Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
енбекти коргау шпор.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
237 Кб
Скачать
☆
  1. Еңбекті қорғау пәнінің субъектісін айтып беріңіз.

1. Қызметкер мен жұмыс берушi еңбек қатынастарының субъектiлерi болып табылады.       Шетелдiк заңды тұлға филиалының немесе өкiлдiгiнiң басшысы осы заңды тұлға атынан жұмыс берушiнiң барлық құқықтарын жүзеге асырады және барлық мiндеттерiн орындайды.       2. Жеке және заңды тұлғалар нормативтiк құқықтық актiлер, сот шешiмдерi, сондай-ақ құрылтай құжаттары не сенiмхат негiзiнде өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде қызметкерлердiң немесе жұмыс берушiнiң мүдделерiн бiлдiредi. Қазіргі уақытта республиканың кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбек заңнамасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша нормаларын сақтау үлкен мәнге ие болып отыр, себебі оған қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуы, олардың денсаулығы мен өмірлерінің сақталуы тікелей байланысты.

Еңбек жағдайларын жақсарту әлеуметтік жақсы нәтижелер береді – қызметкерлердің денсаулығы артады, жұмысы қанағаттандырады, еңбек тәртібі артады, өндірістік және қоғамдық белсенділік пен басқа да еңбекшілердің жоғары сатылы дамуын сипаттайтын көрсеткіштер жоғарылайды. Азаматтардың еңбек еркінділігіне сай конституциялық құқығына байланысты туындайтын Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңы реттейді, ол Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және жекелеген қызметкерлер категорялары арасында еңбек қатынастарын реттейтін Заң мен басқа да нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

  1. Еңбекті қорғау саласының міндеттерін айтып беріңіз.

Еңбекті қорғау саласының мінтеті – адамдарды жұмыстың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне үйрету және қызметкерлердің жұмыстарды атқару кезінде еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын бұзушылықтарды болдырмау болып табылады.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге қойылатын негізгі талаптар

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:

1) өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты қызметкерлердің өмірі мен мен денсаулығының басымдығын белгілеу;

2) қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келетін еңбек жағдайларына құқықтарын қамтамасыз ету;

3) қызметкерлердің еңбек қызметі үдерісінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді қамту;

4) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында бірыңғай талаптарды белгілеу;

5) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлер, лауазымды тұлғалар және ұйым басшысы арасындағы құқықтар мен міндеттердің аражігін ажырату;

6) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, жұмыс берушілердің және қызметкерлердің өкілдері арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы келісілген іс-қимылдарды қамтамасыз ету;

7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнамалық және басқа да жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілерге, оның ішінде Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес болу.