Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 Метод.указ. к сем. по Филос.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
751 Кб
Скачать
☆
      1. Мәнжазба тақырыптары

  1. Қазақ философиясының қалыптасуының тарихи, әлеуметтік – мәдени алғышарттары.

  2. Жеті жарғы және қазақ қоғамының құқықтық негіздері.

  3. Қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі дүние туралы түсінігі.

  4. Асан Қайғы шығармашылығындағы экзистенциалдық сарын.

  5. Бұқар жырау шығармашылығындағы әлемді түсіну.

  6. Зар заман ақындарының әлеуметтік философиясы.

  7. Махамбеттің “Мен” позициясы.

  8. Абай шығармашылығындағы гуманизм.

  9. Ә. Бөкейхановтың философиялық идеялары.

  10. М. Дулатовтың әлеуметтік – антропологиялық ойлары.

  11. М. Жұмабаевтың шығармашылығындағы экзистенциалдық мәселелер.

  12. М. Әуезовтің философиялық көзқарастары.

  13. Ш. Құдайбердиев философиясындағы сенім және парасат мәселесі.

  14. Ш. Құдайбердиевтің ар ілімі.

      1. Әдебиеттер

  1. Абай. Шығ. жинағы .Алматы, 1995

  2. Алтынсарин Ы. Мұсылманшылық тұтқасы. Алматы, 1991

  3. Ахан Бекежан. Билердің дүниетанымы. Алматы ,2000

  4. Әуезов М. Шығармалар жинағы. Т.14-15. Алматы ,1974

  5. Байтұрсынов А. Ақ жол. Алматы ,1991

  6. Бес ғасыр жырлайды.2 томдық. Алматы,. 1989

  7. Бөкейханов Ә.Таңдамалы. Алматы, 1995

  8. Даланың дара ділмарлары. Алматы, 2003

  9. Досмұхамедов Х.Аламан. Алматы ,1991

  10. Дулатов М.Шығармалары. Алматы ,1991

  11. Есімов Ғ. Хакім Абай. Алматы ,1994

  12. Есім Ғ. Сана болмысы (саясат пен мәдениет туралы ойлар). кітап,(екінші басылым). Алматы,1992

  13. Жұмабаев М.Таңдамалы. Алматы,1992

  14. Қазақ. Бас ред. Ә.Нысанбаев.Құрастырған Ү.Сұбханбердина және т.б. Алматы,1998

  15. Қазақ даласының ойшылдары IX-XIIғ.Қорқыт,

  16. Әл-Фараби,Ж.Баласағұн,М.Қашқари,Қ.А.Иассауи. Алматы,1995

  17. Қасабеков А., Алтаев Ж. Қазақ философиясы.Алматы,1996

  18. Құдайбердиев Ш. Шығармалары.Алматы,1988

  19. Рысқалиев Т.Х.Даналық пен түсініктің үлгілері. Алматы,1999

  20. Сегизбаев О.А. Казахская философия XV начала XX века. Алматы,1996

  21. Нұрланова К. Человек и мир:казахская национальная идея.Алматы,1994

  22. Орынбеков М.С. Ежелгі қазақтардың дүниетанымы.Алматы,1996.

  1. №11Сабақ

Тақырып ХІХ-ХХ ғ. мәдениетіндегі батысеуропалық философия.

  1. Сабақ мақсаты ХІХ ғ. ортасында және екінші жартысында марксизмнің, ХХ-ғ. бірінші жартысында экзистенциаализмнің пайда болуының әлеуметтік-тарихи және философиялық-теориялық алғышарттарын ұғыну; маркстік философияның әлеуметтік ойлаудың басқа ағымдары мен бағыттарынан ең басты, принципті айырмашылықтарын түсіну; экзистенциализмнің неліктен "дағдарыс философиясы" деп аталатындығын және оның батыс қоғамында 20-ғ. тек қана философиялық қауымдастық арасында емес, жалпы зиялы-рухани өмірде кең тарағанын ашу. ХХ-ғ. батыс қоғамының әлеуметтік-тарихи және рухани дамуының ерекшеліктерін, олардың философияда бейнеленуін қарастыру; ең белгілі бағыттар - неопозитивзмнің формаларын, неотомизм мен герменевтиканы талдау, және алғышарттарын ашу.

  1. Семинар жоспары:

  1. ХХ-ғ. ортасындағы және екінші жартысындағы қоғамның әлеуметтік - тарихи дамуындағы ерекшеліктер мен қайшылықтардың философияда бейнеленуі.

  2. Неопозитивзм мен рационализмнің түрлері.

  3. Неотомизм - Батыс діни философияның негізгі бағыты.

  4. Герменевтика және оның негізгі мәселелері.

  1. Блиц-тест

1. Ғылыми танымның негізгі принциптерінің бірі ретінде позитивизм нені есептейді?

А) интенционалдық (бағыттанғандық)

В) инструменталдық (аспаптық)

С) верификация (растау)

D) детерминация (себептеу)

Е) интерпретация

2. Мәтіндерді және сөйлемдерді пайымдауға негізделген философиялық бағыт қалай аталады?

А) экзистенциализм.

В) позитивизм.

С) аналитикалық философия.

D) прагматизм.

Е) герменевтика.

3. Қандай философиялық бағыт адам өмірін сандырақ деп санайды:

А) экзистенциализм.

В) постпозитивизм.

С) неотомизм.

Д) эмпириокритицизм.

Е) философиялық антропология.

4. "Болмыс пен және уақыт" атты философиялық шығарма авторы кім?

А) Ж.-П. Сартр.

В) М.Хайдеггер.

С) А.Камю.

D) Л.Витгенштейн.

Е) Б.Рассел.

5. Қандай философиялық бағыт жеке тұлғаны жоғары құндылық деп санайды:

А) неотомизм.

В) персонализм.

С) лингвистикалық философия.

D) махизм.

Е) феноменология.

6. Төмендегі ұғымдардың қайсысы маркстік әлеуметтік философияның орталық ұғымдарына жатады:

А) деконструкция.

В) шекаралық жағдай.

С) қоғамдық-экономикалық формация.

D) "өзі-үшін-болмыс".

Е) "билікке ерік".

7. "Экзистенциализм" термині қалай аударылады?

А) мән философиясы.

В) болмыс философиясы.

С) өмір сүру философиясы.

D) сүйіспеншілік философиясы.

Е) ғылым философиясы.

8. Қазіргі діни философияға қай бағыт жатады?

А) экзистенциализм.

В) феноменология.

С) структурализм.

D) герменевтика.

Е) неотомизм.

9. Позитивизмнің үшінші түрі болып қай бағыт саналады:

А) неопозитивизм.

В) феноменология.

С) постпозитивизм.

D) эмпириокритицизм.

Е) постпозитивизм.

10. "Болмыс пен ештеме" атты шығарманың авторы кім?

А) Ж-П.Сартр.

В) М.Хайдеггер.

С) К.Маркс.

D) А.Камю.

Е) Б.Рассел.