- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •Әдістемелік нұсқаулық
- •3) Семинар жоспары:
- •4) Блиц-тест
- •5) Бақылау сұрақтары
- •6) Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •7) Глоссарий
- •№2 Сабақ
- •3) Семинар жоспары:
- •4) Блиц-тест
- •3. Конфуцийшылдар көп көңіл аударған ұғымдар:
- •8) Мәнжазба тақырыптары
- •9) Әдебиеттер
- •5) Бақылау сұрақтары
- •6) Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •7) Глоссарий
- •8) Мәнжазба тақырыптары
- •9) Әдебиеттер
- •№3 Сабақ
- •3) Семинар жоспары:
- •4) Блиц-тест
- •1. Фалес дүниетанымның бәрі неден пайда болады деді?
- •3. Анаксимен дүниеде бар нәрсенің бәрінің бастапқы біртұтас материалдық негізі:
- •5) Бақылау сұрақтары
- •6) Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •7) Глоссарий
- •8) Мәнжазба тақырыптары
- •9) Әдебиеттер
- •1) №4 Сабақ
- •5) Бақылау сұрақтары
- •6) Сызбалар, есептер, ситуациялар Сызбаға көңіл аударыңыз.
- •7) Глоссарий
- •8) Мәнжазба тақырыптары
- •9) Әдебиеттер
- •№5 Сабақ
- •Семинар жоспары:
- •4) Блиц-тест
- •1. Қайта Өрлеу заманы философиясының атақты бір өкілі:
- •3. Дүниенің гелиоцентрлік жүйесінің негізін қалаушы, Қайта өрлеу заманы философиясының өкілі:
- •5)Бақылау сұрақтары
- •6) Сызбалар, есептер, ситуациялар Ойланыңыз:
- •Глоссарий
- •Мәнжазба тақырыптары
- •Әдебиеттер
- •№6 Сабақ
- •5)Бақылау сұрақтары
- •6) Глоссарий
- •7) Мәнжазба тақырыптары
- •8) Әдебиеттер
- •№7 Сабақ
- •3) Семинар жоспары:
- •4) Блиц-тест
- •1. Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы:
- •3. Философтар есімдерінің тізбегінде жетіспей тұрған буынды толтырыңыз: Кант-Фихте - Шеллинг….Фейербах:
- •5) Бақылау сұрақтары
- •6) Сызбалар, есептер, ситуациялар. Сызбаға көңіл аударыңыз: Иммануил Кант (1724-1804 ж.)
- •Абсолюттік идеяның даму сатысы
- •Людвиг Фейербах (1804-1872 ж)
- •7) Глоссарий
- •8) Мәнжазба тақырыптары
- •Әдебиеттер
- •№8 Сабақ
- •Семинар жоспары:
- •4) Блиц-тест
- •1. Тарихтың материалистік түсінігін тарихта алғаш жасап берген кім?
- •3. К.Маркс ілімі бойынша қоғамдық болмыс пен қоғамдық сананың арақатынасы қандай?
- •5) Бақылау сұрақтары
- •6) Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •7) Глоссарий
- •8) Мәнжазба тақырыптары
- •9) Әдебиеттер
- •№9 Сабақ
- •Семинар жоспары:
- •4) Блиц-тест
- •5)Бақылау сұрақтары
- •6) Сызбалар, есептер, ситуациялар. Сызбаға көңіл аударыңыз: Орыс философиясы
- •Орыс философиясының жалпы ұғымы және негізгі белгілері
- •Орыс философиясы пәні
- •Ерте орыс философиясы (оның пайда болу кезеңі және ерте христиандық)
- •Хүііі ғ. Орыс философиясы (материализм және әлеуметтік-саяси философия)
- •Негізгі бағыттары
- •Хүііі ғ. Іі-жартысындағы орыс философиясы
- •Ерекшеліктері
- •Хіх және хх ғ.Ғ. Орыс философиясының төмендегідей бағыттары бар
- •Атеистік
- •7) Глоссарий
- •8) Мәнжазба тақырыптары
- •9)Әдебиеттер
- •№10 Сабақ
- •6. Қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салушылардың бірі, XV – XVI ғ. Өмір сүрген новатор - жырау:
- •Бақылау сұрақтары
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •Глоссарий
- •Мәнжазба тақырыптары
- •Әдебиеттер
- •№11Сабақ
- •Бақылау сұрақтары
- •Глоссарий
- •Әдебиеттер
- •№12 Сабақ
- •Семинар жоспары:
- •Блиц-тест
- •1. «Материализм және эмпириокритицизм» еңбегінің авторы:
- •3. «Материя» категориясы нені бейнелейді ?
- •Мәнжазба тақырыптары
- •Бақылауға арналған сұрақтар:
- •Глоссарий
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар Материализмнің негізгі формалары
- •Мәнжазба тақырыптары
- •Әдебиеттер
- •№ 13Сабақ
- •Бақылау сұрақтары
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •Бейнелену теориясы. Гносеология Информатика және т.С.С.
- •Глоссарий
- •Мәнжазба тақырыптары
- •Әдебиеттер
- •№14 Сабақ
- •3) Семинар жоспары:
- •Блиц-тест
- •1. Диалектика – философиялық ілім:
- •Бақылауға арналған сұрақтар:
- •Сызбаға көңіл аударыңыз: Диалектика
- •Глоссарий
- •Мәнжазба тақырыптары
- •Әдебиеттер
- •№15 Сабақ
- •3) Семинар жоспары:
- •4) Блиц-тест
- •1. Көрсетілген элементтердің қайсысы өндірістік қатынастардың мазмұнын құрайды:
- •2. Тарихты материалистік пайымдау принципін кім қалыптастырған:
- •6. Адам әрекеті алдын-ала берілген тағдыр, жазмышпен анықталады деп санайтын көзқарас қалай аталады:
- •5) Бақылау сұрақтары
- •Сызбаға көңіл аударыңыз:
- •Кәсіпорындар
- •Қоғам өмірінің салалары
- •Формациялар (қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық сатылары)
- •Алғашқы қауымдық
- •Қоғам дамуының теориялары Әлеуметтік құрылым
- •Құрылымдық бөліктер
- •Глоссарий
- •Мәнжазба тақырыптары
- •Әдебиеттер
Бақылау сұрақтары
Махизм "позитивизмнің екінші түрі" деп неліктен аталады?
Махизм сонымен қатар "Эмпириокритицизм" деп неліктен аталады?
"Вена үйірмесінің" басты өкілдерін атаңыз.
Ғылым философиясының басты мақсатын постпозитивизм нендей мәселе деп жариялады?
"Герменевтика" сөзі қайдан шыққан? Этимологиясын табыңыз.
Қазіргі діни философияда қандай бағыттар бар?
Неотомизмнің орталық идеясы - "сенім мен парасаттың үйлесімділік принципі" - нің мәні неде?
Лингвистикалық философия дегеніміз не?
9. Прагматизм бойынша ақиқаттың критерийі неде?
Глоссарий
р/р |
ұғым |
анықтамасы |
1. |
Неокантиандық |
- ХІХ-ғ. 60-жылдарында Германияда, материализм мен позитивизмге қарсы жауап ретінде пайда болған философиялық бағыт. Ол. И. Канттың іліміне сүйене отырып, саяси-этикалық, методологиялық, логикалық -гносеологиялық мәселелерді шешуге тырысу болды. Сондықтан да осы бағыттың осылай аталуы. |
2. |
"Кантқа қайта оралу!" |
- неокантиандықтың бастаушыларының бірі - О.Либманның "Кант және эпигондар" атты кітабында ұсынған ұраны. |
3. |
"Баден мектебі" |
- неокантиандықтың ішкі баағыттарының бірі. Оның өкілдеріне (В.Виндельбанд, Г.Риккерт т.б.) канттық "өзіндік нәрсе" ұғымынан бас тартып, кез келген нәрсенің болмысын санадағы болмысы ретінде қарастыру тән. Сонымен қатар бұл бағыттың танымның нәтижесі - әмбебап, қажетті, трансценденталды білім деп санап, субъективизмді де терістейді. Баден мектебі М.Вебердің әлеуметтануына әсерін тигізді. |
4. |
Марбург мектебі |
- батыстық философиядағы 19-ғ. соңғы үштігінде, 20-ғ. бірінші үштігінде пайда болған бағыт. Негізгі өкілдері - Г.Коген, П.Наторп, Э.Кассирер. Бұл мектеп канттық философияны априорлық (тәжірибеден бұрынғы) түрлер арқылы мәдениетті, ғылымды, құлықтылықты, өнерді, дінді құрастыру туралы ілім деп қарастырған. Канттық "өзіндегі нәрсенің" парасатты мағынасының бар екендігін терістей отырып, бұл мектептің өкілдері таным процесінде априорлық формаларды қолданудың объективті негізін табуға ұмтылған. |
5. |
