- •Еңбекті қорғаудың түсінігін айтып беріңіз:
- •Еңбекті қорғау пәнінің түсінігін айтып беріңіз
- •Еңбекті қорғау пәнінің объектісін айтып беріңіз.
- •3) Экономикалық, 4) техникалық құрамдас элементтерден тұрады. Бұл жерде ескеретін бір жайт, еңбекті қорғаудың кем дегенде бір құрамдас элементі бұзылса, онда бүкіл еңбекті қорғау бұзылды деп саналады.
- •Еңбекті қорғау пәнінің субъектісін айтып беріңіз.
- •Еңбекті қорғау саласының міндеттерін айтып беріңіз.
- •Еңбекті қорғау саласының қағидаларын айтып беріңіз.
- •Еңбек қауіпсіздігінің түсінігін айтып беріңіз.
- •Өндірістегі тергеп-тексерудің түсінігін айтып беріңіз.
- •Еңбекті қорғауды ұйымдастырудың мазмұнын айтып беріңіз.
- •Жеке еңбек шартының түсінігін айтып беріңіз.
- •Өндірістік жарақаттар түсінігін айтып беріңіз.
- •Өндірісте зардап шеккен адамның түсінігін айтып беріңіз
- •Өндірісте жазатайым оқиғаның түсінігін айтып беріңіз
- •Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру түсінігін айтып беріңіз
- •Жұмыс берушінің өндірістегі жазатайым оқиға кезіндегі міндеттерін айтып беріңіз
- •Еңбек нормалары бұзған үшін жауаптылықтың түсінігін айтып беріңіз
- •Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағында Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы кім
- •Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаты
- •Еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға қызметкерлер құқықтарының кепілдіктері
- •Жұмысқа қабылдау кезiндегі еңбек қауiпсіздiгіне және еңбекті қорғауға құқықтарының кепілдіктерi
- •Қызметкердiң еңбек қауіпсіздiгіне және еңбекті қорғаудағы құқықтары
- •Қызметкердiң еңбек қауіпсіздiгіне және еңбекті қорғаудағы міндеттері
- •Мемлекеттiк еңбек инспекторларының еңбектi қорғауды қамтамасыз ету саласындағы құқықтары
- •Өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру ерекшеліктері.
- •Мемлекеттiк еңбек инспекторының атқаратын қызметіне тоқталыңыз
- •Жоспарлы тексеруге себеп болатын жағдайларға тоқталыңыз
- •Тексеруді жүргізетін тұлғаларға тоқталыңыз
- •Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырушыларға тоқталыңыз
- •Мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметінің принциптеріне тоқталыңыз
- •Мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметінің негізгі міндеттеріне тоқталыңыз
- •Мемлекеттік еңбек инспекторының мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі жауапкершілігіне тоқталыңыз
- •Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауға тоқталыңыз
- •Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп-тексерілуі мен есепке алынуын бақылау тәртібі
- •Оқиғаларды тергеп-тексеруді жүзеге асыратын комиссияның құрылу тәртібі
- •Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібі
- •Еңбек нормаларының сақталуын тексеру тәртібі
- •Қызметкерлерді міндетті медициналық тексеру қалай жүргізіледі
- •Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу және оларды есепке алу тәртібі.
