- •Isbn 9965-526-55-9
- •Isbn 9965-526-55-9
- •1.Мифологиялық саяси идеялардан саяси ғылымға дейін
- •2.Қазақ даласындағы саяси пікірлердің қалыптасуы.
- •3. Саяси ғылымның объектісі және оның зерттеу тәсілдері.
- •4. Болашақ мамандардың азаматтық ұстанымдарын
- •1. Демократиялық мемлекеттің мәні және негізгі белгілері
- •2. Демократиялық үрдістердің даму тарихы
- •3. Қазақстан Республикасындағы демократиялық үрдістердің
- •4. Демократияның дамуындағы қазіргі кезеңдегі негізгі проблемалар
- •1. Билік және саяси билік ұғымдары
- •2. Билік туралы теорияның тарихи дамуы және қазіргі кезеңдегі
- •3. Саяси және мемлекеттік билік
- •1) Аристократия – қайырымдылық
- •2) Олигархия - байлық
- •3) Демократия – еркіндік
- •4. Саяси тәртіп (саяси режимдер)
- •1948 Жылы бұұ қабылдаған “Адам құқықтарының жалпыға бірдей
- •2003 Жылдың қазан айында еліміздің алғашқы Азаматтық форумы өтті, 2005
- •XIX ғасырдың 80-шы жылдары дүние жүзінің 100-дей елдерінде 500-ден
- •1. Әртүрлі саяси мәселелер қоғамда жан-жақты қаралады (талқыланады).
- •1917 Жылы желтоқсанның 5-13-күндері өткен Екінші бүкілқазақтық съезі
- •1921 Жылы в.Ленин Кеңестер елінің әлеуметтік- саяси жағдайын«күйзеліс,
- •1925 Жылғы желтоқсанда Бүкілодақтық Коммунистік большевиктер
- •1917 Жылғы Қазан революциясының халыққа берген уәдесі орындалмай,
- •1932 Жылы қазақтың бір топ саяси қайраткерлерінің ф.Голощёкинге жазған
- •1930 Жылы Қазақстан халқының саны 5 миллион 800 мың адам болса, ал
- •1933 Жылы 2 миллион 500 мың ғана халық қалды. 2 миллионға жуық қазақ
- •1936 Жылы ксро-да сталиндік деп аталған жаңа Конституция
- •1952 ЖылыКсро-дағы Коммунистік партиясының аталуы өзгертілді.
- •1991Жылғы тамыз айының 23-де Қазақстан Президенті н.Ә.Назарбаев кокп
- •1991 Жылы «Қазақ кср-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы» Заң
- •1990-1992 Жылдары Қазақстан қоғамында демократиялық процестердің
- •1993 Жылы «Қазақстанның халық бірлігі одағы» құрылды. Оның жетекшісі
- •1997 Жылы кейбір қозғалыстар мен партиялар ұсынған пікірлерді қолдай
- •2006 Жылы 22 желтоқсанда «Отан» партиясының кезектен тыс съезінде
- •2007 Жылғы 18 тамыздағы Мәжіліс сайлауында «Нұр Отан» жетекші саяси
- •4.Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың
- •1987-1991 Жылдар аралығында ғана Қазақстанда 140 астам өзін-өзі
- •1991Жылдың қараша айында “Әділет” қоғамы “1917жылдан кейінгі
- •1989Жылы “Адам құқығын қорғау” Қазақстандық қоғамдық ұйымы пайда
- •1Наурызда құрылып бүгінгі күнде тек елімізге ғана емес, бүкіл дүние жүзіне
- •1917 Жылғы Қазан революциясынан кейінгі Қазақстанда казактардың
- •1991Жылғы қыркүйектің 15-де өздерінің «Патша мен Отанға қызмет етуінің 400
- •2. Саяси мәдениет - әлемдік саяси тәжірибе жиынтығы ретінде
- •3. Демократиялық саяси мәдениеттің қалыптасу мәселелері
- •2. Қазіргі шетелдік саясаттанудағы саяси жүйе
- •1958 Жылы парламенттік республиканың орнына президенттік республика
- •2) Саяси биліктің тұрақсыз болып, мемлекет, мекемелер, құқық қорғау
- •2. Саяси идеологиялар тарихы пен теориялары
- •1861), Австриялық саясатшы және қоғам қайраткері Клеменс Меттерних (1773-
- •1859) Және т.Б. Болды.
