Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қар. тәу бас. Құралай.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
721 Кб
Скачать
☆
  1. Тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру

Тәуекелділік жағдайында шешімдер қабылдау кезінде қолданылатын нақты әдістер мен тәсілдер кәсіпорынның қызметі түріне, қойылған мақсаттар жету стратегиясына тәуелді болады. Сонымен бірге тәуекелді басқару теориясы мен практикасымен тәуекелді талдау барысында басшылыққа алынатын негізқалаушы принциптер орнатылған. Біріншіден, меншік капиталдың мөлшерінің мүмкіндігінше тәуекел етуге болады, екіншіден, азшылық үшін көпшілікпен тәуекелге баруға болмайды.

Тәуекелдерді талдаудан кейін осы тәуекелдерді басқару әдістерін талдау қажет. Әрине бұл процестің ажырамас бөлігі болып сақтандыру табылады. Сақтандырудан басқа тәуекелден қашу немесе оны өзіне алу, шектеу, хеджирлеу, сараптау, тәуекелдерді бөлу, қаражаттарды резервтеу, тәуекелдер бойынша мүмкін болатын қаржылық жоғалтуларды айыппұл санкциялар жүйесі есебінен өтеу, кепілдік және т.б. сияқты тәуекелдерді басқару әдістері қолданылады.

Тәуекелді төмендету – тәуекелді жағдайдың болу ықтималдылығын және мүмкін жоғалтулар көлемін азайту. Тәуекелді басқару әдісін таңдау кезінде тәуекел түрі бойынша максималды мүмкін болатын шығысты есептеу, оны тәуекелге ұшырауы мүмкін капитал көлемімен сәйкестендіріп, барлық мүмкін шығысты меншікті қаржылық ресурстар көлемімен салыстыру қажет.

Тәуекелді басқару жүйесінің қызметін тиімді жүргізу кәсіпорынды басқару жүйесінде құрылымдық бөлімше – тәуекелді басқару бөлімшесін құруды қарастырады. Бұл бөлімше міндетті түрде тәуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасын жасауы керек.

Кәсіпорын деңгейінде мұндай бағдарлама жасау кәсіпорынның қызметі мен құрылымының негізгі элементі ішкі және сыртқы тәуекелдерден қорғаныштылық және жоғары тұрақтылықты кепілдендіретін тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз ету тиіс. Тәуекелдер кәсіпорын қызметтерінің түрлі жақтарына әсер етеді және ол жағымсыз сипаттамаға ие болады. Жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмыстар тәуекелдерді басқарудан бастау қажет, яғни тәуекелмен байланысты қаржылық жоғалтуларды төмендетуге бағытталған кәсіпорын үшін экономикалық қолайлы ұсныныстар мен шаралар енгізіліп, жасалуы тиіс.

Кәсіпорынның тәуекелді басқару бөлімшесі бірнеше топтардан тұруы қажет. Бөлімшенің құрамына кіретін әр топқа ішінде білім облысы әртүрлі мамандар болу керек: ең алдымен - антитәуекелділік басқарушы, маркетинг бойынша маман, қаржы маманы, персоналды басқару бойынша, жоспарлы-экономикалық жұмыс бойынша, өндіріс бойынша маман.

Кәсіпорынның басқармасы тәуекелді басқару мәселелерін шешуде басты орын алады, өйткені ол тәуекелді төмендету бойынша шаралар бағдарламасын бекітеді, критикалық жағдайларда оларды өткізу шешімдерін қабылдайды, антитәуекелділік бағдарламамен бірге сыналатын шешімдер қабылдайды.

Тәуекелді басқару бойынша шараларды тікелей өткізу кәсіпорынның негізгі өндірісітік және басқарушылық бөлімшелерінің қызметіне қайшы келеді, олардың есеп беру көрсеткіштеріне жағымсыз әсерін тигізеді, себебі бұл шаралар жедел табыс әкелмейтін шығыстарды талап етеді.

Сондықтан тәуекелді басқару бойнша соңғы шешімдерді кәсіпорынның басқару органдарының ең жоғарғы органы қабылдағаны үлкен маңыздылықты иеленеді.