- •Жазатайым оқиға куәгерлерінен жауап алу және хаттама толтыру тәртібі
- •Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру тәртібі
- •Еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда, келтірілген зиянды өтеу тәртібі
- •Кәмелетке толмағандардың еңбегін қорғау тәртібі
- •Еңбек саласындағы әйелдердің құқықтық жағдайына тоқталыңыз
- •Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу тәртібі
- •Жұмыс беруші өз жұмысшысын заңсыз жұмыстан босатқан жағдайда жасалатын шаралар тәртібі
- •Қазақстан Республикасы Президентінің «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында еңбекті қорғауға қатысты қандай мәселелер қарастырылған
- •Еңбек дауларын шешу тәртібін
Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру тәртібі
1. Арнайы тергеп-тексерiлуге тиiс жағдайларды қоспағанда, өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудi жазатайым оқиға болған кезден бастап жұмыс берушiнiң актiсiмен жиырма төрт сағат iшiнде құрылатын, мынадай құрамдағы комиссия жүргiзедi: төраға - ұйымның (өндiрiстiк қызметтiң) басшысы немесе оның орынбасары; мүшелерi - ұйымның еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметiнiң басшысы және қызметкерлердiң өкiлi. Жазатайым оқиға болған тиiстi учаскедегi еңбек қауiпсiздiгiне тiкелей жауап беретiн лауазымды адам тергеп-тексерудi жүргiзу кезiнде комиссия құрамына енгiзiлмейдi. 2. Арнайы тергеп-тексеруге: 1) ауыр немесе кiсi өлiмiмен аяқталған жазатайым оқиғалар; 2) зардап шеккен адамдар жарақаттарының ауырлық дәрежесiне қарамастан, бiр мезгiлде екi және одан да көп қызметкерлер ұшыраған топтық жазатайым оқиғалар; 3) қатерлi уланудың топтық оқиғалары жатады. 3. Жұмыс берушiнiң - жеке тұлғаның өндiрiсiндегi жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге жұмыс берушi немесе оның уәкiлеттi өкiлi, қызметкерлердiң өкiлi, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге шарт негiзiнде де шақырылуы мүмкiн еңбектi қорғау жөнiндегi маман қатысады. 4. Қатерлi улану жағдайында комиссияның тергеп-тексеруiне халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органның өкiлдерi қатысады. 5. Комиссияның жұмысына жұмыс берушiмен немесе зардап шеккен адаммен тиiстi шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымының өкiлi қатысуға құқылы. 6. Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру мерзiмi комиссия құрылған күннен бастап он жұмыс күнiнен аспауға тиiс. 7. Өндiрiстiк практикадан өтiп жүрген, жалпы бiлiм беретiн, кәсiптiк мектептерде және жоғары оқу орындарында оқитын адамдар ұшыраған жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудi жұмыс берушiнiң және зардап шеккен адам өкiлiнiң қатысуымен өз аумағында оқиға болған ұйымның басшысы құратын комиссия жүргiзедi. 8. Басқа ұйымның аумағында орналасып, жұмыс жүргiзiп жатқан ұйымның қызметкерi немесе өндiрiстiк тапсырманы (қызметтiк немесе шарттық мiндеттердi) орындау үшiн басқа ұйымға жiберiлген қызметкер ұшыраған жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудi аумағында жазатайым оқиға болған ұйымның жауапты өкiлiнiң қатысуымен жұмыс берушiнiң өзi жүргiзедi. 9. Қызметкер қоса атқаратын жұмысын орындау кезiнде ұшыраған жазатайым оқиғаны жұмыс өз аумағында немесе соның тапсырмасы бойынша жүргiзiлген жұмыс берушi тергеп-тексередi және есепке алады.
Еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда, келтірілген зиянды өтеу тәртібі
164-бап. Қызметкердiң өмiрiне және (немесе) денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн жұмыс берушiнiң материалдық жауапкершiлiгi
1. Қызметкердiң еңбек мiндеттерiн атқаруына байланысты оның өмiрiне және (немесе) денсаулығына зиян келтiрiлгенде жұмыс берушi қызметкерге келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген көлемде өтеуге мiндеттi. 2. Осы баптың 1-тармағында көзделген зиян қызметкерде сақтандыру төлемдерi болмаған кезде толық көлемде өтеледi. Сақтандыру төлемдерi болған кезде жұмыс берушi қызметкерге сақтандыру сомасы мен зиянның нақты мөлшерi арасындағы айырманы өтеуге мiндеттi. 3. Жұмыс берушiлердiң қызметкерлердiң өмiрiне және (немесе) денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Қызметкердің өзiнiң немесе айналадағы адамдардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауіп туындаған жағдайда жұмысты орындаудан бас тартуы оны тәртіптiк және (немесе) материалдық жауапқа тартуға әкеп соқтырмайды. Қызметкер жеке және (немесе) ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киiммен қамтамасыз етілмеген жағдайда жұмыс берушiнiң қызметкерден еңбек мiндеттерiн орындауды талап етуге құқығы жоқ және сол себептен бос тұрып қалған уақытқа орташа жалақысы мөлшерiнде ақы төлеуге тиiс. Қызметкер еңбек мiндеттерiн атқару кезiнде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген жағдайда оған келтiрілген зиянды өтеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Қызметкерде еңбек жарақаты, кәсiби ауру немесе зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерi салдарынан денсаулығының өзге де зақымдалу белгілерi байқалған жағдайда жұмыс берушi медициналық қорытындының негiзiнде қызметкердi өзiнің келiсiмi бойынша денсаулығына терiс әсерiн тигiзбейтін басқа жұмысқа ауыстыруға тиiс.
