- •Құрастырған: м.Ғ.К., доцент м.А. А.С.Бабаева
- •Кафедра мәжілісінде талқыланған
- •Ақпарттық-дидактикалық блок Иммунологияның қысқаша даму тарихы
- •Иммунитет теориялары
- •Иммундық жүйенің құрылысы
- •Бейспецификалық қорғаныс факторлары
- •Фагоцитоз
- •А нтигеннің макрофагпен жұтылуы мен қорытылуы:
- •Спецификалық қорғаныс факторлары.
- •Иммундық жауап Иммундық жауаптың механизмдері. Иммунологиялық есте сақтау.
- •Біріншілік иммундыќ жауап
- •Екіншілік иммундыќ жауап
- •Иммуноглобуллиндер. Антиденелер. Сипаттамалары жєне жіктелуі.
- •Иммуноглобуллиндердіњ ќ±рылысы
- •Комплемент жүйесі
- •Комплемент жүйесінің классикалық жолмен белсенуі
- •Комплемент жүйесінің альтернативті (пропердинді) белсенуі
- •Комплемент жүйесінің альтернативті (пропердинді) жолмен белсенуі
- •Макрофагтар
- •Тақырып: Иммунитеттің жасушалық жүйесі. Иммундық жауаптың реттелуі. Иммунологиялық төзімділік. Ісікке қарсы иммунитет.
- •12.Лимфокиндердіњ негізгі ќызметі:
- •13.Фагоцитозѓа жоѓары ќабілетті жасушалар:
- •14.Жасушалыќ иммунитет баќыланады:
- •Жасушалық иммунитет. Иммунитеттің т-жүйесі.
- •Айырша без (тимус)
- •Антигенді айырып тану
- •Иммунитеттік төзімділік
- •Иммунитеттік қапер қызметі
- •Иммунитеттік қапер негізі:
- •Ісікке қарсы иммунитет
- •Ісік антигендері
- •Жасушалық және гуморалдық факторлардың ісікке қарсы иммунитеттегі ролі
- •Тақырып: hla-жүйесі. Трансплантация иммунологиясы. Жоғары сезімталдық. Аллергияны лабораториялық бағалау әдістері.
- •Гистосєйкестіктіњ негізгі комплексі
- •Трансплантациялыќ иммунитет.
- •Аллергиялыќ аурулар
- •Тақырып: Біріншілік және екіншілік иммунжетіспеушіліктер. Вакцинопрофилактика. Вакцина жасаудың қазіргі принциптері.
- •Иммунтапшылыќ жаѓдайлар
- •Вакцина және вакцинопрофилактика
- •Вакцинаның негізгі түрлері
- •Ұсынылатын әдебиеттер
Иммундық жүйенің құрылысы
Иммундық жүйе – бұл лимфоидтық мүшелердің тұтастығы мен лимфа жасушаларының жинағы. Адамның лимфоидтық мүшелерінің жалпы салмағы 1,0-2,5 кг. Бұл өзіндік жүйе: ол дене бойына тараған, оның жасушалары қан ағысы арқылы бүкіл денеге тарайды, антигендерге қарсы арнайы антиденелер түзуші қабілетке ие. Иммундық жауаптың негізгі жасушаларына лимфоциттер жатады.
Иммундық жүйе тек қана денсаулықты сақтау үшін қорғаныс реакциясының түзілуін қамтамасыз етпейді. Иммундық жүйенің белсенді қатысуымен аутоиммундық, аллергиялық және басқа да иммунопатологиялық реакциялар дамиды. Иммундық жүйе орталық және шеткі мүшелерден тұрады.
Орталық мүшелерге сүйек кемігі, айырша без (тимус) жатады; бұларда жасушалар жетіліп, көбейеді және бµлінеді (дифференциация).
Шеткі мүшелер мен ұлпаларға көк бауыр, бауыр, лимфа түйіндері және шырышты қабықтардың лимфоидты ұлпалары жатады. Бұл жерлерде лимфоциттер антигенмен жанасып, активация, пролиферациялану және бµліну (дифференциация) процестерінің дамуына алып келеді. Антигенмен жанаспаған жетілген лимфоциттер «аңқау» немесе «бұзылмаған» деп аталады. Сондай-ақ, иммундыќ жүйеге инкапсулярлы (айырша без, көк бауыр, лимфа түйіндері), инкапсулярлы емес (асқазан-ішек, тыныс жолдары шырышты қабықтарының лимфа ұлпасы) мүшелер, терінің лимфоидтық жүйеасты (тері лимфоциттері, шеткі лимфа түйіндері мен лимфа тамырлары) және басқа шырышты қабықтары жатады.
