Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силабус.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

7. Әдебиеттер:

Орыс тілінде

Негізгі:

1. Акушерство: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой, В.Г.Бреусенко. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

2. Гинекология: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой и др. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

3. Бодяжина В.И., Жмакин К.Н. Акушерство- М.,2002.

қосымша:

1. Клинические рекомендации. Акушерство и гинекология. Вып.2. Под ред. В.И.Кулакова. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

2.Шехтман М.М. Руководство по экстрагенитальной патологии у беременных. Москва, 2008.С812.

Қазақ тілінде

негізгі:

1. Бейсембаева Р.С., Раисова Ә.Т., Нұрқасымова Р.Ғ. «Акушерия». Алматы, «Білім», 2004ж.

2. Көзденова Р.Ә., Сейітмәмбетова Н.Қ. «Гинекология» Алматы, 2001ж

қосымша:

1. Нұрқасымұлы Жомарт. Гинекология - Алматы, 2007ж.

2. Ошибаев Н., Нұрқасымұлы Ж. Акушериялық және гинекологиялық операциялар- Алматы, 2006ж.

7. Бақылау ( тесттер, тапсырмалар)

№3 БЛОК. Жүктілік физиологиясы және патологиясы.

№8сабақ. Жүкті әйелдердегі жүрек – қантамыр, тыныс ағзалары, асқорыту жүйелерінің аурулары. Жүктілікті және босануды жүргізу.

Бастапқы білім тесттері

1. Қалыпты өтіп жатқан жүктілікте айналымдағы қан көлемі (АҚҚ) бастапқыдан 30 – 50% артады

Иә

Жоқ

2. Жүрек аурулары бар жүкті әйелдердің қанайналым жеткіліксіздігі жиі 16 – 18 аптада байқалады

Иә

Жоқ

3. Жүкті әйелдердегі барлық экстрагенитальды патологиялардың ішінде бірінші орынды жүрек- қантамыр жүйесінің аурулары алады

Иә

Жоқ

4. Жүкті әйелдердегі барлық жүрек бұзылыстарының ішінде 75 – 90% туа біткен жүрек ақаулары алады

Иә

Жоқ

5. Жүкті әйелдердің кеуде клеткасының тік өлшемі кішірейеді, онын айналымы ұлғаяды және көкеттің экскурсиясы қиындайды

Иә

Жоқ

6. Жүкті әйелдердің АІЖ – нын барлық бөлімі плацентаның прогестеронмен әсерлесуіне негізделген гипотония жағдайында болады

Иә

Жоқ

7. Ревматизм токсико – иммундық ауруларға жатады және онын қоздырғышы β – гемолитикалық стрептококк болып табылады

Иә

Жоқ

8. Ревматизм жиі – аорталық қақпақшаны, сирек – митральды, ал өте сирек – үшжармалы қақпақшаны зақымдайды

Иә

Жоқ

9. Жүктілік кезінде бронхтардын шырышты қабырғасынын ісінуі қақырықтың бөлінуін қиындатады

Иә

Жоқ

10. Жүктіліктің екінші жартысында аппендицитті он жақтағы пиелонефриттен ажырату қиын

Иә

Жоқ

№3 БЛОК. Жүктілік физиологиясы және патологиясы.

№8 сабақ. Жүкті әйелдердегі жүрек – қантамыр, тыныс ағзалары, асқорыту жүйелерінің аурулары. Жүктілікті және босануды жүргізу.

Бастапқы білім деңгейін анықтау тестінін жауаптары

  1. Иә

  2. Жоқ

  3. Иә

  4. Жоқ

  5. Иә

  6. Иә

  7. Жоқ

  8. Жоқ

  9. Иә

  10. Иә

№3 БЛОК. Жүктілік физиологиясы және патологиясы.

№8 сабақ. Жүкті әйелдердегі жүрек – қантамыр, тыныс ағзалары, асқорыту жүйелерінін аурулары. Жүктілікті және босануды жүргізу.

