- •Еңбекті қорғаудың түсінігін айтып беріңіз:
- •Еңбекті қорғау пәнінің түсінігін айтып беріңіз
- •Еңбекті қорғау пәнінің объектісін айтып беріңіз.
- •3) Экономикалық, 4) техникалық құрамдас элементтерден тұрады. Бұл жерде ескеретін бір жайт, еңбекті қорғаудың кем дегенде бір құрамдас элементі бұзылса, онда бүкіл еңбекті қорғау бұзылды деп саналады.
- •Еңбекті қорғау пәнінің субъектісін айтып беріңіз.
- •Еңбекті қорғау саласының міндеттерін айтып беріңіз.
- •Еңбекті қорғау саласының қағидаларын айтып беріңіз.
- •Еңбек қауіпсіздігінің түсінігін айтып беріңіз.
- •Өндірістегі тергеп-тексерудің түсінігін айтып беріңіз.
- •Еңбекті қорғауды ұйымдастырудың мазмұнын айтып беріңіз.
- •Жеке еңбек шартының түсінігін айтып беріңіз.
- •Өндірістік жарақаттар түсінігін айтып беріңіз.
- •Өндірісте зардап шеккен адамның түсінігін айтып беріңіз
- •Өндірісте жазатайым оқиғаның түсінігін айтып беріңіз
- •Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру түсінігін айтып беріңіз
- •Жұмыс берушінің өндірістегі жазатайым оқиға кезіндегі міндеттерін айтып беріңіз
- •Еңбек нормалары бұзған үшін жауаптылықтың түсінігін айтып беріңіз
- •Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағында Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы кім
- •Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаты
- •Еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға қызметкерлер құқықтарының кепілдіктері
- •Жұмысқа қабылдау кезiндегі еңбек қауiпсіздiгіне және еңбекті қорғауға құқықтарының кепілдіктерi
- •Қызметкердiң еңбек қауіпсіздiгіне және еңбекті қорғаудағы құқықтары
- •Қызметкердiң еңбек қауіпсіздiгіне және еңбекті қорғаудағы міндеттері
- •Мемлекеттiк еңбек инспекторларының еңбектi қорғауды қамтамасыз ету саласындағы құқықтары
- •Өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру ерекшеліктері.
- •Мемлекеттiк еңбек инспекторының атқаратын қызметіне тоқталыңыз
- •Жоспарлы тексеруге себеп болатын жағдайларға тоқталыңыз
- •Тексеруді жүргізетін тұлғаларға тоқталыңыз
- •Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырушыларға тоқталыңыз
- •Мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметінің принциптеріне тоқталыңыз
- •Мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметінің негізгі міндеттеріне тоқталыңыз
- •Мемлекеттік еңбек инспекторының мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі жауапкершілігіне тоқталыңыз
- •Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауға тоқталыңыз
- •Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп-тексерілуі мен есепке алынуын бақылау тәртібі
- •Оқиғаларды тергеп-тексеруді жүзеге асыратын комиссияның құрылу тәртібі
- •Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібі
- •Еңбек нормаларының сақталуын тексеру тәртібі
- •Қызметкерлерді міндетті медициналық тексеру қалай жүргізіледі
- •Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу және оларды есепке алу тәртібі.