Иммундық жүйе мүшелері афферентті (қан және лимфаның ағып келуі), эфферентті (ағып кетуі) қан тамырларын; қан тамыр және иннервациялық жүйелердің дамуын; синустардағы жасушалардың көбею, жетілу және бµліну аймақтарын қамтиды. Ұлпалар құрылымы талшықты болады.
Сүйек кемігі - барлық иммундық компетентті жасушалары мен қанның формалы элементтерінің бастамасы болып табылатын көп компетентті дің жасушаларының негізгі көзі және өндірушісі.
Сүйек кемігі ыќшамды сүйектен, стромадан, сүйек кемігі арқылы өтетін синустардан, афферентті және эфферентті тамырлардан, генеративті және жетілу аймақтарынан (орталық синус) тұрады. Қан тамыр жүйесімен иннервациялыќ жүйе тығыз байланысты. Сондықтан сүйек кемігінің барлық элементтері гемо- және лимфопоэздің реттелуіне қатысады. Лимфоидты мүшенің өзінің қызметтерін орындайтын негізгі ерекшелігі – бұл жасушалардың генерация аймағынан иммундық ќабілетті жасушалардың жетілу және қан тамыр жүйесіне шығу аймағына миграция жасау қабілеттілігі.
Сүйек кемігінде жасушалар көбейеді, жетіледі және бµлінудіњ алғашқы кезеңдерінен өтеді. Жасушалардың қаннан рециркуляциясы нәтижесінде сүйек кемігінде жетілген лимфоциттердің бір бөлігі, қан және сүйек кемігіне қайта келетін медиаторлар, соның ішінде гормондар болады. Жасушалардың барлық даму және миграция процестері сүйек кемігінің белсенді заттарының (өсу факторы, гемопоэтин, эритропоэтин факторлары және т.б.) бақылауында болады.
Тимус – негізінен Т-лимфоциттер дамитын арнайы лимфоидтық мүше. Тимустың салмағы 10-12 жаста («иммундық жетілген» кезеңі) ауыр болып, 30 жастан кейін (50-60) оның инволюциясы басталады, бірақ тимус толығымен жойылмайды. Тимустың инволюциясымен иммундық жүйенің және жалпы дененің қартаюын байланыстырады.
Тимус екі бөліктен тұрады, олардың әрқайсысы – тимустың құрылымды бірліктері – кіші бөліктерден тұрады (1-ші сурет).
Тимуста строма (фибробласттар, капиллярлар эпителиі, талшықтар); қатпарлы қабат, милы (медуллярлы) қабаты болады. Тимуста жақсы дамыған васкулярлық тор (гематотимустық барьер), эфферентті және афферентті лимфа және қан тамырлары орналасады. Қатпарлы қабатқа эпителиалды жасушалар, лимфоциттер, макрофагтар кіреді. Эпителиалды жасушалар тимустың көп бөлігін құрайды және әр аймағында әртүрлі қызметтер атқарады. Эпителиалды жасушалардың өсінділері лимфоциттердің басқа жасушаларымен байланысын қамтамасыз етеді. Қатпарлы қабаттағы эпителиалды жасушалар иммундық ќабілетті жасушалардың жетілуі мен бµлінуін қамтамасыз етеді. Т-лимфоциттердің ізашарлары қатпарлы қабаттан милы қабатына ауысып жетілген Т-лимфоциттерге айналады.
Тимустың күрделі жасушалық-гуморалдық комплексі негізгі міндеттерді атқару үшін бағытталған:
Т-жасушалардың антигенді танушы рецептор түзілуіне дейінгі жетілуі;
Т-жасушалардың субпопуляцияларға бөлінуі;
антигенді танушы қабілетке ие Т-лимфоциттердің «қажетті» клондарын таңдау.
Айырша без жетіспеушіліктерінде ауыр иммунопатологиялық аурулар дамиды (тимуслимфалық күйлер, біріншілік иммундық тапшылық жағдайлар; тимустың ауыр аутоиммундық ауруларының, мысалы, миастениялардың дамуына қатысады.
Лимфа түйіні. Лимфа түйіні - антигенді танитын, өзара әсерлесетін, антигеннің әсерінен бµлінетін және ұйымдасқан лимфоидтық ұлпалардың негізін құрайтын иммундық Т және В-жасушалардың популяциялары түзілетін шеткі лимфоидтық мүшелердің орталығы.
