Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қар. тәу бас. Құралай.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
721 Кб
Скачать
☆

Энерго тасымалдаушылар

Құн тұрғысынан алғанда мұнай мен мұнай өнімдері әлемдегі табысты да ірі бизнестің негізін құрайды. Және шикізат түріндегі мұнай – ең белсенді саудаланатын физикалық тауарға берілетін фьючерстік келісім-шарт болып келеді.

Мұнайлық фьючерстік нарық мұнайды экспорттаушы елдердің Ұйымы ( ОРЕС) тарапынан енгізілген құнның ауытқуына және осы шикізатты жеткізуге деген 1973-1974жж. енгізілген эмбаргоға жауап ретінде, 1970 жылдардың ортасында ашылды. Шикізат түріндегі мұнай -мұнай өнімдерінің барлық түрінің өндірісінің негізі болып табылады. Жер қойнауынан мұнай жоғарғы қабатқа шығарылып, ол су мен газдан тазартылады, өнім тығыздығы мен құрамындағы күкірттің мөлшері бойынша сұрыпталады. Содан кейін шикізат түріндегі мұнай мұнайөңдеуші зауыттарға тасымалданады.

Фьючерстер ашық түсті, күкірті аз мұнайға, мазутқа, этилденбеген бензин мен табиғи газға саудаланады. Е- mini келісім-шарттары ашық түсті күкірті аз мұнай мен табиғи газға саудаланады. (NYME биржасында бұндай келісім-шарттар үшін Е- miNY аббревиатурасы қолданылады).

Қосымша ақпарат көздері

Нью-Йорктің сауда биржасы «Энерготасымалдаушылардың жаңалықтары»/ Energy in News деген тамаша журнал шығарады. Онда мұнай өнімдерінің бағасы мен өндірісі туралы, фьючерстік сауда мен саланың тарихы туралы мақалалар жарияланып тұрады. Қосымша ақпарат алу үшін биржаның маркетинг бөліміне хабарласуға болады: One North End Ave., World Financial Center, New York, NY 10282, телефон: 1 (121) 299-2000.

Америкалық мұнай институты шығаратын, ай сайынғы журналда ( АРІ, 1120 L Street NW , Washington, DC 20005), мұнайдың өндірісі, импорт, мұнай айдау және мұнай өнімдері мен мұнайдың қоры туралы аналитикалық материалдар жарияланып тұрады. Бұндай ақпараттарды Интернет арқылы да алуға болады: www.api-ec.api.org.

Америкалық үкімет баспасының Басқармасы шығаратын* (GPO) «Мұнай туралы халықаралық статистикалық есепте» /International Petroleum Statistics Report , мұнайдың халықаралық өндірісі, тұтыну, импорт пен экспорт, және қоры туралы ақпараттар жарияланып тұрады. «Мұнай маркетингі» / Petroleum Marketing ( оны да GPO шығарады) апталығында әр-түрлі мұнай өнімдері туралы өзекті ақпараттар қамтылған. Бұлардың әрқайсысын да Интернет арқылы оқуға болады: біріншісі:www. Eldis.org, ал екіншісі - www. Eia.doe.gov.

______________________________________________________

* Үкімет баспасының басқармасы (GPO) – Конгресс пен басқа да мемлекеттік мекемелердің тапсырысын орындайтын, федералды ведомство. GPO азаматарға үкіметтің іс-әрекеті туралы ақпарат беріп, бұндай материалдардың кітапханалар мен бөлшек саудаға таралуымен, Интернет желісі арқылы таралуымен айналысады. GPO АҚШ мемлекеттік мекемелері туралы Анықтамалар басып шығарады. Ведомство 1860 ж. құрылған, оның әрекеті 1968ж. 22 қазандағы заңмен реттеледі, және АҚШ Конгресінің баспа істері жөніндегі біріккен комитетінің бақылауында. Ведомствоның басшылығын АҚШ президенті, «кеңестер мен келісім бойынша» америкалық Сенатпен тағайындайды.

Тауар: Ашық түсті күкірті аз шикізат түріндегі мұнай

Жеткізу айлары: соңғы 30 ай + ұзақ мерзімді фьючерстер

1 баррель үшін доллармен және

центпен есептелетін құны Биржа: NYME

Стандартты фьючерсті келісім-шарт

Ең төменгі тик: 1 цент = $ 10,00 Келісім-шарт көлемі: 1,000

баррель

Е- miNY фьючерсті келісім-шарты Шикізат түріндегі мұнай

Ең төменгі тик: центтің 2 ½ = $ 12,50 Келісім-шарт көлемі: 500

баррель

Мұнайға деген сұраныс, ең алдымен, мұнай айдайтын зауыттардан түседі, олар мұнайды өндірістік бірнеше өнімге бөліп шығарады. Автомобильдік бензиннің, коммуналды-тұрмыстық жанар-жағар майдың, авиациялық керосин, дизель отыны және пропанның маңызы өте зор. Атап өтілген мұнай өнімдерінің алғашқы үшеуі АҚШ мұнай айдайтын барлық өндірістің 80% алып жатыр.

Мұнайдың шикізатты түріне деген сұраныс екінші дәрежелі болғандықтан, оның құны соның негізінде өндірілген мұнай өнімдерімен қалыптасады. Экономикалық маңызды аумақтардағы салқын қыстардың жиілетуі, автомобиль ағынының біршама артуы немесе кең фюзеляжды ұшақтарды өндіріске енгізу – осының барлығы ақыр соңында шикізат түріндегі мұнайдың бағасын қалыптастырады. Мұнай өнімдерінің құнына әсер етуші қысқа мерзімді және айқын факторлар мұнай өндірісін қысқарту бойынша ОРЕС әрекеті болып табылады, бұл өз кезегінде бағаның артуына әкеп соғады.