Қаржылық тәуекелмен байланысты мүмкін жоғалтуларды төмендетуде қызығушылық тудыратын кез келген кәсіпорын өзі үшін келесі мәселелерді шешу қажет:

- қаржылық тәуекелмен байланысты мүмкін жоғалтуларды бағалау;

- фирма белгілі бір тәуекелдерді өзінде қалтыра ма, яғни олар бойынша өзі жауапты бола ма, не олар бойынша жауапты басқа субъектілерге беретіндігі туралы шешім қабылдауы тиіс;

- негізгі мақсаты мүмкін жоғалтуларды төмендету болып табылатын тәуекелдерді басқару бағдарламасын жасау қажет.

Бұл міндеттерді тәуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасын жасау негізінде мүмкін. Антитәуекелдік менеджерде тәуекелді басқару бойынша дұрыс шешім қабылдау үшін барлық қажетті ақпараттар болуы тиіс.

Тәуекелді басқару мақсаттары мен міндеттері.

Тәуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың кез келген арнайы бағдарламасын жасаудың мақсаты кәсіпорынның тәуекелділік жағдайларында сәтті қызмет етуді қамтамасыз ету болып табылады.

Қаржылық тәуекелмен байланысты қаржылық жоғалтуларды төмендету мәселесін шешу мысалға келесідей жүргізілуі мүмкін: бар тәуекелді жою, мүмкін тәуекелдің алдын алу, мүмкін болатын зиянның тікелей алдын алу, мүмкін болатын зиянның жанама алдын алу.

Мұндай бағдарламаны талдауда тәуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасының мазмұны мен мақсаттары анықталады.

Қаржылық тәуекелді басқару принциптері. Тәуекелді басқарудың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру менеджерге фирма тәуекелдерін басқару принциптерін нақтылауды талап етеді.

Менеджер тәуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасын жасауда негізге алатын принциптер кәсіпорынның стратегиясымен анықталады. Егер кәсіпорын өзінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге негізделсе, онда бағдарлама жасаушы жұмыс негізіне алатын сәйкесінше принциптері қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететін тәуекелді басқару әдісін таңдауды ұсынады. Мұндай нақты принцип мысалы компанияның барлық тәуекелдерді сыртқы ортаға шығаруға бағытталу принципі болып табылады.

Фирманың тиімді дамуы үшін тәуекелдерді басқарудың міндетті түрде келесі принципін сақтауы тиіс: фирма қызметін сыртқы орта талаптарымен сәйкестендіру, оның ішінде берілген кәсіпорын үшін сыртқы тәуекел – менджментінің талаптарына сәйкес келу.

Тәуекелді басқару функцияларының мәні пәндік сипатты иеленбейтіндіктен, ол коммерциялық кәсіпорындардың интегралдық құндылықтарын сақтауға бағытталғандықтан, бұл функцияларды орындау фирма бөлімшелерінің және тәуекелді басқару қызметкерлерінің біріккен күштерімен жүзеге асырылады. Тәуекелді басқару жүйесін орнату үшін біріншіден, мамандарды дайындау қажет, екіншіден, әрдайым біріккен тренингтер жүргізілуі тиіс.

Қаржылық тәуекелді басқарудың ең күрделі кезеңі болып табылатын тәуекелді талдаудың міндеті мүмкін болатын серіктестерге, жобаға қатысудың тиімділігі туралы шешім қабылдауға және ақша жоғалтуды болдырмау шараларын жасау үшін қажет мәліметтерді беру болып табылады.

Тәуекелді талдау кезінде тәуекел аймағы ұғымын пайдалану маңызды, яғни ол шекарасында белгіленген тәуекел деңгейінің шекті мәндерінен аспайтын жоғалтулар болатын, нарықтың жалпы шығындар аймағы. Нарықтық экономика жағдайында кез келген кәсіпорын қызметінің бес негізгі тәуекел аймағын бөлуге болады:

  1. тәуекелсіз аймақ

  2. аз тәуекелді аймақ

  3. жоғары тәуекелді аймақ, өндіріс қызметі қысқа мерзімді несис есебінен болуы мүмкін

  4. қауіпті тәуекелді аймақ, шығындарды өз есебінен қайтарады

  5. жарамайтын немесе апатты тәускелді аймақ, яғни банкроттық

Несиелік тәуекелді басқару әр жыл сайын Корпорация

Правлениесымен қарастырылатын және бекітілетін несиелік саясатта көрсетілген принциптерге, лимиттерге және шектсулерге сәйкес жүзеге асырылады. Несиелік тәуекелді басқаруды несиелік тәуекелді басқару блогы жүзеге асырады.

