- •Кәсіпорынның қызметінің тәуекелін бағалау және талдау әдістері
- •1.4.Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері
- •Қазақстан қор биржасы
- •Қазіргі фьючерстік нарықтар
- •Ірі қара мал; 40 000 фунт; фунтына центпен
- •Қазынашылық облигациялар (свот); 100,000 доллар; пункттерде және 100%-дың 32 үлесінде
- •Спекулянт.
- •Қысқа мерзімді хедж
- •Маржалық сауда
- •Ұзын хедж
- •Кредиттік оралым
- •Нарық бойынша күн сайынғы қайта бағалау
- •Нарықтық бұйрықтар
- •Нарықтық бұйрықтар
- •Шартты бұйрықтар
- •Фундаментальді талдау
- •Фундаментальдік факторлар
- •Сұраныс және ұсыныс
- •Бағалық тренд
- •Сауда көлемі және ашық мүдде
- •Қаржылық фьючерстер
- •Өндірістік құралдар
- •Капиталды алыпсатармен басқару
- •Тәуекелді барынша құру
- •Энерго тасымалдаушылар
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Тамақ өнімдері және талшықтар
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Дәнді дақылдар
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Индекстер
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру
Кредиттік оралым
Фьючерстердің бағасы өте құбылмалы бағаларға қарағанда лайықты беделге ие емес. Бағалары көптеген тауарлардың бағасына қарағанда қатты өзгеретін жай, артықшылықты емес акциялардың эмиссиялары бар. Фьючерстік бағалардың көзге солай болып көрінетін құбылмалылығы қайталама, бұл – минималды маржаға деген тым төмен талаптардың нәтижесі.
Көп жағдайда фьючерстік маржа негізгі фючерстік келісімшарттың бағасына қарай өте төмен пайыздан 10%-ға дейін түрленеді. Тауар бағасының болар-болмас өзгеруі фьючерстік есеп шоттағы маржалық қалдықтың өте қатты өзгеруіне әкеліп соқтырады.
Мысал:
Қолда бар мақта мен мақта фьючерсінің фунты 80.00 цент тұрады деп болжам жасайық. Сіздің мақтамен келімісшартыңыз ұзақ. Бастапқы маржа 2,000 долларға тең. Сіздің фючерстік келісімшартыңыздың көлемі 50 000 фунт мақтаны құрайды. Сондықтан мақтаның өзінің жиынтық құны 50 000 х 80 цент = 40, 000 долларға тең.
Мақтаның қолма-қол және фьючерстік бағасы 1 центке, яғни фунтына 80.00 центтен 81.00 центке дейін көтеріледі. Осылайша, қолда бар мақтаның бағасы 500 долларға (0.01 доллар х 50 000 фунт) немесе 40,000 доллардан 40,500 долларға дейін өседі. Бұл 1,25%-ға көтерілу. Фьючерстік келісімшарттың маржалық сальдосының көлемі 500 долларға өсті; бұл 2,000 доллардан 2,500 долларға дейінгі қозғалыс екендігін ескерсек, «секіріс» 25%-ды құрады.
Егер мақтаның бағасы түссе,онда сіздің шығымыңыз тура осындай дәрежеде көтеріледі. Егер мысалы мақтаның бағасы 1 фунт үшін 3 центке төмендесе, онда сіз бастапқы маржаныздың төрттен үш бөлігін жоғалтасыз.
|
Ескі бағасы |
Жаңа бағасы |
Бағаның % өзгерісі |
Құнының өзгеруі |
Активтер $ |
Активтердің % өзгеруі |
Нақты мақта |
80,00 |
77,00 |
-3,75% |
-1,500$ |
40,000 |
-3,75% |
Фьючерлік келісім-шарт |
80,00 |
77,00 |
-3,75% |
-1,500$ |
2,000 |
-75,00% |
МАРЖА
Маржаның деңгейлерін белгілеу – биржадан басталатын тізбекті реакция. Биржа фьючерстік жайғасымды қолдауға қажетті ең аз соманы белгілейді. Осы тізбектегі келесі буын – есеп айырысу палатасы. Осы палата нарықтың қаржылық тұтастығы үшін жауап береді және есеп айырысу палатасы мүшелерінен жоғарыда аталған биржалық ең аз сомадан асатын көп маржаны талап ете алады. Соңғы буын – бұл брокерлік фирма (немесе басқаша айтқанда, фьючерстерді комиссиялық сатушы – FCM).
Егер FCM осыны қажет деп ұйғарса, онда ол өзінің клиенттерінен биржалық ең аз сомадан асатын жоғары маржаны сұратады. Нақты маржа қаражатының ағыны кері сипатта болады. Клиент ұйғарылған маржаны өтейтін чек жазып, клиенттің ақшасын оның атына ашылған жеке шотында ұстайтын өзінің FCM-не береді. FCM маржаны өзінің ашық жайғасымы үшін есеп айырысу палатасына салады. Көптеген биржаларда бір-біріне қарсы қойылған қысқа және ұзын FCM жайғасымдары өтеледі және маржа тек тәуекелге ұшырағанда ғана енгізіледі. Клиенттің қаражатының балансы FCM қолдайды.
