Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силабус.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

1. Тақырыбы: Жүкті әйелдердегі эндокрин жүйесінің және зәр шығару жолдарының аурулары. Жүктілік және босану ағымын жүргізу.

Рубежді бақылау

2. Мақсаты: Студенттерді қантты диабет, қалқанша безі аурулары және зәр шығару жолдарының аурулары кезіндегі жүктілік ағымының ерекшеліктерімен және босану ағымының ерекшеліктерімен таныстыру.

3. Оқыту тапсырмалары:

● Қантты диабет кезіндегі жүктілік және босану ағымының ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру;

● Қалқанша безі аурулары кезіндегі жүктілік және босану ағымының ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру;

● Зәр шығару жолдарының аурулары кезіндегі жүктілік және босану ағымының ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру;

● Жүрек-қан-тамырлар жүйесі, тыныс алу мүшелері және асқорыту жолдарының патологиясы бар жүкті әйелдер терапиясының негізгі қағидаларымен таныстыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

● Қантты диабет және жүктілік.

● Қалқанша безі аурулары.

● Жүктіліктің жалғасуына қарсы көрсеткіштер.

● Пиелонефрит.

● Гломерулонефрит.

● Қуықтас ауруы.

● Жүктіліктің жалғасуына көрсеткіштер.

5. Оқытудың негізгі әдістемесі:

● Бастапқы білім деңгейін бақылау (бастапқы білім деңгейіне тесттер)

● Оқытушымен жұмыс. Кестелер мен көрнекілік құралдарын пайдалана отырып теориялық материалдарды талқылау.

● Кіші группалармен жұмыс(2-3 студент): ситуациялық тапсырмаларды шешу

● Оқытушымен жұмыс: түсініксіз сұрақтарды талдау

● Қорытынды білім діңгейін бақылау тапсырмалары.(қорытынды білім деңгейіне тесттер).

● Рубеждік бақылау (тестілеу)

6. Әдебиеттер:

Орыс тілінде

Негізгі:

1. Акушерство: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой, В.Г.Бреусенко. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

2. Гинекология: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой и др. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

3. Бодяжина В.И., Жмакин К.Н. Акушерство- М.,2002.

Қосымша:

1. Клинические рекомендации. Акушерство и гинекология. Вып.2. Под ред. В.И.Кулакова. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

2.Шехтман М.М. Руководство по экстрагенитальной патологии у беременных. Москва, 2008.С812.

Қазақ тілінде

негізгі:

1. Бейсембаева Р.С., Раисова Ә.Т., Нұрқасымова Р.Ғ. «Акушерия». Алматы, «Білім», 2004ж.

2. Көзденова Р.Ә., Сейітмәмбетова Н.Қ. «Гинекология» Алматы, 2001ж

қосымша:

1. Нұрқасымұлы Жомарт. Гинекология - Алматы, 2007ж.

2. Ошибаев Н., Нұрқасымұлы Ж. Акушериялық және гинекологиялық операциялар- Алматы, 2006ж.

7. Бақылау (сұрақтар, тесттер, тапсырмалар)

Сұрақтар.

1. « Жүктілік диабеті» түсінігіне анықтама

2. Инсулин тәуелді және инсулин тәуелсіз қантты диабет ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.

3. Қантты диабет түрлерін атап көрсетіңіз.

4. Қандай жағдайларда потенциалды қантты диабет туралы ойлауға болады?

5. Қантты диабеттің ауырлық дәрежелері?

6. Жүктіліктің қандай жағдайларында қантты диабет қарсы көрсетім болып табылады?

7. Диффузды-токсикалық зобқа кандай негізгі симптомдар тән?

8. Қалқанша безінің ұлғаю дәрежелерін атап көрсетіңіз.

9. Жүкті әйелдердегі пиелонефрит жиілігі?

10. Жүкті әйелдердегі гестационды пиелонефриттің пайда болуы немен байланысты?

11. Гломерулонефрит кезіндегі ісінудің патогенезі?

12. Созылмалы гломерулонефриттің негізгі клиникалық түрлерін ата?

13. Гломерулонефриттің нефротикалық түрінің жүкті әйел және ұрық үшін болжамы?

СОӨЖ

№ 9-сабақ