Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Иммонология Нұсқаулар жинағы.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Жасушалық иммунитет. Иммунитеттің т-жүйесі.

Сүтқоректілірдің организміндегі соматикалық жасушалардың генетикалық тұрақтылығын иммунитет жүйесі қадағалайды.

Осыған байланысты организмнің иммунитет жүйесін орагнзм құрамының ерекшелігін сақтайтын функционалдық жүйе ретінде қарайды. Арнайы иммунитет реакциялары кез-келген генетикалық бөгде хабарды тасымалдаушыларға қарсы: індет агенттеріне, ісік жасушаларына, тегі бөтен жасушаларға, бөгде ақуыздарға, полисахаридтерге және басқа агенттерге қарсы жүреді.

Иммунитет жүйесінің мүшелік, жасушалық және молекулалық негіздері бар.

Мүшелік негізін иммунитеттің орталық және шеткі мүшелері құрайды. Орталық мүшеге сүйек кемігі мен айырша без жатады. Сүйек кемігінде көп қабілетті баған жасушалардан жартылай бағана жасушалардың дамуы арқылы, барлық лимфоциттердің тегін беретін, екі жасушалық бағыт беретін Т-лимфоцит және В-лимфоциттердің бастауыш жасушалары пайда болады. Одан соң айырша безде Т-лимфоциттердің дамуы мен иммунохабардарлығы іске асып, ол жағдай В-лимфоциттердің сүйек кемігінде жүреді.

Лимфоциттер иммунитеттің орталық мүшелерінен лимфа мен қан айналымы арқылы шеткі мүшелерге ауысады. Оған жататындар: көк бауыр, лимфа түйіндері, пейер белдігі, соқыр ішек, көмекей бездері және т.б. лимфа шоғырлары. Ол мүшелерде лимфоциттер Т-тәуелді және Т-тәуелсіз аймақтарды жайлайды. Лимфоциттер шеткі мүшелерде әбден жетіліп иммунитет реакцияларын іске асырады.

Иммунитеттің орталық мүшелері шеткі мүшелермен және соңғылары өзара қан мен лимфа айналысы арқылы байланыста болады, қан мен лимфа жүрісі арқылы әртүрлі дәрежеде жетілген лимфоциттер үнемі айналымда болады. Осы айналым кезінде лимфоциттер арасында ақпарат алмасуы, иммунитет жүйесінің жеке бөліктерінің қызметінің реттелуі, иммунитет жауабының жалпы әсері жүзеге асады.

Иммуниттетің жасушалық негізін Т- және В-лимфоциттер, плазмалық жасушалар, макрофагтар құрайды. Т– және В-лимфоциттер арасында өзінің қызметі жағынан және басқа көп сипаттамалары жағынан ерекшеленетін субпопуляциялары анықталып отыр.

Сонымен қатар иммунитет жауабына қатысатын, бірақ Т және В-жасушалар қатарына жатпайтын лимфоциттер табылып отыр.

Иммунитет жүйесінің молекулалық негізін иммуноглобулиндер, иммунохабардар жасушалардың медиаторлары – монокиндер мен лимфокиндер және айырша без гормондары құрайды. Басты компоненттің бірі – комплемент жүйесі.

Тегі бөтен агенттің күшін жоюға бағытталған иммунитет жүйесінің комплексті реакциясы жасушалық және гуморалдық иммунитет реакциялары арқылы жүзеге асады. Олар өзара бірлесіп қызмет жасайды.

Жасушалық иммунитет реакциялары тимустан шығатын Т-лимфоциттермен іске асады. Тимуспен Т-лимфоцит жасушалық иммунитет жүйесін, басқаша айтқанда Т-жүйені құрайды. В-жүйенің қызметін Т-жүйе қадағалайды.

Т-жүйенің орталық мүшесі айырша без, шеткісі – көк бауырдың, лимфа түйіндерінің және басқа лимфа шоғырларының Т-тәуелді аймақтары.

