Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
енбекти коргау шпор.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
237 Кб
Скачать
☆
  1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырушыларға тоқталыңыз

Ұйымда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымның кәсіподақ комитеті, ал кәсіподақ болмаған кезде қызметкерлердің жалпы жиналысы (конференциясы) сайлайтын еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор жүзеге асырады. Қызметкерлердің республикалық, салалық, өңірлік бірлестіктері ұйымдарда еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылауды мұндай құқық келісімдерде және ұжымдық шарттарда бекітілген жағдайда жүзеге асырады. Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлардың құқықтары:

Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектордың:

1) жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, жұмыс берушінің ұйымдардағы жұмыс орындарында қалыпты еңбек жағдайлары мен қауіпсіздік техникасын жасау жөніндегі келісімдерді, ұжымдық шарттарды сақтауын қоғамдық бақылау арқылы жұмыс берушілер алдында қызметкерлердің еңбекті қорғау құқықтарының қорғалуын жүзеге асыруға;

2) өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге және мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізетін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай-күйін кешенді тексерулерге қатысуға;

3) жұмыс берушілерден және ұйымдардың өзге де лауазымды адамдарынан өз функцияларын атқару үшін қажетті, оның ішінде жазбаша түрде ақпарат пен түсініктемелер алуға;

4) жұмыс берушілердің келісімдерде, ұжымдық шарттарда еңбекті қорғау бөлігінде көзделген міндеттемелерді орындауын тексерулерді жүзеге асыруға және тексеру қорытындылары бойынша лауазымды адамдардың атына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгізуге;

5) өндірістік объектілер мен өндіріс құралдарын сынақтан өткізу және пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысуға;

6) еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға, оларға өз ұсыныстарын енгізуге;

7) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасының, еңбекті қорғау бөлігінде келісімдер мен ұжымдық шарттар ережелерінің бұзылуына, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды жасыруға кінәлі жұмыс берушілерді және ұйымдардың өзге де лауазымды адамдарын жауапқа тарту туралы талаптармен тиісті мемлекеттік органдарға жүгінуге;

8) еңбек жағдайларының өзгеруіне, Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі заңнамасының бұзылуына, келісімдерде және ұжымдық шарттарда, сондай-ақ еңбек шарттарында көзделген міндеттемелердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігінде орындалмауына байланысты еңбек дауларын қарауға қатысуға;

9) қызметкерлердің еңбек міндеттерін орындауға байланысты жарақат алуы немесе денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан келтірілген зиянды өтету құқықтарын қорғау үшін әрі қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау құқықтарына қысым жасалған басқа да жағдайларда қызметкердің өтініші бойынша талап қойып соттарға жүгінуге құқығы бар.

  1. Мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметінің принциптеріне тоқталыңыз

      329-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекциясы қызметiнiң                 принциптерi мен негiзгi мiндеттерi

      Мемлекеттiк еңбек инспекциясының қызметi қызметкерлердiң құқықтары мен бостандықтарын сыйлау, сақтау және қорғау, заңдылық, әдiлдiк, тәуелсiздiк және жариялылық принциптерi негiзiнде жүзеге асырылады.       Мемлекеттiк еңбек инспекциясының негiзгi мiндеттерi:       ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз ету;       қауiпсiз еңбек жағдайларына құқықты қоса алғанда, қызметкерлердiң құқықтары мен бостандықтарын сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету;       Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мәселелерi бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң өтiнiштерiн, арыздарын және шағымдарын қарау болып табылады.