)-ның ХУ съезі
1927 жыл,
2-19 желтоқсан
142 Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің
байлардың мал-мүлкін конфискілеп, оларды
жер аудару туралы декреті
1928 жыл,
27 тамыз
143 Колхозшылардың Бүкілқазақстандық І съезі 1928 жыл, 1-3 қараша
144 Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің
латын алфавитіне көшу туралы қаулысы
1928 жыл,
20 желтоқсан
145 Қазақ АКСР астанасының Қызылордадан
Алматыға көшірілуі
1929 жыл, мамыр
146 Қазақстанға Ресей орталықтарынан 25 мың
жұмысшылардың келуі
1930 жыл,
наурыз-мамыр
147 «Бесеудің хаты» 1932 жыл, шілде
148 Қазақ Автономиялық КСР-нің Одақтас
Республика болып құрылуы
1936 жыл
149 Қазақстан Кеңестерінің Төтенше Х съезі
Қазақ КСР Конституциясының қабылдануы
1937 жыл,
21-26 наурыз
150 КОКП-нің құрамдас бөлігі болған Қазақстан
Коммунистік партиясының І съезі
1937 жыл,
5-12 маусым
151 Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің (Советінің)
бірінші сайлауы
1938 жыл,
24 маусым
152 Қазақстан Лениншіл Коммунистік Жастар
Одағының (ЛКЖО, Комсомол) ІІ съезі
1939 жыл,
12-21 ақпан
153 Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы.
КСРО бойынша Жалпыға бірдей әскери
міндеткерлік Заңның қабылдануы
1939 жыл,
1 қыркүйек
154 Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қазақ тілін
кириллица графикасына негізделген жаңа
алфавитке көшіру туралы заң қабылдауы
1940 жыл,
10 қараша
155 28 гвардияшы-панфиловшылардың Мәскеу
түбіндегі Дубосеково маңындағы
қаһармандық ерлігі
1941 жыл,
16 қараша
156 «Эвакуацияланған халықтың мұқтажы үшін
жергілікті ресурстарды пайдалану және
жергілікті шикізаттардан көпшілік тұтынатын
заттар өндіруді ұйымдастыру туралы» Қазақ
КСР Халық Комиссарлары Кеңесі мен
Қазақстан К (б) П Орталық Комитетінің
қаулысы
1941 жыл,
1 желтоқсан
157 Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының
«Қазақ КСР-ның Мемлекеттік гимні» туралы
Указы
1945 жыл
186
158 Қазақ КСР Ғылым Академиясының ашылуы 1946 жыл,
1 маусым
159 Азық-түлік пен өнеркәсіп тауарларына
карточканы жою туралы құжат (шешім)
1947 жыл,
14 желтоқсан
160 «Бекмахановтың ісі» бойынша дарынды
тарихшы Ермұхан Бекмахановтың сотталуы
1952 жыл,
4 желтоқсан
161 Сталиннің қайтыс болуы 1953 жыл,
5 наурыз
162 КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы
болып Н.С.Хрущевтің сайлануы
1953 жыл, қыркүйек
163 Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің
бірінші хатшысы Ж.Шаяхметовтың орнына
П.К.Пономаренконың тағайындалуы
1954 жыл, ақпан
164 КОКП Орталық Комитеті Пленумының тың
және тыңайған жерлерді игеру туралы шешімі
1954 жыл, ақпан
165 Сталиннің жеке басына табынушылықты
сынға алып, талдау жасаған КОКП-нің ХХ
съезі
1956 жыл,
14-25 ақпан
166 Теміртау қаласындағы жұмысшылар
толқулары (металлургиялық комбинатты
салушы құрылысшылардың тұрмыс
жағдайларының нашарлығына байланысты)
1959 жыл
167 Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің
Пленумы Д.А.Қонаевты Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші
хатшысы етіп сайлады (Бұл қызметте ол кісі
1986 жылдың желтоқсанына дейін болды)
1960 жыл,
Қаңтар
168 КОКП Орталық Комитетінің Пленумы
(Мәскеу) Н.С.Хрущевті Бірінші хатшы
қызметінен босатып, Л.И.Брежневті сайлады
(Бас хатшының қызметін 1982 жылға дейін
атқарды)
1964 жыл,
15 қазан
169 Қазақ КСР-ның жаңа Конституциясын
қабылдау
1978 жыл
170 КСРО-да саясат, экономика, рухани
салалардағы дағдарыс жағдайлары
1980-ші жылдар
171 КОКП ОК-і Пленумында «Қайта құру»
саясатының жариялануы
1985 жыл, сәуір
172 Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің
бірінші хатшысы болып Г.В.Колбиннің
тағайындалуы (Бұл қызметте ол 1989-шы
жылға дейін болды)
1986 жыл,
16 желтоқсан
173 Алматыдағы Қазақстан жастарының
демократиялық қозғалысы
1986 жыл,
17-18 желтоқсан
187
174 «Невада-Семей» экологиялық қозғалысының
құрылуы (О.Сүлейменовтің басқаруымен)
1989 жыл,
мамыр-маусым
175 Балқаш пен Аралдың экологиялық жағдайы
жөніндегі Комитеттің құрылуы
(М.Шахановтың бастауымен)
1989 жыл,
мамыр-маусым
176 Тарихи-ағарту «Әділет» қоғамының құрылуы 1989 жыл
177 Қазақстанда 100-ден астам қоғамдық-саяси
ұйымдардың құрылуы
1990 жыл
178 Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Қазақстанда
Президенттік басқару туралы Заң қабылдауы
1990 жыл,
24 сәуір
179 Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің
Н.Ә.Назарбаевты Қазақ КСР-ның Президенті
қызметіне сайлауы
1990 жыл,
сәуір
180 Қазақ КСР-ның «мемлекеттік егемендігі
туралы Декларациясының» қабылдануы
1990 жыл,
25 қазан
181 Қазақстан Президентін бүкілхалықтық сайлау 1991 жыл,
1 желтоқсан
182 Қазақ КСР орнына Қазақстан Республикасы
атауының енгізілуі туралы заң
1991 жыл,
10 желтоқсан
183 Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі
туралы Конституциялық Заң
1991 жыл,
16 желтоқсан
184 Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД)
құру туралы Алматы Декларациясы
1991 жыл,
21 желтоқсан
185 Қазақстанның толық өкілетті мүше ретінде
БҰҰ-ға кіруі
1992 жыл,
2 наурыз
186 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
нышандары (рәміздері) Ту, Әнұраны, Герб
(Мемлекеттік таңба) туралы Заң
1992 жыл,
4 маусым
187 Қазақтардың Бірінші дүниежүзілік құрылтайы 1992 жыл,
30 қыркүйек
188 ҚР-ның бірінші Конституциясының
қабылдануы
1993 жыл,
28 қаңтар
189 ҚР-ның қазіргі Конституциясының
қабылдануы
1995 жыл,
30 тамыз
190 ҚР-ның «Саяси бірлестіктер туралы» Заңы 1996 жыл,
31 мамыр
191 ҚР-ның «Саяси партиялар туралы» Заңы 1996 жыл, 2 шілде
192 Қазақстан Республикасы Президентінің
тұңғыш баламалы сайлауы
1999 жыл,
10 қаңтар
193 ҚР-ның «Саяси партиялар туралы» Заңы 2002 жыл, 15 маусым
194 № 254 – ІІІ Заңымен Конституцияға енгізілген
өзгертулер мен толықтырулар
2007 жыл, 21 мамыр
188
НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР
1. Жамбылов Д. Саясаттану. Оқулық. Алматы. «Жеті жарғы». 2005.
2. История политических и правовых учений. Под ред. О.Э.Лейста. М.,
1997.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы. 2007.
