- •Құрастырған: м.Ғ.К., доцент м.А. А.С.Бабаева
- •Кафедра мәжілісінде талқыланған
- •Ақпарттық-дидактикалық блок Иммунологияның қысқаша даму тарихы
- •Иммунитет теориялары
- •Иммундық жүйенің құрылысы
- •Бейспецификалық қорғаныс факторлары
- •Фагоцитоз
- •А нтигеннің макрофагпен жұтылуы мен қорытылуы:
- •Спецификалық қорғаныс факторлары.
- •Иммундық жауап Иммундық жауаптың механизмдері. Иммунологиялық есте сақтау.
- •Біріншілік иммундыќ жауап
- •Екіншілік иммундыќ жауап
- •Иммуноглобуллиндер. Антиденелер. Сипаттамалары жєне жіктелуі.
- •Иммуноглобуллиндердіњ ќ±рылысы
- •Комплемент жүйесі
- •Комплемент жүйесінің классикалық жолмен белсенуі
- •Комплемент жүйесінің альтернативті (пропердинді) белсенуі
- •Комплемент жүйесінің альтернативті (пропердинді) жолмен белсенуі
- •Макрофагтар
- •Тақырып: Иммунитеттің жасушалық жүйесі. Иммундық жауаптың реттелуі. Иммунологиялық төзімділік. Ісікке қарсы иммунитет.
- •12.Лимфокиндердіњ негізгі ќызметі:
- •13.Фагоцитозѓа жоѓары ќабілетті жасушалар:
- •14.Жасушалыќ иммунитет баќыланады:
- •Жасушалық иммунитет. Иммунитеттің т-жүйесі.
- •Айырша без (тимус)
- •Антигенді айырып тану
- •Иммунитеттік төзімділік
- •Иммунитеттік қапер қызметі
- •Иммунитеттік қапер негізі:
- •Ісікке қарсы иммунитет
- •Ісік антигендері
- •Жасушалық және гуморалдық факторлардың ісікке қарсы иммунитеттегі ролі
- •Тақырып: hla-жүйесі. Трансплантация иммунологиясы. Жоғары сезімталдық. Аллергияны лабораториялық бағалау әдістері.
- •Гистосєйкестіктіњ негізгі комплексі
- •Трансплантациялыќ иммунитет.
- •Аллергиялыќ аурулар
- •Тақырып: Біріншілік және екіншілік иммунжетіспеушіліктер. Вакцинопрофилактика. Вакцина жасаудың қазіргі принциптері.
- •Иммунтапшылыќ жаѓдайлар
- •Вакцина және вакцинопрофилактика
- •Вакцинаның негізгі түрлері
- •Ұсынылатын әдебиеттер
Жасушалық және гуморалдық факторлардың ісікке қарсы иммунитеттегі ролі
Ісік жасушаларының жойылуы иммунитет жүйесінің жасушалық және гуморалдық факторларының әсерімен жойылады. Соның ішінде жасушалық иммунитет басты роль атқарады. Гуморалдық факторлар кейде ісік жасушаларын қорғап, оның өсуіне көмектеседі. Бұл құбылыс иммунитеттік күшейту деп аталады. Соңғы кезде ісікке қарсы иммунитетте табиғи өлтіргіштердің (NK) маңызы жоғары екені анықталды. NK цитотоксикалық қызметін атқару үшін антигентәелді дифференциялануды қажет етпейді, яғни спецификалығы жоқ. NK ісік жасушаларымен кездескен бетте бірден цитотоксикалық әсер етеді. Сонымен қатар бір NK антигені өзгерген бірнеше ісік жасушаларын істен шығара алады. Оларды белсенділігі интерферон әсерінен жоғарылайды. Оларға ИЛ-2 де осылай әсер етеді. Ісік жасушаларының антигені әсерінен Т-өлтіргіштер түзіледі және олардың цитотоксикалық әсері күшейеді. Ол үшін ісік антигені 1 кластың HLA-антигенімен қосылысуы керек.
Т-өлтіргіштердің антигентәуелді дифференциялануы жүру үшін оларға Т-амплификаторлар (күшейткіштер) әсер етеді. Ол үшін Т-күшейткіштер антигенді гистосәйкестіктің 2 класына жататын антигендермен қоса тануы керек. Иммундық өлтіргіштер ісік жасушаларын жоюмен қатар макрофагтарды арнайы қаруландырушы факторлармен белсендіреді. Ісікке қарсы иммунитетте макрофагтардың да ролі зор, олардың цитотоксикалық әсері арнайы және арнайы емес күйде жүреді. Табиғи, яғни арнайы емес цитотоксикалық әсері ісік антигенін арнайы тану процесіне қатысы жоқ. Макрофагтардың рецепторлары ісік жасушаларының мембранасындағы моно-диолигосахаридтермен әрекеттесіп, жасушалар цитоплазмалық өсінділерімен тығыз контактіге түседі. Макрофагтан шыққан фосфолипидтік сипаты бар фактор ісік жасушасының мембранасын бұзады. Сонымен қатар бұл процеске комплемент жүйесі де қатысуы мүмкін. Цитотоксикалық әсері пироксидаза, лизоцим, протеазалар, гидролазалар арқылы іске асады.