Несиелік шешімдерді мақұлдау үш әдіс арқылы жүргізіледі:

  • алқалар органдары шешімдерімен (несие комитеттері)

  • берілген өкілеттіктер шегінде тәуекел менеджері мен несиелік менеджердің ұйымдасқан шешімімен («төрт көз» принципі )

- бекітілген бағдарламалар шегінде стандартталған тауарлар бойынша менеджердің дербес шешімімен.

Несиелеу мерзімі бойынша және мәміле лимиті бойынша әрбір иерархия деңгейінің өзіндік өкілсттіктері бар. Орталық офисте кезсңдік стажировкадан өту міндегті болып табылады. Филиалдар желісі үшін өз бетімен несиелсу лимиттср жүйесі орнатылған. [15]

Несиелік тәускелді бағалау ішкі рейтингтік модель негізінде жүргізіледі. Төменде оның кезеңдері көрсетілген:

  1. бірінші кезсңде несие алушыныц несиені өтсу қабілеті анықталады. Ол көптеген факторларға байланысты: сала немесе нарық түрі, нарықтық және нарықтық емес факторлар, компанияны басқару, компанияның сенімділігі, несиелік тарих, қаржылық жағдай және т.б

  2. екінші кезеңде несиелеу мерзіміне және несиелік тауар түріне байланысты (айналым капиталына несислендіру, овердрафт, аккредитив, гарантия, жер қойнауын пайдаланушыларды аванстау, жобалық қаржыландыру)мәміле тәуекелділігі бағаланады.

3. үшінші кезеңде қамтамасыз етудің корректировкасы жүргізіледі. Кепілдің рейтингі нарықтык құннан, кепіл дисконтынан , өтімділіктен және жинақтаудан құралады. Нәтижесінде несиенің тәуекелділік бағасы алынады. Бұл методологияны «Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрлыс кәсіпорны» ЖШС үшін ірі халықаралық консалтингтік агенттік өңдеді.

Нарықтық тәуекелді басқару (қаржылық нарықтардағы операциялардьң тәуекелдері)

Келесілер қаржылық нарықтардағы операңиялар тәуекелдерін басқару астына кіреді:

  • жақтаушы банктермен операциялар

  • бағалы қағаздар нарығындағы операциялар: акциялар, облигациялар, сауда вексельдері.

  • Валюталық нарықтардағы операциялар

  • Тауарлы нарықтардағы операциялар (қымбат металлдар нарыгы) Нарықтық тәуекелдердің келесі лимиттері қарастырылады :

  • Мемлекеттер бойынша лимиттер

  • Административті бірліктерге лимиттер

  • Контрагенттерге лимиттср

  • Эмитенттерге лимиттер

  • Портфельдерге құрылымдық лимиттер

  • Андеррайтнгтік операцияларға лимиттер

  • Кепіл операцияларына лимитгер

  • әрбір валюта бойынша ашық валюталық позиция деңгейі

  • Қымбат металдар үшін ашық позиция деңгейі

  • Stop-loss

  • Stop-out

  • Take-profit

  • Marging trading, операциялары үшін маржа деңгейі Лимиттерді орындалуын бақылау деңгейлері: Міddle-offісе ► back-оffісе ► Front-оffiсe

Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп қатерлі сипаты. Сондыктан өндіріс процестсрін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санатгарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының натуралдық затгай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады. Сақтандырудың мақсаты қогамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азамагтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.

Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:

  • Сақтық қатынастарының ақшалай сипаты

  • Сақтандырудың қогамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы

  • Оның іс қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады

  • Сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы

Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсететілітінде.

Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның болу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай келеді.

Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың екі негізгі әдісі қолданылады, олар: бюджеттік және сақтық әдістері.

Сақтық әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың жарналары ссебінен жасауды алдын ала қарастырады; жарналардың мөлшері және оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың түріне қарай немесе заңмен не сақтық қатынастарының қатысушылары арасындағы арнайы келісімшартпеп анықталады.

