Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қар. тәу бас. Құралай.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
721 Кб
Скачать
☆

Бағалық тренд

Тренд бұл – бағаның (немесе басқа көрсеткіштердің) белгілі бағыттағы таңдаулы қозғалыспен оқиғаларға әсер ету. Бірнеше жыл бұрын жанармай запасы азайып, оған бағаның өсуінен, жоғары үнемшілдікпен ерекшеленетін аз литрлі үлкен емес автокөліктердің өндірісі өсті. Осыған ұқсас автокөліктерге сұранысты анықтайтын нарық конъюнктурасы пайда болды.

Трендтің түрлеріне келсек, тиісті баға графигіндегі өсу тренді мұхит бұғазына өте ұқсас болып келеді, яғни әрбір жаңа шың мен шұңқыр оның алдыңғыларынан жоғары болып келеді.

Төмендеу тренді кезек-кезек төмендеп жатқан жоғары және төменгі шектермен сипатталады.

Егер бағаның анық белгіленген бағыты болмаса, ондай тренд шекті немесе бейтарап деп аталады.

Тарих көрсеткендей, фьючерстік нарықта құрылған бағалық тенденциялар сақталынады, сондықтан олар өздерінің назарына трейдерлерді аударады. Қайсыбір трендтердің болуы ертеңгі бағаның бүгінгіге қарағанда жоғары немесе төмен болу ықтималдылығын жоғарылатады және де трейдер осы ақпаратты өз пайдасына қарай қолдану мүмкіншілігін алады.

В қосымшасында осындай ерекше кестелер туралы қосымша ақпарат, сондай-ақ оларды әзірлеуді қалай бастау, сату және сатып алуға сигналдарды тануы және қолайлы тиімді клеткалар өлшемі мен айналым критерииін таңдау туралы мәліметтер қоса берілген.

Сауда көлемі және ашық мүдде

2 тарауда біз сауда көлемі мен ашық мүдде туралы қысқаша айтып өттік. Сауда көлемі – бұл белгілі мерзім ішінде қолдан-қолға өтетін, әдетте бір күнгі фьючерлік келісімшарттар саны. Ашық мүдде орындалмаған фьючерлік келісімшарттар және өтелетін фьючерлік мәмілелермен немесе нақты тауарларды жеткізумен жабыла қоймаған сан ретінде анықталады.

Сонымен, ашық мүдденің шығуын, оның қалай өзгеріске түсетіндігін сіздер жақсы түсіну үшін, келесі мысалды қарастырамыз. Жаңа әзірге ешкім жоқ фьючерлік банан нарығы пайда болды деп есептейік. Біраз уақыт банан саудасын зерттеген Мистер А банан бағасы төмендетіледі деп болжайды. Сондықтан ол қысқа бір фьючерлік келісімшартты сатады. Мистер В қарама-қарсы ойын білдіреді, ол келесі аптада бананның бағасы өсуі мүмкін деп болжайды. Ол фьючерлік келісімшартты мистер А-дан сатып алады және сауда аяқталады, әрине ол тиісті брокерлер арқылы жүзеге асады.

Осы екі позиция – біреуі ұзынырақ және біреуі қысқарақ, екеуі қосылып ашық мүдденің бір бірлігін құрайды.

Осыдан кейін, банан нарығы басқа трейдерлерді өзіне тартады. Сонымен, Мистер С Мистер D-дан фьючерлік келісімшартты сатып алады, ашық мүдде екі бірлікке дейін өседі.

Қаржылық фьючерстер

1970 ж қаржылық фьючерстер пайда болғанға дейін, бұл нарық негізінен арпа, ет өнімдері және металл тәрізді қолданыстағы тауарлармен байланысты болып келді. Дәстүрлі фьючерстік нарықтар коптеген қатынаста ұқсас боп келеді және олардың арасында аналог жүргізуге болады.

Қаржылық фьючерс нарығы мұндай үлгіге сыйымсыз. Мұндай келісім-шарттар негізінде жатқан активтер әрқашан материалдық емес. Тауарлар мүлдем қолданысқа туспей ақ, өздерінің түрі мен меншігін тек өзгертіп қоя алады. Кейбір жағдайларда жеткізілім орындала алмайды, сондықтан мәміле жасау тек қолма қол есеп айрысу арқылы ғана жүргізіледі.

Қаржылық фьючерстер дәстүрлі тауарлық фьючерстерден ерекшеленеді, сонымен қатар өзара З ауқымды категорияға жіктеледі:

Валюталық фьючерс* немесе шетел валюталарына фьючерстер

Қор фьючерсі немесе қор индексінің фьючерсі

Пайыздық фьючерс** немесе пайыздық мөлшерлеме фьючерсі

* Валюталық фьючерс (валюталық фьючерстік келісім шарт) – сатып алуға келісім немесе келісімшартта белгіленген бағамы бойынша болашақтағы тіркелген валюта мөлшерін сатуға келісім.

** Пайыздық фьючерс (пайыздық мөлшерлеме фьючерсі) – болашақта белгілі бір мерзімге келісілген бағаға қандай да бір қарыз құралын сату не сатып алуға байланысты құрал иесіне құқық беретін биржалық келісімшарт.

Қор фьючерсі немесе акциясы бар фьючерстік келісімдер әртүрлі 2 категориядан тұрады: осы бөлімде талқыланатын биржалық индекстерге фьючерс (индекске фьючерс) және бөлек акцияларға фьючерстер ( 13 бөлімде қарастырылады).

Мұнда аталған нарықтардың әрқайсысының қалай жұмыс жасайтындығын түсінуге көмектесетін базалық ақпараттар ұсынылған.