- •Еңбекті қорғаудың түсінігін айтып беріңіз:
- •Еңбекті қорғау пәнінің түсінігін айтып беріңіз
- •Еңбекті қорғау пәнінің объектісін айтып беріңіз.
- •3) Экономикалық, 4) техникалық құрамдас элементтерден тұрады. Бұл жерде ескеретін бір жайт, еңбекті қорғаудың кем дегенде бір құрамдас элементі бұзылса, онда бүкіл еңбекті қорғау бұзылды деп саналады.
- •Еңбекті қорғау пәнінің субъектісін айтып беріңіз.
- •Еңбекті қорғау саласының міндеттерін айтып беріңіз.
- •Еңбекті қорғау саласының қағидаларын айтып беріңіз.
- •Еңбек қауіпсіздігінің түсінігін айтып беріңіз.
- •Өндірістегі тергеп-тексерудің түсінігін айтып беріңіз.
- •Еңбекті қорғауды ұйымдастырудың мазмұнын айтып беріңіз.
- •Жеке еңбек шартының түсінігін айтып беріңіз.
- •Өндірістік жарақаттар түсінігін айтып беріңіз.
- •Өндірісте зардап шеккен адамның түсінігін айтып беріңіз
- •Өндірісте жазатайым оқиғаның түсінігін айтып беріңіз
- •Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру түсінігін айтып беріңіз
- •Жұмыс берушінің өндірістегі жазатайым оқиға кезіндегі міндеттерін айтып беріңіз
- •Еңбек нормалары бұзған үшін жауаптылықтың түсінігін айтып беріңіз
- •Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағында Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы кім
- •Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаты
- •Еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға қызметкерлер құқықтарының кепілдіктері
- •Жұмысқа қабылдау кезiндегі еңбек қауiпсіздiгіне және еңбекті қорғауға құқықтарының кепілдіктерi
- •Қызметкердiң еңбек қауіпсіздiгіне және еңбекті қорғаудағы құқықтары
- •Қызметкердiң еңбек қауіпсіздiгіне және еңбекті қорғаудағы міндеттері
- •Мемлекеттiк еңбек инспекторларының еңбектi қорғауды қамтамасыз ету саласындағы құқықтары
- •Өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру ерекшеліктері.
- •Мемлекеттiк еңбек инспекторының атқаратын қызметіне тоқталыңыз
- •Жоспарлы тексеруге себеп болатын жағдайларға тоқталыңыз
- •Тексеруді жүргізетін тұлғаларға тоқталыңыз
- •Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырушыларға тоқталыңыз
- •Мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметінің принциптеріне тоқталыңыз
- •Мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметінің негізгі міндеттеріне тоқталыңыз
- •Мемлекеттік еңбек инспекторының мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі жауапкершілігіне тоқталыңыз
- •Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауға тоқталыңыз
- •Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп-тексерілуі мен есепке алынуын бақылау тәртібі
- •Оқиғаларды тергеп-тексеруді жүзеге асыратын комиссияның құрылу тәртібі
- •Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібі
- •Еңбек нормаларының сақталуын тексеру тәртібі
- •Қызметкерлерді міндетті медициналық тексеру қалай жүргізіледі
- •Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу және оларды есепке алу тәртібі.