Сақтандыру экономикалық категориясының материалдық ақшалай иелері сақтық қорлары бола алады. Олар қоғамдық ұдайы өндірістің элементтері, сақтық қатынастары қатысушыларының жарналары, мемлекеттік бюджет қаражаттары, каражаттардың ерікті аударымдары, қайыр көрсету және сақтық қатынастары қатысушыларының тарапынан болатын бірқатар басқа айырықшалықты төлемдер есебінен қалыптасатын ақшалай немесе материалдық қаражаттардың резервтері болып табылады.

Сақтық қорлары қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын ала болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резерв қорлары жүйесінің қажетті кұрамды бөлігі.

Мүліктік мүдделерді қорғауды, материалдық зияннан сақтандыруды және оның орнын толтыруды сақтаидыруды жүзеге асыратын сақтық коры материалдық немесе ақша қорлары нысанында жасалады. Сақтық қорларында коғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.

Сақтық қорларының басқа қорлардан айырмашылығы: олар алдын ала тұтыну қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол табыс ретінде тұтынылмайтын және қорлапуға міндетті қызмет етпейтін табыстардың бірден бір бөлігі.

Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру кезінде кәсіпкердің сақтанушы ретінде іс қимыл жасайтын келісім шарт жасаушы агенттерінің өз міндеттемелерін бұзуынан болған кәсіпкерлік кызмсттің залалдар тәуекелі немесе кәсіпкерге байланысты емес жағдайлармен осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған залалдар тәуекелі, соның ішіндс күтілген кірісті ала алмай қалу тәуекелі сақтандырылады.

Тәуекелділік жағдайында шешімдер қабылдау кезінде қолданылатын нақты әдістер мен тәсілдер кәсіпорынның қызметі түріне, қойылғап мақсаттар жету стратсгиясына тәуелді болады. Сонымен бірге тәуекелді басқару теориясы мен практикасымен тәуекелді талдау барысында басшылыққа алынатын негіз қалаушы припциптер орнатылған. Біріншіден, меншік капиталдың мөлшерінің мүмкіндігінше тәуекел етуге болады, екіншіден, азшылық үшін көпшілікпен тәуекелге баруға болмайды.

Тәуекелдерді талдаудан кейін осы тәуекелдсрді басқару әдістерін талдау қажет. Әрине бұл процестің ажырамас бөлігі болып сақтандыру табылады. Сақтандырудан басқа тәуекелден қашу немесе опы өзіне алу, шектеу, хеджирлеу, сараптау, тәуекслдерді бөлу, қаражаттарды резервтеу, тәускелдер бойынша мүмкін болатын қаржылық жоғалтуларды айыппұл санкциялар жүйесі есебінен өтеу, кепілдік және т.б. сияқты тэуекелдерді басқару әдістері қолданылады.

Тәускелді төмендету — тәуекелді жағдайдың болу ықтималдылығын және мүмкін жоғалтулар көлемін азайту. Тәуекелді басқару әдісін таңдау кезінде тәуекел түрі бойынша максималды мүмкін болатын шығысты есептеу, оны тәуекелге ұшырауы мүмкін капитал көлемімен сәйкестепдіріп, барлық мүмкін шығысты меншікті қаржылык ресурстар көлемімен салыстыру қажет.

Тәуекелді басқару жүйесінің қызметін тиімді жүргізу кәсіпорынды басқару жүйесінде құрылымдық бөлімше тәуекелді басқару бөлімшесін құруды қарастырады. Бұл бөлімшс міндетті түрде тәуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасын жасауы керек.

Кәсіпорын деңгейінде мұндай бағдарлама жасау кәсіпорынның қызметі мен құрылымының негізгі элементі ішкі және сыртқы тәуекелдерден қорғаныштылық және жоғары тұрақтылықты кепілдендіретін тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз ету тиіс. Тәуекелдер кәсіпорын кызмегтерінің түрлі жақтарына әсер етеді және ол жағымсыз сипагтамаға ие болады. Жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмыстар тәуекелдерді басқарудан бастау қажет, яғни тәуекелмен байланысты қаржылық жоғалтуларды төмендетуге бағытталған кэсіпорын үшін экономикалық қолайлы ұсныныстар мен шаралар енгізіліп, жасалуы тиіс.

