Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
енбекти коргау шпор.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
237 Кб
Скачать
☆
  1. Қызметкердiң еңбек қауіпсіздiгіне және еңбекті қорғаудағы міндеттері

Қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттері.

Қызметкер:

  1. өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға, кәсіптік аурудың (уланудың) белгілері, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туралы өзінің тікелей басшысына дереу хабарлауға;

  2. міндетті мерзімді медициналық тексеруден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан, сондай-ақ өндірістік қажеттілікке байланысты басқа жұмысқа ауысу үшін не кәсіптік аурудың белгілері пайда болған кезде медициналық куәландырудан өтуге;

  3. жұмыс беруші беретін жеке және ұжымдық қорғану құралдарын қолдануға және мақсатқа сай пайдалануға;

  4. медициналық мекемелер ұсынған емдік және сауықтыру іс-шараларын жұмыс беруші қаржыландырған жағдайда соларды орындауға;

  5. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормалардың, ережелердің және нұсқаулықтардың талаптарын, сондай-ақ жұмыс берушінің өндірістегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарын сақтауға міндетті.

  1. Мемлекеттiк еңбек инспекторларының еңбектi қорғауды қамтамасыз ету саласындағы құқықтары

Мемлекеттiк еңбек инспекторларының:

1) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғаудың жай-күйiне тексеру жүргiзу мақсатында кәсiпорындарға кедергiсiз баруға;

2) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысуға;

3) жұмыс берушiлерден, ұйымдардың лауазымды адамдарынан Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарының сақталу мәселелерi жөнiнде қажеттi ақпараттар, құжаттар, сондай-ақ түсiнiктемелер алуға;

4) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдары талаптарының бұзылуына кiнәлi заңды, лауазымды және жеке тұлғаларға нұсқамалар беруге және әкiмшiлiк жазалар қолдануға;

5) қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн, Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын бұзушылық анықталған жағдайда, жекелеген өндiрiстердi, цехтарды, учаскелердi, жұмыс орындары мен жабдықтарды пайдалануды осы бұзушылық жойылғанға дейiн тоқтата тұруға (тыйым салуға);

6) жұмыс орындарында Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына жауап бермейтiн арнаулы киiмдi, арнаулы аяқ киiм мен басқа да жеке қорғану құралдарын пайдалануға тыйым салуға; V970321

7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оқытудан, нұсқамадан және еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау жөнiндегi ережелердi, нормалар мен нұсқаулықтарды бiлуiн тексеруден, медициналық (алғашқы немесе мерзiмдi) куәландырудан өтпеген, тиiстi арнаулы киiмдi, арнаулы аяқ киiмдi пайдаланбайтын және Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарын бұзған адамдарды жұмыстан шеттетудi талап етуге; V950060 18-тармақ

8) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарының бұзылу, жұмыс берушiлердiң мемлекеттiк еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындамау фактiлерi бойынша ақпаратты, талап-арыздарды және өзге де материалдарды тиiстi құқық қорғау және сот органдарына жiберуге;

9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.