Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
енбекти коргау шпор.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
237 Кб
Скачать
☆
  1. Еңбек нормаларының сақталуын тексеру тәртібі

Қазақстан Республикасының Еңбек нормаларының сақталуын тексеру мынадай түрлерге бөлінеді:

1) жоспарлы - мемлекеттік орган жоспарлаған, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, алдыңғы тексерулерге қатысты уақыт аралығы ескеріліп жүргізілетін тексеру;

2) жоспардан тыс - қоғамдық тәртіпке, халықтың денсаулығына, қоршаған ортаға, ұлттық қауіпсіздікке төнген қатерді дереу жоюды талап ететін, сондай-ақ өтініштерге жедел назар аударуды талап ететін, қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты тағайындалатын тексеру.

Жоспарлы тексеру, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгедей көзделмесе, бір жеке немесе заңды тұлғаға қатысты жылына бір реттен, ал шағын кәсіпкерлік субъектісіне қатысты үш жылда бір реттен жиі болмауға тиіс. Жоспардан тыс тексеруді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі жеке немесе заңды тұлғалардың, соның ішінде мемлекеттік органдардың өтініші болған, сондай-ақ құжаттармен расталатын өзге де ақпарат алынған жағдайда жүргізіледі. Анонимдік өтініштер жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін негіз болмайды.

Тексерудің ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс. Ерекше жағдайларда, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған кезде, сондай-ақ тексеру көлемі елеулі болғанда мемлекеттік органның басшысы (не оның орнындағы адам) тексеру жүргізу мерзімін құрылымдық бөлімшесі жоқ заңды тұлға үшін күнтізбелік жиырма күнге дейінгі мерзімге және құрылымдық бөлімшесі бар заңды тұлға үшін күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге ұзартуы мүмкін.

  1. Қызметкерлерді міндетті медициналық тексеру қалай жүргізіледі

Ұйымдарда зиянды (ерекше зиянды), қауiптi (ерекше қауіптi) және қолайсыз өндiрістiк факторлары бар жұмыстарға, сондай-ақ жер асты жұмыстарына адамдар қабылдауды жұмыс берушi олар алдын ала медициналық тексеруден өткеннен кейiн және денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға сәйкес денсаулық жағдайына қайшы келмейтiнi айқындалғаннан кейiн жүзеге асыруға тиіс. Он сегiз жасқа толмаған адамдар мiндеттi алдын ала медициналық тексеруден өткеннен кейiн ғана жұмысқа қабылданады және одан әрi, он сегіз жасқа толғанға дейiн жыл сайын мiндеттi медициналық тексеруден өтуге тиiс. Жұмыс берушi еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда iстейтiн қызметкерлерді мерзiмдiк медициналық қаралудан және тексеруден өткiзудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өз қаражаты есебiнен ұйымдастыруға мiндеттi. Қауiптілігі жоғары өндiрiстiк жабдықтармен байланысты жұмыстармен айналысатын қызметкерлер ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтуге тиiс. Ауысым алдындағы медициналық куәландыруды талап ететiн кәсiптердiң тізімін денсаулық сақтау саласындағы уәкілеттi орган айқындайды. Медициналық қаралудан және тексеруден өтуден жалтарған қызметкерлер жұмысқа жіберiлмейдi.

  1. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу және оларды есепке алу тәртібі.

      1. Жазатайым оқиға туралы акт толтырылып, оған еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметiнiң және ұйым бөлiмшесiнiң басшылары, сондай-ақ ұйым қызметкерлерiнiң өкiлдерi қол қояды және оны жұмыс берушi бекiтiп, ұйымның мөрiмен расталады.       2. Улану жағдайларында жазатайым оқиға туралы актiге халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органның өкiлi де қол қояды.       Егер жұмыс берушi жеке тұлға болса, жазатайым оқиға туралы акт толтырылып, оған жұмыс берушi қол қояды және нотариалды түрде расталады.       3. Акт тергеп-тексеру материалдарына сәйкес ресiмделуге тиiс.       Егер өндiрiстегi жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезiнде комиссия зиянның туындауына немесе ұлғаюына өрескел абайсыздық себеп болғанын анықтаса, онда комиссия тараптардың аралас жауапкершiлiгiн қолданып, қызметкер мен жұмыс берушiнiң кiнәсiн процентпен айқындайды.       Егер жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның бiр мүшесi комиссияның (көпшiлiктiң) қорытындысымен келiспейтiн болса, ол өзiнiң дәлелдi пiкiрiн тергеп-тексеру материалына қосу үшiн жазбаша түрде ұсынады. Ол арнайы тергеп-тексеру актiсiне "ерекше пiкiрге қара" деген сiлтеме жаза отырып, қол қояды.       4. Әрбiр жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейiн жұмыс берушi үш күннен кешiктiрмей зардап шеккен адамға немесе оның сенiмдi адамына жазатайым оқиға туралы актiнi беруге мiндеттi, актiнiң бiр данасы жұмыс берушiмен тиiстi шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымына, ал екiншiсi - мемлекеттiк еңбек инспекциясына жiберiледi.       Улану жағдайында актiнiң көшiрмесi халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органға да жiберiледi.       5. Тергеп-тексеру нәтижесiмен келiспеген немесе жазатайым оқиға туралы акт уақтылы ресiмделмеген жағдайда, зардап шеккен адам немесе оның сенiм бiлдiрген адамы, ұйым қызметкерлерiнiң өкiлi жұмыс берушiге жазбаша түрде жүгiнуге құқылы, жұмыс берушi олардың өтiнiшiн он күн iшiнде қарап, тиiстi шешiм қабылдауға мiндеттi.       6. Тергеп-тексеру барысында жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, ресiмдеу және тiркеу мәселелерi бойынша жұмыс берушiнiң, қызметкердiң және мемлекеттiк еңбек инспекторының не қауiптi өнеркәсiп объектiлерiнде болған оқиғалар кезiнде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың арасында туындаған келiспеушiлiктердi тиiстi жоғары тұрған бас мемлекеттiк еңбек инспекторы бағыныштылық тәртiппен қарайды және (немесе) сот тәртiбiмен қаралады.       Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мәселелерi бойынша жоғары тұрған бас мемлекеттiк еңбек инспекторының шешiмi еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысанда қорытынды түрiнде ресiмделедi.       7. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актiсi материалдарының көшiрмелерiн жұмыс берушi мемлекеттiк бақылау органдарына жiбередi. Оның үстiне, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейiн мемлекеттiк еңбек инспекторы арнайы тергеп-тексеру актiсi материалдары көшiрмелерiнiң бiр данасын жетi күн iшiнде жергiлiктi iшкi iстер органына жiбередi, ол заңнамаға сәйкес тиiстi шешiм қабылдап, қабылданған шешiм туралы жиырма күннен кешiктiрмей хабарлайды.       8. Актiмен ресiмделген әрбiр жазатайым оқиға өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды және денсаулыққа келтiрiлген өзге де зақымдануларды тiркеу журналына жазылады. Журнал еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша жүргiзiледi. Еңбекке уақытша жарамсыздық және жарақаттану туралы алғашқы статистикалық деректер мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен статистикалық әдiснамаға сәйкес берiледi.