- •Құрастырған: м.Ғ.К., доцент м.А. А.С.Бабаева
- •Кафедра мәжілісінде талқыланған
- •Ақпарттық-дидактикалық блок Иммунологияның қысқаша даму тарихы
- •Иммунитет теориялары
- •Иммундық жүйенің құрылысы
- •Бейспецификалық қорғаныс факторлары
- •Фагоцитоз
- •А нтигеннің макрофагпен жұтылуы мен қорытылуы:
- •Спецификалық қорғаныс факторлары.
- •Иммундық жауап Иммундық жауаптың механизмдері. Иммунологиялық есте сақтау.
- •Біріншілік иммундыќ жауап
- •Екіншілік иммундыќ жауап
- •Иммуноглобуллиндер. Антиденелер. Сипаттамалары жєне жіктелуі.
- •Иммуноглобуллиндердіњ ќ±рылысы
- •Комплемент жүйесі
- •Комплемент жүйесінің классикалық жолмен белсенуі
- •Комплемент жүйесінің альтернативті (пропердинді) белсенуі
- •Комплемент жүйесінің альтернативті (пропердинді) жолмен белсенуі
- •Макрофагтар
- •Тақырып: Иммунитеттің жасушалық жүйесі. Иммундық жауаптың реттелуі. Иммунологиялық төзімділік. Ісікке қарсы иммунитет.
- •12.Лимфокиндердіњ негізгі ќызметі:
- •13.Фагоцитозѓа жоѓары ќабілетті жасушалар:
- •14.Жасушалыќ иммунитет баќыланады:
- •Жасушалық иммунитет. Иммунитеттің т-жүйесі.
- •Айырша без (тимус)
- •Антигенді айырып тану
- •Иммунитеттік төзімділік
- •Иммунитеттік қапер қызметі
- •Иммунитеттік қапер негізі:
- •Ісікке қарсы иммунитет
- •Ісік антигендері
- •Жасушалық және гуморалдық факторлардың ісікке қарсы иммунитеттегі ролі
- •Тақырып: hla-жүйесі. Трансплантация иммунологиясы. Жоғары сезімталдық. Аллергияны лабораториялық бағалау әдістері.
- •Гистосєйкестіктіњ негізгі комплексі
- •Трансплантациялыќ иммунитет.
- •Аллергиялыќ аурулар
- •Тақырып: Біріншілік және екіншілік иммунжетіспеушіліктер. Вакцинопрофилактика. Вакцина жасаудың қазіргі принциптері.
- •Иммунтапшылыќ жаѓдайлар
- •Вакцина және вакцинопрофилактика
- •Вакцинаның негізгі түрлері
- •Ұсынылатын әдебиеттер
Бейспецификалық қорғаныс факторлары
Дененің біртұтастығының сақталуы, оның тіршілігі бейспецифика-лық және спецификалық қорғаныс факторларының бірігуімен қамтамасыз етіледі.
Бейспецификалық (табиғи) қорғаныс факторлары дененің туа біткен биологиялық ерекшеліктерімен қамтамасыз етіледі. Олар төзімді, тұқым арқылы беріледі және спецификалық иммундық жауаптың даму нәтижесі болып табылмайды. Бұл жағдайда денеге енген бөгде молекулалардан қорғану қалыпты тері қабатының өткізбеушілігіне, сөлдердің бактерицид-тілігіне, асқазан сөлінің қышқылдығына, дене қызуына, қанда, сілекейде және басқа биологиялық сұйықтықтарда пропердин, лизоцим сияқты ферменттердің болуына, фагоцитоздың жасушалық белсенділігіне және дененің басқа биологиялық қасиеттеріне байланысты болады. Иммундық жүйенің жетіспеушіліктерінде табиғи бейспецификалық қорғаныс факторының ролі жоғарылайды.
Табиғи факторлар антигенге қарсы бейспецификалықтығымен ерекшеленеді, онымен алғашқы жанасқанды есте сақтамайды. Олар гуморалдық, жасушалық, физикалық және физиологиялық болып бөлінеді.
Ішектердегі микроорганизмдер метаболиттері микробқа қарсы әсер етеді. Адам ішегінің қалыпты микрофлорасы патогенді микроорганизмдерге тікелей антогонистік әсерімен бірге иммундық жүйеге стимуляциялық әсер етеді.
Бейспецификалық (табиғи) қорғаныс факторлары
Гуморалдық |
Жасушалық |
Физикалық, физиологиялық |
Жедел фаза ақуыздары (фибриноген, α-антитрипсин, фибронектин, β2- микроглобулин, С-реактивті ақуыз, гаптоглобин және т.б); Қабыну медиаторлары; Комплемент жүйесі; Жасушалардың ферментті жүйелері (каталаза, глутатион пероксидаза және т.б. ); Пропердин; Лизоцим; Қабыну пептидтері (тромбициттерді белсендіру факторы); Арахидон қышқылының ыдырау өнімдері (эйкозаноидтар: лейкотриендер, тромбаксан, простагландиндер); Кинин жүйесі (брадикинин, калидин); Интерферондар; Қан ұю жүйесінің факторлары (фибриноген, фибринолиз процестері); Аллергиялық қабыну медиаторлары (гистамин, серотонин, гепарин); Қанның бактерицидті белсенділігі; Вирустық ингибиторлар. |
Нейтрофилдер; Макрофагтар; Моноциттер; Табиғи киллерлар. |
Механикалық барьер: тері қабаты, тыныс және ас қорыту жолдарының шырышты қабаттары; Физиологиялық барьер: дененің қызуы, рН, қанның, көз жасы, сілекей бездері сөлдерінің бактерицидтілігі. |
Жалпы физиологиялық сипаттағы қорғаныс механизмдері дененің нейро-эндокринді жүйесімен реттелуі анық болғанмен соңына дейін зерттелмеген.
Дененің бейспецификалық қорғаныс реакцияларының бірінші сатысын мына сұлба түрінде көрсетуге болады:
микроорганизмдердің енуі
қан ағысының күшеюі
қанның ұйылу жүйесіндегі өзгерістер
капиллярлар өткізгіштігінің жоғарылауы
жедел фаза ақуыздары синтезінің белсенуі
қаннан фагоциттік жасушалардың шығуы (қан тамырларының эпителиіне жабысып, эпителий арқылы енуі), олардың зақымданған аймаққа топталып, антигенді табуы - қабыну
қабыну медиаторларының синтезі
антигендердің опсонизациялануы, лизисі, немесе
антигеннің эндоцитозы
антигеннің қорытылуы (процессинг)
антигеннің элиминациясы
Қабыну процесі зақымданған ошақты жоюға ғана емес, сондай-ақ, бұзылған қызметтерді қалпына келтіруге бағытталады. Қабыну процесіне иммундық және басқа жүйелердің жасушалары, гуморалдық факторлар қатысады.
