Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
енбекти коргау шпор.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
237 Кб
Скачать
☆
  1. Жұмыс беруші өз жұмысшысын заңсыз жұмыстан босатқан жағдайда жасалатын шаралар тәртібі

1. Жұмыс берушi мынадай жағдайларда:       1) жұмыс берушi - заңды тұлға таратылған не жұмыс берушi - жеке тұлға қызметiн тоқтатқан жағдайда жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылғанда;       2) қызметкерлердiң саны немесе штаты қысқарған жағдайда жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылғанда қызметкерге жұмысынан айрылуына байланысты айына айлық орташа жалақысы мөлшерiнде өтемақы төлемiн жүргiзедi.       2. Еңбек шартын жасасу кезiнде жұмыс берушi еңбек жағдайлары туралы дәйексiз ақпарат берген не жұмыс берушi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын, еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарын бұзған жағдайда қызметкердiң бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде жұмыс берушi қызметкерге жұмысынан айрылуына байланысты үш айға орташа жалақысы мөлшерiнде өтемақы төлемiн жүргiзедi.       3. Еңбек шартында, ұжымдық шартта жұмысынан айрылуына байланысты өтемақы төлемiнiң неғұрлым жоғары мөлшерi көзделуi мүмкiн.

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында еңбекті қорғауға қатысты қандай мәселелер қарастырылған

Елбасы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында: «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясы көз жетпейтін көкжиекте ойлап табылмаған. Бұл — практикалық, прагматикалық идея. Жекелеген заңдар моральдық тұрғыдан ескірген немесе көрнекілік қана сипаты бар. Осы жағ­дайға байланысты олар қоғамдық қатынастардың кейбір салаларын тиімді реттей алмай отыр.

«Кәсіптік одақтар туралы» Заң 1993 жылы қабылданды. Онда тіпті әлеуметтік әріптестік туралы, ұжымдық шарттарды жасау мен орындау тетіктері туралы түсінік те жоқ. Сондықтан Қазақ­стандағы кәсіподақ институттары еңбек даулары­ның алдын алу және шешудің тиімді құрал­дарының рөлін әр кездері бірдей атқара алмай келе жатқандығына таңқалуға да болмайды.

Бұл мақалада ел басы Жұмысшылар өздерін лайықты сезінулері үшін кәсіподақтар қозғалысы өз биігінде болуға тиістігін айтқан. Сондай ақ:

2004 жылы қабылданған «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңға да көрнекілік сипаты тән. Бұл туралы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының соңғы сессиясы барысында жан-жақты айтқан.

Жекелеген заң нормалары заң аясындағы құқықтық актілердің болмауына байланысты немесе олардың орындалуына бақылаудың жетімсіздігі салдарынан жұмыс істемейді.

Мәселен, Еңбек кодексінде жаңа қабылданған қызметкерлер үшін сынақ мерзімі туралы норма бар. Алайда кейбір кезде ол ешбір қисынға сыймайтын жағдайға дейін жеткізіледі. Жоғары оқу орындарын бітірген жастар заңда белгіленген мерзім ішінде «сынақтан өтушілер» есебінде ешбір еңбекақысыз жұмыс істеп қана қоймай, сонымен бірге, оларды тіпті шамадан тыс жұмысқа салу жағдайлары да жиі кездесіп қалады.

Оның үстіне сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін 3-4 сынаққа алынушының біреуі ғана штатқа кіргізіліп, қалғандары шетке қағылады.

Әсіресе, мұндай берекесіз тірлікке мемлекеттік емес мекемелер мен жеке құрылымдар, соның ішінде ірі банктердің филиалдары көбірек барады.

Бұл дегеніміз біздің жастарымызды қанаудың бір түрі емес пе!

Бірақ мемлекеттік еңбек инспекциялары еңбек заңдылығын осылайша айқын бұзудың бірде-бір оқиғасын аша алмай отыр.

Бұл тек жекелеген мысалдар ғана. Мен әрбір әлеуметтік сала өзінің заңдық базасының тиімділігін арттыру үшін елеулі резервтерге ие.

Осыған орай тек қазір ғана емес, сонымен қатар, орта мерзімдік перспективада да әлеуметтік заңдарды олардың тиімділігін анықтау мақсатында мұқият тексеру талап етіледі.

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында еңбекті қорғауға қатысты қандай мәселелер қарастырылған

2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру.

Мықты мемлекет экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болмақ.

Мықты мемлекет күнкөріс саясатымен емес, жоспарлау саясатымен, ұзақмерзімді дамумен және экономикалық өсумен  айналысады. 4. Ұлттық экономика. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің роліміз

Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бірінші болып жеке меншікке, еркін бәсекелестікке және ашықтық принциптеріне негізделген нарықтық экономиканың заманауи үлгісін жасадық. Біздің моделіміз шетелдік инвестицияларды тартудағы мемлекеттің  белсенді рөліне негізделген.

Елімізге 160 млрд. доллардан астам шетел инвестициясын тарттық.

Кәсіпкерлік қызмет үшін негізгі талаптар мен заманауи салық жүйесі қалыптасты.

Біз ұлттық экономиканы жоспарлы түрде  әртараптандырудамыз. Үдемелі индустрияландыру бағдарламасында екі бесжылдықта экономикамыздың бет-бейнеcін өзгертіп, оны шикізаттың әлемдік бағаларының ауытқуына тәуелсіз ету  міндетін қойдым.

Стратегия-2030 қабылданғаннан бері 15 жыл ішінде мемлекетіміз әлемдегі ең серпінді дамушы елдер бестігіне енді.

Нәтижесінде, 2012 жылдың қорытындысы бойынша ІЖӨ-нің көлемі жағынан біз әлемнің 50 ірі экономикасының қатарынакіреміз.

Әлемнің барлық елдері өз дамуын салыстыратын мойындалған рейтингтер бар. Осыдан алты жыл бұрын мен алдымызға әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру жөнінде жалпыұлттық міндетін қойдым. Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингінде 51-орынды иеленді. Біз бүгін осы мақсатымызға таяқ тастам ғана қалдық.