- •Еңбекті қорғаудың түсінігін айтып беріңіз:
- •Еңбекті қорғау пәнінің түсінігін айтып беріңіз
- •Еңбекті қорғау пәнінің объектісін айтып беріңіз.
- •3) Экономикалық, 4) техникалық құрамдас элементтерден тұрады. Бұл жерде ескеретін бір жайт, еңбекті қорғаудың кем дегенде бір құрамдас элементі бұзылса, онда бүкіл еңбекті қорғау бұзылды деп саналады.
- •Еңбекті қорғау пәнінің субъектісін айтып беріңіз.
- •Еңбекті қорғау саласының міндеттерін айтып беріңіз.
- •Еңбекті қорғау саласының қағидаларын айтып беріңіз.
- •Еңбек қауіпсіздігінің түсінігін айтып беріңіз.
- •Өндірістегі тергеп-тексерудің түсінігін айтып беріңіз.
- •Еңбекті қорғауды ұйымдастырудың мазмұнын айтып беріңіз.
- •Жеке еңбек шартының түсінігін айтып беріңіз.
- •Өндірістік жарақаттар түсінігін айтып беріңіз.
- •Өндірісте зардап шеккен адамның түсінігін айтып беріңіз
- •Өндірісте жазатайым оқиғаның түсінігін айтып беріңіз
- •Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру түсінігін айтып беріңіз
- •Жұмыс берушінің өндірістегі жазатайым оқиға кезіндегі міндеттерін айтып беріңіз
- •Еңбек нормалары бұзған үшін жауаптылықтың түсінігін айтып беріңіз
- •Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағында Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы кім
- •Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаты
- •Еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға қызметкерлер құқықтарының кепілдіктері
- •Жұмысқа қабылдау кезiндегі еңбек қауiпсіздiгіне және еңбекті қорғауға құқықтарының кепілдіктерi
- •Қызметкердiң еңбек қауіпсіздiгіне және еңбекті қорғаудағы құқықтары
- •Қызметкердiң еңбек қауіпсіздiгіне және еңбекті қорғаудағы міндеттері
- •Мемлекеттiк еңбек инспекторларының еңбектi қорғауды қамтамасыз ету саласындағы құқықтары
- •Өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру ерекшеліктері.
- •Мемлекеттiк еңбек инспекторының атқаратын қызметіне тоқталыңыз
- •Жоспарлы тексеруге себеп болатын жағдайларға тоқталыңыз
- •Тексеруді жүргізетін тұлғаларға тоқталыңыз
- •Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырушыларға тоқталыңыз
- •Мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметінің принциптеріне тоқталыңыз
- •Мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметінің негізгі міндеттеріне тоқталыңыз
- •Мемлекеттік еңбек инспекторының мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі жауапкершілігіне тоқталыңыз
- •Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауға тоқталыңыз
- •Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп-тексерілуі мен есепке алынуын бақылау тәртібі
- •Оқиғаларды тергеп-тексеруді жүзеге асыратын комиссияның құрылу тәртібі
- •Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібі
- •Еңбек нормаларының сақталуын тексеру тәртібі
- •Қызметкерлерді міндетті медициналық тексеру қалай жүргізіледі
- •Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу және оларды есепке алу тәртібі.
- •Жазатайым оқиға куәгерлерінен жауап алу және хаттама толтыру тәртібі
- •Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру тәртібі
- •Еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда, келтірілген зиянды өтеу тәртібі
- •Кәмелетке толмағандардың еңбегін қорғау тәртібі
- •Еңбек саласындағы әйелдердің құқықтық жағдайына тоқталыңыз
- •Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу тәртібі
- •Жұмыс беруші өз жұмысшысын заңсыз жұмыстан босатқан жағдайда жасалатын шаралар тәртібі
- •Қазақстан Республикасы Президентінің «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында еңбекті қорғауға қатысты қандай мәселелер қарастырылған
- •Еңбек дауларын шешу тәртібін
Мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметінің негізгі міндеттеріне тоқталыңыз
Мемлекеттiк еңбек инспекциясының негiзгi мiндеттерi: ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз ету; қауiпсiз еңбек жағдайларына құқықты қоса алғанда, қызметкерлердiң құқықтары мен бостандықтарын сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мәселелерi бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң өтiнiштерiн, арыздарын және шағымдарын қарау болып табылады.
Мемлекеттiк еңбек инспекторлары: 1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға; 2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының орындалуын тексерудi уақтылы және сапалы жүргiзуге; 3) анықталған еңбек заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнiндегi шараларды қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс берушiлердi (олардың өкiлдерiн) хабардар етуге, кiнәлi тұлғаларды жауапқа тарту жөнiнде ұсынулар енгiзуге; 4) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелерi бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң өтiнiштерiн уақтылы қарауға; 5) еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын себептер мен мән-жайларды анықтауға, оларды жою және бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтiру жөнiнде ұсынымдар беруге; 6) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды және кәсiптiк ауруларды тергеп-тексеруге қатысуға; 7) еңбек заңнамасының бұзылу себептерiн жинауды, талдауды, қорытуды жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы бұзылуының алдын алу жөнiндегi жұмысты күшейтуге бағытталған iс-шараларды әзiрлеу мен қабылдауға қатысуға; 8) мемлекеттiк құпияны, еңбек мiндеттерiн орындауға байланысты өзiне мәлiм болған қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етпеуге; 9) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелерi бойынша түсiндiру жұмысын жүргiзуге; 10) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыру кезiнде азаматтармен және қызметкерлердiң өкiлдерiмен өзара iс-қимыл жасасуға мiндеттi.
Мемлекеттік еңбек инспекторының мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі жауапкершілігіне тоқталыңыз
337-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекторының мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiндегi жауапкершiлiгi
Мемлекеттiк еңбек инспекторы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде өз қызметтiк мiндеттерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған, сондай-ақ өзге де заңға қайшы әрекеттер (әрекетсiздiктер) жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауға тоқталыңыз
1. Iшкi бақылау еңбек жағдайларының жай-күйiн қадағалауды ұйымдастыруды, өндiрiстiк бақылаудың деректерiне жедел талдау жүргiзудi, тәуекелдердi бағалауды және еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi анықталған сәйкессiздiктердi жою жөнiнде шаралар қабылдауды қамтиды. 2. Жұмыс берушi жұмыс орындарында еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi белгiленген талаптарды сақтау және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша жедел шаралар қабылдау мақсатында еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi iшкi бақылауды жүзеге асырады.
339-бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi iшкi бақылауды жүзеге асыру тетiгi
1. Қызметкерлерiнiң саны 50-ден асатын өндiрiстiк ұйымдарда еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарын сақтау үшiн iшкi бақылауды жүзеге асыру мақсатында жұмыс берушi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметiн құрады. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi өз мәртебесi бойынша негiзгi өндiрiстiк қызметтерге теңестiрiледi. 2. Ұйымдағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi туралы үлгiлiк ереженi еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтедi. 3. Қызметкерлерiнiң саны 50-ге жетпейтiн жұмыс берушi қызмет ерекшелiгiн ескере отырып, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi мамандық лауазымын енгiзедi не еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi мiндеттi басқа маманға жүктейдi. 4. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi қызметтiң немесе еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi маманның еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарын орындау жөнiндегi нұсқауларын ұйымның барлық қызметкерлерi орындауға мiндеттi.
3 деңгей:
