Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 Метод.указ. к сем. по Филос.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
751 Кб
Скачать
☆

8) Мәнжазба тақырыптары

  1. Ксенофанның философиялық ойлары.

  2. Протагор көзқарастарының философиялық мәні.

  3. Эмпедоклдің философиялық қағидалары.

  4. Анаксагордың философиялық ойлары.

  5. Киниктер философиясының ерекшеліктері.

  6. Гедонистік философия.

  7. Стоиктер философиясы.

9) Әдебиеттер

1. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәли Қ. Философия тарихы. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 1999 жыл

2. Кішібеков Д. Философия. Оқулық. Алматы: Рауан баспасы, 1991жыл

3. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. Оқулық. Алматы: 2000 жыл.

4. Тұрғынбаев Ә.Х. Философия. Оқулық. Алматы: Білім, 2001 жыл

5. Джованни Реале и Дарио Антисери. Западная философия от истоков до наших дней. " Античность " Санкт - Петербург 1994.

6. Современная философия: словарь и хрестоматия. Ростов- на-Дону. 1996.

7. Асмус В. Ф. Античная философия. Москва., 1972.

1) №4 Сабақ

Тақырып Ортағасырлық мәдениеттегі философия феномені. Исламдық ортағасырлық мәдениет контекстіндегі арабтық-мұсылмандық философия.

2) Сабақ мақсаты Орта ғасырлық мұсылмандық философия ойшылдарының еңбектері мен трактаттарын дүние танымдық және методологиялық тұрғыдан бағалауға, студенттерге пікірталас ретінде мәнін ашуға үйрету. Сонымен бірге түркі суфизмінің ерекшеліктерін ашып көрсету.

3) Семинар жоспары:

  1. Орта ғасыр философиясының негізгі белгілері мен кезеңдері: апологетика, патристика және схоластика.

  2. Орта ғасырлық мұсылмандық философия: Әл - Фараби, Ибн - Сина, Ибн - Рушд.

  3. Түркі суфизмінің ерекшеліктері ( Қ.А. Яссауи).

4) Блиц-тест

1. Ортағасырларда маңызды ғылым болып саналған:

А) Теология.

В) Гносеология.

С) Логика.

D) Онтология.

Е) Аксиология

2. Ортағасырлық философияның бағыты болып табылған реализмді сипаттаңыз:

А) Жалпы ұғымдар емес, бірлі жарым ғана заттар реалды.

В) Берілген екі сипаттамада дұрыс.

С) Заттардың негізі жалпы ұғымдар және олар затқа дейін өмір сүреді.

D) Заттардың негізі шынайы емес.

Е) Дұрыс жауап жоқ.

3. Ортағасырлық философияның бағыты болып табылған номинализмді сипаттаңыз:

А) Жалпы ұғымдар немесе универсалийлер ғана шынайы ақиқатқа ие.

В) Универсалийлер барлық заттарға дейін өмір сүреді.

С) Жалпы ұғымдар тек қана атаулар болып табылады.

Д) Заттар мен ұғымдар шынайы релды емес.

Е) Барлық жауаптар дұрыс.

4. Ортағасырлық дүниетанымдағы адам мен құдайдың қатынасы қандай?

А) Адам – Құдайдың жаратылысы.

В) Құдаймен адамды біріктіру.

С) Адамның Құдайдан жоғарылығы.

D) Адам Құдайдың өзі.

Е) Адам мен Құдай антогонизм.

5. Діннің негізгі қызметін атап көрсетіңіз?

А) Компенсаторлық.

В) әдістемелік.

С) Реттеушілік.

D) Дүниетанымдық.

Е) Прогностикалық.

6. Құдайға наным – сенімді және о дүниені жоққа шығаратын көзқарас қалай аталады?.

А) Нигилизм.

В) Атеизм.

С) Скептицизм.

D) Солипсизм.

Е) Агностицизм.

7. Реализм мен номинализмнің теориялық келіспеушілігінің мәні неде?.

А) Жалпы ұғымдардың табиғатын түсіндіруде.

В) Индивидтің таным шекарасын белгілегенде.

С) Әсемділіктің қалыптасу проблемасы жөнінде.

D) Білімнің ақиқаттық критериясын көрсеткен кезде.

Е) Таным принциптерін ойластыруда.

8. Теоцентризм дүниетаным ретінде:

А) Табиғаттың, адамның, қоғамның өмір сүруін көрсететін құдай – абсолют.

В) Жердегі өмірдің ұзақ еместігін көрсететін ілім.

С) Дүниені мәнгі айналуда деп көрсететін ілім.

D) Болмыстың әрдайым қайталантындығы туралы ілім.

Е) Жердегі өмірді мадақтау.

9. Августиннің «Тәубеге келу» деген кітабында көтерген проблемасы:

А) Реалды дүниеден жоғарғы дүниені тану.

В) Идеалды қоғамды құру.

С) Адам еркін.

D) Адамгершілік.

Е) Адам күнәсі туралы.

10. «Құдай қаласы» деп аталатын еңбектің авторы кім?

А) Фома Аквинский.

В) Абеляр.

С) Киприан.

D) Августин.

Е) Кант.