Экзистенция |
- адамдық "Мен" - нің орталық ядросын нақтылы, қайталанбас жеке тұлға ретінде белгілейтін экзистенциализм философиясының негізгі ұғымдарының бірі. Экзистенция субъект пен объектінің бөлінбес тұтастығын көрсетеді. Осы тұрғыдан ол рационалды ойлаудың субъект пен объектіні бір біріне қарсы қою әдісіне қарсы шығады. Адам өзін экзистенция ретінде өлім алдында, науқастанғанда, апатқа ұшырағанда, жалпы және ең алдымен "шекаралық жағдайларда" сезінеді. |
6. |
"Шекаралық жағдай" |
- К.Ясперстің енгізген ұғымы. Ол адам үшін ерекше маңызды кезеңдерді - өлім мен өмір арасында, адам өзін өзі ретінде сезінгенде, жоғары болмыспен жанасқандағы жағдайды белгілейді. Ясперс бойынша, адам өзін экзистенция ретінде "Мен" ретінде атап айтқанда дәл осы жағдайларда ғана аша алады. |
7. |
"Өзі-үшін-болмыс" |
- Ж.-П. Сартр философиясының орталық ұғымы. Ол адам үшін жоғары реалдылықты, ең алдымен оның өзінің ішкі дүниесінің басымдығын белгілейді. Дегенмен, адам өзіне тек қана "өзге -үшін-болмыс" арқылы сезіне алады, яғни, адам үшін басқа аадамдармен әртүрлі қатынастардың экзистенциалдық маңызы бар. |
8. |
"Das Man" |
- М.Хайдеггер философиясының басты ұғымдарының бірі. Ол адам болмысының шынайы еместігін, орталанғандығын, жекесіздігін көрсетеді. |
9. |
Сандырақ |
- А.Камю бойынша, адам өмірі - оны күнделікті күйбең тұрғысына да, оның дүниедегі орны тұрғысынан да қарастырсақ та, сандырақ мағынасыз. |
10. |
Неотомизм |
- ортағасырлық философ Фома Аквинскийдің іліміне негізделген қазіргі уақыттағы теологиялық философияның ең беделді бағыты. Неотомизм материя мен идеяның, танымның эмпириялық пен рационалдық түрлерінің қайшылықтарынан жоғары көтерілуге тырысады. Неотомизмнің мақсаты неотомизмді қазіргі жағдайларға бейімдеу, қарапайым адамдар мүддесіне, қоғам дамуының өзекті мәселелеріне бет бұру. Негізгі идеялары: дүниені құдай жаратқан (креационизм), мән мен өмір сүру бір-бірінен бөлек (эссенция және экзистенция), құдайлардың мәні мен өмір сүруінің бірлігі, адамның құдай тәріздестігі, адамдағы материалды және рухани субстанция бірлікте. Неотомизмнің басты принципі: "сенім мен парасат үйлесімділігі"; Басты Өкілдері: Э. Жильсон, Ж.Маритен, Ю.Бохенский, Рим Папасы Иоанн Павел ІІ. |
11. |
Креационизм |
- дүниені құдай жаратқандығы туралы ілім. Оның түбірі - ежелгі мифтер. Креационизмді иудаизм, христиандық, ислам қолдайды. |
12 |
Тейяр де Шарден (1881-1955) |
- франция философы, теолог, жаратылыстанушы. Оның пікірі бойынша, дәстүрлі католиктік философияның айтуындай адам дүниенің статистикалық ортасы емес, эволюцияның осі және шыңы. Тейяр де Шарденнің ілімі 20-ғ. діни философияға да, ғылыми ойлаудың дамуына үлкен әсер етті. Тейяр де Шарденнің философиясының ең маңызды принципі - эволюционизм. Бұл принцип бойынша барлық дүниеге (өлі де, тірі де табиғатқа) эволюция тән, ол ақырында жоғары нүктеге - Омега Нүктесіне жеткізеді. Омега Нүктесінің атрибуттары - нақтылы барлығы, "автономдығы", қайтпастығы және "трансценденттігі". |
13 |
Персонализм |