Кәсіпорынның тәуекелді басқару бөлімшесі бірнеше топтардан тұруы қажет. Бөлімшенің құрамына кіретін эр топқа ішінде білім облысы әртүрлі мамандар болу керек: ең алдымен – антитәуекелділік басқарушы, маркетинг бойынша маман, қаржы маманы, персоналды басқару бойынша, жоспарлы-экономикалық жұмыс бойынша, өндіріс бойынша маман.

Кәсіпорынның басқармасы тәуекелді басқару мәселелсрін шешуде басты орын алады, өйткені ол тәуекелді төмендету бойынша шаралар бағдарламасын бекітеді, критикалық жағдайларда оларды өткізу шешімдерін қабылдайды, антитәуекелділік бағдарламамен біргс сыналатын шешімдер қабылдайды.

Тәуекелді басқару бойынша шараларды тікелей өткізу кәсіпорынның негізгі өндірісітік және басқарушылық бөлімшелерінің қызметіне қайшы келеді, олардың есеп беру көрсеткіштеріне жағымсыз әсерін тигізеді, себебі бұл шаралар жедел табыс әкелмейтін шығыстарды талап етеді.

Сондықтан тәускелді басқару бойнша соңғы шешімдерді кәсіпорынның басқару органдарының ең жоғарғы органы қабылдағаны үлкен маңыздылықты иеленеді.

Қаржылық тәуекелмен байланысты мүмкін жоғалтуларды төмендетуде қызығушылық тудыратын кез келген кәсіпорын өзі үшін келесі мәселелерді шешу қажет:

  • қаржылық тәуекелмен байланысты мүмкін жоғалтуларды бағалау;

  • фирма белгілі бір тәуекелдерді өзінде қалдыра ма, яғни олар бойынша өзі жауапты бола ма, не олар бойынша жауапты басқа субъектілерге беретіндігі туралы шешім қабылдауы тиіс;

- негізгі мақсаты мүмкін жоғалтуларды төмсндету болып табылатын тәуекелдерді басқару бағдарламасын жасау қажет.

Бұл міндеттерді тәуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасын жасау негізінде мүмкін. Антитәуекелдік менеджерде тәуекелді басқару бойынша дұрыс шешім қабылдау үшін барлық қажетті ақпараттар болуы тиіс.

Тәуекелді басқару мақсаттары мен міндеттері.

Тәуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың кез келген арнайы бағдарламасын жасаудың мақсаты кәсіпорынның тәускелділік жағдайларында сәтті қызмет етуді қамтамасыз ету болып табылады.

Қаржылық тәуекелмен байланысты қаржылық жоғалтуларды төмендету мәселесін шешу мысалға келесідей жүргізілуі мүмкін: бар тәуекелді жою, мүмкін тәуекелдің алдын алу, мүмкін болатын зияинның тікелей алдын алу, мүмкін болатын зиянның жанама алдын алу.

Мұндай бағдарламаны талдауда тәуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың арнайы бағарламасының мазмұны мен мақсаттары анықталады.

Қаржылық тәуекелді басқару принциптері. Тәуекелді басқарудың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру менеджерге фирма тәуекелдерін басқару принциптерін нақтылауды талап етеді.

Менеджер тәускелді басқару бойынша мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасын жасауда негізге алатын припциптер кәсіпорынның

стратегиясымен анықталады.

Егер кәсіпорын өзінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге негізделсе, онда бағдарлама жасаушы жұмыс негізіне алатын сәйкесінше принциптері қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететін тәуекелді басқару әдісін таңдауды ұсынады. Мұндай нақты принцип мысалы компанияның барлық тәуекелдерді сыртқы ортаға шығаруға бағытталу принципі болып табылады.

Фирманың тиімді дамуы үшін тәуекелдерді басқарудыц міндстті түрде келесі принципін сақтауы тиіс: фирма қызметін сыртқы орта талаптарымен сәйкестендіру, оның ішінде берілген кәсіпорын үшін сыртқы тәуекел — менджментініц талаптарына сәйкес келу.

