- •Құрастырған: м.Ғ.К., доцент м.А. А.С.Бабаева
- •Кафедра мәжілісінде талқыланған
- •Ақпарттық-дидактикалық блок Иммунологияның қысқаша даму тарихы
- •Иммунитет теориялары
- •Иммундық жүйенің құрылысы
- •Бейспецификалық қорғаныс факторлары
- •Фагоцитоз
- •А нтигеннің макрофагпен жұтылуы мен қорытылуы:
- •Спецификалық қорғаныс факторлары.
- •Иммундық жауап Иммундық жауаптың механизмдері. Иммунологиялық есте сақтау.
- •Біріншілік иммундыќ жауап
- •Екіншілік иммундыќ жауап
- •Иммуноглобуллиндер. Антиденелер. Сипаттамалары жєне жіктелуі.
- •Иммуноглобуллиндердіњ ќ±рылысы
- •Комплемент жүйесі
- •Комплемент жүйесінің классикалық жолмен белсенуі
- •Комплемент жүйесінің альтернативті (пропердинді) белсенуі
- •Комплемент жүйесінің альтернативті (пропердинді) жолмен белсенуі
- •Макрофагтар
- •Тақырып: Иммунитеттің жасушалық жүйесі. Иммундық жауаптың реттелуі. Иммунологиялық төзімділік. Ісікке қарсы иммунитет.
- •12.Лимфокиндердіњ негізгі ќызметі:
- •13.Фагоцитозѓа жоѓары ќабілетті жасушалар:
- •14.Жасушалыќ иммунитет баќыланады:
- •Жасушалық иммунитет. Иммунитеттің т-жүйесі.
- •Айырша без (тимус)
- •Антигенді айырып тану
- •Иммунитеттік төзімділік
- •Иммунитеттік қапер қызметі
- •Иммунитеттік қапер негізі:
- •Ісікке қарсы иммунитет
- •Ісік антигендері
- •Жасушалық және гуморалдық факторлардың ісікке қарсы иммунитеттегі ролі
- •Тақырып: hla-жүйесі. Трансплантация иммунологиясы. Жоғары сезімталдық. Аллергияны лабораториялық бағалау әдістері.
- •Гистосєйкестіктіњ негізгі комплексі
- •Трансплантациялыќ иммунитет.
- •Аллергиялыќ аурулар
- •Тақырып: Біріншілік және екіншілік иммунжетіспеушіліктер. Вакцинопрофилактика. Вакцина жасаудың қазіргі принциптері.
- •Иммунтапшылыќ жаѓдайлар
- •Вакцина және вакцинопрофилактика
- •Вакцинаның негізгі түрлері
- •Ұсынылатын әдебиеттер
Комплемент жүйесінің классикалық жолмен белсенуі
С1
С1q C1r C1s
+ иммуноглобулиндер
С4 С4а сұйық
түрінде қан сары суына өтеді
С4в +С1
С14в
эстераза
С2 С2в сұйық түрінде қан сары суына өтеді
С2а + С14в
С14в2а
С
3-конвертаза
С3 С3а сұйық
түрінде қан сары суына өтеді
С3в + С14в2а
С14в2а3в
С5
конвертаза
С5
С5а сұйық
түрінде қан сары суына өтеді
С5в + С14в2а3в
С6-С9
С14в2а3в5в
МЕМБРАНАҒА ШАБУЫЛ
ЖАСАУШЫ КОМПЛЕКС
Комплемент жүйесінің альтернативті (пропердинді) белсенуі
Комплемент жүйесінің альтернативті белсенуінің классикалық белсенуден айырмашылығы:
комплемент жүйесінің белсенуі үшін иммундық комплекс қажет емес, сондықтан иммуноглобулиндерді өндіру үшін уақытты кетпейді;
альтернативті белсенуде комплеменнттің алғашқы компоненттері – С1, С2 және С4 – қатыспайды;
альтернативті белсену антиген денеге түскеннен кейін бірден іске қосылады және оны бактериялық полисахаридтер, липополисахаридтер, вирустар, жасуша мембранасының бетіндегі вирустық бөлшектер, ісік жасушалары, паразиттер, сондай-ақ агрегацияланған иммуноглобулиндер белсендіреді.
Сонымен, комплемент жүйесінің альтернативті белсенуі денеге бөгде агенттер түскеннен кейін спецификалық иммуноглобулиндер мен иммундық комплекстер түзілгенге дейін тез іске асатын «жедел жәрдем» қызметін атқарады.
Пропердин жүйесі альтернативті белсенудің алғашқы кезеңдерінде қатысады және организмде В және D факторлары деп аталатын ақуыздар тобын құрайды. D факторы қан сары суында белсенді фермент түрінде болады, В факторы оның субстраты болып табылады. В факторы D факторының әсерімен ыдырап белсенді Bb факторын пайда етеді. Дегенмен, D факторы белсенді емес В факторына протеолиздік әсер етпейді, ал В факторы комплементтің белсенді С3b фрагментімен байланысқаннан кейін оны протеолиздейді. С3b С3 компонентінің міндетті перманентті баяу ыдырауының нәтижесінде түзіледі. D факторының әсерімен В факторы екіге ыдырайды: Ва – қан сары сууына өтеді, Bb С3b-мен бірге С3-конвертазаның қасиетіне ие болады. Сонымен, орагнизмде екі С3-конвертаза бар: біреуі классикалық белсену үшін – C4b2a, екіншісі альтернативті белсену үшін – C3bBb. Бұл комплекс тұрақсыз болғандықтанпропердин (Р) ақуызы C3bBbмен байланысып, оны тұрақтандырады және C3 компонентін белсендіру қызметін ұзартады. РC3bBb C3 компонентін белсендіреді және нәтижесінде С5-конвертаза түзіледі. Одан МШК пайда болады.
Комплемент жүйесіндегі белсену механизмдерін бақылаушы реттеуші механизмдер туралы тағы да тоқталып кетейік. Ең алдымен бұл С1-ингибитор. Ол плазмалық альфа-2-глобулиндерге жатады және С1 компонентін бастапқы C1q, C1r, C1s субкомпоненттеріне диссоциациялау жолымен оның ферменттік белсенділігін тежейді. Сонымен бірге, С1-ингибитор плазминнің, калликреиннің, белсенді Хагеман факторының қызметтерін тежейді. С1-ингибитордің жетіспеушілігі ангионевроздық ісінуге алып келеді. Сонымен бірге, комплементтің реттеуші компоненттеріне I фактор (немесе C3b-инактиватор – комплементтің белсенді C3b компонентінің инактиваторы) жатады. Бұл C3b ны белсенді емес C3c және C3d өнімдеріне ыдырататын сары сулық фрагмент. Келесі инактиватор Н фактор деп аталады. Ол I фактормен бірге қызмет жасайтын бета-1-глобулин. Оның қызметі C3b дан альфа-тізбектің ажыруына бағытталған және бұл C3 ферменттік белсенділігінің жойылып, белсенді емес C3bi түріне өткізеді. Сондай-ақ, анафилотоксиндердің инактиваторлары деп аталатын альфа-глобулиндер болады. Олар C3a, C4a, C5a биологиялық белсенділіктерін ферменттік түрде бұзады.