Айырша без (тимус)

Тимус тегі бойынша ескі лимфоидтық орган. Ол лимфа жүйесін түзіп, оның қызметін реттеп, иммунитет жүйесін дамытуға әсер етеді.

Тимус қыртысты және милы қабаттардан тұратын бөліктерден құралады. Қыртыс денесінің негізі жұлдызша тәрізді эпителиалдық жасушалардан тұрады. Қыртыс қабатта негізінен иммунитеттен хабарсыз, жоғары митоздық белсенділігі бар лимфоциттер болады.

Милы дененің стромасы жақсы дамыған эпителиалдық жасушалардан тұрады. Онда лимфоциттер саны көп емес. Сонымен қатар милы қабатта ретикулярлы жасушалар, макрофагтар, Гассаль денелері болады.

Гассаль денелері мен жұлдызша жасушаларда синтездік және секреторлық процестер қатты жүретіні гистохимия әдістерімен дәлелденіп отыр. Оларда биологиялық белсенді заттар, сонымен қатар, тимус гормондары синтезделеді.

Тимус – эндокриндік мүше. Тимус гормондары кальций, фосфор метаболизміне, глюкоза алмасуныа, бұлшық ет тонусына, өсу және жыныстық жетілуге әсер етеді.

Дегенмен, айырша бездің негізгі эндокриндік қызметі – иммуногенезді реттеу. Оның үстіне тимус гормондары лимфоцит дамуын айырша бездің өзінде ғана емес, одан сырттай, шеткі иммунитет мүшелерінде дамуын да қадағалай отырып сүйек кемігіндегі бастаушы преТ-лимфоциттердің дифференциялануына әсер етеді.

Тимус гомондарының екі түрі бар:

Тимопоэтиндер – тимустық қыртысты қабатындағы жетілмеген Т-лимфоциттердің дамуына әсер етеді.

Тимозин және оның аналогтары – айырша бездің ішіндегі Т-лимфоцит дамуын және олардың шеткі мүшелердегі жетілу процесін қадағалайды. Осы гормон жақсы зерттелген, молекулалық салмағы төмен, құрамында глютамин және аспарагин қышқылы, аминқышқылдары көп полипептид, Т-лимфоциттерге әсер ету механизмді циклді нуклеотидтермен (цАМФ және цГМФ) әрекеттесуге негізделген. Тимозин таза күйінде жеңіл бөлініп алынады. Дәрі ретінде қолданылатын аналогтары тимозин, тимактивин деп аталады.

Тимопоэтин мен тимозиннен басқа айырша безде иммунохабардар жасушалардың айналымына, дамуына, көбеюіне әсер ететін бірқатар гуморалдық факторлар синтезделеді. Олардың қатарына тимустың гуморалдық факторы, сарысудың тимустық факторы, тимустық гомеостатикалық гормон, т.б. жатады.

Тимус құрылысының морфологиялық ерекшелігі бойынша оның әр аймақтарының кіші бөліктерінің ішкі ортасы әртүрлі. Лимфоциттерге әртүрлі әсер жасай алады. Нәтижесінде осы жасушалар әртүрлі гормондық әсер алып, қызметі жағынан әртүрлі Т-лимфоциттер субпопуляциясы құралады.

Гемато-тимикалық кедергінің арқасында айырша без басқа мүшелер мен жүйелер әсерінен бөлектенген. Бұл кедергі тамыр эндотелиінен, тимусденесінің эпителиінен және олардың арасындағы жіңішке талшықты дәнекер ұлпадан құралады. Осы кедергінің арқасында жасушалар мен бірқатар қомақыт молекулалар қан тамырынан тимус ұлпасына өте алмайды.

Жаңа туған баланың айырша безінің салмағы дене салмағынан 1/300 бөлігіне тең. 1 жастан 3-ке дейін тимус салмағы өсіп, онан әрі жеткен қалпында тоқтайды. 20 жастан бастап біртіндеп семе бастайды. Ол процесс негізінде қыртыс қабатында жүреді. Кәрі адамда толық жойылады десе де болады, бірақ семген заты сақталады.

