Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 Метод.указ. к сем. по Филос.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
751 Кб
Скачать
☆

7) Глоссарий

р/р

ұғым

анықтамасы

1.

Классикалық философия

- философиялық пайымдаулардың үлгісі болып табылатын, философияның барлық білімдері мен бағыттары, принциптері мен категориялары жүйелі түрде қарастырылған және негізделген, әлемдік философияға оңтайлы ықпал етіп келе жатқан философия.

2.

Субъективтік идеализм

- сыртқы дүниенің, оның қасиеттері мен қатынастарының адам санасына, субъектіге, "Менге" тәуелді екенін паш етеді.

3.

Объективтік идеализм

- идеяның, зерденің, рухтың яғни рухани бастаманың материядан ғана емес, адам санасынан да тәуелсіз екендігін паш етеді.

4.

Диалектика

- (грек. диалогос - әңгіме өткізу) алғашқыда, Сократ тұсында әңгімелесу, пікір алмасу өнері, кейін неміс философиясында даму теориясы және даму процесін қарастыру тәсілі, объективтік дүние мен танымның қалыптасуы және дамуы, жалпы заңды байланыстары жөніндегі ілім.

5.

Идеалистік диалектика

- Гегель негізін қалаған рухани бастаманың (идеяның, зерденің, рухтың) сыртқы әсерге тәуелсіз өздігінен дамуы жөніндегі ілім.

6.

Материалистік диалектика

- Маркс негіздеген табиғаттың, қоғамның және адамзат танымының дамуы жөніндегі ілім.

7.

Объективтік диалектика

- "заттар диалектикасы" (Ленин), объективтік дүниенің қозғалысы және дамуы.

8.

Субъективтік диалектика

- "ұғымдар диалектикасы" (Ленин) ұғымдардың, ойлаудың, танымның дамуы.

9

"Өзіндік зат"

- Кант іліміндегі санадан тыс және санаға тәуелсіз өмір сүретін, субьъектпен қарым-қатынасқа енбеген, сондықтан танылмаған зат жөніндегі ұғым.

10

Агностицизм

- (грек. агностос - танылмайтын) - ғылым және өмір тәжірибесінде кездеспейтін затты тану мүмкіндігін жоққа шығаратын ілім.

11

Априоризм

- (лат. - а приори - бұрынғыдан) - тәжірибеден тыс және тәуелсіз пайда болатын білім жөніндегі Кант ілімі.

12

Категориялық императив

- Кант ұсынған адамгершілік заңы: сен өзіңе басқаның қиянат жасағанын қаламасаң, сен де басқаға қиянат жасама.

13

Субъект және объект

- немістің классикалық философиясында негізделген таным мен практикалық іс-әрекеттің субъекті мен объектін бейнелейтін ұғымдар.

14

Рух

- идеальдық құбылыстар (тіл, адамгершілік, идеология, саясат, дін, өнер, философия т.б.) комплексін бейнелейтін ұғым.

15

Әлемдік рух

- тұтас дүниенің негізі және жаратушысы болып табылатын объективтік идеалдық бастаманы бейнелейтін Гегель философиясының ұғымы.

16

Феноменология

- (грек. файнеменон - пайда болатын) - Гегель философиясында сананың, рухтың қалыптасып, дамып жетілуі. Гегельдің "Рух феноменологиясын" Маркс "Гегель философиясының түпкі мәні және құпиясы" деп атады.

17

Жаттану (жатсыну)

- Гегель ілімінде әлемдік рухтың даму барысында өзінің қарама-қарсылығына, табиғатқа айналуы, басқа болмысты құруы.

18

Антропологиялық принцип

- Фейербахтың пікірінше, адамды бетке ұстайтын жаңа философияны - адам философиясын құруға мүмкіндік береді.