- •1898 Жылы ұйымдастырылған Ресей социал-демократиялық жұмысшылар
- •3. Идеологиясыздандыру (деидеологизация) теориясы
- •2. Саяси субъект - әлеуметтік топтар
- •1) Экономикалық страттар: экономикалық теңсіздік, адамдардың ауқатты және
- •2) Саяси страттар: адамдардың басқарушылар және бағыныштыларға бөліну
- •3) Кәсіби страттар: қызметтердің мәртебелі және мәртебелі емес түрлеріне
- •10 Проценттен аспайды, сол себептен олар сайлау, референдум арқылы
- •3. Халық - қоғамның негізгі саяси субъектісі
- •1991Жылдан бастап Қазақстанда қоғамдық өмірдің жаңаруы нәтижесінде
- •1) Саяси процестің легитимдігі. Қоғамның саяси жүйесі жаңарған кезде
- •2) Саяси процестің жаңаруы. Жеңіске жеткен саяси жүйе, біріншіден,
- •3) Саяси басқару шешімдерін қабылдау және оны жүзеге асыру.
- •4) Саяси жүйенің қызметін бақылау. Саяси жүйенің іс-әрекетін бақылау
- •2. Саяси қызмет – саналы іс-әрекеттің нәтижесі.
- •3. Саяси шешімдер және олардың жүзеге асу жолдары
- •2. Әлеуметтік шиеленістердің негізгі себептері мен түрлері
- •3. Ұлтаралық шиеленістер және оны шешу жолдары
- •1) Ұлттық сана-сезімнің өсуін есепке алу. Ұлттық өзіндік танымның дамуы
- •2) Демографиялық процестер мөлшері. Оған өндіргіш күштерді ұтымды
- •3) Федерация шеңберінде автономиялар құқығының әртүрлілігі. Мысалы,
- •4) Халықтың ұлттық мәдениеті мен ұлттық психологиясын мемлекет
- •5) Экономикалық факторлар, бастапқыда біз айтып өткеніміздей,
- •4. Саяси шиеленістер және оппозиция
- •5. Консенсус – шиеленістерден өтудің әмбебап әдісі
- •1980 Жылдардың басынан бастап еуропалық теориялық саяси ойлау
- •1. Дәстүрлі қатысушыларға ең алдымен халықаралық құқық пен
- •1) Жоғарғы державалар (супердержавалар) – халықаралық жүйеге және оның
- •2) Ұлы державалар - әлемдік дамуға елеулі ықпал ететін, алайда халықаралық
- •1) Бас Ассамблея (ба) – халықаралық бейбітшілікті нығайту, қарулануды
- •2) Қауіпсіздік Кеңесі (қк) – тұрақты 5 мүшеден (Ресей, ақш, Ұлыбритания,
- •2. Әлемдік саясат және халықаралық саяси жүйе
- •1) Жеке мемлекеттер арасындағы қатынастардың күрделенуі (саяси,
- •2) Ортақ мүдделері негізінде құрылған және Еуропадағы саяси күштердің
- •3) Мемлекеттердің сыртқы саяси концепцияларына сәйкес олардың
- •1) Халықаралық жүйе әлеуметтік (қоғамдық), ашық және бәсең ұйымдасқан
- •2) Халықаралық жүйенің негізі болып саяси қатынастар саналады; халықаралық
- •3) Халықаралық жүйе – күрделі қалыптасқан жүйе; ол өзін құрайтын іс-
- •1) 1648-1815 Ж ж. Негізгі принциптер: ұлттық (мемлекеттік) егемендік және
- •2) 1815-1860 Жылдары “Вена жүйесі” қалыптасты негізгі принциптері
- •3) 1860–1914Жж. “реалистік саясат” бойынша мемлекеттер арасындағы
- •4) 1914-1918-1939 Жж. “Версаль жүйесінде” идеологиялық фактор іс-қимылға
- •5) 1945Ж. – хх ғасырдың 80-жылдарының соңы “қырғи-қабақ соғыс” дәуірі, іі
- •6) Хх ғ. 90-жылдарының басынан жаңа халықаралық тәртіпті қалыптастыру
- •3. Жаңа Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде
- •1993Жылғы Конституциясында көрініс тапты. Елде билікті бөлу принципі
- •1995-2000 Жылдар қоғамның саяси жүйесінің, мемлекеттік мекемелерінің
- •1995Жылғы 1-ші наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы, бұл
- •1517 Жылы папаның осы индульгенция саудасына бірінші қарсы шыққан
- •1520 Жылы Рим папасы Лютерді шіркеуден қууды талап етті, бірақ ол
- •1974-1985 Жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің жауапты
3. Идеологиясыздандыру (деидеологизация) теориясы
Әрбір мемлекеттің болашақты бағдар ететін идеологиясының болуы
айқын. Себебі мемлекеттің саясаты, оның даму жолдары идеологияға
негізделеді. Идеологияның қызметі – мемлекеттілікке демеуші, саяси
құрылыстың қорғаушысы болу, ал идеологиясыз мемлекет болуы мүмкін емес.
Бірақ кеңес өкіметі кезінде, әсіресе 1980шы жылдардан бастап,
“идеология” деген сөздің өзі кейбір азаматтардың бойында жиереніш туғызып
халық арасында оны салқын қабылдау күшейді.
Бұның себебі қазір түсінікті де, кеңестік жағдайда өз идеясын бүкіл
халыққа күштеп міндеттеген қоғам емес, тіпті мемлекет те емес, ол
демократияға негізделмеген биліктегі адамдардың шағын ғана тобы –
коммунистік партия болатын. Бұл марксистік-лениндік деп аталған идеология
қоғамдағы әртүрлілікке, көппікірлікке қатаң тиым салды. Әрбір азамат тек ғана
бір идеологияны мойындауға мәжбүр болды. Қоғамда идеологиялық
шоғырлану жүйесі орнатылды. Осындай жағдайда Кеңес Одағы азаматтарының
«біз идеологияға тойдық ғой” деп айтулары әбден түсінікті болатын.
Осы тұрғыдан қоғамда деидеологизация, яғни идеологиясыздандыру
туралы ұсыныстар көбейді. Яғни, идеологиясыз мемлекет, идеологиясыз қоғам
құру қажет деген түсінік қалыптасты.
Саяси ғылымда деидеологизация (идеологиясыздандыру) өзекті
теориялық проблема, бірақ бұл қоғамды немесе мемлекетті идеологиядан
арылту деген түсінік емес. Бұл жөніндегі саяси ғылымның ақиқат ұстанымы
мына анықтамадан білінеді: Деидеологизация (идеологиясыздандыру)
дегеніміз - идеологияның әсерінсіз, еркін, таза ғылымды жасауға, қоғамдық
111
прогресті идеологиядан тазартуға ұмтылу. Яғни, ғылым – идеологиядан
тәуелсіз болуы қажет. Қоғамның дамуы идеологияның қысымына түсіп
қалмауы, елдің дамуын тек ғана ұлттық мақсатты ұстанып, басқа елдердің
дамуынан оқшауландырмау, әртүрлілікке, көппікірлікке бақылау қойып кедергі
жасамауы керек. Әсіресе ғылым идеологияның қызметшісіне айналмауы тиіс.
Идеологиясыздандыру тұжырымдамасының негізін салушылар:
саясаттанушы француз ғалымы А.Раймон, американ ғалымы П.Талкотт, неміс
ғалымы К.Манхейм және т.б.
Мысалы, К.Манхейм: «идеологиясыздандыру –қоғамдағы партиялық,
топтық үстемдіктің болмауын мақсат ететін әлеуметтік-философиялық ілім, ал
қоғамдық, мемлекеттік идеологияның болмауын мақсат ету – ол қателік» десе,
белгілі орыс философы Н.Бердяевтың айтуы бойынша: “Қоғамда идеология
құлатылған кезде, утопия шабуыл жасайды”, яғни, халық өзіндік болмысынан,
ерекшелігінен, ұлттық мәдениетінен, рухани құндылықтарынан айырыла
бастайды, қоғамның даму бағыты күйреп, дағдарыс күшейеді.
Өтпелі кезеңді басынан кешірген біздің елімізге бұл жағдай жақсы
белгілі. Кеңес Одағы ыдырап,тоталитарлық тәртіптен демократиялық режимге
ауысудың басталуы кезеңінде бағыт беруші рухани нысананың күрт жойылуы
себебінен адамдар рухани және әлеуметтік адасу мен абыржу жағдайына түсті.