Тәуекелді басқару функцияларының мәні пәндік сипатты

иеленбейтіндіктен, ол коммсрциялық кәсіпорындардың интегралдық құндылықтарын сақтауға бағытталғандықтан, бұл функцияларды орындау фирма бөлімшелерінің және тәуекелді басқару қызмсткерлерінің біріккен күштрімен жүзеге асырылады. 'Тәуекелді басқару жүйесін орнату үшін біріншіден, мамандарды дайындау қажет, екіншіден, әрдайым біріккеи тренингтер жүргізілуі тиіс.

Тәуекел-менеджменті қабылдау - бұл тәускелді басқару болып келеді. Олар тәуекелді шешу құралдарынан жәпе тәуекелді төмендету әдістерінен тұрады. Тәуекелді шешу құралдарына: бас тарту, ұстап тұру, беру.

Тәуекелден бас тарту – гәуекелмен байланысты жобадан бас тарту. Бірақ жобадан бас тартқанда мүмкін болатын табысты жоғалтуға болады.

Тәуекелді ұстап тұру - бар тәуекелді ипвесторға қалдыру. Яғни капитал салымын жүргізген ксздс мүмкін болатын шығындарды меншікті қаражаттармен жаба алу.

Тәускелді беру - инвестор өз тәуекелін басқа біреуге беруі, мысалы сақтандыру компаниясына. Бұл тәускелді сақтандыру арқылы жүзеге асырылады. [5]

Тәуексл деңгейін төмендету - шығындар көлемі мен ықтималдылығын азайту. Оны жүзеге асыратын шаралар: диверсификация, таңдау және нәтижелер бойынша қосымша ақпаратты алу, шектеу(лимиттеу), өзін-өзі сақтандыру, сақтандыру, қаржылық жобалар бойынша тәускелді есепке алу, хеджирлеу, аумақтағы қызметтер бойынша тексеруді қолга алу, жалпы қордағы компанияның арнайы қорларын қолдану көлемін бағалау, есеп жүргізу, және тағы басқа әдістер.

Диверсификация бір-бірімен байланыспағап әртүрлі объектілерге капитал салымын болу процесі. Мысалы, егер инвестор бір акционерлік қоғамның орнына әртүрлі бес акционсрлік қоғамның акцияларын сатып алса, онда ол тәуекел децгейін төмсндетеді және орташа табысты алу мүмкіндігін ұлғайтады.

Диверсификация - бұл инвестициялык тәуекелді төмендетуші болып табылады. Бірақ оған сыртқы факторлар әсер етеді, оларға: экономикалык жағдайлар, әскери іс-әрекегтер, азаматтық толқулар, инфляция, дефляция, Ұлттық Банктің есептік ставканың өзгеруі, депозиттер мен несиелер бойынша проценттік ставканың өзгеруі, бұл процестер бойынша тәуекелді.

Диверсификация арқылы төмендетуге болмайды. Соған сәйкес, тәуекел 2 бөліктен тұрады: диверсификацияланатын және диверсификацияланбайтын тәуекел.

Диверсификацияланатн тәускел - ол диверсификация арқылы тәуекелді өзгерту мүмкіндігі.

Диверсификациялаибайтын тәуекел, оны тағы жүйелік деп атайды, ол диверсификация арқылы төмендетіле алмайтын тәуекел.

Шектеу - бұл шектеуді орнату, яғни несиелер, сатулар және тағы басқалар бойынша шығындар сомасының шекті нормасын белгілеу. Көбінесе бұл банктермен қарыз бсру жағдайында және овердрафт бойынша келісімге отырғап кезде тәускел деңгейін төмендетумен байланысты колданылады. ІІІаруашылыкқ субъектілер тауарды несисге сатқан кезде, қарыздарды бергенде және капитал салымның сомасын анықтаған кезде колданады.

Өзін-өзі сақтандыру - сақтандыру компаниясында сақтандырылмай, яғни сақтандыруға кететін капитал шығындарын үнемдеу арқылы өзін-өзі сақтандыру болып табылады. Бұл орталықтандырылмаған натуралды түрде сақтандыру (рсзервтік) қорларды құру формасы болып келеді. Бұл қорлар натуралды немесе ақшалай түрде құрылуы мүмкін.