Қорытынды білім тесттері

  1. Жүрек ақауы бар жүкті әйелді «Д» есепке алғанда, ең алдымен қажет:

А) кардиальді ем және диуретиктер тағайындау

Б) төсектік режим тағайындау, тұзды пайдалануды шектеу

В) қабынуға қарсы ем тағайындау

Г) антигистаминдік және гипотензивті заттар тағайындау

Д) зерттеуге кардиологиялық стационарға жатқызу

  1. Жүрек ақаулары бар жүкті әйелдерді қайта госпитальдеу жүргізіледі:

А) 16 – 18 аптада

Б) 20 – 24 аптада

В) 26 – 32 аптада

Г) 28 – 34 аптада

Д) 30 – 35 аптада

  1. ІІ триместрде қандай мәселелерді шешеді:

А) динамикалық бақылауды жалғастыру

Б) асқынудың алдын алуды жүргізу

В) алдағы жүктілікті созудың қарсы көрсеткіштерін анықтау

Г) жүктілікті жедел үзу

Д) босануға рұқсат беру тәсілдері туралы сұрақтарды шешу

  1. Криздін әсерінен болатын созылмалы артериалды гипертензиясы бар босанатын әйелдерде босанудың 2 – кезеңінде қажет:

А) перинеотомия жүргізу

Б) эпидуральды анестезия жүргізу

В) магний сульфатын енгізу

Г) кесар тілігін жасау

Д) акушерлік қысқыштар қою

  1. Жүкті әйелдердегі созылмалы артериалдық гипертензияның ең жиі кездесетін асқынулары:

А) нәрестеде туа біткен жүрек ақауларының дамуы

Б) нәрестеде жүре пайда болатын жүрек ақаулары

В) жүктіліктің ерте токсикозының дамуы

Г) преэклампсияның ерте қосылуы

Д) анемияның ерте қосылуы

  1. Митральды стеноз кезінде жүктілік қалай өтеді?

А) жүрек ақауының ағымын айтарлықтай нашарлатпайды

Б) жүктілердің 25% жүрек жеткіліксіздігінің белгілері байқалады

В) жүктілердің 45% жүрек жеткіліксіздігінің белгілері байқалады

Г) жүктілердің 65% жүрек жеткіліксіздігінің белгілері байқалады

Д) жүктілердін 85% жүрек жеткіліксіздігінің белгілері байқалады

  1. Жүктілікті созуды ұзартудың қарсы көрсеткіші болып табылады:

А) митральды қақпақша жеткіліксіздігі

Б) жүрекшеаралық қалқаның ақауы

В) ревматикалық жүрек ақауы

Г) миокардиодистрофия

Д) «көкшілдену» түріндегі ақау

  1. Бауыр аурулары кезіндегі жүктіліктің негізгі асқынуы

А) ауыр преэклампсия және эклампсия

Б) жүктілікті көтере алмау

В) жүктілікті көтере алу

Г) нәрестенің дамуының кешеуілдеуі

Д) нәрестенің антенатальды өлімі

  1. Бауыр аурулары кезіндегі босанудан кейінгі негізгі асқыну:

А) гипотониялық қан кету

Б) жатырдың жыртылуы

В) жатыр мойнының жыртылуы

Г) коагулопатикалық қан кету

Д) аралықтың жыртылуы

  1. 9 – 10 апталық мерзімдегі жүкті әйелде жедел пневмония анықталды. Оны қай бөлімге жіберу керек:

А) терапия бөліміне

Б) патологиялық жүктілер бөліміне

В) перинатальды орталыққа

Г) гинекологиялық бөлімге

Д) күндізгі стационарға

№3 БЛОК. Жүктілік физиологиясы және патологиясы.

№8 сабақ. Жүкті әйелдердегі жүрек – қантамыр, тыныс ағзалары, асқорыту жүйелерінін аурулары. Жүктілікті және босануды жүргізу.

ҚОРЫТЫНДЫ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН БАҚЫЛАУ ТЕСТІ ЖАУАПТАРЫ

  1. Д

  2. В

  3. Б

  4. Д

  5. Г

  6. Д

  7. Д

  8. А

  9. Г

10.А