Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қар. тәу бас. Құралай.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
721 Кб
Скачать
☆

Дәнді дақылдар

Дәнді дақылдарға деген фьючерстік келісім-шарттардың белсенді нарығына жүгері, бидай және сұлы кіреді. Соялық бұршақтар май тұқымдастарға жатқызылғанымен, олар қосалқы өнімдерімен бірге (соя майы және соя ұны) аталған топқа кіреді. Дәнді –дақылдық фьючерстер Чикагоның сауда палатасында, Канзасс сауда биржасында, Миннеаполистегі Дәнді-дақыл биржасында, сонымен қатар Виннипег Сауда биржасында (бұл Канаданың фьючерстік және опциондық бірегей биржасы) саудаланады.

Аталған фьючерстерден басқа, СВОТ сонымен қатар жүгерінің, бидай мен сояның кіші келісім-шарттары саудаланады. Кіші-келісім-шарттардың көлемі 1000 бушель құрайды, ал тик – 1/8, сауда тек дауыстап айқайлау арқылы жүргізіледі.

Стандартты дәнді-дақылды фьючерстер электронды тәсілмен де саудаланады – биржа жабылғасын, жексенбіден жұмаға дейін, шамамен 19:30 сағ. 6:00 дейін.

USDA кейбір мақалалары бірнеше ауыл шаруашылығы дақылдарын қамтиды. «Дәнді-дақылдар өндірісі»/ Crop Production ай сайын шығып тұрады, және оның мазмұны жыл мерзіміне қарай өзгеріп тұрады. Жүгері, соя, және бидай туралы тұрақты мәліметтер тамыз айынан бастап, айлық журналға енетін болады. «Егістің болашағы»/ Prospective Planting жылдық журналы, жарыққа 31 наурызда шығады, онда жүгерінің, бидайдың, сояның, қант қызылшасының және сұлының күтілген егістері туралы есеп жарияланады. Бұл деректерді Интернет бойынша да алуға болады: http:/ / usda.mannlib.cornell.edu.

Сонымен қатар, болжамдық төрт журнал жарық көреді: «Мал азығы бойынша болжамдар»/ Feed Outlook, «Мақта мен жүн бойынша болжамдар»/ Cotton &Wool Outlook, «Май өнімдері бойынша болжамдар»/ Oil Crops Outlook және «Бидай бойынша болжамдар»/ Wheat Outlook. Олар ай сайын шығады және техникалық ақпараттың Ұлттық қызметі арқылы жазылуға болады (NTIS). NTIS тапсырыс беру телефоны: 1-800-999-6779.

Тауар: Жүгері

Жеткізу айлары: наурыз, мамыр, шілде,

Қыркүйек, желтоқсан

1 бушель үшін доллармен және

центпен есептелетін құны Биржа: СВОТ

Ең төменгі тик: центтің ¼ =$12.50 Келісім-шарт көлемі: 5,000 бушель

Жүгерінің әлем бойынша ең ірі өндірушісі- Америка Құрама Штаттары. Америка штаттарының ішінде жүгеріні өндіруде жетекші орынды Иллинойс және Айова штаттары алады. Жүгерінің біраз бөлігі Индиана, Миннесота және Небраска штаттарында өсіріледі. Жүгері- жазда өсетін дақыл, көктемде егіліп, күзде жиналады. Бұл дақылдың басты тұтынушылары үй малдары, соның ішінде- шошқалар, ірі қара және үй құстары. Құрама Штаттар сонымен қатар әлемдегі жүгері экспорттаушы бірден бір ел, әр өнімнің 25% сыртқа шығарады.

Көптеген егістік дақылдар сияқты, жүгеріге де мерзімдік сипат тән. Бағаның ең төменгі деңгейі өнім жинау кезіне келеді, бұл кезде өнім нарықты толтырады десе болады. Әрі қарай құны көтеріліп, көктемде, жаңа өнімді егу қарсаңында шарықтау шегіне жетеді.

Бағасына әсер ететін басқа факторлар- бұл үй малдарына берілетін басқа да азықтардың болуы (соның ішінде соя мен бидай ұны); бағаны және сату көлемін бақылау мақсатындағы үкімет тарапынан көрсетілетін несиелеу деңгейі мен басқа да шаралар; сондай-ақ, Аргентинада, Бразилияда және басқа да экспорттаушы елдердегі жүгері өндірісінің көлемі. Алайда, баға түзетін негізгі фактор- бұл үй құстары мен малдардың саны, бұлар жүгері бойынша тұтыну нарығын қалыптастырады.

Тұрақты болмайтын, бірақ, баға түзуші мықты фактор – бұл ауа райы, бұны 1996ж. өнімнен көреміз, ол кезде болашақтағы құрғақшылық кесірінен жеткізудің азаюынан қауіптенгендіктен, жүгері құны бір бішель үшін $2.20 дан $5.50 дейін көтеріліп кетті. Іс жүзінде, АҚШ –ғы жүгері дақылы мамыр-шілде айларында Жүгері белдігінде* жаңбырдың болу-болмауына тікелей байланысты.

____________________________________________________________