Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силабус.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

● Рубеждік бақылау (тестілеу)

● Оқытушы студенттерді сипаттама материалымен таныстырады:

-плацентаның толық, толық емес жатуы;

-қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз бөлінуі;

-Кювелер жатыры;

● Игерілген білімді қорытынды бақылау (сұрақтар, тестер, ситуациялық тапсырмалар).

6. Әдебиеттер:

Орыс тілінде

Негізгі:

1. Акушерия: оқулық + СД / Г.М.Савельева, В.Г.Бреусенко ред. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

2. Бодяжина В.И., Жмакин К.Н. Акушерия - М.,2002.

Қосымша:

1. Клиникалық нұсқаулар. Акушерия және гинекология. 2 шығ., В.И.Кулаков ред. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

● Л.А. Лысак. Акушерия және гинекологиядағы мейірбике ісі. Феникс, 2004.-С 79-89.

Қосымша:

● Г.М. Савельева.- Акушерия.-Москва.- М, 2000.

● Г.М. Савельева, Л.Г. Сиченава.- Акушерия және гинекология. ГЭОТАР.-М, 1997.

7. Бақылау (сұрақтар, тестер, тапсырмалар)

Сұрақтар.

1. Жүктіліктің екінші жартысындағы қан кетудің негізгі себептерін атаныз.

2. Плацентаның жатуына анықтама берініз.

3. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз үзілуіне анықтама берініз.

4. Плацентаның жатуының клиникалық белгілерін атап өтіңіз.

5. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз үзілуінің клиникалық белгілерін атап өтіңіз.

6. Плацентаның жатуының емдік әрекеттерін атап өтіңіз.

7. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз үзілуіндегі емдік әрекеттерді атап өтіңіз.

СОӨЖ

№7 сабақ.

1. Сабақтың тақырыбы: Жүктіліктің екінші жартысындағы акушерлік қан кету.

2. Мақсаты:

● Дұрыс жиналған анамнез негізінде, жүктіліктін екінші жартысындағы акушерлік қан кетуді диагностикалау және күттірмейтін ем көрсетуді үйрену.

3. Оқытудын міндеттері:

● Акушерлік қан кетудің мүмкіндігін болжау мақсатында, жүкті және босанушылардың тарихын талдауды үйрену;

● Клиника және лаборатория қорытындылары бойынша қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз үзілуінің диагнозын қоюды үйрену;

● Студентке жыныс жолдарынан қан кетуде күттірмейтін көмек көрсетуді үйрету.

4. Жүргізу тәсілі:

Аз топтар бойынша жұмыс жасау

● Плацентанын жатуы бар жүктілердің курациясы. Студенттер өздері жинаған анамнез нәтижелерін, объективті тексеру нәтижелерін баяндайды, оқытушы айтқан қосымша зерттеу материалдарын түсіндіріп береді.

● Егер, босану үйінде жоғарыда аталған патологиялары бар әйелдер болмаса, студенттер көшірмені диагнозы және босануды жүргізу жоспары негізделген босану тарихынан алады.

● Жүктіліктің екінші жартысындағы қан кетудегі дәрігер әрекетін талқылау.

Оқытушы студенттерді сипаттама материалымен таныстырады:

-плацентаның толық, толық емес жатуы;

-қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз бөлінуі;

-Кювелер жатыры;

5. Тақырып бойынша тапсырмалар:

1. Анамнездік және объективтік мәліметтер бойынша жүктіліктің мерзімін анықтау.

2. Жалпы жағдайын, гемодинамикалық көрсеткіштерін, қан жоғалтуды бағалау. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз үзілуіндегі қан жоғалтудың ішкі, сыртқы – ішкі, сыртқы болатындығын негізге ала отырып, жалпы жағдай және гемодинамикалық көрсеткіштерді қан жоғалтумен салыстыру.

3. Клиникалық көрінісін (қан кетудің сипатын, ауру сезімінің қатысуын, жатырдың жағдайын, жатуын, нәрестенің жүрек соғуын) анамнездік, соматикалық нәтижелермен және жүктіліктің ағымының ерекшеліктерімен салыстыру.

4. Босану үйінде емдік әрекетті анықтау (консервативті, оперативті ем).

6. Үлестірме материал

1.Лабораториялық тексерудің нәтижелері, тағайындау парағы.

2. Босану тарихы.