- жеке тұлғаны мәдениеттің жоғары құндылығы, ал дүниені - тұлғалық шығармашылық белсенділіктің көрінісі ретінде қарастырған қазіргі философия бағыты. Персонализм жеке тұлғаны бүтіндік және жоғары мәдени құндылық ретінде қарастырып, адамға прагматикалық көзқарасты терістейді. Қазіргі персонализм - экзистенциализмнің, марксизмнің, христиандық антропологияның әртүрлі қағидаларының күрделі жиынтығы. Орталық ұғым "жеке тұлға" бірегей, қайталанбас субъективтік, адамзат тарихының критериі және мақсаты ретінде қарастырылады. |
14 |
Неопозитивизм |
- О.Конт пен Дж. С.Мильдің классикалық позитивизмінің жалғасы және қазіргі түрі. Оның негізінде позитивті ғылымның құндылығына сенумен қатар жаңа тенденциялар, атап айтқанда, ғылыми танымның логикасына қызығушылық та бар. Неопозитивизмді аналитикалық философия деп жиі атайды. Негізгі өкілдері - Р.Карнап, Б.Рассел, М.Шлик т.б. Неопозитивизмнің өкілдері ғылымды философияға қарсы қойып, дәстүрлі философиялық мәселелерді мағынасыз, жалған деп санап, тек арнайы ғылыми білім ғана шынайы білім болуы мүмкін деп есептеген. |
15 |
Фальсификация принципі
|
- теорияның жалғандығын эксперимент нәтижесінде немесе теориялық талдау арқылы тексеру. Бұл принципті ғылыми айналымға енгізген К.Поппер. Фальсификация принципі бойынша, ғылыми теория болып тек қана принципті түрде терістелетін, өзінің жалғандығын дәлелдей алатын теория саналады. |
16 |
Верификация принципі |
- теорияның растығын оны шындықтың фактілерімен салыстыру арқылы тексеру. Сезімдік, эмпириялық тексеруге келмейтін теориялар немесе гипотезалар ғылыми мағынасыз болып саналады. Фальсификация принципі сияқты, бұл принципті де неопозитивизм ұсынған. |
17 |
Структурализм |
- структуралық (құрылымдық) әдісті қолданумен байланысты ғылыми және философиялық идеялар жиынтығы. 20-ғ. 20-жылдарында пайда болып, 60-жылдары кең тарады. Өкілдері: Леви-Стросс, М.Фуко, Ж.Деррида, т.б. Структуралық әдістің негізін структура (құрылым) ұғымы құрайды, яғни белгілі жүйенің ішкі элементтерінің өзгермейтін, тұрақты қатынастарының жиынтығы. Сондықтан да басты назар жүйенің элементтері мен олардың қасиеттеріне емес, элементтер арасындағы қатынасқа аударылады. Әдіс ретінде структурализм көптеген әлеуметтік - гуманитарлық пәндерде қолданылады. |
18 |
Герменевтика |
- түсіндіру, өзінше пайымдау теориясымен практикасын зерттейтін қазіргі философияның негізгі бағыттарының бірі. Осы бағыттың негізін салушы Г.Гадамердің пікірі бойынша, герменевтика - гуманитарлық ғылымдардың методологиясы, онтологиясы және философиялық ойлаудың әмбебап тәсілі. Герменевтиканың басты мәселелері - түсінуге қалай болады?" "болмыс қалай құрылған?" "түсінудің мәні неде?". Герменевтиканың зерттеу нәрсесі әдетте мәтін (текст), бұл жерде мәтін кең мағынада қарастырылады: тек әртүрлі философиялық немесе басқа шығармалардың сөзбе-сөз мәтіні ғана емес, адам тәжірибесінің барлық жиынтығы, адамның барлық тарихы. |
19 |
Герменевтикалық шеңбер |
- қазіргі герменевтиканың негізгі ұғымдарының бірі. Ол бүтін мен бөлшек диалектикасына негізделген мәтінді түсіну принциптерін белгілейді. Түсіну жеке бөлшектерді түсінуден тұрады. Ал жеке бөлшектерді түсіну үшін бүтінді алдын-ала түсіну қажет. |
20 |
Деконструкция |
- франциялық философ Ж.Деррида ұсынған термин. Оның мағынасы: гуманитарлық мәдениеттің әртүрлі мәтіндерін аналитикалық бөлшектеу, олардағы тіректік ұғымдарды анықтау, сонымен қатар өткен мәдени дәуірлердің метафоралық қабаттарын табу. |