Лимфа түйіндері антигенге қарсы арнайы жауап түзілетін негізгі иммунологиялық маңызды аймақтарға бөлінеді: милы және паракортикалды аймақтардан тұратын қатпарлы қабат, фолликул, перифолликулярлық аймақ, милы қабаты (2-ші сурет).
Қатпардың сыртқы бөлігінде В-жасушалардан тұратын фолликулдар (В-аймақ) орналасқан. Перифолликулярлық аймақта Т-жасушалар, макрофагтар бар. Фолликул стромасында дендритті жасушалар орналасады. Иммундық жауап дамығанда фолликулда ұрық орталығы түзіледі; онда антигеннің әсерінен лимфоциттер есте сақтау жасушаларына айналады. Паракортикалдық аймақта Т-жасушалар орналасады. Милы аймақта Т-В-лимфоциттер мен плазматикалық жасушалар орналасқан.
Иммундық жауап белсенгенде плазматикалық, лимфоидтық емес жасушалар, рециркулярлы лимфоциттердің саны көбейеді. Бұл процесте ұлпалар ісінеді, лимфа түйіндері «ұлғаяды» (мысалы, жұқпалы қабыну процестерінде).
Лимфа түйіндеріндегі Т-лимфоциттер 55-65, В-лимфоциттер 35-40 құрайды. Сонымен, лимфа түйіндері аймағында гуморалдық және жасушалық иммунологиялық реакциялар дамиды. Лимфа түйіні – иммундық ќабілетті жасушалардың бөгде немесе өзгерген құрылымдармен жанасуын қамтамасыз ететін динамикалық жүйе. Әртүрлі лимфоидтық жүйелердегі лимфа түйіндерінің құрылымы мен қызметтері ұқсас болады.
Көк бауыр. Фиброзды капсуламен қапталған лимфоидтық жүйе. Фиброзды капсуладан перделер (трабекулалар) шығады, олардың арасында ақ және қызыл пульпадан тұратын паренхима болады. Ақ пульпа – артериялардың айналасында орналасқан Т-лимфоциттер аймағы (тимус тәуелді аймақ). В-лимфоциттер аймағы - фолликулярлы аймаққа жанасып тұратын фолликулды ұрық орталығы. Қызыл пульпа – эритроциттер депосы, зақымданған эритроциттерді жоятын орын, көп плазматикалық жасушалардан, макрофагтардан тұрады (3-ші сурет).
Бауыр ерекше қызметтер атқарады. Бұл жерде табиғи жасушалардың көп бөлігі, ұлпа макрофагтарының тең жартысы орналасады. Бауыр лимфоциттері тағамдық аллергендерге иммунологиялық төзімділікті қамтамасыз етуі мүмкін. Бауыр синустарында макрофагтар иммундық комплекстерді фагоцитоздайды және ыдыратады.
Шырышты қабықтардың инкапсулярлы емес лимфоидтық ұлпалары. Оларға жұтқыншақ сақинасының лимфоидтық ұлпасы, евстахий түтігі, бадамша бездері (В-жасушалар бастамасы), аш ішектің пейер табаќшалары, аппендикс, бронх-өкпе аппаратының, несеп-жыныс жүйесінің шырышты қабықтары және т.б. жатады.
Пейер табақшалары (немесе топтық лимфа фолликулдары) (4-ші сурет) ішек эпителиінің (шұңқыры жоқ жасушалары) «М-жасушаларына» жанасады және Т-жасушалық аймақпен қапталған ұрықтың орталығы бар В-жасушалық фолликулдан тұрады. Пейер табақшалары жасушаларының 50-60-ын В-лимфоциттер, 10-30-ын Т-лимфоциттер құрайды. Табақшалардың лимфоидтық ұлпаларының негізгі қызметі – секреторлық А, Е иммуноглобуллиндерін өндіретін В-лимфоциттердің иммуногенезі. Жергілікті иммундық жүйеастының иммундық ќабілетті жасушалары бірқатар ерекшеліктері ие. Белгілі лимфоидтық ұлпаларға миграция жасау үшін лимфоциттер өзінің мембранасында арнайы адгезивті молекулаларды (жабысу молекулалары) және иммундық ќабілетті жасушалардың бағытын анықтайтын рецепторларды алып жүреді.
Сонымен, лимфоидтық мүшелердің тұтастығы және лимфоидтық жасушалардың жинағы болып табылатын иммундық жүйе организмді бөгде генетикалық ақпараты бар тірі денелер мен заттардан (вирустар, бактериялар; кәрі, ауру, қатерлі, жоғары молекулалық, трансплантациялан-ған және т.б. жасушалардан) қорғанысты қамтамасыз ету арқылы иммунологиялық бақылау жүргізеді.
