- •Еңбекті қорғаудың түсінігін айтып беріңіз:
- •Еңбекті қорғау пәнінің түсінігін айтып беріңіз
- •Еңбекті қорғау пәнінің объектісін айтып беріңіз.
- •3) Экономикалық, 4) техникалық құрамдас элементтерден тұрады. Бұл жерде ескеретін бір жайт, еңбекті қорғаудың кем дегенде бір құрамдас элементі бұзылса, онда бүкіл еңбекті қорғау бұзылды деп саналады.
- •Еңбекті қорғау пәнінің субъектісін айтып беріңіз.
- •Еңбекті қорғау саласының міндеттерін айтып беріңіз.
- •Еңбекті қорғау саласының қағидаларын айтып беріңіз.
- •Еңбек қауіпсіздігінің түсінігін айтып беріңіз.
- •Өндірістегі тергеп-тексерудің түсінігін айтып беріңіз.
- •Еңбекті қорғауды ұйымдастырудың мазмұнын айтып беріңіз.
- •Жеке еңбек шартының түсінігін айтып беріңіз.
- •Өндірістік жарақаттар түсінігін айтып беріңіз.
- •Өндірісте зардап шеккен адамның түсінігін айтып беріңіз
- •Өндірісте жазатайым оқиғаның түсінігін айтып беріңіз
- •Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру түсінігін айтып беріңіз
- •Жұмыс берушінің өндірістегі жазатайым оқиға кезіндегі міндеттерін айтып беріңіз
- •Еңбек нормалары бұзған үшін жауаптылықтың түсінігін айтып беріңіз
- •Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағында Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы кім
- •Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаты
- •Еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға қызметкерлер құқықтарының кепілдіктері
- •Жұмысқа қабылдау кезiндегі еңбек қауiпсіздiгіне және еңбекті қорғауға құқықтарының кепілдіктерi
- •Қызметкердiң еңбек қауіпсіздiгіне және еңбекті қорғаудағы құқықтары
- •Қызметкердiң еңбек қауіпсіздiгіне және еңбекті қорғаудағы міндеттері
- •Мемлекеттiк еңбек инспекторларының еңбектi қорғауды қамтамасыз ету саласындағы құқықтары
- •Өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру ерекшеліктері.
- •Мемлекеттiк еңбек инспекторының атқаратын қызметіне тоқталыңыз
- •Жоспарлы тексеруге себеп болатын жағдайларға тоқталыңыз
- •Тексеруді жүргізетін тұлғаларға тоқталыңыз
- •Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырушыларға тоқталыңыз
- •Мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметінің принциптеріне тоқталыңыз
- •Мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметінің негізгі міндеттеріне тоқталыңыз
- •Мемлекеттік еңбек инспекторының мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі жауапкершілігіне тоқталыңыз
- •Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауға тоқталыңыз
- •Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп-тексерілуі мен есепке алынуын бақылау тәртібі
- •Оқиғаларды тергеп-тексеруді жүзеге асыратын комиссияның құрылу тәртібі
- •Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібі
- •Еңбек нормаларының сақталуын тексеру тәртібі
- •Қызметкерлерді міндетті медициналық тексеру қалай жүргізіледі
- •Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу және оларды есепке алу тәртібі.
