Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
енбекти коргау шпор.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
237 Кб
Скачать
☆
  1. Жазатайым оқиға куәгерлерінен жауап алу және хаттама толтыру тәртібі

    1. Жазатайым оқиға туралы акт толтырылып, оған еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметiнiң және ұйым бөлiмшесiнiң басшылары, сондай-ақ ұйым қызметкерлерiнiң өкiлдерi қол қояды және оны жұмыс берушi бекiтiп, ұйымның мөрiмен расталады.       5. Тергеп-тексеру нәтижесiмен келiспеген немесе жазатайым оқиға туралы акт уақтылы ресiмделмеген жағдайда, зардап шеккен адам немесе оның сенiм бiлдiрген адамы, ұйым қызметкерлерiнiң өкiлi жұмыс берушiге жазбаша түрде жүгiнуге құқылы, жұмыс берушi олардың өтiнiшiн он күн iшiнде қарап, тиiстi шешiм қабылдауға мiндеттi.       6. Тергеп-тексеру барысында жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, ресiмдеу және тiркеу мәселелерi бойынша жұмыс берушiнiң, қызметкердiң және мемлекеттiк еңбек инспекторының не қауiптi өнеркәсiп объектiлерiнде болған оқиғалар кезiнде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың арасында туындаған келiспеушiлiктердi тиiстi жоғары тұрған бас мемлекеттiк еңбек инспекторы бағыныштылық тәртiппен қарайды және (немесе) сот тәртiбiмен қаралады.       Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мәселелерi бойынша жоғары тұрған бас мемлекеттiк еңбек инспекторының шешiмi еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысанда қорытынды түрiнде ресiмделедi.       7. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актiсi материалдарының көшiрмелерiн жұмыс берушi мемлекеттiк бақылау органдарына жiбередi. Оның үстiне, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейiн мемлекеттiк еңбек инспекторы арнайы тергеп-тексеру актiсi материалдары көшiрмелерiнiң бiр данасын жетi күн iшiнде жергiлiктi iшкi iстер органына жiбередi, ол заңнамаға сәйкес тиiстi шешiм қабылдап, қабылданған шешiм туралы жиырма күннен кешiктiрмей хабарлайды.       8. Актiмен ресiмделген әрбiр жазатайым оқиға өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды және денсаулыққа келтiрiлген өзге де зақымдануларды тiркеу журналына жазылады. Журнал еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша жүргiзiледi. Еңбекке уақытша жарамсыздық және жарақаттану туралы алғашқы статистикалық деректер мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен статистикалық әдiснамаға сәйкес берiледi.       9. Алынып тасталды - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.       10. Жұмыс берушi немесе оның өкiлi уақыт өте келе ауыр зардаптарға немесе кiсi өлiмiне әкеп соққан жазатайым оқиғалар санатына ауысқан өндiрiстегi жазатайым оқиғалар туралы тиiстi мемлекеттiк еңбек инспекциясына, ал сақтандыру жағдайлары туралы - сақтандырушының атқарушы органына (сақтанушы тiркелген жердегi) хабарлайды.       11. Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдары ұйымда қырық бес жыл бойы сақталуға тиiс, ұйым таратылған жағдайда жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдары мiндеттi түрде сол ұйым жұмыс iстеген жердегi мемлекеттiк мұрағатқа тапсырылуға тиiс.       12. Өндiрiстегi жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдарында тергеп-тексеру актiсiмен қатар:       1) зардап шеккен адамның еңбектi қорғау жөнiнде оқығаны және нұсқама алғаны, сондай-ақ алдын ала және мерзiмдiк медициналық тексерулерден өткенi туралы мәлiметтер;       2) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша жауап алу хаттамалары және оқиға куәгерлерiнiң, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарының сақталуына жауапты лауазымды адамдардың түсiнiктемелерi;       3) оқиға болған жердiң жоспарлары, схемалары мен фотосуреттерi;       4) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарын регламенттейтiн нұсқаулықтардан, ережелерден, бұйрықтардан және басқа да актiлерден үзiндi көшiрмелер, өндiрiстегi салауатты және қауiпсiз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге жауапты лауазымды адамдардың мiндеттерi және басқалар;       5) зардап шеккен адамның денсаулығына келтiрiлген зақымның сипаты мен ауырлығы (өлiмге әкеп соққан себеп) туралы медициналық қорытынды;       6) зертханалық және басқа зерттеулердiң, эксперименттердiң, сараптамалардың, талдаулардың нәтижелерi және тағы сол сияқтылар;       7) бас мемлекеттiк еңбек инспекторының қорытындысы (егер бар болса);       8) жұмыс берушiге келтiрiлген материалдық залал туралы мәлiметтер;       9) жұмыс берушiнiң зардап шеккен адамға (отбасы мүшелерiне) оның денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу және жол берiлген оқиғаға кiнәлi лауазымды адамдарды жауапкершiлiкке тарту туралы бұйрығы;       10) қоса берiлетiн құжаттардың тiзбесi болуға тиiс.       13. Зардап шеккен адам немесе қызметкерлердiң өкiлi жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудiң бүкiл материалдарымен танысуға және қажеттi үзiндi көшiрмелер жасауға құқылы.