Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қар. тәу бас. Құралай.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
721 Кб
Скачать
☆

Қазынашылық облигациялар (свот); 100,000 доллар; пункттерде және 100%-дың 32 үлесінде

4-кесте

Жеткізу

Ашылу

Максимум

Минимум

Жабылу

Әртүрлілік

Желтоқсан

Наурыз

Шілде

Қыркүйек

361.00

366.30

373.50

379.80

362.30

367.40

374.00

381.00

357.00

359.80

366.50

374.00

358.50

360.40

367.10

374.60

+14

+14

+14

+14

Мемлекеттік қазынашылық облигациялардың фьючерстерімен сауда жасау СВОТ биржасының алаңшасында өтеді. Фьючерстік келісімшарттың негізінде жатқан активтер 100,000 доллар сомасындағы қазынашылық облигациялардың мөлшеріне тең. Мемлекеттік қазынашылық облигациялар фьючерсінің бағалары пункттерде және атаулы құнның 1/32%-ында беріледі. Сызықшадан кейінгі сандар ондық бөлшектер емес, керісінше, 32 үлестің мөлшері болып табылады. Мысалы, 93-20 бағалары 100,000 доллардан 93% қосымша 100,000 доллардан 20/32% дегенді білдіреді.

1/32% бағасының минималды өзгеруі 31.25 долларға (1000:32 долларға) тең. Мысалы, наурыз айындағы СВОТ қазынашылық облигациялары бойынша ұзын жайғасымды трейдер сол күні 14/32-де немесе 14 х 31.25 доллар = 437.50 доллар көлемінде өтелмеген пайдаға қол жеткізер еді. Ал қысқа фьючерстік жайғасымды трейдер 437.50 доллар көлемінде өтелмеген шығынға ұшырар еді, бұл жоғарыда айтылған нәтижелердің нақты, таза көрінісі болар еді. Муниципалдық қазынашылық облигациялардың индекстік фьючерстерінің бағалары осыған ұқсас көрсетіледі. Қысқа мерзімді қазынашылық қағаздарда (2, 5, 10 жылдық қазыналық билеттер) фьючерстік келісімшарттардың әр түрлі көлемі мен бағалардың минималды өзгерістері бар.

Шетелдік валюталар фьючерстерінің сипаты стандартты емес. Шетелдік валюталар бойынша белсенді фьючерстер мен олардың ерекшелігі мынадай:

5-кесте

Валюта

Келісімшарттың көлемі

Берілген бағалар

Швейцария франкі

Ағылшын фунты

Канада доллары

Мексика песосы

Австралия доллары

Еуро

Жапон иені

125,000 франк

62,500 фунт

100,000 доллар

500,000 жаңа песо

100,000 доллар

125,000 еуро

12.5 млн. иен

франкқа доллармен

фунтқа доллармен

канада долларына АҚШ долларымен

песоға доллармен

австралия долларына АҚШ долларымен

еуроға доллармен

иенге доллармен (0.00 қалдырылып кеткен)

Бұл кестенің соңғы жолдары сіздердің түсінбеушіліктеріңізді тудыруы мүмкін, сондықтан біз оған толығырақ тоқтала кетейік. Төменде фьючерстерге тән бағаларды жапон иені бойынша береміз:

6-кесте

Ашылу

Максимум

Минимум

Жабылу

Өзгеру

0.7608

0.7637

0.7600

0.7603

-0.0010

Жапон иені бойынша фьючерстік бағаларда ондық бөлшектен кейін екі нөл жоқ болады; бұл сандарды біршама бағынуға келтіру үшін жасалынған. АҚШ валютасындағы бір жапон иенінің болжалды бағасы 76 центке емес, керісінше, 76/10000 центке немесе 0.0076 долларға тең. 0.0010 көлемінде өзгеру сол күні шынында да 0.000010 доллар көлемінде өзгеруді білдірді. 12.5 млн. иен болатын келісімшарттың көлеміне көбейтілген мұндай сан активтер құнының сол күні 125 долларға өзгеруіне тең. Орташа қарқын екендігіне келісетін боларсыздар.