- •Жазатайым оқиға куәгерлерінен жауап алу және хаттама толтыру тәртібі
- •Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру тәртібі
- •Еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда, келтірілген зиянды өтеу тәртібі
- •Кәмелетке толмағандардың еңбегін қорғау тәртібі
- •Еңбек саласындағы әйелдердің құқықтық жағдайына тоқталыңыз
- •Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу тәртібі
- •Жұмыс беруші өз жұмысшысын заңсыз жұмыстан босатқан жағдайда жасалатын шаралар тәртібі
- •Қазақстан Республикасы Президентінің «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында еңбекті қорғауға қатысты қандай мәселелер қарастырылған
- •Еңбек дауларын шешу тәртібін
Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаты
Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясат: 1) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлеуге және қабылдауға;
2) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк, салалық (секторлық) және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеуге; 3) еңбек жағдайларын, оның қауiпсiздiгi мен қорғалуын әзiрлеу және жақсарту, қауiпсiз техникалар мен технологияларды әзiрлеу және енгiзу, еңбектi қорғау, қызметкерлердiң жеке және ұжымдық қорғану құралдарын өндiру жөнiндегi қызметтi экономикалық ынталандыру жүйелерiн құруға және iске асыруға; 4) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында мониторингтi жүзеге асыруға; 5) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзуге; 6) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды және кәсiптiк ауруларды есепке алудың бiрыңғай тәртiбiн белгiлеуге; 7) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын мемлекеттiк қадағалау мен бақылауға; 8) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында қызметкерлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн нормативтi түрде бекiтуге; 9) өндiрiстегi жазатайым оқиғалардан және кәсiптiк аурулардан зардап шеккен қызметкерлердiң, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiнiң заңды мүдделерiн қорғауға; 10) ауыр жұмыс және өндiрiс пен еңбектi ұйымдастырудың қазiргi заманғы техникалық деңгейiнде жойылмайтын зиянды (ерекше зиянды), қауiптi еңбек жағдайлары бар жұмыс үшiн еңбекақы төлеу шарттарын белгiлеуге; 11) еңбек жағдайларын жақсарту және еңбектi қорғау жөнiндегi отандық және шетелдiк озық жұмыс тәжiрибесiн таратуға; 12) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi мамандарды даярлауға және олардың бiлiктiлiгiн арттыруға; 13) Алынып тасталды - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен. 14) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы бiртұтас ақпараттық жүйенiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге; 15) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған.
Еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға қызметкерлер құқықтарының кепілдіктері
Жеке еңбек шартының талаптары Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау туралы нормативтiк құқықтық актілерiнiң талаптарына сәйкес келуге тиiс. Азаматтарды олардың денсаулық жағдайына терiс әсер ететiн жұмысқа қабылдауға тыйым салынады. Қауiптi және зиянды өндiрiстiк факторларды қоса алғанда, жеке еңбек шартында жұмыс орнының шынайы сипаттамасы, Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау туралы заңдарында және ұжымдық шартта көзделген осындай жағдайларда жұмыс iстегенi үшiн берiлетін жеңiлдiктер мен өтемақылар көрсетiлуге тиiс. Еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарға қабылдау кезiнде жұмыс беруші қызметкердi кәсiби аурудың туындау мүмкiндігі туралы ескертуге мiндеттi.
Ұйымдардағы, әрбiр жұмыс орнындағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жағдайлары еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік стандарттар, ережелер талаптарына сәйкес болуға тиіс. Ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзуы салдарынан жұмысын тоқтатқан уақытқа қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталуы тиіс. Қызметкердің өзiнiң немесе айналадағы адамдардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауіп туындаған жағдайда жұмысты орындаудан бас тартуы оны тәртіптiк және (немесе) материалдық жауапқа тартуға әкеп соқтырмайды. Қызметкер жеке және (немесе) ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киiммен қамтамасыз етілмеген жағдайда жұмыс берушiнiң қызметкерден еңбек мiндеттерiн орындауды талап етуге құқығы жоқ және сол себептен бос тұрып қалған уақытқа орташа жалақысы мөлшерiнде ақы төлеуге тиiс. Қызметкер еңбек мiндеттерiн атқару кезiнде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген жағдайда оған келтiрілген зиянды өтеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Қызметкерде еңбек жарақаты, кәсiби ауру немесе зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерi салдарынан денсаулығының өзге де зақымдалу белгілерi байқалған жағдайда жұмыс берушi медициналық қорытындының негiзiнде қызметкердi өзiнің келiсiмi бойынша денсаулығына терiс әсерiн тигiзбейтін басқа жұмысқа ауыстыруға тиiс.