4. Макиавелли Н. Правитель. Книга об искусстве управления людьми и
государством. Алматы. 1996.
5. Панарин А.С. Политология. Учебник. М., 2002.
ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР
1. Аль-Фараби. Историко-философские трактаты. Алматы. 1985.
2. Бөкейханов Ә. Шығармалар. Алматы. 1994.
3. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. Алматы. 1995.
4. Вебер М. Шығармалар жинағы. М., 1990.
5. Джунусова Ж.Х., Булуктаев Ю.О., Акимова А.М. Введение в
политологию. Алматы. «Жеті жарғы». 1998.
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Нышандары. Алматы. 1997.
7. Локк Дж. Сочинения в трех томах (Философское наследие). М., 1985.
8. Манхейм К. Диагноз нашего времени. М., 1994.
9. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. Алматы. «Өнер». 1996.
10. Нысанбаев А.Н. Политология. Учебник. Алматы. «Ақыл кітабы». 1998.
11. Политология. Учебник. Под ред. Байдельдинова Л.А. Алматы.
«Экономика». 1997.
12. Политология. Учебное пособие. Под ред. Булатовой А.Н. Алматы.
«Дәнекер». 2002.
13. Политология. Альбом схем. Под ред. Дёмина Г.И. М., 2002.
14.Пугачев В.П. Введение в политологию. М., 1997.
189
М А З М Ұ Н Ы
Алғы сөз .............................................................................................. 3
І тарау
САЯСИ БІЛІМДЕР ТАРИХЫ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ
ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1. Мифологиялық саяси идеялардан саяси ғылымға дейін............... 5
2. Қазақ даласындағы саяси пікірлердің қалыптасуы......................... 8
3. Саяси ғылымның объектісі және оның зерттеу тәсілдері.............. 19
4. Болашақ мамандардың азаматтық ұстанымдарын
қалыптастырудағы саяси білімнің маңызы..................................... 23
ІІ тарау
ДЕМОКРАТИЯНЫҢ НЕГІЗІ, САЯСИ БИЛІКТІҢ КӨЗІ
ХАЛЫҚ БОЛУ ПРИНЦИПІНІҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
1. Демократиялық мемлекеттің мәні және негізгі белгілері .............. 26
2. Демократиялық процестердің даму тарихы..................................... 28
3. Қазақстан Республикасындағы демократиялық үрдістердің
қалыптасуындағы парламенттіліктің орны................................... 32
4. Демократияның дамуындағы қазіргі кезеңдегі негізгі
проблемалар ....................................................................................... 38
ІІІ тарау
САЯСИ БИЛІК: ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ,
ҚАЛЫПТАСУ ЖОЛДАРЫ
1. Билік және саяси билік ұғымдары .................................................... 42
2. Билік туралы теорияның тарихи дамуы және қазіргі кезеңдегі
проблемалары ................................................................................... 44
3. Саяси және мемлекеттік билік ......................................................... 50
4. Саяси тәртіп (саяси режимдер) ..................................................... ... 54
ІY тарау
МЕМЛЕКЕТ – ҚОҒАМНЫҢ БАСТЫ
САЯСИ ИНСТИТУТЫ РЕТІНДЕ
1. Мемлекет туралы идеялар тарихы мен мемлекет туралы
ілімнің қалыптасуы .......................................................................... 57
2. Қазіргі кезеңдегі мемлекет: құрылымы және қызметі ................. 61
190
Y тарау
САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОЗҒАЛЫСТАРДЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ ОРНЫ
1. Саяси партия – билік пен қоғам арасындағы байланыс құралы ... 69
2. Көппартиялық жүйенің қалыптасуы және оның маңызы .............. 72
3. Қазақстан: «Алаштан» көппартиялыққа дейін ................................ 76
4. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың негізгі қызметтері,
міндеттері................................................................................................ 82
