- •Кәсіпорынның қызметінің тәуекелін бағалау және талдау әдістері
- •1.4.Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері
- •Қазақстан қор биржасы
- •Қазіргі фьючерстік нарықтар
- •Ірі қара мал; 40 000 фунт; фунтына центпен
- •Қазынашылық облигациялар (свот); 100,000 доллар; пункттерде және 100%-дың 32 үлесінде
- •Спекулянт.
- •Қысқа мерзімді хедж
- •Маржалық сауда
- •Ұзын хедж
- •Кредиттік оралым
- •Нарық бойынша күн сайынғы қайта бағалау
- •Нарықтық бұйрықтар
- •Нарықтық бұйрықтар
- •Шартты бұйрықтар
- •Фундаментальді талдау
- •Фундаментальдік факторлар
- •Сұраныс және ұсыныс
- •Бағалық тренд
- •Сауда көлемі және ашық мүдде
- •Қаржылық фьючерстер
- •Өндірістік құралдар
- •Капиталды алыпсатармен басқару
- •Тәуекелді барынша құру
- •Энерго тасымалдаушылар
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Тамақ өнімдері және талшықтар
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Дәнді дақылдар
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Индекстер
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру
Ұзын хедж
Сонымен қатар ұзын хедждіде қолдануға болады.Мұны нақты түсіну үшін Холбруком Хоркинг берген анықтаманы есіңізге түсіріңіз: кезекті нақты келісім шартты ауыстыратын фьючерстік келісімшарт.
Саналы инвестордың кеңесі
Ұзын хедж тауарды кем қоюға уәде беретін адам арқылы жүзеге алады және нақты бағалар осы аралықта көтеріліп кету мүмкіндігіне көңіл аудартады. |
Сіз жүгеріні экспорттайсыз деп қарастырайық. Сіз қытайға 1 млн бушель астықты сатыңыз. Ол 3 айдан кейін жеткізіледі келісілген баға – ол бүгінгі күні Чикагодағы нақты баға яғни,1 бушельше 2,85% сіз нақты астықты бүгін сатып алып,оны өз қоймаңызда 3 ай ұстап, кейінен оны сатып алушығаьб ұсынуыңызға болар еді. Бірақ сіз қоймаңызбен транспортыңыз жоқ. Оның орнына сіз жүгеріге фьючерс сатып аласыз:
Мысал
Жүгеріге фьючерстік ұзын хедж
Нақты нарық Фьючерсті нарық
Нақты жүгері 2,85$ бушельге Қазір Жүгеріні сатып алды 2,96$
Жүгеріні сатып алды3,10$ 3айдан кейін Фьючерсті сатты 3,21$
Жіберілген мүмкіндіктердің
шығыны 0,25$ Табыс 0,25$
Таза табыс немесе шығын =0
Сіз нақты нарықта жүгерінің Қытайға жіберілуі үшін 3,10$ төледіңіз.Алйда ұзын фьючерстік позициядан түскен 0,25$көлеміндегі табысыңыз сіздің фьючерстік бағаңыз 2,85$-ға төмендетті.
Келтірілген мысалда брокерлік комиссиондықтар, сақтауға және сақтандыруға кеткен шығындар алынбайды.
Маржалық сауда
Жоғарыда айтып кеткендей маржа фьючерлық позиция үшін – ол бөліп ақы төлеу емес, бағалы қағаздағы сияқты. Фьючерлік позиция (ұстаным) оның иесіне ешқандай меншік құқығын бөліп бермейді өзінің негізгі құралына сүйеніп. Фьючерлік позициясының иесі осы активтен ешбір пайда немесе табыс алмайды. Фьючерлік келісімшарт құрамында тек қана бірнеше жақтың уәдесі бар, олар: біріншісі – базалық тауарды жеткізу және екіншісі – таурды қабылдап және ол үшін ақысын төлеу.
Фьючерлік маржа – ол ізгі ниетпен салынатын депозит. Маржалық фьючерлік позицияның иесі ешқандай ссудалық пайызды төлемейді.
Фьючерлік маржаның мақсаты ол келісім – шарттың орындалуына кепілдеме беру және қаржылық нарықтың тұтастығын қорғау. Маржа фьючерлік келісімшартты сатушығада және сатып алушығада керек. Әр бір фьючерлік келісімшарттың өзінің маржалық деңгейі болады, оны осындай сияқты келісімшарттарды сататын биржалар орнатады. Маржа фьючерлік позицияда бірінші рет ашылғанда оны бастапқы маржа деп атаймыз. Биржалардың талаптарына байланысты, бастапқы маржа өзіне ақшалай есеп айырысуды, қаражатты бір клиенттің шотынан басқаға аударуды, мемлекеттік бағалы қағазды, аккредитив немесе берілген тауардың квитанциясын қосуға болады.
Фьючерстік маржаның мақсаты – келісімшарттың орындалуына кепілдік беру және нарықтың қаржылық тұтастығын қорғау.
Егер фьючерстік жайғасым бағалардың жағымсыз қозғаласының нәтижесінде жоспарланбаған шығындарға әкеліп соқтырса, нарыққа қатысушы сауда есеп шотына қосымша қаражат салуды талап ете алады. Мұндай әрекет қолдау маржасы деп аталады. Оның мақсаты – маржа беретін қаржылай қорғауды қайта қалпына келтіру. Сондықтан талап етілетін минималды сома маржаны бұрынға деңгейіне келтіру үшін қажет. Қолдау маржасына қойылатын талап қатаң және мыналарды талап етеді: (1) сауда есеп шотына қажетті ақша қаражатын салу немесе (2) ұсталатын фьючерстік жайғасымдардың санын азайту.
Қалыптасқан минималды маржалық деңгейге қосымша биржа жоғарыда аталған минималды сома сұраныста болатын деңгейді бекітеді. Әр түрлі биржада ол әр алуан. Алайда, 75% деңгей жалпы үлгі болып табылады, яғни егер маржалық деңгей өзінің бастапқы көлемінен 75%-ға төмен түсетін болса, брокерлер маржаны қайта енгізуді талап етеді.
Нарыққа қатысушыларға қосымша қаражат салу және олардың орындалуын бақылау туралы талаптар жіберу фьючерстік брокердің жауапкершілігіне байланысты (немесе, техникалық тілмен айтқанда, қауымдастырылған тұлғалар*). Егер сізге осындай талаптар түскен болса және қандай да бір себепке байланысты сіз оларды тиісті мерзімде орындамасаңыз, онда брокерлік фирма сізден келесі әдістер бойынша қолма-қол ақшаның қажетті мөлшерін алуға өкілетті:
1) мұндай талапты жасаған жайғасымды жабу;
2) иесі сіз болып табылатын кез келген фьючерстік жайғасымды жабу;
3) немесе бұл фирма иесі болып табылатын сіздің басқа есеп шотыңыздан, яғни ақша нарығындағы сіздің депозиттік есеп шотыңыздан, мысалы, қатшылықты жабу үшін сіздің фьючерстік есеп шотыңызға ақша аудару арқылы. Мұндай өкілеттіліктерді сіз өзіңіздің фьючерстік есеп шотыңызды ашқан кезде бланкілерге қол қойғанда брокерлік фирмаға бересіз.
* Қауымдастырылған тұлғалар дегеніміз – клиенттерді іздейтін,
тапсырыстарды қабылдайтын, клиенттердің немес осыған ұқсас қызметті бақылайтын басқа да тұлғалардың қаржысын комиссиялық фирмалардың, биржалық брокердің немесе кеңесшілердің атынан басқаратын тұлғалар.
