- •Құрастырған: м.Ғ.К., доцент м.А. А.С.Бабаева
- •Кафедра мәжілісінде талқыланған
- •Ақпарттық-дидактикалық блок Иммунологияның қысқаша даму тарихы
- •Иммунитет теориялары
- •Иммундық жүйенің құрылысы
- •Бейспецификалық қорғаныс факторлары
- •Фагоцитоз
- •А нтигеннің макрофагпен жұтылуы мен қорытылуы:
- •Спецификалық қорғаныс факторлары.
- •Иммундық жауап Иммундық жауаптың механизмдері. Иммунологиялық есте сақтау.
- •Біріншілік иммундыќ жауап
- •Екіншілік иммундыќ жауап
- •Иммуноглобуллиндер. Антиденелер. Сипаттамалары жєне жіктелуі.
- •Иммуноглобуллиндердіњ ќ±рылысы
- •Комплемент жүйесі
- •Комплемент жүйесінің классикалық жолмен белсенуі
- •Комплемент жүйесінің альтернативті (пропердинді) белсенуі
- •Комплемент жүйесінің альтернативті (пропердинді) жолмен белсенуі
- •Макрофагтар
- •Тақырып: Иммунитеттің жасушалық жүйесі. Иммундық жауаптың реттелуі. Иммунологиялық төзімділік. Ісікке қарсы иммунитет.
- •12.Лимфокиндердіњ негізгі ќызметі:
- •13.Фагоцитозѓа жоѓары ќабілетті жасушалар:
- •14.Жасушалыќ иммунитет баќыланады:
- •Жасушалық иммунитет. Иммунитеттің т-жүйесі.
- •Айырша без (тимус)
- •Антигенді айырып тану
- •Иммунитеттік төзімділік
- •Иммунитеттік қапер қызметі
- •Иммунитеттік қапер негізі:
- •Ісікке қарсы иммунитет
- •Ісік антигендері
- •Жасушалық және гуморалдық факторлардың ісікке қарсы иммунитеттегі ролі
- •Тақырып: hla-жүйесі. Трансплантация иммунологиясы. Жоғары сезімталдық. Аллергияны лабораториялық бағалау әдістері.
- •Гистосєйкестіктіњ негізгі комплексі
- •Трансплантациялыќ иммунитет.
- •Аллергиялыќ аурулар
- •Тақырып: Біріншілік және екіншілік иммунжетіспеушіліктер. Вакцинопрофилактика. Вакцина жасаудың қазіргі принциптері.
- •Иммунтапшылыќ жаѓдайлар
- •Вакцина және вакцинопрофилактика
- •Вакцинаның негізгі түрлері
- •Ұсынылатын әдебиеттер
Тақырып: Иммунитеттің жасушалық жүйесі. Иммундық жауаптың реттелуі. Иммунологиялық төзімділік. Ісікке қарсы иммунитет.
Оқу сағат саны – 6
Тақырып өзектілігі:
Сүтқоректілердің организміндегі соматикалық жасушалардың генетикалық тұрақтылығын иммунитет жүйесі қадағалайды.
Осыған байланысты организмнің иммунитет жүйесін орагнзм құрамының ерекшелігін сақтайтын функционалдық жүйе ретінде қарайды. Арнайы иммунитет реакциялары кез-келген генетикалық бөгде хабарды тасымалдаушыларға қарсы: індет агенттеріне, ісік жасушаларына, тегі бөтен жасушаларға, бөгде ақуыздарға, полисахаридтерге және басқа агенттерге қарсы жүреді.
Иммунитет жүйесінің мүшелік, жасушалық және молекулалық негіздері бар.
Мүшелік негізін иммунитеттің орталық және шеткі мүшелері құрайды. Орталық мүшеге сүйек кемігі мен айырша без жатады. Сүйек кемігінде көп қабілетті баған жасушалардан жартылай бағана жасушалардың дамуы арқылы, барлық лимфоциттердің тегін беретін, екі жасушалық бағыт беретін Т-лимфоцит және В-лимфоциттердің бастауыш жасушалары пайда болады. Одан соң айырша безде Т-лимфоциттердің дамуы мен иммунохабардарлығы іске асып, ол жағдай В-лимфоциттердің сүйек кемігінде жүреді.
Иммунитеттік төзімділікті 1953 жылы Медавар ашты. Эмбрионалдық даму сатысында донорлық линияның қан жасушаларын тышқан организміне енгізгенде трансплантант ұзақ уақыт сақталады екен. Ертеректе (1942, 1944 ж) Бернет пен Феннер иммунитеттік паралич құбылысын ашқан. Ересек тышқанға пневмококк полисахаридін көп мөлшерде еккенде, антидене синтезделуі тежелген. Осы ғалымдардың, сонымен қатар совет ғалымдары Г.В.Лопашов, О.Г. Строева (1950) ұйғарымы бойынша организмнің өз антигендерін өзге антигендерден айырып білу процесі эмбрион сатысында қалыптасады, яғни жүре пайда болатын құбылыс. Осы теориядан табиғи төзімділік құбылысының болатыны шығады.
Сабақтың мақсаты.
