Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
енбекти коргау шпор.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
237 Кб
Скачать
☆
  1. Жеке еңбек шартының түсінігін айтып беріңіз.

Жеке еңбек шарты дегеніміз- бұл қызметкердің ішкі еңбек тәртібіне бағына отырып, белгілі бір еңбек функциясын (белгілі бір мамандық, біліктілік және кәсіп бойынша жұмысты) орындау міндетін, ал жұмыс берушінің қызметкерге уақтылы және толық көлемде жалақы төлеп отыру және қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету міндетін көздейтін қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім.

Қазіргі кезде азаматттардың еңбекке қатысты өз құқықтарын жүзеге асыру нысандарының арасынан еңбек шартын ерекше атап өтсе болады. Себебі, еңбек шарты ғана еңбектің жалдау сипатындағы негізі ретінде нарықтық еңбек қатынастарының талаптарына анағұрлым толық жауап береді. Сонымен қатар, жеке еңбек шарты ұғымымен қоса «контракт» ұғымы да теңдей танылды. Кең мағынада контракт дегеніміз кез келген шарт, яғни тең құқылы тараптардың (субъектілердің) арасындағы келісім. Бұл мағынада контракт кәсіпкерлік және басқа да қызмет саласында жаппай пайдаланылады және де әр түрлі құқық салаларының нормаларымен байланысты болып келеді. Еңбек қатынастары саласында «контракт» ұғымы анағұрлым тар, ерекше мағынада қолданылады және еңбек шартының айрықша нысаны ретінде қарастырылады. Қарапайым еңбек шартына қарағанда контракттың өзгешелігі болады. Жеке еңбек шартының ережелері заңның шеңберінен шыға алмайды. Ал контракттың мазмұнында заңмен көзделмеген жағдайлар да көрініс табуы мүмкүн. Мысалы, контракт бойынша келісілген жағдайларға қол жеткізілгенде қызметкерге п.тер, автокөлік, бала-бақшадан орын берілуі немесе жұмыстан босату туралы ережелер айырықша көзделуі мумкінә Әдетте, контракт ірі кәсіпорындардың басшыларымен, спортшылармен, мәдениет қызметкерлерімен, оқытушылармен және т.б. жасалынады.

Жеке еңбек шартының белгілері. Жеке еңбек шарты белгілерінің бірі болып шарт пәнінің өзгешелігі табылады. Жеке еңбек шартына сәйкес, қызметкер белгілі бір қызмет түріне жататын жұмысты, яғни белгілі бір мерзім көлемінде орындайтын мамандықты, кәсіпті, біліктілікті, лауазымды орындауға міндеттенеді.

  1. Өндірістік жарақаттар түсінігін айтып беріңіз.

Қызметкердің (қызметкерлердің) еңбек қабілетінен айырылуына әкелетін, өндіріспен байланысты әрбір жазатайым оқиға медициналық қорытындыға (ұсынымға) сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысандағы жазатайым оқиға туралы актімен қажетті данада (әрбір зардап шегушіге жеке-жеке) ресімделеді (жазатайым оқиға туралы акт формасы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 74-ө «Өндірістегі жазатайым оқиғаға байланысты құжаттар нысандарын бекіту туралы» бұйрығының 2 қосымшасында келтірілген). Бұйрықтың бұл қосымшасында өндірістегі жазатайым оқиға туралы актіні толтыруға түсініктеме, Жіктеуіштер – Жазатайым жағдайға әкелген оқиға түрі, Жіктеуіштер (жазатайым оқиғаның себептері), Зардап шегуші жарақатының ауырлық дәрежесі, осы актіде қолданылатын бірқатар сөз тіркестерінің, терминдер мен белгілеулердің талданып оқылуы келтірілген, бұл өндірістік жарақаттанушылық пен кәсіптік аурулардың себептеріне талдау жасауды өткізу кезінде басшылыққа алатын құжат қызметін атқаруы мүмкін. Мұндай талдау жасау ұйымның еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі комиссияның белсенді қатысуымен өткізіледі, комиссияның негізгі міндеттерінің бірі жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйіне тексерулер өткізуді ұйымдастыру, жұмыс берушіге еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың, өндірістік жарақаттанушылық пен кәсіптік ауруға шалдығушылықтың жай-күйіне талдау жасау негізінде еңбекті қорғау проблемаларын шешу жөнінде тиісті ұсыныстар даярлау болып табылады.