Мұнай айдаушы зауыттардың ақшыл түсті күкірті аз мұнайға деген сұранысының жоғары болуы – ең алдымен, соның негізінде бензин, автомобиль отыны немесе коммуналды-тұрмыстық қажеттілікті өтейтін отын сияқты құны жоғары өнімдерді алуға болатындығынан.

Мұнай шикізатының қолда бар қорына деген мәміле бүкіл әлем бойынша бірнеше сауда алаңдарында жүргізіледі. Америка Құрама Штаттарында фьючерсті келісім-шарт бойынша жеткізу орны Охлакома штатындағы Кушинг болып табылады.

Кестелер жоқ

Табиғи газдың шығатын орны бүкіл әлем бойынша таралған. Маңыздылығы бойынша, жетекші өндіруші елдер мыналар: Америка Құрама Штаттары, бұрынғы КСРО мемлекеттері, Канада, Румыния, Мексика, Италия, және Венесуэла. АҚШ әлемдік өндірістің және табиғи газды пайдаланудың төрттен бірі келеді.

Табиғи газ органикалық заттардың жылу мен қысымның әсерінен тау және қалдықты жыныстарға бөлінуі жолымен, терең жер астында қалыптасады. Оны скважиналарды бұрғылау арқылы шығарады. Тасымалдау құнының салыстырмалы түрде жоғары болуы салдарынан, табиғи газдың көпшілік бөлігі (78% дейін) өндіруші-елдің территориясында тұтынылады. Америка Құрама Штаттарында табиғи газ тұтынушыларға ішкі және штат аралық құбырлардың кең таралған желісі арқылы тасымалданады.

Алғашқы түрінде табиғи газ бірнеше газдар мен судан тұрады. Жергілікті газ компаниясы үйімізге жеткізіп беретін табиғи газ тазартудан өтіп, 93% дейін метаннан – түсі және иісі жоқ газдан тұрады. Жеткізілетін газға күкіртті қоспалар (меркаптандар) қосылған, олар газдың шығуына назар аударту үшін, газға спецификалық иіс береді.

Табиғи газ жылу мен жарықтың өндірісіне қажетті отын ретінде, және антифриздің, жуғыш заттардың, пестицидтер мен пласмассалардың және басқа да материалдардың шикізаты ретінде пайдаланылады. Табиғи газдың энергияны тасымалдаушы ретіндегі артықшылығы таза жанатындығында, қосалқы өнімдер мен ластаушы заттар деңгейінің төмен болуында, сондай-ақ, табиғи газ қорының әлі де көп мөлшерде қалып отырғандығында. Америкалық сарапшылардың бағалауы бойынша, 48 «төменгі штаттағы» газдың өндірістік жолмен алатын қоры қазіргідей қарқынмен тұтынылатын және өндірілетін болса, жуық арадағы 60 жылға дейін жететін көрінеді.

_________________________________________________________

Британдық термалды бірлік (Btu ) - бір фунт судың (0.453 кг) Фаренгейт бойынша бір градусқа дейін жылуына тепе-тең, яғни, қалыпты жағдайда 60° гр. 61° F дейін келетін, жұмыс бірлігі. Фаренгейт шкаласы бойынша мұздың еру нүктесі – бұл 32°F, ал судың қайнау нүктесі – 212 °F. Сонымен, Btu = 453/1.8 = 251.67 кал. = 251.67*4.19 = 1055 Дж. 1 mm Btu 109 Дж тең болады десе де болғандай =1 ГДж. Табиғи газ үшін 1 mm Btu – табиғи газдың 1000 куб. Футында болатыны да қызық жәйт.

* «Төменгі 48 штат» - Аляска штатындағы тұрғындар арасында кең таралған АҚШ континенталды штаттардың атауы.

АҚШ тұтынылатын барлық энергияның төрттен бірі табиғи газдың үлесіне тиеді. Оның тұтынылуы тұрғын үйлерді, кеңселерді жылыту мен отын өнеркәсібі мен жалпы тұтынудағы электрэнергиясы арасындағы біркелкі бөлінген. Аталған екі сектор арасындағы салыстырмалы сұраныс олардың жалпы көрінісін жақсы көрсетеді: тұрғын үйлерде газды тұтыну жылы және ыстық күндерде азяды, ал электрсансалардың тұтынуы, желдеткіштердің жұмысын қамтамасыз ету үшін, арта түседі.

1978ж. дейін табиғи газ нарығы көп жағдайда үкіметпен бақыланып отырылды. Газдың құны тұрақты болып, ал келісім-шарттар ұзақ мерзімге жасалды. Аталған жылы табиғи газ саласындағы саясат туралы Заң қабылданды, бұл осы саланы мемлекеттік реттеу күшін жойды. Заңның қабылдануы табиғи газдың бағасын босатып жіберді, белсенді бәсекелестікке жол салып, фьючерстік нарықтың негізін қалады, оларды жаңа баға бойынша тәуекелді реттеу үшін өндірушілер, құбырлардың иелері және тұтынушылар пайдалануына болатын.

Табиғи газға деген фьючерстік келісім-шарттар Нью-Йорк тауар биржасында 1990ж. 3 сәуірде енгізілген. Бағасы ММ Btu үшін $1.00 ден $11.00 аралығында ауытқып тұрған. АҚШ-та фьючерсті келісім-шарт бойынша жеткізілу Луизина штатындағы, Эрат қ. Жақын орналасқан Sabine Pipeline Company’s Henry Hub* жүргізіледі.