Қоғамда өнегеліліктің деңгейі төмендеп, қылмыскерлік, жемқорлық,
коррупция, көлеңкелі кәсіп, нашақорлық кең орын ала бастады. Бұндай келеңсіз
құбылыстардың ізі бүгінгі күнге дейін сезінілуде.
Ал бүгінгі күні біздің мемлекеттік идеологиямыз арқылы Қазақстанда
тұрақтылық, тыныштық, халықтардың бірлігі сақталып, алғашқы тәуелсіздік
жылдарының ауыртпалықтарына қарамастан демократиялық бағыттағы
экономикалық, әлеуметтік даму қамтамасыз етілуде.
Себебі, біздің елімізде халықтарды топтастыратын, тұтастыратын
нәтижелі мемлекеттік идеология қалыптасты. Ең бастысы - Қазақстан
Республикасы экономикалық құлдырауды тоқтатып, аса ауыр әлеуметтік-
экономикалық дағдарыстан шығу жолын тапты, өтпелі экономика
реформаларының “ең бір аурушаң сатысынан” өтті. Бұл мемлекеттік ұлы істе
идеологияның тікелей әсері бар екені ешбір күмән туғызбайды.
Мемлекет үшін идеология - әлеуметтік-саяси бағдарламалар мен
мақсаттарды іске асырудағы басқару жүйесі. Идеология мемлекеттік саясатқа
негіз болады. Ал мемлекеттің саясатын, мақсаттарын қоғамға жеткізетін заңдар,
жарлықтар, нұсқаулар. Бұл жүйедегі маңызды роль атқаратын бұқаралық
ақпарат құралдары болып табылады.
Сонымен, идеология мемлекеттілікті демеуші жүйе. Ол елдің саяси
құрылысының қорғаушысы, одақтасы, буыны, (биологиялық тілмен айтар
болсақ), идеология – мемлекеттің сырқаттан сақтануының баламасы. Идеология
басқа да принциптер мен нормалар сияқты саяси-мемлекеттік құрылымды
қолдау мен нығайту қызметін атқарады.
Мемлекеттік идеологияның халық арасында толық қолдаушылық табуы,
мемлекеттің өзінің заңды, легитимді (яғни, демократиялық) болуына
112
байланысты. Егер мемлекетті қалыптастырушы шын мәнінде халықтың өзі
болатын болса, халық мемлекеттік идеологияны өз мақсатындай қабылдайды.
Бақылау сұрақтары
1. Саяси сана және саяси идеология
2. Қоғам тарихындағы негізгі идеологиялар
3. Идеологияның идеядан айырмашылығы.
4. Либерализм идеологиясының неолиберализмнен ерекшелігі неде?
5. Консерватизм идеологиясының неконсерватизмнен айырмашылығы
қандай?
6. Реформизмнің марксизмнен артықшылығы неде?
7. Деидеологизация (идеологиясыздандыру) туралы түсінік және оның мақсаты
неде?
8. Джон Локк қандай идеологияның негізін қалаушы?
113
ІХ тарау
САЯСАТ – АДАМНЫҢ САНАЛЫ ҚЫЗМЕТІ РЕТІНДЕ
1. Саясат – адамдар үшін және адамдар арқылы
жүзеге асырылатын үрдіс
Саясаттың нәтижелі болуы оның адамдар үшін қызмет етуінде және
адамдар арқылы іске асуында. Бұл қоғамның жан-жақты дамуының заңды
шарты. Әлеуметтік топтар, қоғамдық қозғалыстар, саяси партиялар және т.б.
қоғам өмірінде қанша көрнекті роль атқарғанымен, саясаттың ең басты
субъектісі – адам. Қандай қоғамдық, саяси ұйымдар болмасын барлығы да
адамдардан тұрады, бүкіл саяси үрдістің, қоғамның саяси өмірінің мәні, бағыты
- негізінен адамдардың мақсатымен, көзқарастарымен, олардың ерікті іс-
әрекетімен анықталады. Олай болса, қоғам, мемлекет - адам үшін қызмет етуі
шарт. Себебі адам қоғам өміріндегі, саясаттағы шешуші фактор.