Акционерлік қоғамдар акцияны сатқан кезде оның номииалдық құпынан асып кеткен түсім сомасын осы резервтік қорға аударуы мүмкін. Бұл қор көзделмеген шығындарды жабу үшін қолданылады, сонымен қатар егер пайда жеткіліксіз болып және артықшылықты бар акциялар бойынша дивиденттер мен облигациялар бойынша пайыздарды төлеуге жетпеген кезде қолданылады.

Тәуекелді сақтандыру кезіндс инвестор өзініц табысының бір бөлігінен бас тартып, тәуекел деңгейін төмендетуге ұмтылады. Мысалы, кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру - бұл ксезде сақтандыру сомасы кәсіпкерлік тәуекелдің бағалану сомасынан асып кетпеуі тиіс.

Кәсіпксрлік тәуекслдің сақтандыру бағасы - бұл сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтанушы өзінің кәсіпкерлік кызметінен мүмкін болатын шығынға ұшырау сомасы.

Хеджирлеу — (ағыл. heaging - қорғау) банктік, биржалық және коммерциялық практикада қолданылып, валюталык тәуекелді сақтандырудың әртүрлі әдістерін анықтайды

Хеджирлеу - бұл болашақтағы валюталық бағамның өзгеруінен мүмкін болатын жағымсыз нәтижелерге тап болмау үшін тез арада келісімгс отыру жүйесі. Яғни әртүрлі тауарлы материалдық құндылықтардың коммерциялық операциялармен келісім бойынша бағаларының жағымсыз өзгеруінен, болашақ кезеңдегі тауарларды (сату) жсткізуді қарастыру бойынша тәуекелден сақтандыру.

Хеджирлеудің 2 операциясы бар: өсу бойынша хеджирлеу және төмендету бойынша хеджирлеу.

Өсу бойынша хеджирлеу - немесе сатып алу бойынша хсджирлеу, шұғыл келісімдер мен опциоидарды сатып алудағы биржалық операция болып келеді.

Келешектегі бағамның көтсрілуін сақтандыру үшін хедж қолданылады. Нақты тауарды сатып алуға дейінгі сатып алу бағасын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, 3 айдан кейін керек гауардың бағасы нақты кезеңдегі бағасынан өсуі мүмкін. Соған сәйкес бүгінгі бағамен осы тауарға қатысты шұғыл келісімді сатынп алып, ал 3 айдан кейін тауар алынған кезде оны сатып жібсруге болады. Тауар бағасы мен шұғыл көлемінің бағасы бірдей пропорционалды түрде өзгереді, егер бұрын сатып алынған келісім қазіргі кездегі сатып алынатын тауардың бағасымен бірдей қымбат болуы мүмкін.

Төмендсту бойынша хеджирлеу немесс сату бойынша хеджирлеу - бұл шұғыл кслісімді сату кезіндегі биржалық операция. Бұл керісінше келсшекте тауарды сатқан кезде бағаның төмендеп қалуына байланысты биржада шұғыл кслісімді немесс опционды нақты уақытта сату болып табылады.

Мысалы, 3 айдан кейінгі сатылатын тауардың бағасы төмсндейді, соған сәйкес хеджср жоғарғы бағамен шұғыл келісімді сатып, ал 3 айдан кейіп тауардың бағасы төмендеп және өзінің тауарын сатқан кездс, төмен бағамен сондай шұғыл келісімді сатып алуы мүмкін. Тауарды сатуды кейінге қалдырған кездс қолданады.

Валюталық тәускелді шаруашылық субъсктілердің хеджирлеуден бас тарту -активтердің бағасы валюта бағамына тікслей тәуелді.

Форвардтық операция көмсгімен хеджирлсу - белгіленген күнде тұрақты бағам бойынша валюталық конверсияны жүргізу үшін екі жактың бірлескен міндеттемелері. Яғни сатушы сату керек, ал сатып алушы белгіленген бағам бойынша белгілі валюта көлсмін сатып алуы тиіс.

Опциондар көмегімен хеджирлеу - сатып алушы сатып алу құқығына ие, ал сатушы белгіленген көлемде валютаны басқа белгіленген бағам бойынша валютаға айырбастауға немесе сатуға міндетті.

ІІІұғыл келісімдерді сату-сатып алу арқылы хсджср нарықтағы бағаның өзгеруінс байланысты тәускелді төмендетуге тырысады. Сол арқылы бағаны белгілеп, шығындар мен табыстарды тұрақтандыруға болады.