Студент білуге тиіс:
иммунитеттің Т-жүйесінің қызметтері;
Т-лимфоциттердің антигентәуелді және антигентәуелсіз дамуы;
Т-лимфоциттер субпопуляциялары және олардың қызметтері;
біріншілік жєне екіншілік иммундыќ жауап;
табиғи және жасанды төзімділік;
қатерлі ісіктер этиологиясы, онкогендер;
Студент істей алуға тиіс:
Т-лимфоциттер санын анықтау (Е-РОК);
лимфотоксикалық сынама жасау;
моноклондық антиденелерді колдана отырып Т лимфоциттер субпопуляцияларын сандық бағалау.
Сабаққа дайындық үшін сұрақтар:
Иммунитеттің Т-жүйесінің негізгі қызметтері
Т-лимфоциттердің антигентәуелді және антигентәуелсіз дамуы
Т-лимфоцит антигентанитын рецепторларының құрылысы
Т-лимфоциттер субпопуляциялары және олардың қызметтері
Т-лимфоциттердің антиген тануда қатысы
Т-киллерлердің нысана-жасушамен әсерлесі кезеңдері
Реттеуші Т-лимфоциттер, супрессор-жасушалардың иммундық жауапта қатысы
Т-жүйені лабораториялық бағалау
Иммундық жауап реттелуінің жасушалық және молекулярлы деңгейі
Тимус гормондары, олардың Т-лимфоциттер дифференциациясында ролі
Қызыл сүйек миы пептидтері туралы түсінік
Иммундық жауаптың реттелуінде макрофагтардың, Т- және В-лимфоциттер субпопуляцияларының ролі
Цитокиндер туралы түсінік, анықтамасы, негізгі сипаттамасы
Интерлейкиндер (өсу және дифференциация факторлары)
Интерферондардың иммундық жауап реттелуінде ролі
Иммундық жауапты генетикалық бақылау
Иммундық жүйенің медиаторлары мен гормондарының клиникалық маңызы
Иммунологиялық төзімділік туралы түсінік
Табиғи және жасанды төзімділік
Иммунологиялық төзімділіктің орталық және шеткі механизмдері
Қатерлі ісіктердің этиологиясына қазіргі көзқарастар
Ісік жасушаларының антигенді құрамы
Ісікке қарсы иммунитеттің жасушалық механизмдері, Т-жасушалар, макрофагтар, табиғи киллерлер және К-жасушалардың ролі
Ісікке қарсы иммунитетте цитокиндер ролі
Ісік иммунодиагностикасы мен иммунотерапиясының қазіргі әдістері
Тақырып бойынша тест сұрақтары
1.Барлық фагоциттер ерекшеленеді:
А. белсенді жылжу қабілетімен
Б. иммуноглобулиндердің Fc-фрагментіне рецепторлардың болуымен
В. лимфоциттерге рецепторлардың болуымен
Г. лейкоциттерге рецепторлардың болуымен
2.Фагоциттер қызметі төмендеуді:
А. екіншілік иммундық жетіспеушілікте
Б. біріншілік иммундық жетіспеушілікте
В. аутоиммундық ауруларда
Г. созылмалы белсенді гепатитте
Д. барлығы дұрыс
3.Бірінішілік иммундыќ жауаптыњ ерекше белгісін кµрсетіњіз:
А. Антиденелер синтезі
Б. Есте саќтау жасушаларыныњ синтезі
В. тану антигендер синтезі
Г. лимфокиндер синтезі
Д. лимфоциттер бласстрансформациясы
4.Бірінішілік иммундыќ жауаптыњ ерекше белгісін кµрсетіњіз:
А. ќой эритроциттеріне рецепторлар болуы
Б. тышќан эритроциттеріне рецепторлардыњ болуы
В. комплементке рецепторлардыњ болуы
Г. антигендерге рецепторлардыњ болуы
5.Екіншілік иммундыќ жауаптыњ даму тізбегі:
А. антиденелер минтезі
Б. антигендер презентациясы
В. аќпаратты Т-хелперларѓа беру
Г. В-лимфоциттер пролиферациясы
Д. плазмациттер мен есте саќтау жасушаларыныњ т‰зілуі
Е. антигенніњ макрофагпен µњделуі
6.Екіншілік иммундыќ жауап мына ќасиеттерді т‰зеді:
А. иммунологиялыќ тµзімділік
Б. иммунологиялыќ есте саќтау
В. спецификалыќ
Г. антигендік
7.Реттеуші ќызметін атќаратын жасушаларды кµрсетіњіз:
А. Т-хелперлар
Б. Т-супрессорлар
В. Т-киллерлер
Г. Т-эффекторлар
Д. иммуноглобулин А
8.Эффекторлыќ ќызметін атќаратын жасушаларды кµрсетіњіз:
А. Т-хелперлар
Б. Т-супрессорлар
В. Т-киллерлер
Г. Т-эффекторлар
Д. иммуноглобулин А
9.Табиѓи киллер жасушаларыныњ ќызметі:
А. вирустарды жою
Б. антигендерді байланыстыру
В. антиденлерді байланыстыру
Г. есте саќтау жасушаларын т‰зу
Д. ісік жасушаларын жою
10.Т-лимфоциттерді сандыќ аныќтау єдісі:
А. Е-РОК
Б. М-РОК
В. ЕАС-РОК
Г. К-РОК
11.Т-супрессорларды аныќтау некгізделеді:
А. теофиллин-сезімтал рецепторларды табуѓа
Б. комплемент байланыстырушы рецепторларды табуѓа
В. теофиллин-сезімтал емес рецепторларды табуѓа
Г. иммуноглобулиин рецепторларын табуѓа