Саяси ойлар тарихында саясаттың субъектісі ретіндегі адамның қоғам
өміріндегі жасампаздық ролі туралы көптеген ғылыми құнды тұжырымдар
сақталған. Мысалы, “Республика” атты еңбегінде Платон саяси бағыттың
әртүрлілігі адамдардың табиғи өзгешеліктерімен тығыз байланыста екендігін
атап көрсеткен. Ал Аристотель “Саясат” деген шығармасында адам өзінің
табиғи жаратылысына байланысты саясаттан тыс бола алмайтындығына басты
назар аударған. Т.Гоббс және Дж.Локк мемлекеттің шығуы туралы өзара бір-
біріне ұқсамайтын теорияларда адам жөніндегі қарама-қайшы концепцияларға
сүйене отырып зерттеген. Шын мәнінде, адамгершілік, гуманизм тұрғысынан
қарағанда, адам қоғам өмірінің, саясаттың ең негізгі белді буыны екендігі
даусыз. Әрине, бұл үшін әрбір жеке адам саясат субъектісі деңгейіне көтерілуі
қажет. Ал бұл процесс, яғни адамдардың саясаттың субъектісі болып
қалыптасуы күрделі, мағыналы, үлкен проблема. Біз олардың кейбіреулеріне
ғана тоқталамыз.
Адамның саяси субъектілігі - оның саяси өмірге белсене қатысуымен
сипатталады. Саясатты қалыптастыру, оны іске асыру, оған дер кезінде
өзгерістер енгізіп отыру, әр адам өзінің саяси қызметінде халықтың өмірлік
қажетіне байланысты мақсаттарын іске асыруға көмектесуі және айтарлықтай
нәтижеге жетуі, қоғамға пайдалы істерге қатысу саяси субъектілікті
сипаттайтын негізгі белгілер.
Саясатқа саналы араласуы үшін адамның оған сай қабілеті болуы қажет.
Бұл саяси субъектіліктің ішкі терең, мәнді сипаттамасы. Қабілеттілік әрбір
адамның қолы оңай жететін қасиет емес. Бұндай қасиет саяси субъектіліктің
жоғарыда келтірілген екіжақты көріністерінің өзара тығыз байланыста,
өзгерісте болуы арқылы қалыптасады. Адам саясатқа қаншалықты белсене
қатысса, оның саяси қабілеті соншалықты артады. Адам қабілетінің осылайша
үнемі артып отыруы оның саяси белсенділігін де күшейтеді, бұл шексіз өтетін
үрдіс, бұның өзі адамның саясат субъектісі болып қалыптасуының ішкі, сыртқы
қайшылықтары мол күрделі процесс екендігін көрсетеді.
114
Демократиялық жағдайда жеке адамдар саясаттың ерекше, құнды
субъектісі болып табылады. Олар қоғамдық оқиғалардың нақты
қатысушылары, бұқаралық қозғалыстарды ұйымдастырушылар, басқарушылар.
Сайып келгенде, көптеген факторлар әрбір адамның азаматтық сипат,
қасиеттерінің өсіп дамуының, саясаттың объектісінен субъектісіне айналу
процесінің сапасын, мәнін анықтайды. Бұдан туындайтын қорытынды –
саясаттың субъектісі болу азаматтық қасиеттердің жоғары деңгейде дамуы.
Аристотельдің айтқанындай, бұндай қасиеттер жетік дамыған, жоғары
мәдениетті, терең білімді, адамгершілігі мол адамдарға ғана тән.
Бұл қасиеттер жеке адам бойында өзінен-өзі пайда болмайды. Саяси
субъектіліктің өзі адамның әлеуметтік-саяси дамуының күрделі жолдарынан
өтуін білдіреді. Адамның адам болып қалыптасу жолы қайшылықтарға толы
бірнеше кезеңдерден тұрады, ал саясатқа адам ұзақ тәжірибесінен өте отырып
біртіндеп жақындай бастайды. Бала кезінде саясат туралы ең алғашқы
мәліметтерді өз отбасындағы ата-анасынан алады. Жастарға жалпы саясат
жөніндегі мәліметтер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасу арқылы жетеді. Адамдардың
азаматтық қасиеттерінің жоғары дамуының кепілі жеке адамның саяси
санасының артуы, оның ой-өрісінің кеңеюіне де байланысты.