Биржа бастапқы маржа мен қолдау маржасын кез келген уақытта өзгерте алады. Бұрын биржалар маржа деңгейінің өзгеруін бағаның құбылуын бақылайтын пәрменді құрал ретінде пайдаланған. Фьючерстік нарық «тым қызып кеткен» жағдайда, маржаның деңгейлері айтарлықтай көтеріледі. Сол уақытта сол бір капиталмен фьючерстік жайғасымның аз санын қолдауға болады, сол себептен сауда да баяулайды. Фьючерстік келісімшартқа сәйкес нақты тауар жеткізілгенде жоғарыда аталған ең аз маржа талаптары да ең жақын айдағы жеткізу кезінде көтерілуі мүмкін.
Көптеген биржаларда маржа деңгейлерінің өзгеруінің кері күші болады. Яғни өзгерістер бұрынғы да, сондай-ақ жаңа фьючерстік жайғасымдарға тікелей қатысты. Егер маржа ұлғайып және жаңа ең аз деңгей бұрынғы деңгейден асса, онда өзгерістер қазіргі бар жайғасым бойынша қосымша қаражат енгізу талабын қояды. Егер маржа азайса, онда қазіргі бар жайғасыммен байланысты капитал босайды және фьючерстік шоттың иесі қаражаттың артығын алуы немесе оларды басқа фьючерстік жайғасымдарды қамтамасыз ету үшін пайдалануы мүмкін.
Бастапқы маржаның деңгейінен асатын қаражат қана бос болып қалады; оларды шоттан алуға немесе басқа мақсаттарға пайдалануға болады. Маржаны бастапқы деңгей мен қолдау деңгейінің арасында үстелуі бастапқы маржаның бөлігін құрайды. Ол трейдер фьючерстік жайғасымды сақтағанға дейін шотта боулы тиіс.
Мысалы, сіз 383.00 алтынға фьючерстік келісімшарт сатып аласыз делік. Ұйғарылатын бастапқы маржаның деңгейі 2700 долларды; қолданатын маржаның деңгейі – 2. 100 долларды құрайды., мәміленің түрі келесідей болады:
* Тәуекелге таза бейім болу – ұзын жайғасымда тәуекелге бейім болу мен қысқа жайғасымда тәуекелге бейім болудың арасындағы айырма, яғни ұзын және қысқа жайғасымға салынған меншікті қаражат үлестерінің арасындағы айырма; пайызбен есептеледі.
Кесте 11
Күннің соңы |
Фьючерстің алтынға бағасы |
Қалдық |
Ескертулер |
1 2
3
4
4
5
6
6
7
8
|
383.00 379.00
374.50.
384.10
393.90
390.70
384.20
385.70 |
$2,700 2,300
1,850
2,700
3,660
4,640
3,640
3,320
2,670
2,820 |
Ашылатын мәміле Қалдық төмендеді, алайда маржа қолдау деңгейінен асады.
Маржа $2,700 қолдау деңгейінен төмен болды. Маржаның деңгейін $2,700 дейін жеткізу үшін шотты $850 долларға толықтыруға сұрату жолданады.
Сұратылатын сома ($850) күннің біріншгі жартысында шотқа енгізілді
$960 ($3,660-$2,700) – қолма қол ақша алуға немесе басқа фьючерстік жайғасымды маржалау үшін қол жеткізімді сома.
$1,940 ($4,640-$2,700)– қолма қол ақша алуға немесе басқа фьючерстік жайғасымды маржалау үшін қол жеткізімді сома. Күннің бірінші жартысында шоттан $1,000 қолма қол ақша алынды
Ешқандай өзгеріс жоқ
Маржа бастапқы деңгейден төмен, алайда $2,100-ден жоғары; ешқандай іс-қимыл жасау қажет емес.
Сіз сауда күнінің соңында жайғысымды жабасыз. |
Сіздің өткен мәміле бойынша мынадай есеп жасайсыз. Сіз $2,7000 көлемінде бастапқы маржа енгіздіңіз, тағы $850 қолдау маржасын салдыңыз. Екеуінің сомасы $3,550 болды. 6-шы күннің бірінші жартысында сіз шоттан $1,000 алдыңыз және енді шотта мәміле жабылғаннан кейін $2,820 қалды. Нәтижесінде $3,820 сомасы алынды. Сөйтіп, барлық осы операциялардың нәтижесінде сіз $270 таптыңыз ($3,820 – $3,550).
Сомасы бастапқы маржадан асатын қаражат қана бос деп саналады; оны шоттан алуға немесе өз қалауыңша пайдалануға болады.
Осы жауапты алуға болатын басқа қысқа тәсіл жөнінде айтатын болсақ, бұл үшін алтын фьючерсін ашу мен жабу бағаларын жай салыстыру қажет. Жабылатын баға 385.70-тен 383.00 ашылатын бағаны шегергенде алтын унциясы $2.70-ті, ал 100 унцияның бағасы $270-ті құрайды.
Биржа маржаның ең аз деңгейін орнатқанда тиісті фьючерстік жайғасымның әр түрлерін қолдайды. Ұзын және қысқа жайғасымдар ең жоғары тәуекелдермен байланысты, сондықтан оларға ең жоғары маржа қолданылады. Спектрдің басқа шетінде ең төменгі маржалық талаптар қойылатын хеджілер орналасады. Хеджерлер сол бір (немесе ұқсас) тауармен өтелетін қолма қол ақша мен фьючерстік жайғасымдарды ұстайды, осының нәтижесінде хеджден алынатын жалпы экономикалық әсер спредтің (ұсынымның бағасы мен сұранымның бағасы арасындағы айырма) әсеріне жақындайды.