Макрофагтар синтездейтін ісік некрозының факторы ісікке қарсы иммунитетте де, соматикалық жасушалардың генетикалық тұрақтылығын қадағалауда да зор роль атқарады. Иммунитеттенген Т-өлтіргіштердің арқасында макрофагтар арнайы цитотоксикалық қасиет қабылдайды. Оның мәні Т-өлт лимфокины қаруландырушы фактор макрофагтарларға ісік жасушалармен арнайы әрекеттесіп мембранасын күйрететін қасиет береді. Цитотоксикалық әсері бойынша бұл макрофагтар өлтіргіштерден кем түспейді, алайда макрофагтар жасуша мембранасын баяуырақ бұзады. Макрофагтар өзінің цитотоксикалық әсерін нысана жасушасымен түйісіп немесе одан қашықтықта жүргізеді. Екінші жағдайда, нысана-клетка бағытында филлоподия түзіліп ісік клеткасымен түйіседі, нәтижесінде ісік клеткасы бұзылады. Қаруландыру факторының әсерінен, макрофагтар ісік клеткаларын бұзатын лимфоциттік цитотоксикалық фактор бөліп шығады.
Аантителоның ісікке қарсы ролі екі жақты: біріншіден, антителолардың антигендік модуляция пайда болуына қатысы болуына қатысы бар, яғни антигендер сылып түсіп немесе эндоцитоз болып орнына жаңа қасиеті бар антиген пайда болады. Екіншіден, ісік антигенінің клетка мембранасындағы тығыздығы аз болғандықтан, иммуноглобулин-дердің бар кластары ісікке қарсы күреске қатыса алмайды. IgG ісіктің өсуіне қолдау жасайды. Бұндай құбылыс иммунитеттік күшейту деп аталады. Оның себебі IgG антигенмен әсерлескенде комплемент активтелмейді, антиген тығыздығы аз болғандықтан, IgG молекулалары бір-бірінен қашықта орналасады (компл. активтелу үшін100 А). Ісік клеткаларының IgG-мен көлеңкеленуі оның антигенің өлтіргіштер мен NK клеткалармен тануына бөгет жасайды.
Егер ісік антигендері IgМ әсерлессе комплемент активтеліп ісік цитолизі жүреді, себебі оның бір молекуласының өзі комплемент активтей алады. Ол үшін оның екі суббөлігі антигенмен әрекеттесуі керек.
Сонымен IgМ ісікке қарсы күреске қатысады, бірақ оның мөлшері IgG қарағанда көп төмен және қанда ғана кездеседі. Дегенмен IgG да рак клеткаларын жоюға қатысады. Ол механизм IgG–мен жабылған антигендерді жоятын К-клеткалар арқылы іске асады.
Қан сары суының кедергі (блокирующие) факторлары, IgG – мен қатар қан сары суында да иммуниттік күшейтуді қалыптастыратын факторлар болады. Оны сары судың кедергі жасайтын факторы деп атайды. Оған жататтындар айналымда болатын ісік антигендері және иммундық комплекстер. Иммундық комплекстер құрамына ісік жасушаларының антигені енеді. Айналымдағы ісік антигендері мен иммундық комплекстердің иммундық өлтіргіштердің антиген танитын рецепторларымен әсерлесуі өлтіргіштердің күшін жояды. Олардың ісік жасушаларын танитын қасиеті жоғалады, олармен контактіге түсе алмайды. Иммундық комплекстер ИгG секілді мембраналық ісік антигендерін көлеңкелейді.
Нәтижесінде иммундық өлтіргіштер ісік жасушасын таба алмай қалады.
К-жасушалар. ИгG-мен көлеңкеленген ісік жасушаларына иммундық және табиғи өлтіргіштер (NK) әсер ете алмайды, себебі оның антиген детерминантын таба алмайды. Бұл жағдайда ісікке қарсы иммунитетті К-жасушалар іске асырады. Бұл жасушаларға Т және В-жасушалардың маркері жоқ, антиденеге тәуелді цитотоксикалық қабілеті бар макрофагтар мен лимфоциттер жатады. Өзінің Fc-рецепторымен иммуноглобулиннің Fc-фрагментін байланысып сол арқылы ісік жасушасын жояды.
Сабақтың мазмұны:
студенттердің өз бетімен атқаратын жұмысы: лабораториялық зерттеулер, тәжірибелік дағдыларды меңгеру, ахуалдық есептерді шешу;
оқытушымен бірге атқаратын жұмысы: СӨЖ нәтижелерін талқылау, студенттердің сұрақтарына жауап беру;
бастапқы және қорытынды білім деңгейін бағалау: тест-сұрақтары, ахуалдық есептер шешу, тәжірибелік дағдылар.
№4 сабақ