- •Жазатайым оқиға куәгерлерінен жауап алу және хаттама толтыру тәртібі
- •Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру тәртібі
- •Еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда, келтірілген зиянды өтеу тәртібі
- •Кәмелетке толмағандардың еңбегін қорғау тәртібі
- •Еңбек саласындағы әйелдердің құқықтық жағдайына тоқталыңыз
- •Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу тәртібі
- •Жұмыс беруші өз жұмысшысын заңсыз жұмыстан босатқан жағдайда жасалатын шаралар тәртібі
- •Қазақстан Республикасы Президентінің «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында еңбекті қорғауға қатысты қандай мәселелер қарастырылған
- •Еңбек дауларын шешу тәртібін
Жұмыс берушінің өндірістегі жазатайым оқиға кезіндегі міндеттерін айтып беріңіз
1. Жұмыс берушi: 1) зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетудi және қажет болған кезде, оны денсаулық сақтау ұйымына жеткiзудi ұйымдастыруға; 2) авариялық жағдайдың өршуiнiң және жазатайым оқиғаның орын алуына себеп болған факторлардың басқа адамдарға әсер етуiн болғызбау жөнiндегi шұғыл шараларды қабылдауға; 3) жазатайым оқиға болған жердегi ахуалды (жабдықтар мен тетiктердiң, еңбек құрал-жабдықтарының жай-күйiн), егер бұл басқа адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiрмесе, ал өндiрiстiк процестiң үзiлiссiз жұмысын бұзу аварияға әкеп соқпайтын болса, оқиға болған кездегi күйде сақтауға, сондай-ақ жазатайым оқиға болған жердi фотосуретке түсiруге; 4) өндiрiстегi жазатайым оқиға жөнiнде зардап шеккен адамның жақын туыстарын дереу хабардар етуге және осы Кодексте, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға хабарлама жiберуге; 5) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мен есепке алуды осы тарауға сәйкес қамтамасыз етуге; 6) арнайы тергеп-тексеру жөнiндегi комиссия мүшелерiн өндiрiстегi жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру үшiн оқиға болған жерге кiргiзуге; 7) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды және кәсiптiк ауруларды тiркеудi, есепке алу мен талдауды жүзеге асыруға мiндеттi. 2. Жұмыс берушi өндiрiстегi жазатайым оқиға туралы еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша: 1) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның мемлекеттiк еңбек испекциясының аумақтық бөлiмшелерiне; 2) қауiптi өнеркәсiп объектiлерiнде болған жазатайым оқиғалар кезiнде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi жергiлiктi органдарға; 3) кәсiптiк ауру немесе улану жағдайлары жөнiнде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшесiне; 4) қызметкерлер өкiлдерiне; 5) қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымына хабарлайды. Осы тарауға сәйкес арнайы тексерiлуге тиiс жазатайым оқиға болған кезде жұмыс берушi: 1) жазатайым оқиға болған жердегi құқық қорғау органына; 2) өндiрiстiк және ведомстволық бақылау мен қадағалаудың уәкiлеттi органдарына хабарлауға тиiс. 3. Өндiрiстегi жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезiнде комиссияның талабы бойынша жұмыс берушi өз қаражаты есебiнен: 1) техникалық есептеулердiң орындалуын, зертханалық зерттеулердiң, сынақтардың, басқа да сараптама жұмыстарының жүргiзiлуiн және осы мақсаттарда сарапшы мамандардың тартылуын; 2) оқиға орнын және зақым келтiрiлген объектiлердi фотосуретке түсiрудi, жоспарлар, эскиздер, схемалар жасауды; 3) көлiк, қызметтiк үй-жай, байланыс құралдарын, арнаулы киiм, арнаулы аяқ киiм және тексеру жүргiзу үшiн қажеттi басқа да жеке қорғау құралдарын берудi; 4) мыналарды: жұмыс орнының жай-күйiн, қауiптi және (немесе) зиянды өндiрiстiк факторлардың бар-жоғын сипаттайтын құжаттарды (жоспарларды, эскиздердi, схемаларды, ал қажет болғанда оқиға орнында түсiрiлген фото- және бейнематериалдарды және т.с.с); нұсқау берулердi тiркеу журналдарынан және зардап шеккен адамдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi бiлiмiн тексеру хаттамаларынан, жазатайым оқиға куәгерлерi мен лауазымды адамдардан жауап алынған хаттамалардан, зардап шеккен адамдардың түсiнiктемелерiнен, мамандардың сараптама қорытындыларынан үзiндi көшiрмелердi; зертханалық зерттеулер мен эксперименттердiң нәтижелерiн; зардап шеккен адамның денсаулығына келтiрiлген зақымданудың сипаты мен ауырлық дәрежесi немесе оның өлiмiнiң себебi туралы, алкогольдiк, есiрткiлiк немесе уыттық мас болу белгiсiнiң бары (жоғы) туралы медициналық қорытындыны; зардап шеккен адамға арнаулы киiм, арнаулы аяқ киiм және басқа да жеке қорғану құралдары берiлгенiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн; аталған өндiрiсте (объектiде) мемлекеттiк еңбек инспекторлары мен аумақтық мемлекеттiк қадағалау органының лауазымды адамдарының (егер жазатайым оқиға осы орган бақылайтын ұйымда немесе объектiде орын алса) бұрын берiлген нұсқамаларынан үзiндi көшiрмелердi, сондай-ақ қоғамдық еңбек инспекторларының анықталған еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi нормативтiк талаптарды бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларынан үзiндi көшiрмелердi; комиссияның қалауына қарай iстiң қаралуына қатысы бар басқа да құжаттарды бередi.