Тимустың иммунитеттік жасушалық жүйесінің орталық мүшесі екендігі айырша безі алынып тасталған жануарларда тәжірибе жүзінде дәлелденген.

Т-лимфоциттер дифференциялануы

В-лимфоциттер секілді Т-лимфоциттер де сүйек кемігінің көпқабілетті бағана жасушаларынан шығады. Сүйек кемігінде жартылай бағана жасушалардың бастапқы жасушалары пайда болады. Олар айырша безге өтіп оның қабық қабатына орналасады.

Онда олар тимус гормоны – тимопоэтиндер әсерімен Т-лимфоциттерге айналады. Бұл жасушалар Т-лимфоциттердің негізгі белгісін Ө-антигенін қабылдайды. Бұл антиген тимустан тараған лимфоциттердің бәрінде болады, ал В-лимфоциттерде кездеспейді.

Т0-лимфоциттер жылдам алмасып тимустың өзінде біразы жойыла бастайды. Олар иммунохабарсыз Т-митогендер әсерін қабылдамайды (Т-лимфоциттердің көбеюін іріктеп жүргізетін заттар: конкавалин А, фитогемаглютинин).

Айырша бездің қатпарлы қабатындағы Т0-лимфоцит тек аз ғана бөлігі тимус гормоны тимозиннің әсерімен Т1-лимфоциттерге айналады. Т-лимфоциттер айырша без мезенхимасында орналасып тимустағы жасушалрадың 5-7% ғана құрайды, алайда оның бар иммунокомпетенттігін қамтамасыз етеді. Т1-лимфоциттер Т-митогендер әсеріне қабылдай алады.

Қан мен лимфа ағымымен Т1-лимфоциттер шеткі лимфоидтық мүшелердің Т-тәуелді аймағына барып орналасады. Онда әбден жетіліп иммунохабардар Т2-лимфоциттерге айналады. Көк байыр мен лимфа түйіндерінен шыққан Т-лимфоциттер, қан мен лимфаға өтіп бүкіл дене бойын аралап жүреді, осылай иммунитеттік бақлауды іске асырады.

Т2-лимфоциттер ұзақ өмір сүре алатын жасушалар, 4-6 ай бойы қызмет жасайды. Т-митоген әсерінен жақсы қабылдайды. ФГА реакциясы шеткі қан айналымында жүретін Т-лимфоциттердің функционалдық қабілетінің тесті болып табылады.

Т1 және Т2-лимфоциттер антигенмен кездескенге дейін әртүрлі қызмет жасауға бейімделеді: бір бөлігі антигенмен әсерлесетін жасушаларға (Т2) икемделген, екінші бөлігі Т-лимфоцитттердің субпопуляцияларының тегін береді (хелперлердің, супрессорлардың, киллердің). Олар негізінен Т-лимфоциттер.

Антигенмен әсерлесетін жасушалар (АӘЖ) антигенді алғаш танып айыруға (антиген организмге енгенде) қатысады. АӘЖ жасушалар антигенді "бөтен" деп тапса АӘЖ белсеніп Т-Т-хелперге айналады. Антигенді тану процесінде АӘЖ –дың антиген танығыш рецепторлары тимустәуелді антигеннің таратушысының антиген детерминантының ансамблімен әрекеттеседі. Т-Т-көмекшілер медиаторлар көмегімен реакцияға Т-лимфоциттер субпопуляциясын лимфоциттер пре-жасушалардың екінші түрін түсіріп, олардың дамуына қолдау жасайды. Т-Т-көмекші бөліп шығаратын медиатордың әсерімен бастапқы жасушалар белсеніп, сезімталданған Т-лимфоциттерге айналады.

Антиген организмге қайта енгенде осы жасушалар оны өздері айырып танып, қарқынды түрде көбейіп, керекті қызметтерінатқарады. Т-жасушалардың негізгі қызметіне: антигенді айырып тану, нысана-жасушаларға әсер ету, иммунитет жауабын реттеу, иммунитеттік қапер, иммунитеттік төзімділікті түзу жатады.