- •Кәсіпорынның қызметінің тәуекелін бағалау және талдау әдістері
- •1.4.Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері
- •Қазақстан қор биржасы
- •Қазіргі фьючерстік нарықтар
- •Ірі қара мал; 40 000 фунт; фунтына центпен
- •Қазынашылық облигациялар (свот); 100,000 доллар; пункттерде және 100%-дың 32 үлесінде
- •Спекулянт.
- •Қысқа мерзімді хедж
- •Маржалық сауда
- •Ұзын хедж
- •Кредиттік оралым
- •Нарық бойынша күн сайынғы қайта бағалау
- •Нарықтық бұйрықтар
- •Нарықтық бұйрықтар
- •Шартты бұйрықтар
- •Фундаментальді талдау
- •Фундаментальдік факторлар
- •Сұраныс және ұсыныс
- •Бағалық тренд
- •Сауда көлемі және ашық мүдде
- •Қаржылық фьючерстер
- •Өндірістік құралдар
- •Капиталды алыпсатармен басқару
- •Тәуекелді барынша құру
- •Энерго тасымалдаушылар
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Тамақ өнімдері және талшықтар
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Дәнді дақылдар
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Индекстер
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру
Сұраныс және ұсыныс
Фундаментальдік талдаушы келесі айларда қандай тауарлар саны пайда болады және оларға деген сұраныс қандай болатындығын бағалауға тырысады. Тауарлық ұсыныс импортты, ағымды өндірісті және алдағы жылдың барлық өтпелі қорларын қамтиды. Тұтыну – бұл ішкі пайдалану мен экспорт сомасы.
Мысалы, экономиканың аграрлық секторының тауарына қатысты фундаментальдік талдаушы ауылшаруашылық культураларды егудің, бір аграрлық өнімдердің, тиісті ауыл шаруашылық өңірлердің ауа райы болжамының, болашақ өнімнің бүліну немесе жойылу ықтималдылығын, бәсекелес тауарлар бағаларын, мемлекеттік заемдар деңгейі мен ағымдағы қолда бар қорларды зерттейді.Дәл осы ақпарат АҚШ ауыл шаруашылық өнімдерінің әлеуетті экспортын бағалау үшін шетелдік аграрлық аудандарда да зерделенеді.
Фундаментальдік талдаушы келесі айларда қандай тауарлар саны пайда болады және оларға деген сұраныс қандай болатындығын бағалауға тырысады.
Ірі қара мал, шошқа бойынша фьючерстердің фундаментальдік көрсеткіштері фермерлердің мақсаттары мен жоспарларын, бас санының көбеюін, семіртудегі малдардың ағымды санын, бәсекелестердің етке деген бағасын, тұтыну тенденциясы мен тірі мал бойынша бағалық «циклдың» ағымдағы жағдайын қамтиды.
Мыс фьючерстарын сатушы тау-кен өнімдерінің белсенділігіне, жаңа құрылыстар санына, Лондон металл биржасында (LME) және барлық әлемнің басқа да қоймаларында қалатын мыс санына, мыс өндірумен айналысатын шетелдік кәсіпорындардағы әлеуеттік саяси тұрақсыздыққа қызығушылық танытады.
Платина фьючерстерін сатушылар автомобиль өндірісін мұқият қадағалап отырады. Алтын – әшекей бұйымдары ретінде және қарқынды инфляция немесе қарулы қақтығыстар қағаз валютаға деген уақытша сенімсіздікті тудырған уақытта дүниежүзілік қор жинау құралы сияқты екі жақты рөлді атқарады.
Апельсин шырынының қатырылған концентратының фьючерстік рыногы (FCOJ) төтенше түрде ауа-райының қытымырлығына байланысты болады.Апельсин өсіретін Флорида ауданындағы ауа-райының сәл де болса салқындауы бағаны өзгерте алады.Неғұрлым қатал фундаментальды факторлар өзіне АҚШ пен басқа елдердегі апельсин жинаудың күтілетін көлемін,осы аймақтағы апельсин ағаштарының ауруға ұшырау ықтималдылығы қосылады.
Кофе дәл осылай апельсин сияқты әлсіз емес және оның өнімділігі соншалықты ауа-райының өзгерісіне тәуелді болмайды,бірақ, әйткенмен,оған деген баға да өрлеу мен құлдырауға ұшырайды.
Қаржылық фьючерстерді фундаментальды талдау біршама басқа әдістерді талап етеді.Жеке алған жағдайда ұсыныс практикалық тұрғыдан шексіз мінез танытады. Басқаларында – фьючерстік келісім негізінде жатқан базалық актив жоқ болады және есеп айырысу тек қана ақшалай формада жүреді.
ТЕХНИКАЛЫҚ АНАЛИЗ
Фундаменталді және техникалық анализ арасында екі маңызды айырмашылық бар. Фьючерстік нарықтың (рыногтың) фундаменталді анализі үшін ақпараттың үлкен көлеміне тән. Ол жақын арадағы бірнеше апта немесе айдың баға қозғалысын болжамдау үшін пайдаланылады. Техникалық аналитик тек үш категориялардың мағлұматтарымен жұмыс істейді. Ол: баға, сауда көлемі және ашық позициялар сомасы. Ол жуық арадағы бірнеше күннің баға қозғалысының ықтималды бағыты туралы пікірді құру үшін осы категорияларды бағалайды. Кешенді аналитик фундаменталді анализді баға ауысуының мәнді алғышарттарының бар ма екенін шешу үшін, ал техникалық анализді нарыққа енудің аса қажетті уақытын анықтау үшін қолданады.
Бұрын айтылып кеткендей, периодты қаржы шығарылымдарында фьючерстік шарт үшін бағаның төрт түрі қарастырылады: ашу бағасы, жоғары шекті, төменгі шекті және есеп айырысу немесе жабу бағасы. (Кейбір газеттер ашу бағасын жарияламайды). Осы төрт бағаның ішінде аса маңыздысы болып жабу бағасы саналады, өйткені ол өткен сауданың түпкілікті нәтижесін көрсетеді. Ашу бағасы аса маңызды емес, себебі ол - бір түн ішінде нарықтық бұйрықтардың көптеп жинақталуынан өзгеріске жиі ұшырайды
Қорыта айтқанда, бағаның көтерілуі фьючерстік шартқа өсіп жатқан сұранысты білдіреді. Егер бағаның көтерілуі кезінде сауда көлемі өссе, онда ол – бағаның өсуі нарық қатысушыларының назарын аудартатынын білдіреді. Бұл нарықтың болжауы. Өсіп жатқан ашық қызығушылық, яғни ашық позицияның өсу көлемі жаңа сатып алушылардың пайда болуын көрсетеді.
Осы үш факторлардың басқа да бірқатар комбинациялары бар және техникалық аналитик үшін олардың әрқайсысының өзінің аса маңызы бар. Біз олардың қозғалыс механизмін қарастырамыз, бірақ алдымен басқа да жайттармен танысу қажет.
