Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
енбекти коргау шпор.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
237 Кб
Скачать
☆
  1. Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп-тексерілуі мен есепке алынуын бақылау тәртібі

      Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп-тексерiлуi мен есепке алынуын, сондай-ақ мұндай оқиғаларды туындатқан себептердi жою жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын бақылауды мемлекеттiк еңбек инспекторлары өз құзыреттерi шегiнде тексерулер жүргiзу, азаматтардың шағымдарын, арыздары мен өтiнiштерiн қарау және ұйымдарды тексеру арқылы жүзеге асырады. Өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, сондай-ақ мұндай оқиғаларды туындатқан себептердi жою жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын бақылау аясында мемлекеттiк еңбек инспекторлары жүргiзетiн тексерулер Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құқықтық статистика мен арнайы есепке алу туралы заңнамасына сәйкес тiркеуге және есепке алынбайды.

  1. Оқиғаларды тергеп-тексеруді жүзеге асыратын комиссияның құрылу тәртібі

      1. Арнайы тергеп-тексерiлуге тиiс жағдайларды қоспағанда, өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудi жазатайым оқиға болған кезден бастап жұмыс берушiнiң актiсiмен жиырма төрт сағат iшiнде құрылатын, мынадай құрамдағы комиссия жүргiзедi:       төраға - ұйымның (өндiрiстiк қызметтiң) басшысы немесе оның орынбасары;       мүшелерi - ұйымның еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметiнiң басшысы және қызметкерлердiң өкiлi.       Жазатайым оқиға болған тиiстi учаскедегi еңбек қауiпсiздiгiне тiкелей жауап беретiн лауазымды адам тергеп-тексерудi жүргiзу кезiнде комиссия құрамына енгiзiлмейдi.       2. Арнайы тергеп-тексеруге:       1) ауыр немесе кiсi өлiмiмен аяқталған жазатайым оқиғалар;       2) зардап шеккен адамдар жарақаттарының ауырлық дәрежесiне қарамастан, бiр мезгiлде екi және одан да көп қызметкерлер ұшыраған топтық жазатайым оқиғалар;       3) қатерлi уланудың топтық оқиғалары жатады.       3. Жұмыс берушiнiң - жеке тұлғаның өндiрiсiндегi жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге жұмыс берушi немесе оның уәкiлеттi өкiлi, қызметкерлердiң өкiлi, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге шарт негiзiнде де шақырылуы мүмкiн еңбектi қорғау жөнiндегi маман қатысады.       4. Қатерлi улану жағдайында комиссияның тергеп-тексеруiне халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органның өкiлдерi қатысады.       5. Комиссияның жұмысына жұмыс берушiмен немесе зардап шеккен адаммен тиiстi шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымының өкiлi қатысуға құқылы.       6. Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру мерзiмi комиссия құрылған күннен бастап он жұмыс күнiнен аспауға тиiс.       7. Өндiрiстiк практикадан өтiп жүрген, жалпы бiлiм беретiн, кәсiптiк мектептерде және жоғары оқу орындарында оқитын адамдар ұшыраған жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудi жұмыс берушiнiң және зардап шеккен адам өкiлiнiң қатысуымен өз аумағында оқиға болған ұйымның басшысы құратын комиссия жүргiзедi.

  1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібі

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастыру, техникалық, технологиялық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық, физикалық және өзге де нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді белгілейді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады. Жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеуді және бекітуді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен тәртіппен жүзеге асырады.

1. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастыру, техникалық, технологиялық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық, физикалық және өзге де нормаларды, ережелердi, рәсiмдер мен өлшемдердi белгiлейдi.       2. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауды тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.       3. Жұмыс берушi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi нұсқаулықтарды әзiрлеудi және бекiтудi еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен тәртiппен жүзеге асырады.