Мемлекет, қоғам тарапынан адамның саяси санасының қалыптасуы
саясаттануда «саяси социализация» деп аталады (яғни, саяси әлеуметтендіру).
Саяси әлеуметтендіру деген түсінік ғылымға 1950-шы жылдарының соңында
енгізілді. 1959жылы бұл ұғымды “Саяси әлеуметтендіру” деп аталатын
еңбегінде ғылыми деңгейде зерттеген саясаттанушы, ғалым Герберт Хаймен
болатын.
Шетел саясаттанушылары саяси әлеуметтендірудің негізгі екі жолын атап
көрсетеді. Біріншісі – дамудың табиғи жолы. Бұл жолда әлеуметтендіруге
қатысушылар отбасы, балалар үшін ата-аналарының саяси көзқарасы,
жасөспірімдердің құрбы-құрдастары, мектеп қатысады. Екіншісі – білім беру
жолы арқылы; жоғарғы сыныптардағы тарих, құқық негіздері пәндері; жоғары
оқу орындарындағы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер: саясаттану, әлеуметтану,
отан тарихы және тағы басқалары.
Саяси әлеуметтендіру екі жақты процесс. Әрбір адам әлеуметтендірудің
тек объектісі болып қала бермейді. Ол өз бетімен білім алуы, бұқаралық
ақпарат құралдарын және қоғамдық бірлестіктер жұмысына қатысуы арқылы
саяси білімін жоғарылатады. Нәтижесінде азамат саяси өмірге қатысуға
мүмкіндік алады .
Сонымен, саяси әлеуметтендіру саяси екі жақты процесс: қоғам адамды
саяси әлеуметтендіреді және адам қоғамды саяси әлеуметтендіреді.
Саяси субъектіліктің деңгейі, әлеуметтік өрістеуі – адам санасының
дамуына тығыз байланысты. Бұл әрбір адамнан өте қажырлы еңбегін талап
етеді. Осы негізде адамда тәртіптілік, жауапкершілік, принциптілік, жігерлілік
және т.б. көптеген мәдени-әлеуметтік құндылық қасиеттері қалыптасады.
Саяси белсенділікті арттырудың көптеген алғышарттары бар. Оларға
материалдық және құқықтық факторлар жатады. Біріншіден, халықтың, әрбір
адамның саяси өмірге араласуына олардың азық-түлікпен, киіммен қамтамасыз
115
етілуі, үй-тұрмыс жағдайлары ерекше әсер етеді. Халықтың тұрмыс жағдайы
нашар елде саяси белсенділік күрт төмендеп, мемлекеттік саясатты толық
қабылдамай, оған қарсы пікірлер білдіру қалыптасады. Саяси белсенділікті
арттырудың екінші маңызды шарты ол саяси, құқықтық факторлар. Мемлекет
тарапынан құқықтық негіздер толық жүзеге асырылған жағдайда ғана халық
саяси өмірге еркін қатыса алады, демократия ұстаным нығая түсіп, биліктің
демократиялық мәні жоғарыланады, саяси процесс қарқынды дамиды,
нәтижесінде адамдардың саясатқа, саяси өмірге оң (позитивті) көзқарастары
қалыптасады.
Жеке адамның саясатқа деген көзқарасына психологиялық факторлар да
әсер етеді. Бұл факторлар жөнінде шет елдердегі саясаттану әдебиеттерінде
әртүрлі пікірлер айтылуда. Мысалы, американың белгілі саясаттанушысы
Лассвелл Г. кейбір адамдардың саяси басқарушы болуға ұмтылуларының
себептеріне талдау жасай келіп, «орнын толықтыру» теориясын ұсынады. Оның
пікірінше, өзін басқалардан кем санайтын кейбір адамдар билікке ұмтылады,
олардың мақсаты – билік арқылы өз кемістігін толықтыру, жұрт алдында өзінің
бағасын көтеру. (яғни, компенсация жасау).