- •Жазатайым оқиға куәгерлерінен жауап алу және хаттама толтыру тәртібі
- •Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру тәртібі
- •Еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда, келтірілген зиянды өтеу тәртібі
- •Кәмелетке толмағандардың еңбегін қорғау тәртібі
- •Еңбек саласындағы әйелдердің құқықтық жағдайына тоқталыңыз
- •Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу тәртібі
- •Жұмыс беруші өз жұмысшысын заңсыз жұмыстан босатқан жағдайда жасалатын шаралар тәртібі
- •Қазақстан Республикасы Президентінің «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында еңбекті қорғауға қатысты қандай мәселелер қарастырылған
- •Еңбек дауларын шешу тәртібін
Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру түсінігін айтып беріңіз
1. Қызметкерлердiң, сондай-ақ: 1) техникалық және кәсiптiк, орта оқу орнынан кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын оқу орындарында оқитын, кәсiптiк практикадан өтiп жүрген адамдардың 2) әскери қызмет өткерумен байланысты емес жұмыстарды орындауға тартылған әскери қызметшiлердiң 3) сот үкiмi бойынша еңбекке тартылған адамдардың 4) әскерилендiрiлген авариялық-құтқару бөлiмдерi, әскерилендiрiлген күзет жеке құрамының, авариялардың, дүлей зiлзаланың салдарларын жою жөнiндегi, адам өмiрiн және мүлiктi құтқару жөнiндегi ерiктi командалар мүшелерiнiң еңбек қызметiне байланысты және еңбекке қабiлетсiздiгiне не өлiмiне әкеп соққан денсаулығының зақымдану жағдайлары осы Кодекске сәйкес тергеп-тексеруге және есепке алуға жатады. 2. Өндiрiстiк жарақаттар мен қызметкердiң денсаулығына еңбек мiндеттерiн атқарумен байланысты келтiрiлген өзге де зақымданулар не жұмыс берушiнiң мүддесi үшiн өз бастамасы бойынша еңбекке қабiлетсiздiгiне не өлiмге әкеп соққан басқа да әрекеттер жасау, егер олар: 1) жұмыс уақыты басталар алдында немесе аяқталғаннан кейiн жұмыс орнын, өндiрiс құрал-жабдықтарын, жеке қорғану құралдарын және басқаларын дайындау және ретке келтiру кезiнде; 2) жұмыс орнындағы жұмыс уақыты iшiнде немесе iссапар кезiнде не жұмыс берушiнiң немесе ұйымның лауазымды адамының тапсырмасы бойынша еңбек немесе өзге де мiндеттемелердi орындауға байланысты басқа жерде болғанда; 3) қауiптi және (немесе) зиянды өндiрiстiк факторлар әсерiнiң нәтижесiнде; 4) жұмысы қызмет көрсету объектiлерi арасында жүрумен байланысты қызметкер жұмыс уақытында жұмыс берушiнiң тапсырмасы бойынша жұмыс орнына бара жатқан жолда; 5) қызметкердiң еңбек мiндеттерiн орындауы кезiнде жұмыс берушiнiң көлiгiнде; 6) жеке көлiгiн қызмет бабында пайдалану құқығына жұмыс берушiнiң жазбаша келiсiмi болғанда өзiнiң жеке көлiгiнде; 7) жұмыс берушiнiң өкiмi бойынша өз ұйымының немесе басқа ұйымның аумағында болған кезеңде, сондай-ақ жұмыс берушiнiң мүлкiн қорғау не жұмыс берушiнiң мүддесi үшiн өз бастамасы бойынша өзге де iс-әрекеттер жасау кезiнде болса, өндiрiстегi жазатайым оқиғалар ретiнде тергеп-тексерiледi және есепке алынады. 3. Тергеп-тексеру барысында жарақаттар мен зақымданулардың: 1) зардап шеккен адамның өз бастамасы бойынша жұмыстарды немесе өзге де iс-әрекеттердi функционалдық мiндеттерiне кiрмейтiн және жұмыс берушiнiң мүддесiмен байланысты емес, оның iшiнде вахталық әдiспен жұмыс iстеу кезiнде ауысымаралық демалыс және түскi ас үзiлiсi кезеңiнде, сондай-ақ алкогольдiк мас болу, уытты және есiрткi заттарды (олардың аналогтарын) пайдалану күйiнде орындаған кезде; 2) өз денсаулығына қасақана (әдейi) зиян келтiру нәтижесiнде немесе зардап шеккен адам қылмыс жасаған кезде; 3) зардап шеккен адам денсаулығының медициналық қорытындымен расталған, қауiптi және (немесе) зиянды өндiрiстiк факторлардың әсерiмен байланысты емес кенеттен нашарлауынан болғаны нақты анықталса, олар өндiрiстiк жарақаттар және қызметкерлер денсаулығының өндiрiстегi өзге де зақымданулары ретiнде ресiмделмейдi. 4. Әрбiр жазатайым оқиға туралы зардап шеккен адам немесе куәгер жұмыс берушiге немесе жұмыстарды ұйымдастырушыға дереу хабарлауға мiндеттi. Денсаулық сақтау ұйымдарының жауапты лауазымды адамдары қызметкерлердiң өндiрiсте жарақат алуына немесе өзге де зақымдануына байланысты бастапқы өтiнiш жасауының әрбiр жағдайы туралы жұмыс берушiнi және мемлекеттiк еңбек инспекциясының аумақтық бөлiмшелерiн, сондай-ақ қатерлi кәсiптiк ауру (улану) жағдайлары туралы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органды хабардар етуге тиiс. 5. Өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудi ұйымдастыруға, ресiмдеуге және тiркеуге жұмыс берушi жауапты болады.