YІ тарау
САЯСИ МӘДЕНИЕТ: МӘНІ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ
ДАМУ ПРИНЦИПТЕРІ
1. Ұлттық мәдениет және саяси мәдениет ......................................... 87
2. Саяси мәдениет - әлемдік саяси тәжірибе жиынтығы ретінде ...... 90
3. Демократиялық саяси мәдениеттің қалыптасу мәселелері ........... 92
YІІ тарау
САЯСИ ЖҮЙЕ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ
1. Саяси жүйе теориясының қалыптасуы тарихы ............................... 95
2. Қазіргі шетелдік саясаттанудағы саяси жүйе теориясының өзекті
мәселелері ............................................................................................. 97
YІІІ тарау
САЯСИ ИДЕОЛОГИЯ:
ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫ
1. Идея және идеология ұғымдарының мәні ....................................... 104
2. Саяси идеологиялар тарихы мен теориялары ................................ 105
3. Идеологиясыздандыру (деидеологизация) теориясы ..................... 110
ІХ тарау
САЯСАТ – АДАМНЫҢ САНАЛЫ ҚЫЗМЕТІ РЕТІНДЕ
1. Саясат – адамдар үшін және адамдар арқылы жүзеге
асырылатын процесс ............................................................................ 113
2. Саяси субъект - әлеуметтік топтар ................................................... 116
3. Халық - қоғамның негізгі саяси субъектісі ...................................... 120
Х тарау
САЯСИ ПРОЦЕСС: ШЕШІМДЕР МЕН ҚЫЗМЕТ
1. Саяси процесс – саяси жүйені дамытушы күш ............................... 123
2. Саяси қызмет – саналы іс-әрекеттің нәтижесі ................................. 125
3. Саяси шешімдер және олардың жүзеге асу жолдары ..................... 129
191
ХІ тарау
САЯСИ ШИЕЛЕНІСТЕР МЕН КЕЛІСІМДЕРДІҢ ҚОҒАМ
ӨМІРІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ
1. Саяси шиеленіс туралы түсінік ........................................................ 132
2. Әлеуметтік шиеленістердің негізгі себептері мен түрлері ............ 133
3. Ұлтаралық шиеленістер және оны шешу жолдары ........................ 136
4. Саяси шиеленістер және оппозиция ................................................ 138
5. Консенсус – шиеленістерден өтудің әмбебап әдісі ....................... 140
ХІІ тарау
ӘЛЕМДІК САЯСАТ ТЕОРИЯСЫ, ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЯСИ ЖҮЙЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1. Халықаралық қатынастар: белгілері және негізгі бағыттары ....... 143
2. Әлемдік саясат және халықаралық саяси жүйе ............................. 151
3. Жаңа Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде .................... 154
Оқу құралына теориялық негіз болған ойшылдар,
саясаттанушылар мен ғалымдардың саяси идеялары................. 160
Өзіндік жұмыстар, баяндамалар, мәнжазбаларға арналған
тақырыптар ......................................................................................... 177
Қазақстан тарихындағы аса елеулі саяси оқиғалар тізбесі ......... 178
Әдебиеттер ............................................................................................ 188
192
ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Б. ӨТЕМІСОВ, Қ.ҚАРАБАЛА
САЯСАТТАНУ
Тапсырыс № 890
Таралымы 200 дана
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің
Редакциялық-баспа бөлімі
(Ақтөбе қ., Ағ.Жұбановтар к-сі, 263)
193
ӨТЕМІСОВ БАҚТЫБАЙ, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор. 1960 жылы
Орал мемлекеттік институтының тарихи-филологиялық факультетін бітірген. Б.Өтемісовтың
еңбек жолы идеологиялық қызмет атқарудан басталды. 1960-1970 жылдары Ақтөбе, Алматы
облыстық, республикалық комсомол, партия комитеттері арқылы идеологиялық, үгіт-насихат
жұмысына белсенді қатысқан.