Адамның саяси өмірге ең қажетті қасиеттерді бойына сіңіруі- әлеуметтік
дамудың негізі болып табылады. Сол қасиеттердің болашақты дұрыс болжай
білу, бүгінгі іс-қимылдың болашақтағы нәтижесін терең түсіну.Осындай өте
қажетті, өте бағалы қасиеттер барлық адамдарда бірдей жоғары деңгейде
дамымаған. Бұл жағдай әр қоғамның саяси режимімен де байланысты. Мысалы,
саяси белсенділік көрсеткіші бойынша бұрынғы Кеңес Одағы азаматтары дүние
жүзінде 42-ші орында болды.
Адамды саясаттың субъектісі деңгейіне қалыптастырудың екі жолы
белгілі.
Біріншісі – саяси тәжірибені толық игеру. Яғни, саяси-мәдениет
нормаларын сақтау мен оны нығайтып отыру. Бұл отбасы, мектеп, бұқаралық
ақпарат құралы арқылы іске асады. Екінші жол - әрбір адамның саяси білімді,
тәжірибені үздіксіз меңгеріп отыруы. Қоғамда бұл екі жол біртұтас сипатта
қалыптасып бірін-бірі толықтырады және өзара тығыз байланыста болады.
Адамның шын мәнінде саясаттың субъектісі болуы ол адам мен
саясаттың біртұтастығын нығайту. Қоғам мүшелері саясаттан тыс болмауының
негізгі, берік кепілі – саяси сананың қалыптасуы. Бұл адамның саясат
объектісінен саясаттың субъектісі деңгейіне көтерілуінің факторы. Өйткені,
азаматтардың қоғамның саяси өміріне қатысуы олардың саяси санасының
дамуына нақты әсер етеді. Ал саяси сана дамыған сайын олардың қоғам өміріне
қатысуы жандана түседі. Яғни, әр адамның саяси санасының, саяси
мәдениетінің дамуы қоғамның саяси мәдениет деңгейімен тікелей байланысты.
Адамның саяси дамуында қоғамның саяси мәдениеті әлеуметтік әсерлі
механизм ролін атқарады. Ол әрбір адамға жалпы нормаларды, үлгілерді, саяси
құндылықтарды толық игеруде жан-жақты көмек береді, оның саяси
көзқарасының ұдайы дамып отыруына демеуші болады.
Адамның шын мәніндегі саяси субъектіге айналуы қоғамдағы
демократияның дамуымен де тығыз байланысты. Демократияның принципі -
116
адамның құқы мен бостандығы табиғи екендігін толық мойындап, өмірдегі ең
қымбат құндылық адам деп тану болса, оны мемлекет қадірлеуге міндетті,
сонда ғана адам қоғамның саяси ісіне еркін қатыса алады.
Ал мемлекеттегі саяси тәртіп демократиялық құндылықтардан бас тартса,
онда азаматтар әлеуметтік қорғаусыздыққа душар болады. Бұл саяси дамуды
әлсіретіп саяси тұрақсыздықты күшейтеді, адамдардың ырықсыздығын
туғызады, өзін-өзі кем санаушылық көбейеді. Ақыры бұның бәрі мемлекет
ішінде көзбояушылыққа, жалғандыққа, жағымпаздыққа әкеліп соғады.
Қорыта айтқанда, адамның саяси қалыптасуының нәтижелі болуы -
қоғамда демократиялық мәндегі ең қажетті құқық пен бостандықтың берік
орнығуы, үкімет тарапынан адамның өмір сүру құқығын толық мойындауы.
Адам ең алдымен әлеуметтік-экономикалық, саяси және бас бостандығы
құқықтарына ие болмай, ол ешқашан еркін дами алмайды.
Сонымен, адамның саясат субъектісі болу жолы өте күрделі. Бұл
процестің шешуші факторлары – демократияның дамуы, құқықтық мемлекет
пен азаматтық қоғамның қалыптасуы. Демократия дамымаған елде өз құқынан
айырылған халық зорлық-зомбылықтан бас көтере алмай, саяси өмірдің құлы,
әлеуметтік әлсіз, мүсәпірлік деңгейде қалып қояды. Бұндай адамдарды
шенеуніктер, басқарушы ұйымдар, саяси қылмыскерлер оңай алдап, өз
айтқандарына оңай сендіре алады.
Мемлекетте саясат субъектісі болу шарты – саяси процестерді жедел
өрістету. Оның айқын жолы –азаматтардың түгелдей саяси өмірге араласуы,
яғни, адамның саясат объектісінен оның субъектісі деңгейіне көтерілуі.
